Саба?ты? та?ырыбы: ?йсіндерді? салт-д?ст?рі мен діни наным-сенімдері
Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? ал?ан білімдерін толы?тыру, ?ткен саба?тарды пысы?тау ретінде ?осымша деректер ар?ылы ?йсін та?ырыбы бойынша т?сініктерін ке?ейту. Дамытушылы?: О?ушыны? ой-?рісін, ойлау, с?йлеу ?абілетін ашатын с?ра?тар ?ою ж?не с?ра?-жауап ?дісі бойынша саба?ты? та?ырыбына сай білімін толы?тыру. Т?рбиелік: Ежелгі тайпаларды? тарихын, шаруашылы?ын, м?дениеті мен білімін пайдалана отырып, о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«?йсіндерді? салт-д?ст?рі мен діни наным-сенімдері»
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Атшыбаева Салтанат
Тарих пәні мұғалімі
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы үйсін тақырыбы бойынша түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру. Тәрбиелік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс, аралас
Әдісі: СТО әдісі
Көрнекілік:карта, суреттер, интертақта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді? 2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? 3. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? 4. Үйсіндердің мата тоқу үшін қандай құрал қолданған?
5. Үйсіндер қандай дақылдарды екті? 6. Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлерін атаңыз?
7. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін дерек кездескен қоныс
8. Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер?
9. Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары?
10. Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп?
11. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан?
12. Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым?
13. Қарғалы диадемасы қай кезең туындысы?
14. Қарғалы диадемасының басты тақырыбы?
15. Ақтас қыстау қонысы орналасқан жер?
16. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы?
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Үйсіндердің салт-дәстүрі
Діни нанымдары
Жерлеу орындары
Сыныпқа жаңа тақырыпты оқыта отырып, өздеріне айтқызу арқылы талдау. Ол үшін әр қатарға тапсырмалар жазылған қағаздар таратылады. 5-7 минут дайындалғаннан кейін әр қатар өз тақырыптпарын талдайды. Тақырып түгелімен талданып болғасын, әр қатар қайтадан өз тақырыбы бойынша басқа қатарларға сұрақтар қояды.
І-тақырыпша тапсырмасы:
Үйсіндердің салт-дәстүрі туралы айтып беріңдер
Тақырыпша бойынша 4 сұрақ даярлау
ІІ-тақырыпша тапсырмалары
Діни нанымдары туралы айтып беріңдер
Тақырыпша бойынша 4 сұрақ даярлау
ІІІ-тақырыпша тапсырмасы:
Жерлеу орындары туралы айтып беріңдер
Тақырыпша бойынша 4 сұрақ даярлау
Сергіту сәті: ребустарды шешу
Бекіту тапсырмалары:
Дұрыс жауапты таңдаңдар. +, - белгісін қойыңдар
1. Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын жерлеу орындары дәлелдейді
+
2. Үйсіндерде әулеттің зираты қоныстан алыс жерде орналасқан
-
3. Үйсіндерде жерленген адамның басы Батысқа қаратылған