kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?аза?стан.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?айтпас ?айсарлы?ты? н?тижесіндегі ?иыншылы?тар мен табыстарда?ы тарихи шынды? пен та?ылымын т?сіндіру. Саба? барысында о?ушыларды? тарихи о?и?аларды есте са?тау, салыстыру, тарихи шынды?ты білу ар?ылы логикалы? ойлау ?абілетін дамытуда?ы ж?не ?азіргі заман?а к?з?арасын ?алыптастыру. О?ушылар?а отаншылды?, патриотты? т?рбие беру. Еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?аза?стан. »

«Әділетті соғыстың рухы әрқашан

күшті болады. Өйткені оның төркінінде

елді, жерді қорғау принциптері жатады...»

Н.Ә. Назарбаев.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайтпас қайсарлықтың нәтижесіндегі қиыншылықтар мен табыстардағы тарихи шындық пен тағылымын түсіндіру.

  2. дамытушылық: сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытудағы және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру.

  3. тәрбиелік: оқушыларға отаншылдық, патриоттық тәрбие беру. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Сабақтың жабдықталуы:


1. Фото-суреттер:


а) «Отан – Ана шақырады»;

ә) «28-Панфиловшылар»;

б) Совет Одағы Батырларының

фото-суреттері:

- Бауыржан Момышұлы

- Қасым Қайсенов

- Мәншүк Мәметова

- Әлия Молдағұлова

- Ысқақ Ыбыраев

- Қасым Қайсенов, т.б.


2. Карталар:

а) Ұлы Отан соғысының

тақырыптық картасы

ә) Дүние жүзінің саяси картасы

б) Қазақстаннаң саяси картасы

3. Бейнефильм:

а) Соғыс туралы фильмнен үзінді

ә) Б.Момышұлы туралы деректі фильмнен үзінді

4. Әдебиеттер көрмесі:

- Момышұлы Б. «Жыр - аманат», Алматы «Жалын» 1978 жыл;

- Бек А. «Арпалыс» (Волоколом тас жолы) аударған Сағындықов Қ. Алматы, «Жалын»1977;

- Нұршайықов Ә. «Ақиқат пен аңыз»; 1972ж.

- Хателов Ғ. «Отты жылдар өрендері» жинақ Алматы 1975ж.

- Самсонов А.М. Вторая мировая война. 1939-1945. Москва, «Наука» 1985г.;

- Қозыбаев М.Қ. «Ұлы ерлік», Алматы «Қазақстан» 1980жж

- Қошқарбаев Р. «Жеңіс жалауы», Алматы «Жалын» 1978ж.

- Дінішев М. «Сталинградты қорғаған қазақтар», Алматы «Қазақстан» 1994ж.

- Шәріпов Қ. «Біз – Панфиловшылармыз» деректі хикая, Алматы «Жазушы» 1980ж.

5. Интерактивті тақтада жаңа сабақтың презентациясы, т.б.

6. Кесте, сызба, шкала, анаграмма, т.б.


Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.


Сабақтың өткізілу әдісі:

топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ – жауап, хабарламалар, топшалардағы өздік жұмысы, т.б.

Сабақты ұйымдастыру:

Оқушылар үш топта жұмыс істейді, әр топтың жеке үстелі бар, аудиторияның ортасында мінбе. Үстелдерде өтетін тақырып бойынша жұмыс дәптері, сызбалар, тақырыпта кездесетін жаңа ұғымдардың сөздігі. Әр топ үй жұмысына осы тақырыпқа байланысты ізденіп, әдебиеттер және шығармашылық жұмыс дайындады.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ басында ұйымдастыру шараларын жүргізгеннен кейін оқушылар мен қонақтардық көңілін жаңа сабақ тақырыбы «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» аудару үшін «Әлия» әнінің әуені ойнайды. Оқытушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялайды (олар интерактивті тақтада жазулы тұрады). Содан соң жоғарыда көрсетілген материалдар мен кітап көрмелеріне сипаттама бере отыра, тақырыптың жоспарымен таныстырады:

    1. Соғыстың басталуы

    2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру

    3. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы ірі шайқастарда

    4. Ұлы Жеңістің ащы шындығы


Жаңа тақырыптың ұғымдары: барбаросса, поцифизм, қауырт соғыс, милитарист, конгломерат.


1.Соғыстың басталуы

Оқытушы интерактивті тақтаны пайдалана отыра түсіндіреді. Оқушылар тезис түрінде дәптерлеріне жазып отырады. Оқушылардың бұған дейін ҰОС туралы білімдерін сұрақ қою арқылы толықтыру.

Мұғалімнің сөзі: Дүние жүзі тарихы бойынша өткен тақырыптарды еске ала отырып, Кеңес – Герман соғысының басталу себебін қарастырайық. 1933 жылы Германия үкімет басына Адольф Гитлердің келді фашизмнің дамуына жол ашты. 1939 жылдан бастап 1941 жылға дейін фашистер 12 мемлекетті басып алса, 14 одақтасы болды (дүние жүзі картасынан жаулап алған, одақтас елдерді корсетеді). Олар 153 дивизиясы мен 1941 жылы 22 маусым КСРО басып кірді. Кеңестер елінің халқының басты міндеті – жауға тойтарыс беру, елін, жерін, халқын құлдықтан сақтау.Бұл соғысқа Қазақстандықтар да өз үлестерін қосты.


  • Фашистердің мақсаты қандай?

  • КСРО - ға неше бағытта шабуыл жасады картадан корсет?

  • Қазақстандықтар соғыстың басталғанын қалай қабылдады?


  1. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.


  1. Интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген өнеркәсіп, кәсіпорындардың қай қалаларға орналастырылғанын Қазақстанның саяси

картасына түсіру.


2. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамсыз ететін негізгі өнеркәсіп

базасы. Интерактивті тақтада корсетіліп тұрған графикті пайдалана отырып мұғалім түсіндіреді. Әр топ бір – бірінің алдын - ала жасап келген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде рекорд жасаған қазақстандықтар туралы анаграмманы шешеді.


3.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы ірі шайқастарда.

1. Әр топ алдын-ала берілген ірі шайқастар туралы жұмыстарын ортаға шығып мінбеде талдап береді. Жұмыстар интерактивті тақтада корсетіліп тұрады.

І топ. Москва түбіндегі шайқас

Шайқастың барысы: Вязьма және Можайск қорғаныс шептері құрылды. Мәскеуге қарсы фашистік армиясының шабуылы 1941 жылдың 31 қыркүйегінен 1942 жылдың қаңтарына дейін созылды. Жау әскерлері Калинин, Клин, Истра, Волокаламск қалаларын басып алды. Москва түбіндегі шайқас Қызыл Армияның жеңісімен аяқталды. (Бауыржан Момышұлының Москва түбіндегі шайқас туралы естелігінен деректі видеофильм тыңдалады).


ІІ топ. Ленинград түбіндегі шайқас






Шайқастың барысы: 1941 жылғы 8 қыркүйекте Ленинград қаласы қоршауға алынды. 900 күн бойы қоршауға алынған қалаға Падога көлі арқылы ғана байланыс жасалды. Тарихта ол жол «Өмір жолы» деп аталады. 1944 жылы қаңтарда Қызыл Армия жеңіске жетті. (Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» өлеңінен үзінді оқылады).


ІІІ топ. Сталинград түбіндегі шайқас






Шайқастың барысы: 1942 жылы Неміс әскерінің Сталинградқа жасалған

шабуылы тек 1943 жылы 10 қаңтарда Волга бойындағы шайқаста неміс әскерлерінің талқандалуымен аяқталды.Осы жеңістен кейін соғыстың беті бері қарады.


2. Әр топ алдын – ала берілген мынадай тақырыптарда:

- «Аңыз адам» Б.Момышұлы естеліктерінен.

(бейнефильмнен үзінді)

- «19 жасар батыр қыз» Ә.Молдғұлованың өмірі,

ерлігі жайында.(бейнефильмнен үзінді)

- «Ы.Ыбырев біздің мәңгі мақтанышымыз»

Петропавл қаласындағы педагогикалық училищенің

түлегі Совет Одағының Батыры жайлы

хабарламаларын оқиды.


  1. Батырлардың ерліктерінің сәйкестігін анықта.


А

Р.Қошқарбаев

1

Қолына граната алып танк астына түскені үшін Кеңес Одағының Батыр атанған

Ә

А.Молдағұлова

2

Солтүстік Қазақстандық Совет Одағының Батыры

Б

Т.Бегелдинов

3

Невельс қаласы үшін ұмытылмас ерлік жасады

В

С.Луганский

4

Ленинград шайқасында жаудың дзотын жапқан

Г

С.Баймағанбетов

5

Днепр үшін шайқаста Кеңес Одағының Батыры атанған ең жас жауынгер

Д

Ә.Досмұханбетов

6

Украинада партизан тобын басқарған атақты партизан Кеңес Одағының Батыры

Е

Ы.Ыбыраев

7

Москва түбіндегі шайқаста батыр атағын алған рота политругі

Ж

Қ.Қайсенов

8

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры

З

Т.Тоқтаров

9

Совет Одағының батыры атанған алғашқы ұшқыш

И

М.Ғабдулин

10

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры

К

М.Маметова

11

Минаметшы, Сталинград шайқасында ерлік корсеткен

Л

Л.Беда

12

Мәскеу шайқасында ерлік корсеткен батыр

М

Ж.Елеусізов

13

Жеке өзі 37 ұшақты және топтасып алты ұшақты атып түсірді


3. Ұлы Отан соғысының тақырыптық картасына шайқастар болған жерлерді оқушылар белгілейді.

4. Ұлы Жеңістің ащы шындығы

Қазақстандықтар соғыс басталғаннан батыс шекара майданынан бастап Тынық мұхиттағы милитаристік Жапонияны талқандау мақсатындағы шайқастарда да болды. 12 мемлекетті басып алған, 14 одақтасы бар жаудың күші бастапқыда басым болды. Фашистердің 170 дивизиясының соғыстың соңына қарай 70 – і қалған.

1. Мұғалім тақтада көрсетіліп тұрған 1418 күнге созылған соғыстағы Кеңес Одағының жауынгерлерінің шығынын талдайды.










2. Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 196 мың 164 жауынгер аттанған.








3. Соғыстан кейін Жеңіс жолындағы адам шығынын И.В. Сталин, «жеке басқа табынушылыққа қарсы» идея котерген Н.С. Хрущев, «қайта құру» идеясын көтерген М.С. Горбачев, зерттеуші Соколев, ғалым Власьевичтер мынадай сандармен корсеткен.










Бекіту: Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Біз сұрапыл соғыс жайында не білеміз?» деген сұраққоя отырып, төмендегі таблицаны толтыруды ұсынамыз.

Білемін

Білгім келеді

Фашистік Германия 1941 жылы Кеңес Одағына соғыс ашты. Ол бес жылға созылды. Қазақстандықтар да бір кісідей жауға аттанды. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде Ә. Молдғұлова, М. Мәметова, Т. Тоқтаров, Т. Бигелдинов, т.б. 9- мамыр Жеңіс күні.

Өз облысымыздағы, ауданымыздағы, ауылымыздағы соғыс ардагерлерді жайлы білім келеді.


Қорытынды: Мұғалімнің сөзі: Ұлы Отан соғысы қазақстандықтардың батыр екендігін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің 1941 жылғы қазан айындағы нөмерінде «Қазақстандықтар» деген мақала шығып, онда Мәскеуді қорғаған Панфилов дивизиясы жайлы жазылған. Мәскеу, Сталинград, Ленинград майданындағы қазақстандықтардың ерлігі әлемге әйгілі болды.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1. Топ оқушыларының соғыста ерлік корсеткен туған – туысқандарының суреттері, өмірбаяндары, марапатталған алқаларының, грамоталарының суреттерінен фото альбом жасау.

  1. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» повесінен Б.Момышұлының естеліктерін оқу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?аза?стан.

Автор: Мульдинова Асылжан Марлановна

Дата: 21.09.2015

Номер свидетельства: 232383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства