kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Жібек жолы ж?не оны? тарихи ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Студенттерге ?лы Жібек жолыны? пайда болу тарихы,сауда мен шаруашылы?ты дамытуда?ы орны, халы?аралы? ?атынастар мен м?дениетті таратуда?ы ерекшеліктерін ашып к?рсету;
  • студенттерді? ой-?рістерін,ж?йелі ойлау ?абілеттерін дамыту, географиялы? картамен ж?мыс жасауды жетілдіру, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын  арттыру;
  • ?з  Отанын с?юге, ?лтты? сезімдерін к?теруге, ел –жер аттарын есте са?тау?а т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Жібек жолы ж?не оны? тарихи ма?ызы»

АТЫРАУ ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ




.






Сабақ тақырыбы:

«Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы»


Пәні:Қазақстан тарихы








Жасақтаған:

Қазақстан тарихы пән оқытушысы - Аралбаев С.Т.
















Атырау – 2015



Тақырыбы

«Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы»



Білімділік мақсаты:



Дамытушылық:



Тәрбиелік:

  • Студенттерге Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы,сауда мен шаруашылықты дамытудағы орны , халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратудағы ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • студенттердің ой-өрістерін,жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту, географиялық картамен жұмыс жасауды жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • өз Отанын сүюге, ұлттық сезімдерін көтеруге, ел –жер аттарын есте сақтауға тәрбиелеу.


Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы


Сабақтың әдісі

  • баяндау

  • топтық жұмыс

  • сұрақ –жауап

  • ой қорыту



Сабақтың көрнекілігі

  • слайд : «Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы»;

  • карталар: «Дүниежүзінің саяси картасы», «Қазақстанның саяси картасы»;

  • бейнетаспа «Ұлы Жібек жолы»


Пәнаралық байланыс


  • Дүние жүзі тарихы

  • География




Ұйымдастыру

кезеңі:

  • амандасу

  • студенттердің сабаққа қатысын тексеру

  • студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, көңілін сабаққа аудару

  • сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету

студенттерді үш топқа бөліп отырғызу: «Хронографтар» , «Картографтар», «Сарапшылар»



Жаңа сабақты меңгерту:

Жоспары:


1.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.


Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған.

Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. Соғдылықтарда жібек өндірудің дамығаны сонша,олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Сол сияқты жібек өндіру жапон елінде, Кавказ жерінде де жандана бастаған.Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданың дамуының арқасынде бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады.

Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. V-ІІ ғасырлардың аралығы.


2.Ұлы Жібек жолындағы сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген әсері


Б.з.д . І ғасырдың ортасында алғаш рет Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Бұған іле-шала Қытайға, Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орталық Азиядағы елдерден әртүрлі тауарлар ағыла бастады. Халықаралық саудаға Орталық Азияның атақты асыл тұқымды аттары, Шығыс елдерінің пілдер мен мүйізтұмсық сияқты жануарлары, барыс пен арыстандар, аң аулауға қажетті құстар сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар түсе бастаған.



3.Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері. 


Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздеріне тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қана қоймайды. Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. Сауда кезінде сатылатын бұйымдардың өте тамаша,сәнді жасалуы— алушылардың мерейін көтеріп,жақсы нәрседен адамның жан дүниесі бір ләззат алатынын көрсетті. Жібек жолының бойындағы мәдени байланыс әсіресе музыка саласында ерекше байқалады.




4.Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы


Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ,ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы. Қытай императоры У Ди 138 жылы Батыс елдеріне аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған, осы кезден бастап Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған.


5.Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тармақтары.

Қазақ жері Батыс пен Шығысты қосып жатқан орталық болды.Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері –Шығысқа шығатын негізгі қақпаға айналды.

Жетісу жерінен шығысқа қарай Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Оны, біріншіден, Жетісу аумағындағы ортағасырлық қалардың орналасуынан, екіншіден, бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қыстауларының орналасуынан байқаймыз.

Бейне таспа «Ұлы Жібек жолы»

Сабақты бекіту




































Ой қорыту






























Кластер құру

Ұлы Жібек жолы


I. Топпен жұмыс (оқулықпен, картамен, қосымша материалдармен жұмыс жүргізу). Әр топ өздерінің орындаған тапсырмаларын қорғайды.

1 топ. «Хронографтар»

1.Қытай жерінде Жібек матасының жасалуы мен саудаға шығу мезгілдері

(б.з.д.2750 жылы Жібек матасы жасалған,саудаға түскен уақыты б.з.д.V-IIғғ.)

2.Жібек тиеген керуендердің Батысқа жол тарту уақыты

(б.з.д.Iғ.ортасында алғаш рет Батыс елдеріне Рим мен Византияға шыққан)

3.Керуеннің Қазақстан даласын басып өткен ғасырлары және оның маңызы қандай?

(VI-VIIғғ.Жетісу,Оңтүстік Қазақстан жерлері. Сауданы, мәдениетті, ғылымды дамытты)

2. «Картографтар»

1.Жібек жолы басталатын аудандарды көрсет

(Қытай,Хуанхэ өзені-Ұлы Қытай қорғаны-Іле өзені-Ыстықкөл)

2.Жолдың Ыстықкөлден-оңтүстік бағытқа дейінгі жолдарын көрсет

(Ыстықкөл-батыс,солтүстік батыс-оңтүстік және солтүстік бағыттарға-осының оңтүстік бағыты Ферғана,Самарқанд,Иран,Ирак,СирияЖерорта теңізіне шыққан)

3.Ыстықкөлден-солтүстік бағытқа дейінгі жолдар

(Солтүстік бағыт ОңтүстікҚазақстан,Испиджаб қаласы,одан екі тармаққа:1.Орта Азия;2.Түркістан-Сырдария-Батыс Қазақстан-Еуропа)

3. «Сарапшылар»

1.Ұлы Жібек жолының маңызы

(сауданы,мәдениетті,елдер арасындағы қарым-қатынасты дамытты)

2.Халықаралық қатынастағы тарихи маңызы

(Шығыс пен Батыс елдері арасындағы байланысты нығайтты)

3.Қазақ даласы үшін маңызы

(Қазақ жері Батыс пен Шығысты қосып жатқан орталық болды,мәдениетті,әсіресе діндерді(будда,христиан,ислам)тарату,Отырар,Тараз,Түркістан және т.б.-да қалалардың әртүрлі бағыттарда дамуына әкелді).


(Сұрақ-жауап)

1.Қытай елі үшін жібек матасын өндірудің пайдасы болдыма?

2.Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан аумағындағы ең ірі қалаларды атаңдар?

3.Жібек жолы бойында тараған дүниежүзілік діндерді атаңдар?

Студенттер жалпы Қазақстан тарихына шолу жасасақ, қасиетті қазақ жері ғасырлар бойына тоғыз жолдың торабын, түрлі бағыттағы керуен жолдарын тоғыстырған. Бұл жерден Шығыс және Батыстың өркениеттерін тоғыстырып, қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға негіз болған Ұлы Жібек жолы өткен.

Бүгінгі күні көптеген мемлекеттер өз күштерін біріктіре отырып Ұлы Жібек жолын қалпына келтіруге күш салып отыр.

Бүгінгі таңда Еуразия құрылығының көп елдеріне, ірі көліктік тораптары мен терминалдарына жол ашатын автомобиль жолдарының Еуропалық және Азиялық аумақтық жүйелеріне белсенді интеграция процесі жүруде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев “Батыс Қытай - Батыс Еуропа” автожолы тауарлар үшін маңызды магистраль деп атап көрсетіп, ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізін салуды ұсынды.

Әлем таныған Елбасымыздың бастамасымен қазіргі таңда Қазақстан Ұлы Жібек жолын өркендету идеясын іске асыруға кірісті. Ресей және Қытай әріптестерімен бірігіп, Еуропа елдеріндегі серіктестер мен халықаралық қаржы институттарының демеуімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомобиль дәлізін салу жұмыстары басталып та кетті. Бұл жоба  - «Ұлы Жібек жолының» жаңғыруы.




Батыс пен Шығыс сауда

өркениеттерінің мәдениет

араласуы (дін, бұйымдар)

Ұлы Жібек жолы


Елдер арасындағы Қалалардың ғылым

байланыс өсуі


Үй тапсырмасы:





§ 28. Мәнжазба «Ұлы Жібек жолы»

Бағалау:



Сабақты өзіндік талдау

Топтық бағалау.


Топ жұмысын бағалау:

Топта барлық оқушы жұмыс істеді

Бір біріне көмектесті

Топ тапсырма бойынша жауап құрастырды.

Топ сұрақтарға еркін жауап бере алды

Студенттердің ой-өрістерін,жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту, географиялық картамен жұмыс жасау, олардың танымдық белсенділік денгейі сабақтың дәстұрлі емес түрі арқылы жүзеге асырылды деп ойлаймын.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?лы Жібек жолы ж?не оны? тарихи ма?ызы

Автор: Аралбаев Сериккали Т?лкібай?лы

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 266057


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства