kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассный урок «Алтын ?а?па» (11 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лем ХХІ ?асырды? боса?асында «тарихты? т?йы?ыны?» немесе жа?а ?ркениетті? бастап?ы ала?шы?ы

Тарих ж?не уа?ыт, б?л екі ??ым еш?ашан да бір-бірінен ажырама? емес. Уа?ыт ?ткен сайын тарих ау?ымы ке?ейеді. Б?гін айтыл?ан с?з, б?гін жасал?ан іс-?рекет ерте? тарих?а айналады.

 Тарихты баяндау ?те о?ай к?рінгенімен де, б?л сіз бен біз ойла?андай о?ай емес. Себебі тарих бол?ан жерде т?л?а да, болады. Ал бір тарих тол?ынында екі тарихи т?л?аны? аты ?атар айтыл?анда тарихты баяндау ?иындай т?седі. Мысалы                  XIX ?асырды? басында, на?ты айтса?, 1826 жылы немісті? ?лы физигі Г.С. Ом электр тізбегіндегі токты ашты. Ал б?дан екі жыл б?рын 1824 жылы ?аза? даласында Кіші ж?зде ханды? билік жойылды. Осы кезде ?зге елдерде феодалды? ж?йе ?з тамырын жай?ан еді. Б?л ?ш жа?дай бір кезе?де ?тті дегенге сену ?иын. Біра?, б?л - тарих шынды?ы. ?рине, тарихта ?рбір кезе? ма?ызды. Дегенмен, ?аза?стан ?шін, к?ллі ?лем ?шін тарихта шешуші с?ттер XX ?асырды? ая?ы мен XXІ ?асырды? басында болып еді. Б?лай деуімні? себебі, тарих сахнасына жа?а мемлекеттер келе бастады. Б??ан басты себеп, КСРО-ны? ыдырауы болды. Алпауыт Америка ??рама Штаттары, ?ытай ж?не ?з т?уелсіздігін ?лде?ашан ал?ан Еуропа елдері ал?ашында жас мемлекеттерге тосыр?ай, сенімсіздікпен ?ара?аны рас.

Алайда, ?аза?стан т?уелсіздікті? ал?аш?ы 10 жылында д?ниеж?зіні? 118 мемлекетімен дипломатиялы? байланыс орнатып, б?кіл?лемдік ?ауымдасты?ты? беделді м?шесіне айналды. ?аза?стан жа?а ??рылып, президент Н.?. Назарбаев билікке келгенде елдер арасында?ы дипломатиялы? байланыс жас мемлекет ?шін ауадай ?ажет екендігін т?сінді. Осы ма?сатта к?птеге елдермен дипломатиялы? байланыс орната бастады. Б?л елдерді? арасында на?ты атап ?тетін болса?, білім мен техникасы дамы?ан елдерден ?лыбританияны, ал сауда ісі ж?нінен ?ытаймен ?зара байланыстарды ?арап к?рейік.

?лыбритания ж?не ?аза?стан арасында?ы байланыс 1992 жылы 19 ?а?тарда орна?ан болатын. 1992 жылы ?азан айында ?лыбританияны? ?аза?станда?ы елшілігі ашылды. 2006 жылы 20-23 ?арашада ?аза?стан Ресубликасыны? Президенті Н.?. Назарбаев ?лыбритания?а барып ?атты. Осы сапардан со? к?птеген ?аза? балалары білім ?уып, ?лыбританияда білім алу?а м?мкіндік ал?ан еді. Ал, хал?ыны? саны ж?нінен бірінші орынды иемденген шы?ыста?ы к?ршімізбен дипломатиялы? байланыс 1992 жылы                 3 ?а?тарда орна?ан еді. Содан бері сауда-сатты?, алыс-беріс ж?не сол елдегі ?андастарымызды? отан?а оралуы да біршама же?ілдеді. Сол кезе?дегі дипломатиялы? кездесулерді? жемісін к?рудеміз.

 XXІ ?асырды? басында?ы тарихи саяси шиеленістер тарихты? т?йіні емес. Керісінше, тарих аты сапарды? жолайры?ы еді. ?аза?стан б?л жолайры?та ?рге ?арай кететін жолды та?дады. Ал, кейбір елдер ой?а ?арай кетті. XXІ ?асыр тарихты? то?та?аны емес, жа?а заманда?ы тарихты? бастал?анын білдірсе керек. ?аза? еліні? ?ркениеті м??гі ?шпесін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Внеклассный урок «Алтын ?а?па» (11 класс)»


Сыныптан тыс жұмыс

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Оқушылардың XVI-XVII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеттің қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Оқушылардың шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге, ой-өрісін кеңейту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай қадірлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының рухани мәдениетін біліп, үлгі алады, тарихына деген сүйіспеншілігін арттырады.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер, сандықша.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Барысы:  Кіріспе. - Армысыздар «Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» толуына орай «Алтын қақпа» атты зияткерлік ойынымызды көруге келген оқушылар! 1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келеді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Олар Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Бірақ, мың өліп, мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар. Бүгінгі зияткерлік ойын XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының рухани мәдениет қазыналарына арналмақ. Сол кездегі қазақ халқының тарихи шығармашылық дәстүріне шолу жасаймыз. Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ. «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны 4-кезеңнен тұрады. Олар:

1-кезең: «Тас қақпа»

2-кезең: «Күміс қақпа»

3-кезең: «Алтын қақпа»

4-кезең: «Алтын сандық»

Оқушылар интерактивті тақтадағы слайдтарға қарап жауап береді. Жалпылама сұрақтарға лезде жауап берген оқушылар «Алтын қақпа» зияткерлік ойынға қатыса алады.

Жалпылама сұрақтар: (слайд)

1.Қандай тіл Қазақстан жерін мекен еткен, тегі жағынан бір-біріне жақын қаңлы, үйсін, арғын, найман, керей, алшын т.б. тайпаларға ортақ тіл негізінде қалыптасқан? (Қазақ тілі)

2.Қай ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды? (ХV ғасыр)

3.«Кодекс куманикус» қай тілде жазылып, тарады? (қыпшақ тілінде)

4. Кімнің дерегінде «қыпшақтардың сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусыны-айран» деп атады? (В. Рубрук)

Бұл сұрақтарға жауап берген төрт оқушы ортаға шығады. «Тас қақапа» кезеңінде сегіз сұрақ беріледі. Жылдам әрі нақты, дұрыс жауап берген үш оқушы екінші кезеңге өтеді.

«Тас қақпа» сұрақтары: (слайд)

1. Қазақ халқы арасында көп тараған ертегілер: («Ер Төстік», «Құла мерген», «Алтын сақа», «Аламан мен Жоламан», «Асан қайғы», «Қарамерген» т.б.)

2.Қазақтың батырлар жырларын ата: («Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Қосай», «Қабар», «Апамыс», «Төрехан», «Телағыс», «Құбағұл» т.б.)

3.Лирикалық-эпостық жырларды ата: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Күлше қыз», «Мақпал қыз» т.б.)

4.Қандай күйлерді білесіз? («Ақсақ құлан», «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір ақсақ», «Қашпар күйі», «Сағыныш», «Ел айырылған» т.б.)

5.ХVІ-ХVІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауларды ата. (Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар т.б.)

6. Қазақтар үшін астрономиялық сағат: (Жетіқарақшы)

7. Қазақ халқының материалдық мәдениетіне нелер жатады? ( Тұрғын үй, киім кешек, тағам түрлері, құрал-сайман, қару-жарақтар)

8. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі: (киіз үй)

«Күміс қақпа» кезеңінде үш оқушыға алты сұрақ беріледі. Өз тапқырлығын көрсеткен екі оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

«Күміс қақпа» сұрақтары: (слайд)

1. «Тарих-и-Рашиди» атты еңбектің авторы кім? (Мұғаммед Хайдар Дулати )

2. Бұл тарихи дерек 1541-1546 жылдары қай тілде жазылды? (парсы тілінде)

3. Қай шығармада 1465 жылы Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылған? («Тарих-и-Рашиди»)

4. ХVІ ғасырда өмір сүрген Өтеміс қажының атақты еңбегі: («Шыңғыснама»)

5. Шах-Махмұт Шорас қай еңбегінде қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір кезіндегі, ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ-моңғол қарым-қатынасы баяндалады? («Тарих»)

6. ХVІ ғасырдың 40-жылдары Масуд ибн Усман Кухистанның «Тарих-и-Абулхайырхани» атты еңбегінде кім жайлы жазылған? (Көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр туралы )

«Алтын қақпа» кезеңінде екі оқушы төрт сұраққа жауап беріп, өздерінің зияткерліктерін көрсетеді.

«Алтын қақпа» сұрақтары: (слайд)

1. 1600-1602 жылдары жазылған, «Жами ат-тауарих» (шежірелер жинағы) атты кітаптың авторы кім? (Қадырғали Жалайыри)

2. Қадырғали Жалайыридың шыққан тегі: (Сырдариядағы жалайыр тайпасы)

3. Қадырғали Жалайыри тұтқында отырып жазған «Шежірелер жинағын» екі елдің достығы ретінде кімге сыйға береді? (Борис Годуновқа) ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы өте маңызды шығарма болып табылады.

4. Қандай шығарма 1854 жылы Қазан қаласында баспадан қайта шыққан, қазақ халқының мәдениеті, хандықтың өмір шежіресі, ішкі-сыртқы жағдайы жазылған?( «Жами ат-тауарих» (Шежірелер жинағы немесе Жылнамалар жинағы))

Жеңген оқушы «Алтын сандық» сұрағына жауап береді.

«Алтын сандық» сұрағы: (слайд)

  1. Қазақ хандарының мемлекетті басқару мен күш-қуатын арттыруды мақсат еткен заң жинақтарын ата. («Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы»)

Жеңімпаз оқушы үстелде тұрған сандықты ашып, жылқының мүсінін сыйға алады.

Қорытынды:

Алғыс сөз айта отырып, «Алтын қақпа» зияткерлік ойынның жеңімпазың марапаттау.

- Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да білімді, білікті адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола біліңдер.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Внеклассный урок «Алтын ?а?па» (11 класс)

Автор: Жапенова Гульмира Жикеновна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282936


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства