kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йсін ж?не са?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ашы? саба?ты негізгі ма?саты 10 сыныптарды 7 сыныпта к?рген ?йсін ж?не са? мемлекеттерді? тарихын, т?рмысын, ?леуметтік жа?дай?ын ?айталай отырып деректі материалдар бойынша о?ушыларды? білімін ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін арттырту. ?зі?дік ж?мыс ж?не топты? ж?мыс ар?ылы о?ушыларды ?ызы?ушылы?ын, ынталарын оята отырып ж?мыс жасату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йсін ж?не са? »



10сынып Қазақстан тарихы Күні:


Сабақтың тақырыбы

Үйсін және қаңлы мемлекеті

Сілтеме

Ә. Төлеубаев, Ж.Қасымбаев 10 сынып оқулығы.

Жалпы мақсаты


Үйсіндер мен Қаңылы туралы тарихи деректерді жан –жақты талдап , оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету,

Міндеттер:


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

1. Үйсін және Қаңлы мемлекеттері жайлы білімнің негізін қалау;

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға Үйсін және Қаңлы мемлекеттері туралы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

1. Ә.Төлеубаев, Қ.Құнапина « Қазақстан тарихы» оқыту әдістемесі. Алматы «мектеп» 2010 ж.

2. history.js


Сабақ барысы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

































Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру






















































































Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу;

-сыныпты топқа бөлу, тайпалар бойынша;

- оқушылардың сабаққа көңіл-күйлерін тексеру; (суреттер не смайлик арқылы адамның бет бейнесін салу, табиғат құбылыстарын салғызу арқылы)


оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І.Ой қозғау

Атаулар (терминдер) кестесі:

Гуньмо,Битянь, Қауыншы, Отырар Қаратау, Шаньюй осы сөздердің мағынасын, мазмұнын және өзара байланысы туралы ойланыңдар.

Тапсырма !

Жеке талдау

Жұппен талдау не жұмыс жасау

Топта талдап, әр топтан бір оқушы сыныпта оқу

Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «Үйсін және қаңлы мемлекеті» бұл сабақ бізге таныс болғандықтан Б-Б-Б стратегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.


Білемін

Білгім келеді

Білдім




ІІ. Мағынаны тану

Мәтін таратылады(алдыңғы көрністен алған әсерлері мен мәтінді оқып жұмыс жасайды)

Тапсырма !

Жеке оқимыз 4 минут

Әр бөлікті толтырып болғаннан кейін, топтарыңмен салыстырып, өзара талқылау жүргізіп отырыңыздар.

2-4 топтарға

Үйсіндердің таралып, қоныстануы Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде біздің заманымызға дейін IV—III ғасырларда аталады.Жер аумағы Тянь-Шаяьнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында суармалы егіншілікпен де айналысты. Қытай деректері: "Шығысында — ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі", — деп суреттейді. Үйсіндер жері біздің заманымызға дейін II ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда, мәдени қарым-қатынастардың күретамыры іспеттес еді. 'Үйсін-қытай қарым-қатынастары. Біздің заманымызға дейін 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясатшыЧжан Цянь: "Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады", — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, біздің заманымызға дейін 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды. Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады.  Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып,Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды. Біздің заманымызға дейін 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқан салтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. Біздің заманымызға дейін 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытаймен ғұндардың арасындағы күресте маңызды салмағы бар елге айналғанды. Біздің заманымызға дейін 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың (соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан) үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Біздің заманымызға дейін 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты күнби өзі басқарды. Қалған екі қанаты да күнбиге тәуелді болды. Біздің заманымызға дейін 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті. Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтың тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі — Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі — ғұндармен одақты жақтайтындар еді. Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, біздің заманымызға дейін 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан "көшпенділердің бірігуін болдырмау", "көшпенділерді көшпенділердің күшімен талқандау" саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат өз нәтижесін берді. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Біздің заманымыздың V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.

1-3 топқа

Қаңлылар мемлекеті. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың екінші жартысындағы "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп аталынған оқиғаның нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында өзгерістер пайда болды. Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде біздің заманымызға дейін II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді. Қытайдың деректеріне сүйенсек, "Кангюй" деп аталынады. Қытай тарихының атасы Сыма Цяньның (145—86 жылдары) еңбегінде: "Қаңлы Ферғананың (Даван) солтүстік батысында, шамамен, 2 мың ли (1 ли — 500 м) қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс-салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар яньсай кангюлердің солтүстік-батысында 2 мың ли жерде. Көшіп-қонып жүретін олардың әдет-ғұрыптары кангюйлерге ұқсас келеді. Әскері 100 мың адам, әдетте, кангюмен араласып тұрады. Ол Ұлы көлге жапсарлас жатыр. Кангюйдің бес кіші князьдігі бар". Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпаков: "Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақты енгізіп, орталығы Отырар", — деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С. П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, Бактрия, батысында Хорезм,Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтер кангюй мәденетіне тән Қауыншы, Отырар — Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді. Н. Я. Бичурин кангюй билеушісінің қыстыгүні Битянь қаласында тұратындығын, шығысында олардың ғұндарға бағынышты болғандығын жазады. 'Қаңлылардың мемлекеттік — саяси дамуы. Қытайдың "Солтүстік патшалықтар тарихында": "Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетінің күшейіп тұрған кезі еді. "...Кезінде кангюй князі өз ұлын Қытай сарайына жіберді, жердің шалғайлығы себепті тым тәкаппарланып кетті. Басқа иеліктер сияқты тәуелді болғысы келмеді... кангюй өміршісі өркөкірек, тіпті елшілерімізге бас имейді. Біздің жіберген адамдарымызды үйсін елшілерінен төменірек отырғызды", — деп хабарлайды. Бірақ ғұн, үйсін, қаңлы сияқты үш мемлекеттің бір-бірін жақын тартатындығы, байланыстарын үзбейтіндігі де сөз болған. Шаруашылығы мен тұрмыс-салтының ұксас болуы да олардың этникалық жағынан да жақын, туыскан екендігін аңғартады. Қаңлылар біздің заманымызға дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын болса, онда қалалық елдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін". Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды. Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша қалай жанқиярлықпен шайқасқанын былайша баяндайды: "Тәңірқұты өзі сауыт киіп, қамалдың мұнарасына шықты. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қорғанға ұмтылған әскерлерді ата бастады. Тәңірқұтына оқ тиді. Әйелдер де түгелдей оққа ұшты. 1518 адамның басын алып, 145 адам тірідей ұсталып, 1000 адам тұтқындалды". Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.

ІІІ. Ой қорытынды

Білдім кестесін оқыту, әр топтан бір оқушы

Бағалау:

Үйге тапсырмасы: шығармашылық тапсырма

1 Топ « Сақ мәдениетінің жетістігі»

2 топ «Ғұн мәдениетінің ерекшелігі»

3 топ «Үйсіндердің мәдениеті »

4 топ «Қаңылы мәдениеті мен діни нанымдары» туралы тақырптарға слайд шоу әзірлеп, қорғау .

Толғаныс (рефлексия) (сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін смайлк арқылы бақылау)










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?йсін ж?не са?

Автор: Адей Жайнаг?л Адей

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 213957


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства