kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

XV-XVI ?асырларда?ы ?аза? ханды?ыны? саяси тарихы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:XV-XVII?асырларда?ы ?аза? ханды?ыны? саяси тарихы.

Саба?ты? ма?саты:Осы тарау бойынша о?ушыларды? ал?ан білімін одан ?рі ке?ейтіп,оларды одан ?рі тияна?тау.

Саба?ты? т?рі:Жарыс саба?ы.

Т?рбиелік м?ні:?з хал?ымызды? ?лтты? ойынына деген с?йіспеншілігін арттыру,балаларды ?лтты? д?ст?рді са?тау?а,шапша?ды??а,батылды??а т?рбиелеу,?аза?ты? тарихын жете білуге ?йрету.

Саба?ты? к?рнекілігі:Карта.Карточкалар.С?зж?мба?.Кітаптар мен ?аза? тарихына арнал?ан журнаодар к?рмесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«XV-XVI ?асырларда?ы ?аза? ханды?ыны? саяси тарихы. »

Нұрлыбек Нұрым Айтуғанұлы Абай атындағы гимназия мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:XV-XVIIғасырлардағы Қазақ хандығының саяси тарихы.

Сабақтың мақсаты:Осы тарау бойынша оқушылардың алған білімін одан әрі кеңейтіп,оларды одан әрі тиянақтау.

Сабақтың түрі:Жарыс сабағы.

Тәрбиелік мәні:Өз халқымыздың ұлттық ойынына деген сүйіспеншілігін арттыру,балаларды ұлттық дәстүрді сақтауға,шапшаңдыққа,батылдыққа тәрбиелеу,қазақтың тарихын жете білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:Карта.Карточкалар.Сөзжұмбақ.Кітаптар мен қазақ тарихына арналған журнаодар көрмесі.

Ұйымдастыру кезеңі:Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.Топтардың аты:Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.Әр топтың ханы,биі,батыры,төлеңгіттері болады.

Үш жүздің өкілдері ұлы ханды «қағанды»сайлауға жиналады.

«Хан талапай ойыны:асықтың көмегімен үш жүз өкілдері ханның дүние мүлкін Хан талапайлап алады.Сабақты ары қарай ұлы қаған жүргізеді.

Қаған:-Бәрекелді,үш жүз өкілдері жиналып қалған екенсіздер,олай болса өз тарихымызды қалай білетінімізді сынап көрелік.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі үй тапсырмасы.Үш жүз өкілдеріне сұрақ.

Қаған:-Олай болса «Сыйласаң сый көрерсің»дегендей ұлы жүздің ханына алғаш сөз кезегін ұсынайық.

Білім тексеру.

1.Ұлы жүздің ханына сұрақ:Ұлы жүздің аумағын көрсетіп «рулы ел,ұялы терек»дегендей руларын ата.

2.Орта жүздің ханына сұрақ:Орта жүздің аумағын көрсетіп,руларын ата.

3.Кіші жүздің аумағын көрсетіп,руларын ата.

Қаған:-Үш жүздің ханы да өз хандықтарын жақсы басқарып отыр екен,ендігі кезек «Қыңыр көшіп,бай болмас,қисық сөйлеп би болмас»дегендей,үш жүздің билеріне сұрақ.Ортаға шығып,дорбадан асық алып,сауалдарға жауап беретін болсын.

1.XV-XVI.ғасырларда Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы неше сатыдан тұрды?

2.Қазақ хандарын кімдер сайлады және қалай сайланды?

3.Бірнеше рудың бірігуі қалай аталады және оны кім басқарады?

Қаған:-Келесі кезек “батыр – елдің сәулеті” дегендей уш жүздің батырларына сұрақты жаудыртайық.

1.Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп шықты, неліктен?

2.Бірнеше Ұлыстың бірігуі қалай аталады және оны кім басқарады

3. Хан хандықты қалай басқарады?

Қаған: - Ең қызығы төленгіттер жарысы.

Олай болса үш жүздің төлеңгіттеріне сұрақ («Сарыарқа» күйі баяу ойнап тұр.)

1.Өздерің білетін хандарды тақтаға жаз.

Қаған: - Ал сабағымыздың келесі кезеңі “Тұлғаны тану”.Кәне сіздердің топтарыңыздың ұйымшылдығын сынап көрелік,мына жерде тұлғалар туралы не білетіндіктеріңізді 2 минут ішінде қағазға түсіріңіздер (Ортада Қазақ хандығын нығайтуға ат салысқан бірнеше тұлғаның суреттері жапсырылған).

Қаған: - Келесі кезек Зерделілер жарысы:

Мына үлестірмелерде қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары 2 минут ішінде бір тақырыпқа байланысты қанша мақал-мәтел жазатыңдарыңызды тексерейік (топтық сайыс).

Қаған: - Үш жүз өкілдерінің басы қосылған жерде ұлттық ойын “Алтын сақа”.

Қай топ өкілі алтын сақаға тигізіп ,сұраққа жауап берсе,алтын сақа сол топтың еншісінде.

Мұғалім: - Ұлы қаған жарысымыздың қорытындысын шығарғанша,сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Бірде Тәуке хан өзінің айналасындағы қолбасшыларына тапсырма беріп отырып, әлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, әңгіме барысында былай дейді:

- Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күлталқан ету үшін қазақ халқына не қажет?

Біршама ойланған серіктері, әр түрлі пікір айтқан көрінеді. Сонда Тәуке хан бәрі де дұрыс-ау, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ халқына құдайдың құтты күні және болашақта да ауыз біршілік қажет. Ол – еліміздің мәңгілік қаруы, күш-қуаты және жеңістеріміздің күре тамыры, - деген екен.

“Жеті жарғы” бойынша сұрақтар:

  1. Халықтың ханы, сұлтаны, хазіреті қастандықпен өлтірілсе қандай құн төленген?

  2. Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе қандай құн төленді?

  3. Егер туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсайтын болса, ата-ана оған қандай шара қолданды?

  4. Кәмелетке жеткен баласы тіл тигізсе (қол жұмсамай) ата-анасы оған не істеді?

  5. Құда түсіп, құйрық-бауыр жескен ақ баталы жесір кетсе ше?

  6. Ұры айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана, оның үстіне үш тоғыз айыптың бірін ретіне қарай және төлеуі керек.

Қаған: - Бүгінгі сайысымызда 55 ұпай жинаған Орта жүз өкілдері жеңіске жетті.

Мұғалімнің қорытындысы:

XV – XVII ғасырда Қазақ хандығының мемлекетті құрылымы жеті сатыдан қаланды, олар: Ауыл. Ата-аймақ, Ру, Арыс, Ұлыс, Жүз, Хандық.

XV ғасырда жалпы Қазақ хандығының қоғамдық әдет салтына байланысты мұшралық жолмен емес, сайланып қойылатын және Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты сыйлы шонжарлары қатынасты.

Қазақтың ханы ел билеумкнр қатар жасақты басқарды.

Орыс ханның немересі, Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей көшпелі халықтың өздеріне тәуелді топтарын біріктіріп, XV ғасырдың 50-60 жылдарында Моғолстанға көшті.

Бұл күнде Қазақтар қудандалық жағдайларға байланысыты болмаса, ру сұраса бермейді, ата дәстүрді де атамайды – бір-бірін жатсынбайды.

Атамыз-Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
XV-XVI ?асырларда?ы ?аза? ханды?ыны? саяси тарихы.

Автор: Н?рым Н?рлыбек Айтуганович

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174527


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства