kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ЛЫ ДАЛАНЫ? ?ЛЫЛАРЫ" конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                      "?аза? ханды?ыны? ??рылуы ?аза?стан                                                                  

                                                      тарихы ?шін белесті кезе?. Б?л о?и?аны?

                                                      саяси ??м ?о?амды? м?н – ма?ызы ?аза?

                                                      ханды?ыны? Орталы? Азияда?ы, т???ыш            

                                                      ?лтты? мемлекет бол?анды?ында жатыр"

Н.Назарбаев

?ЛЫ ДАЛАНЫ? ?ЛЫЛАРЫ

Ма?саты: ?аза? хал?ыны? ?ткен ?илы кезендеріні? тарихына шолу жасай отырып, ?лы т?л?аларды? рухты та?ылымдарын зерделей келе ата – бабаларымызды? т?уелсіздік жолында?ы ерлік ?лгісімен т?рбиелеу, отанс?йгіштікке баулу.

К?рнекілігі: ?аза?стан Республикасыны? картасы, ?анатты с?здер, суреттер, интерактивті та?та.

К?тілетін н?тижелер:

  1. Биыл?ы аталып ?ткен ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын ?орытындылау. Ал?ан білімдерін ке?ейту.

  2. О?ушыларды? ?ылыми – зерттеу ?о?амдасты?ын ??ру ж?не оны одан ?рі дамыту.

    Барысы.

    М??алім с?зі: Баяндама.

    Осыдан бес ?асырдан астам уа?ыт б?рын А? орда билеушісі Орыс ханны? ?рпа?тары Керей мен Ж?нібек с?лтандар ?білхайыр хан?а ба?ынудан бас тартып, Шу ?зеніні? бойында?ы ?озыбасы атты ?оныста дербес ханды?ты? туын к?терді. Еркіндік а?са?ан елін азатты? ?ранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен Ж?нібек жа?а бір ?лысты? дербестігін жариялап, жа??ыр?ан ?аза? этносыны? атауын ал?ан тарихта т???ыш т?уелсіз ?аза? ханды?ын ??рды. Ата?ты тарихшы М?хамед – Хайдар Дулатиді? ?алдыр?ан на?ты деректеріне с?йене отырып, тарихшы ?алымдарымыз ?аза? ханды?ыны? ??рыл?ан кезі 1465 жылы бол?анын белгіледі. Неге 1465 деген дата?а то?талды?: ?лы тарихшы М?хаммед Хайдар Дулатиді? «Тарихи Рашиди» деген кітабында Керей ханны? Шу бойына к?шкен уа?ыты ретінде Хижра жыл санауымен д?л осы жыл к?рсетілген. Дегенмен мемлекетті? ??рылуы, ?алыптасуы бір жылда ж?зеге аса ?оймады, ол кемінде 15 – 20 жыл?а созылуы м?мкін. Ал Керей мен Ж?нібек хандарды? к?шкен жылы бізді? ?азіргі к?нтізбеміз бойынша 1465 жылмен т?спа – т?с келеді. Тарихшылар Ж?нібек пен Керейді? ?скері ?білхайыр ханны? ?олымен кездесіп, ?ш к?н бойы бетпе – бет т?р?анын айтады. Сосын со?ыспай кейін шегінісіп кетеді. Тарихшылар со?ысты? болмауын ?білхайыр ханны? ауырып ?ал?анымен байланыстырады. Оны? нау?ас?а шалды??аны рас. Біра? со?ыспа?андарыны? бас?а себебі бар. Шын м?нісінде екі жа?та?ы ?скер де найман, ?ыпша?, ?о?ырат сия?ты ?аза?ты этнос ретінде ??рап т?р?ан тайпалардан жаса?тал?ан еді. Династиялы? со?ыс?а екі жа?ты? да ?скері ?атыс?ысы келмеген деп топшылаймын. Тойнбиді? керемет с?зі бар. Ол «А?са? Темір ?лы ?олбасшы, мемлекет ??рушы, біра? ол ж?йе ??ра алмады. ?зі ?лгеннен кейін ??р?ан мемлекеті ?ирады» дейді. Ал Керей мен Ж?нібек ??р?ан ханды? 1465 жылдан 1847 жылы е? со??ы легитимді ?аза? ханы Кенесары хан ?лгенге дейін 4 ?асыр бойы ?мір с?рді. Я?ни, ал?аш?ы ?аза? хандары ??р?ан мемлекетті? бас?ару ж?йесі сол заман?а сай болды, соны? ар?асында соншама ?лкен территорияны биледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ЛЫ ДАЛАНЫ? ?ЛЫЛАРЫ" конференция»

"Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан

тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның

саяси һәм қоғамдық мән – маңызы қазақ

хандығының Орталық Азиядағы, тұңғыш

ұлттық мемлекет болғандығында жатыр"


Н.Назарбаев


ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛАРЫ


Мақсаты: қазақ халқының өткен қилы кезендерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлы тұлғалардың рухты тағылымдарын зерделей келе ата – бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісімен тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, қанатты сөздер, суреттер, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Биылғы аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын қорытындылау. Алған білімдерін кеңейту.

  2. Оқушылардың ғылыми – зерттеу қоғамдастығын құру және оны одан әрі дамыту.


Барысы.


Мұғалім сөзі: Баяндама.

Осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын Ақ орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтерді. Еркіндік аңсаған елін азаттық ұранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялап, жаңғырған қазақ этносының атауын алған тарихта тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрды. Атақты тарихшы Мұхамед – Хайдар Дулатидің қалдырған нақты деректеріне сүйене отырып, тарихшы ғалымдарымыз Қазақ хандығының құрылған кезі 1465 жылы болғанын белгіледі. Неге 1465 деген датаға тоқталдық: Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» деген кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты ретінде Хижра жыл санауымен дәл осы жыл көрсетілген. Дегенмен мемлекеттің құрылуы, қалыптасуы бір жылда жүзеге аса қоймады, ол кемінде 15 – 20 жылға созылуы мүмкін. Ал Керей мен Жәнібек хандардың көшкен жылы біздің қазіргі күнтізбеміз бойынша 1465 жылмен тұспа – тұс келеді. Тарихшылар Жәнібек пен Керейдің әскері Әбілхайыр ханның қолымен кездесіп, үш күн бойы бетпе – бет тұрғанын айтады. Сосын соғыспай кейін шегінісіп кетеді. Тарихшылар соғыстың болмауын Әбілхайыр ханның ауырып қалғанымен байланыстырады. Оның науқасқа шалдыққаны рас. Бірақ соғыспағандарының басқа себебі бар. Шын мәнісінде екі жақтағы әскер де найман, қыпшақ, қоңырат сияқты қазақты этнос ретінде құрап тұрған тайпалардан жасақталған еді. Династиялық соғысқа екі жақтың да әскері қатысқысы келмеген деп топшылаймын. Тойнбидің керемет сөзі бар. Ол «Ақсақ Темір ұлы қолбасшы, мемлекет құрушы, бірақ ол жүйе құра алмады. Өзі өлгеннен кейін құрған мемлекеті қирады» дейді. Ал Керей мен Жәнібек құрған хандық 1465 жылдан 1847 жылы ең соңғы легитимді қазақ ханы Кенесары хан өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүрді. Яғни, алғашқы қазақ хандары құрған мемлекеттің басқару жүйесі сол заманға сай болды, соның арқасында соншама үлкен территорияны биледі.

Алғашқыда Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына еріп, қазақ болып бөлінген халықтың саны екі жүз мың адам болды. Сол заман үшін бұл санның да көп халық болғанымен, байтақ ұлысты жайлаған, қазақтардың қандастары бұдан сан есе артық болатын. Шу бойына ту тіккен жаңа хандық біраз орныққаннан соң бүкіл Ақ Орда жерін түгел қайтару жолындағы жорықтарын бастады. Сонымен 1465 жылы ата мекенімізде тұңғыш рет Қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды. Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтерілді. Одан кейін Жәнібек хан билік құрды. Тарих сахнасына шыққан біртұтас Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны –«Алаш», мемлекеттік елтаңбасы – «Төре таңба» яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба. Бас байрағы – төре таңбалы қызыл ту. Астанасы – қасиетті Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде отыздан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайым тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет – өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты хал – қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Көнеден келе жатқан небір тарихи деректерде бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасы алып жатқан ұлан – ғайыр аймақ ежелден – ақ қазақ халқының этникалық негізі болып табылатын қазақ тайпаларының атамекені болатын. Қазақ хандығының құрылуының қарсаңында ХІҮ – ХҮ ғасырларда үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені – Жетісу өңірінде, дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендерінің сағаларында, Ыстықкөлдің оңтүстігін, Оңтүстік Қазақстандағы «Отырар жасыл алқабын», қаңлылар Қаратау баурайын, орта Сырдария мен Жетісудың батыс бөлігін, арғындар – Ертістен батысқа қарай Орталық Қазақстанды, Сырдарияның алқаптарын және Жетісудың батысын, наймандар – Ұлытаудың Есілге дейін аймақтарда, қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау өңірлерін, керейлер – Тарбағатайда, Ертіс бойында, Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендерінің аңғарларына дейін ұлан даланы жайлап жатты. Осы орайда, халқымыз үшін еңбегі ерен, есімі қасиетті екі тұлға бар. Олар Қазақ хандығының іргесін қалаған, мызғымас мемлекет құрған, халқымыздың біртуар ұлт болып бірігуіне мұрындық болған – Керей мен Жәнібек хан. Бұл екі тұлғаны бір – бірінен ажырата бағалау артықтау болар. Екеуі де ел үшін басын бәйгеге тігіп, ұлтының ұлылығын асыруда аянбаған парасат иелері, халық сүйген перзенттері. Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса, одан кейін Жәнібек билік жүргізді. Қазақ ордасының іргеленуі мен іріленуі Жәнібек хан тұсында болған. Жаңа хандықтың мемлекеттік құрылымы мен заң жүйесі де Жәнібек заманында жүйеленіп, келер ұрпаққа мұра етілген. Тәуелсіздік туын көтеріп, дербестігін паш еткен Қазақ хандығының атағы шығысымен – ақ Дешті Қыпшақ жұрты Әбілқайыр ханның қыспағынан құтылып, бөгетін бұзған тасқын судай ағылып жаңа хандыққа қосыла бастады. Иә осы бір тағдыр тартқан тиімді жағдайды қазақ хандары Керей мен Жәнібек дер кезінде барынша пайдаланды. Олар дереу атқа қонып, өздері осыдан біраз жыл бұрын еріксіз тастап кеткен атамекені Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Еркіндіктің қасиетті туын көтеріп, не өлу, не жеңу күресіне шыққан қазақ халқының тұңғыш хандары, жаужүрек көсемдері Керей мен Жәнібек азаттық жолындағы адал күресте парасаттылықтарын таныта білген қазақ хандары бастаған істерінің ақ екендігін аз уақытта дәлелдеп, ірі табыстарға жетті. Қазақ елі мен қазіргі тәуелсіз Қазақстан халқы аспаннан түскен жоқ және ата – тегін білмейтін мәңгүрт емес. Мемлекетіміздің, халқымыздың терең ежелгі тарихы бар. Қазақстан қазақтың ата – бабаларынан қалған өзіміздің жер, халқымыздың тарихи ата – мекені бар. 1456 – шы жылы Әбілқайыр хандығынаң бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып Қазақ хандығының іргесін қалағанын білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға құрмет болса керек. Енді оқушылар қазақ хандығын құруға атсалысқан ұлы тұлғаларға тоқталып, олардың өмірі мен атқарған ерең еңбектері туралы мағлұмат береді.


1-жүргізуші:

Қазақ халқының XV ғасырдағы

Тарихи арпалысына толы,

Жер бетінде бар болуы, не жоқ болуы,

Жанкешті тынымсыз заман еді.

Заман ағысының жарық жұлдыздары,

Хан Керей мен Жәнібек туралы оқушылардың мағлұматын тыңдайық.


Керей хан:

Керей хан Ақ Орданың ханы Орыстың ұрпағы, Болат сұлтанның баласы. Керей мен Жәнібек XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанның батыс аймағына қарай көшеді. Олардың көшуіне Әбілқайыр ханның езгісі, үсті – үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығы себеп болды. Моғолстан ханы Есен – Бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алады. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп береді. 1465 – 1466 жылдары Қозыбасы деген жерде Керей мен Жәнібек сұлтан Қазақ хандығының іргесін қалайды. Хандық құрылған кейін, хан тағына сол кездегі орнаған тәртіп бойынша жасы үлкен Керей отырады. Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген. Керей ханның нақты жерленген жері белгісіз, аңыз бойынша Шу бойындағы Хан тауы етегінде жерленген деген болжам бар. 1473 жылы Керей хан дүниеден өткеннен кейін хан тағына Жәнібек отырады.


Жәнібек хан:

Жәнібек хан Ақ Орданың соңғы ханы Барақтың бел баласы. Жәнібек Кереймен бірге Әбілқайыр ханнан бөлініп, Қазақ хандығын құрады. Керей хан тағына отырғаннан кейін, Жәнібек оның ақылдасар тірегі болып қалады. 1470 жылы Керей мен Жәнібек хандар Созақ пен Сауранды Қазақ хандығына қосады. Әбілқайырдың немересі Шайбани хан 1472 жылы Ноғай Ордасының мырзаларымен бірігіп, қазақ жеріне шабуыл жасайды. Алайда қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Маңғыстауға қашады. Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына кіреді. 1473 жылы Керей ханның өлімінен кейін Жәнібек хан тағына отырады. Жәнібек хан 1480 жылға дейін билік жүргізеді. Оның қазасынаң кейін хан тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырады. Алайда Бұрындықтан кейін, қазақ ханы болып Жәнібектің ұлы Қасым сайланады. Осыдан кейін Қазақ хандығын Жәнібектің ұрпақтары билейді.

1-жүргізуші:

Қазақстан салтанаты жарасқан,

Бір туысқан, бір – біріне қарасқан.

Бір кездері алғашқы хандықты құрған жер,

Бір кісідей мандай терін төккен жер.

Ендігі кезекті жерім деп жылаған, елім деп еңіреген қазақтың қамқоршы хандары Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке хандар туралы мағлұмат алайық.


Қасым хан:

Қасым хан Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның баласы. 1480 – 1511 жылдары Қазақ хандығының ханы Бұрындық болып тұрса да, хандықты билеу Қасымның қолында болды. Ақырында Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін күрес басталып, Қасымның жеңісімен аяқталады. Бұрындық болса Самарқанға көшіп кетіп, сол жерде қаза табады. 1511 жылы Қасым билікті өз қолына алып, хандықты нығайтуға кіріседі. Оның ерең еңбегінің нәтижесінде Қазақ хандығы күшейіп, аумағы кеңейеді. Қасым бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналады. Оның тұсында халық саны бір миллионға, атты әскер саны үш жүз мыңға дейін жеткен. Алайда, Қазақ тарихында Қасым хан алғаш рет құқықтық ғұрыптарды бір жүйеге келтірген хан ретінде тарихта қалады. Қасым шығарған «Қасымның қасқа жолы» атты заңдар жинағы Қазақ хандығының алғашқы заңы болып саналады. Бұл заң бес тараудан тұрады:

1-ші тарау: мүлік заңы – бұл заңда жер дауы, мал – мүлік дауы шешілді.

2-ші тарау: қылмыс заңы – бұл заңда кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу мәселелері шешілді.

3-ші тарау: әскери заң – бұл заңда аламан міндеті, қосын жасақтау, қарақазан, ердің құны сияқты даулар шешілді.

4-ші тарау: елшілік заңы – бұл заңда елшілікке қатысты барлық мәселелер шешімін тапты.

5-ші тарау: жұртшылық заңы – бұл заңда ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарысы және бәйге ережелері жазылды.

Қасым хан Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне қарағанда,1518 жылы Сарайшықта қаза табады. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болады. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас – тартыстар біршама азайды.


Хақназар хан:

Қасымнаң кейін Қазақ хандығын Мамаш, Тақыр, Бұйдаш хандар билейді. Осы хандар тұсында хандық біршама әлсірейді. Халық саны едәуір азаяды. 1538 жылы хан болып Қасымның ұлы Хақназар сайланады. Хақназар таққа отырысымен көршілес Ноғай Ордасындағы феодалдардың талас – тартыстарын тиімді пайдалана отырып, көптеген ұлыстарын өзіне қосып алды. Хақназар хан Жайық жағалауындағы көшпелі тайпаларды Қазақ хандығына қосып алғаннан кейін хандық жері кеңейіп, күш – қуаты артады. Сыр бойындағы қалаларды өз иелігіне алу мақсатында Хақназар хан, өзбек ханы Абдаллах пен Баба сұлтанның арасындағы билік үшін таласты тиімді пайдаланады. Хақназар шебер жол тауып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Бастапқы кезде қазақ феодалдары Баба сұлтанға жәрдемдесуге уәде берді. Бұны естіген Абдаллах хан 1579 жылы әскерін Сайрамға алып келді. Көп кешікпей Хақназар хан елші жіберіп, бұрын жасалған шартқа адал болатынын білдірді. Сөйтіп, Хақназар қазақтардың қолына түскен Баба сұлтанның баласын беруге уәде етті. Бұл әрекетке разы болған Абдаллах хан Түркістандағы кейбір аудандарды сыйға береді. Қазақ сұлтандары Абдаллахты жақтамақ болған әрекетін сезіп қалған Баба сұлтан, 1580 жылы қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтіреді. Ал, оның астыртын жіберген адамдары ханның аулына келіп, Хақназар ханды, оның туыстарын тегіс өлтіреді.

Есім хан:

Есім хан 1580 – 1582 жылдары ел билеген Шығай ханның баласы. Оның туған жылы белгісіз. 1598 жылы қазақ ханы Тәуекел қайтыс болғаннан кейін, хан тағына Есім отырады. 1599 жылы Есім хан Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасындағы қалаларды Қазақ хандығына қосады. Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болады. XVII ғасырдың басында Ташкент билеушісі Тұрсын мен Есім хан арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр – Рахимның ордасына кетеді. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім хан 1627 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрады.

Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, "Еңсегей бойлы ер Есім" атанады. Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым – қатынасты күшейтті. Қазақ – қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300 – 400 мыңға дейін атты әскер шығара алған.

Есім ханның ел билеудегі жол – жоралғы мен әдет – ғұрыптар туралы ережелер жинағы «Есім ханның ескі жолы» деп аталды. Бұл заңда қоныс – тұрақ, мал – мүлік, адамдар арасындағы дау – жанжалдар шешімін тапты. Дау шешіп, төрелік айту құзыретін иеленген би – қазылардың оны білуі міндетті саналған.

Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті. Есім хан 1628 жылы өмірден өтеді. Оның денесі Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.


Тәуке хан:

Тәуке Қазақ хандығын 1628 – 1652 жылдары билеген Салқам Жәңгірдің ұлы. Ол 1680 жылы үш жүздің ханы болып сайланады. Тәуке хан тағына отырған соң, Қазақ хандығының асқынған ішкі феодалдық талас – тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Ол хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізді. Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан таққа отырғанда елдің ішкі және сыртқы жағдайы шиеленісіп тұрды. Кіші хандар жеке дара билік жүргізіп, Ұлы ханға бағынудан бас тартты. Ал жүздердің ішіндегі үлестік жерлерде билік жүргізіп отырған сұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, өз алдарына жеке – дара билік жүргізуді көздеді. Хандықтың сыртқы жағдайы да мәз емес еді. Жоңғарлар қазақ жеріне жиі – жиі шапқыншылық жасап отырды. Ішкі және сыртқы шиелініскен жағдайды шешу үшін Тәуке хан, Қасым мен Есімнің ғұрыптық ережелерін кеңейтіп, өзіндік бір "Кодекс" пішіндегі құқықтық нормалардың жиынтығы «Жеті жарғыны» жасады. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақ өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын қамтыды. Жер дауы, жесір дауы, мал дауы, жан дауы, құн дауы, мүлік дауы, хандық пен билік, куәлік ету мен ант беру рәсімдері «Жеті жарғы» заңдар жинағында шешімін тапты. Дәстүрлі қазақ қоғамында «Жеті жарғыдан» кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан оның көптеген жол – жобалары мен қағидалары XX ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

«Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты. Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін, хан тағына оның бел баласы Болат отырады. Болат ханның тұсында орталық билік әлсіреп, үш жүз өз ханың сайлай бастады.

1-жүргізуші:

Ержүрек ел қайтпайтын от пен судан,

Еңбек етсе аққан тер бетін жуған.

Небір дана ақын мен батырларды

Халқы үшін қаһарман қазақ туған.

Қазақтың "дана билері" мен "төбе билері" туралы мәлімет алайық.


Төле би:

Төле би Әлібекұлы 1663 – 1756 жылдары өмір сүрді. Ол Жоғарғы Шыршық, Өгем, Қаратау қойнауларын жайлаған Дулат жұртының Жаныс руынан шыққан. Төле би сауатты, ақындық – шешендік өнерінен тәлім алған, көкірегі қазына, тоқығаны да мол адам. Ол 15 – 20 жасында Ұлы жүздің аумағында халық атынан сөйлеп, ру – тайпалардың өзара берекесіз жанжалдар мен дауларын әділеттікпен шешуге күш салған. Төле би басқа атақты билермен бірге Әз Тәукенің сенімді көмекшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар – ойрат шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатысады. Болашақ Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1741 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда да Төле би белсенділік танытты.

"Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға бар күш жігерін жұмсайды. Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі – ірі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Төле бидің денесі Ташкент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған.


Қазыбек би:

Қазыбек би Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария бойындағы бір ауылда дүниеге келеді. Қаз дауысты Қазыбек – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек руынан шыққан. Жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбектің аталары да би болған. Әкесі Келдібек те елді аузына қаратқан атақты шешен би болыпты. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Қазыбек би мемлекеттер арасындағы мәмлегерлік істі бастап Жоңғар хандығына бірнеше рет сапармен барады. 1710 – 1711 жылдары бітімшілік міндетпен үш рет Жоңғар хандығына барды. "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп – найзасына жылқының қылын таққан елміз", - деп басталатын атақты сөзін Қазыбек би осы сапары кезінде жоңғар қонтайшысы Севан Рабданға айтқан. Қазыбек бидің елшілік сапарлары нәтижесінде қазақ пен жоңғар арасындағы дау – жанжалдар бейбіт жолмен шешіліп, азды – көпті тыныштық орнады. 1741 жылы Абылай сұлтан аң аулап жүрген кезінде жоңғарларға тұтқынға түседі. 1743 жылы Қазыбек би 90 биді басқарып Жоңғар хандығына барып Абылайды тұтқыннан босатып әкеледі. Қазыбек би "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға бар күш жігерін жұмсайды.

1764 жылы Сарыарқадағы Семізбұғы тауының етегінде 97 жасында көз жұмған. Бидің сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылып, қабіріне құлпытас орнатылды.


Әйтеке би:

Әйтеке би Байбекұлы 1644 жылы қазіргі Өзбекстандағы Қазбибі тауы маңында туған. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Әкесі Байбек өз заманындағы беделді адам болған. Әйтеке Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалантөс Баһадүр салдырған "Тіллә – қари", "Шер – дор" медреселерінде оқиды. Ел басқару ісіне араласып, жиырма бір жасында бүкіл Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ, құрама жұртының бас биі болды. Кіші жүздің ішкі жағдайындағы дау – жанжалдар мен жер дауы, жесір дауы сияқты күрделі мәселенің басын ашып әділ шешімдер қабылдауда басшылық еткен. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ел басқару ісіне араласты. Әйтеке бидің "Жеті жарғыға" ұсынған баптарының ішінде белгілілері "Сүйек құны" мен "Өнер құны". Бұл Әйтекенің ата дәстүр – салтына жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға деген айрықша құрметін көрсетеді.

1698 – 1699 жылдары Әйтеке би Түркістан қаласында өткен үлкен екі жиында Қазақ даласына көз тіккен көрші елдерден сақтану үшін бірнеше ұсыныстарын айтты. Олар: тұрақты әскер ұстау, әскердің халықтан шыққан бір қолбасшыға бағынуы, әскерді төре, сұлтан, байлардан алынатын салық есебінен ұстау болатын. Әйтеке бидің бұл ұсыныстары Төле би, Қазыбек би секілді ел басқарған билер тарапынан қолдау тапқанымен, сұлтандар мен төрелер, әскерге жиналатын мол салықты ауырсынған байлар қарсы шығып, түрлі сылтау – себептер айтып, ақырында қабылданбады.

Әйтеке би 1722 жылы қазіргі Өзбекстанға қарасты Нұрата өңірінде қайтыс болады.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – қазақ халқының

Сан ғасырлық арманы.

Біздің туысымыз – Тәуелсіздік,

Біздің тілегіміз – Бейбітшілік.

Ендеше XVIII ғасырдың Тәуелсіздік жаршылары қазақтың атақты да айбарлы хандары Әбілқайыр, Абылай және XIX ғасырдағы қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы мағлұмат алайық.


Әбілқайыр хан:

Әбілқайыр хан 1680 жылы дүниеге келеді. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Майданда батырлығымен, шабуыл ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылық өнерімен танылған ол 1710 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр тұтас қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ таққа мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат отырады. Әбілқайыр 1726 жылы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. 1728 жылғы Бұланты өзенінің жағасындағы, 1729 жылы Аңырақайдағы ойраттарды талқандаған соғыстарда дарынды қолбасшы ретінде ерекше көзге түседі. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты Болат ханға бергенімен, әскерді үйлестіру Әбілқайырдың қолында болады.

Әбілқайыр хан Ресей империясына арқа сүйеуді ойлап, Петербургке 1731 жылы ақпан айында қазақ елшілері Сейітқұл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын жібереді. Алайда, оған тұтас қазақ елінің атынан мұндай тарихи шешім қабылдау құқын ешкім бермеген еді. Кіші жүз билерінің өзі Ресей елшілігі келгенде Әбілқайырға Ресеймен тек әскери одақта болу жөнінде келіссөз жүргізу жүктелгенін айтады.

1731 жылы қазанда А.И.Тевкелев басқарған орыс елшілігі Кіші жүзге келіп, Әбілқайырдан және 27 старшыннан Ресей империясының қарамағына кіргендігі туралы ант алады. Ант беру арқылы ол тұтас елге билік жүргізуді ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Ресей империясы қазақ жерін бүтіндей отарлауды көздеді. Әбілқайыр хан бұл саясатты дер кезінде түсініп, отаршылдықтың барлық көрінісіне қарсылық байқатты. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. Өзінен жас Абылаймен түсінісе білді. Әбілқайырдың саясатында қайшылықтар да болды. Кейіннен қазақ даласын отарлауға негіз болған Ор бекінісін салуды 1735 жылы өзі ұсынған еді.

1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтіреді. Әбілқайырдың бейіті Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде.


Абылай хан:

Абылай 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Әкесі Орта жүздің сұлтаны – Уәли, атасы қанішер Абылай – Түркістан қаласының билеушісі болған. "Ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келеді. Оның түйесін, жылқысын бағады. Ол кезде шамамен 13 жаста болса керек. Шашына, алба – жұлба киіміне, жүдеу өңіне қарап Төле би оған Сабалақ деген ат қойыпты.

Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе – жекте өлтіреді. 1730 – 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға "Абылайлап" шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Абылай жоңғарлармен соғысып қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланған. Қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін Ресей үкіметімен де, Цин империясымен де қарым – қатынас жасап, тең саясат ұстанған. 1757 – 1777 жылдар аралығында Бейжінге 10 елшілік жіберген. Осы алпауыт екі империя арасындағы қайшылықты Қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырған.

Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап қайтарып алады. Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Тегеурінді әскери қимылмен қатар жүргізілген дипломатиялық әрекеттер Абылайды өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтереді. Еділ қалмақтары қазақ жері арқылы үдере көшкенде олардың Жоңғарияға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік берудің дұрыс екенін әскери кеңесте дәлелдеген де Абылай болды.

1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп сайлайды. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы деп ресми түрде таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ Ордасын бөлшектеуді көздеген.

Абылай хан Қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды. "Есім ханның ескі жолында", "Қасым ханның қасқа жолында", атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек қойды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ.

1781 жылы Ташкент жорығынаң қайтып келе жатқан жолда Абылай хан өзін жайсыз сезінді. Әскер тоқтап аялдады, хан осы жерде бекініс тұрғызуға бұйрық етті. Бұл бекіністі халық "Хан қорғаны" деп атап кетті.

Абылай хан 1781 жылдың мамыр айында өмірден өтті. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған. Ол елді он жыл бойы басқарды және бұл жылдар Қазақ хандығының тарихына "Абылай заманы" деген атпен енді.


Кенесары хан:

Кенесары хан – Қасым сұлтанның ұлы, Абылай ханның немересі. Ол 1802 жылы Көкшетаудағы Ханкөлі маңында дүниеге келген. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен – ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік – жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л.Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.

1837 – 1847 жылдары Кенесары Ресей империясына қарсы азаттық күресін жүргізеді. Ұлт – азаттық күрес үш жүзді толығымен қамтыды. Отаршыл Ресейге қарсы соғысты бастамас бұрын Кенесары дипломатиялық қадам жасап патшаға хат жазып, елшіліктер жіберді. Оған жауап болмады. Кенесары соғысқа мұқият даярланды. Қазақ елінің барлық өңірінен батырлар қол бастап келіп, Кенесары әскеріне қолдау көрсетті. Кенесарының қол астына 20 – 30 мың сарбаз жиналды. Кенесары бастаған көтеріліс 1837 – 1840 жылдар аралығында Сарыарқаны түгел шарпыды.

1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт – азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды.

1847 жылы Кенесары хан оң мың қолымен Қырғыз жеріне басып кіреді. Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір тауының қойнауында өтті. Осы шайқаста Кенесары хан жау қолынан қаза табады.

Кенесары қалпына келтірген Қазақ хандығы 1847 жылға дейін өмір сүрді. Кенесары тарихта қазақтың халық сайлаған соңғы ханы болып қалды.


Мұғалім сөзі: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияны аяқтауға рұқсат етіңіздер. Ғасырлар бойы аңсап армандаған Тәуелсіздігімізді қастерлей білейік, қадірлеп жүрейік ағайын! Келесі кездескенше сау – саламатта, бай қуатты болайық.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"?ЛЫ ДАЛАНЫ? ?ЛЫЛАРЫ" конференция

Автор: Оразов Еркеш Маратович

Дата: 27.12.2015

Номер свидетельства: 270711


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства