kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?ылым мен м?дениет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок посвященный к годам Великой Отечественной войны. То есть как простые люди помогали солдатам. И как в Казахстане развивалась наука и культура в годы войны. Какие же литературные жанры были и развиваются и в каких же направлениях. Театр и кино как изменило жизнь Казахстанцев в то время. Урок нового формата. Ученики сами работая в группе определяют как же жили наши предки в годы войны.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?ылым мен м?дениет»

Күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет

Сабақтың мақсаты: Оқушылар майданға көмек, Қазақстан ғылымы, көшіріп әкелінген ғылыми мекемелер, әдеби шығармалар, театр және кино өнері: тақырып және әдістің өзгеруі туралы біледі.

Сабақтың міндеті: оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар топта жұмыс жасай алады, өз бетінше ой қорытып, өз бетінше еңбектене алады, берілген тапсырмаларды жеке және жұп бойынша орындай алады, көшіп келегн және жергілікті қайраткерлердің шығармашылық қызметінің ерекшеліктерін салысчтыра отырып, қорытынды жасай алады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сабақтың ресурстары: оқулық, тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сабақ барысымен таныстыру. Оқушыларды «Алтын ережені» еске түсірткізу. Бағалау парақтарын тарату. Бағалау шкаласымен таныстыру.

Кезекші оқушы сыныпты түгендеп, үйге берілген тапсырманы айтады. Үйге берілген тапсырамны айтады.



Жеке

Жұппен жұмыс

Қор. балл

Баға

Оқу-ң аты жөні

Үй тап.

Б\с

1 балл

Білу

1 балл

Түсіну

1 балл

Қолд

Дет. қосу

Талд.

Венн

Диаг

2 балл

Жин.

с\у

1

балл

Бағ.

5 балл
















25-21-«5»

20-14-«4»

13-5-«3»

4-0-«2»


2 мин

Үй тапсырмасын сұрау.

Жеке жұмыс.

Блиц-сұрақ.


Оқушыларды бағыттап отыру

Блиц-сұрақ (әр дұрыс жауап 1 балмен есептеледі)

І нұсқа

1. 1942 жылдың қараша айында Саратов облысынан Қазақстана қандай ұлт өкілдері көшіріліп әкелінді?(поляктар)

2. 1943-44 жж Қазақстанға қандай ұлт өкілдері көшіріліп әкелінді? (шешендер, қалмақтар, ингуштар, қарашайлықтар, балқарлар, қырым татарлары, болгарлар, гректер, армяндар, месхеттік түріктер, күрдтер, әзірбайжандар)

3. 1942 ж соңында Қазақстанға еріксіз көшіріліп әкелінгендердің саны қанша адам болды? (532,5 мың адам)?

4. Қалмақ АКСР-і қашан жойылды? (1943 ж желтоқсан) ?

5. 1941ж тамызынан бастап қандай ұлт өкілдері көшіпіліп әкеліне бастады? (немістер)?

ІІ нұсқа

1. Немістерді көшіру қай жылға дейін созылды? (1948 ж дейін созылды)

2. 1944 ж мамырда Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қырым түбегінен барлық қырымдық татарларды қай жерлерге көшіру туралы қаулы шығарды? (Өзбекстан, Қазақстан)

3. Еріксіз көшіріліп әкелінгендер қандай кеніштер мен кәсіпшіліктерде жқмыс істеді? (Ембі, Таулы Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштері)

4. Шешен-Ингуш АКСР-і қай жылы таратылды? (1944 ж)

5. 1938 ж қарашада Қиыр Шығыстан Посьет ауданынан қанша мыңнан астам корейлер көшіріліп әкелінді? (100 мыңнан астам)


2

мин

Жаңа сабақ

Топқа бөлу

1,2,3 саны арқылы

ІІІ топқа бөлу

Ойлан, бірік, бөліс стратегиясы

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, барысымен таныстыру.

Топпен жұмыс оқушылар ІІІ топқа бөлінеді.

«Ойлан, бірік, бөліс» стратегиясы арқылы мәтінмен жұмыс.

І-топ: Ғылым-майданға

ІІ – топ: ЖОО, әдебиет соғыс жылдарында

ІІІ-топ: Көшіріліп әкелінген мәдени мекемелер

Спикерлерді тағайындап, әр спикер өзінің тақырыпшасын түсіндіреді.

Мәтінмен танысу- 5 минут

Мәтінді талқылау-3 минут

Спикерлердің басқа топтарға тақырыптарын таныстыру – 3 минут.




8 мин

Жұппен жұмыс

Оқушыларды жұпқа бөлу

Білу (әр дұрыс жауап 1 балмен есептеледі, 6 сұрақ) «Тарихи диктант»

І нұсқа

М. Әуезовтың ....... эпопеясының бірінші кітабы, С. Мұқановтың өмірбаяндық ........... повесі, Ғ. Мүсіреповтың .........., Ғ. Мұстафиннің ..........., Ә.Әбішевтің ........ повестері бүкілодақтық оқырмандарға қазақ кеңестік прозасының идеялық және көркемдік жағынан кемеліне келгенін көрсетті. Майдангер-офицер ................. пулисцистикалық мақалалары елеулі құбылыс болды. (Жауап: «Абай», «Өмір мектебі», «Қазақ солдаты», «Шығанақ», «Жас түлектер», Б. Бұлқышевтің)

ІІ нұсқа

Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан ........жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында шайқасты. Ж. Жабаевтың ...................өлеңінің маңызы бүкілодақтық дәрежеге көтерілді. Соғыс жылдары Қазақстанға ..... театр,..... балалар үйі көшіріліп әкелінді. .............. Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін 1942 ж Мемлекеттік сыйлық берілді. .......... қараша айында көшіріліп әкелінген «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары мен Аламты киностудиясы негізінде көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды. (100-ге жуық, Ленинградтық өренім, 23, 146, Қ. Сәтбаевқа, 1941 ж)

Түсіну (әр дұрыс жауап 2 балмен есептеледі, 6 сұрақ)

1. Неліктен соғыс Қазақстан ғылымымен мәдениеті үлкен ауыртпалықты бастан кешірді? (ЖОО дың, мектептердің, мәдениет орындарының материалдық базасы нашарлап кетті. Олардың ғимараттарының бір бөлігі госпиатльдарға, қорғаныс кәсіпорындарына берілді. Мектептердің саны азайды, оқу орындары, театрлар қосылды. Зиялы қауымның маңызды бөлігі әскерге алынды.)

2. Соғыс жылдарында республикада ірі ғылыми күштер шоғырланды. Не себепті? (себебі Соғыс басталған соң КСРО Ғылым академиясының Орал ,Батыс Сібір және Қазақстан өлкелерінің қазба байлықтарын қорғаныс мұқтажына жұмылдыру жөнінде комиссиясын құру керек болды)

3. В.Л. Комаров, А.А. Байков, И.П. Бардин А. Скочинский, Л. Шевяков Н. Образцов сияқты ірі ғалымдар не себепті Қазақстанның әскери экономикасын дамытуды негізге алды? (Себебі Қазақстан негізгі шикізат базасы болды)

4. 1942-44 жж Қазақстанға майданнан 22 делегция келуінің себебі? (майдан мен тыл бірлігігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін күшейтті)

5. Соғыс жылдары Қазақстанға 23 театр, 146 балалар үйі көшіріліп әкелінуінің себебі?

(соғыс аймағын бейбіт мақсатқа көшіру, ұлттық кадрларды даярлау)

6. Не үшін Қ.И. Сәтбаевқа 1942 ж Мемлекеттік сыйлық берілді? (Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көпжылдық еңбегі үшін)


Қолдану (Детальдарды қосу, әр факт бір балмен есептеледі)

Сөйлемді кеңейтуіңіз қажет.

Бастапқы сөйлемнің мысалы:

КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында(астрономия, обсерватория, тіл, әдебиет және тарих, химия-металлургия, топырақтану бөлімдері ұйымдастырылды)

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы

(КСРО ҒА-ның Қазақстан филиалындағы ғылыми қызметкерлердің саны 1940 ж 152 адамнан 1945 ж 864 жетті.ҒА құрудың іргетасы қаланды. Қ. Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалымдары қара, түсті және сирек кездесетін металдарды, жанатын пайдалы қазбаларды, су және су энергетикалық қорын майдан қажетіне жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізді.)

Талдау (әр дұрыс жауап 2 балмен есептеледі, Венн диаграммасы )

Сұрақ: Әдебиет пен өнердің көшіп келген және жергілікті қайраткерлерінің шығармашылық қызметінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері?

Ерекшелігі:

Көшіп келгендер: Қазақ халқының тарихын, этнографиясын, табиғи байлықтарын зерттеді.

Жергілікті қайраткерлер: Негізгі тақырыбы соғысқа арналды.

Ұқсастығы:

Интернационалимзнің болуы, соғыс майданға, патриотизм, достық.


Жинақтау (Сәйкестендіру, әр дұрыс жауап 1 балмен есептеледі)

Тақырыптың басты идеясы бойынша «Сәйкесін тап» тірек-сызбаны толтырып, боя.


1

С.Мұқановтың повесі

1-7

  1. Қазақ киноконцерті

2

Ғ.Мүсіреповтың повесі

2-5

  1. Жауынгер ұлы

3

Ғ.Мұстафиннің повесі

3-6

  1. Абай әндері

4

Ә.Әбішевтің повесі

4-8

  1. Ленинградтық өренім

5

Ұлы Отан соғысында түсірілген кино картина

5-1

  1. Қазақ солдаты

6

Ж.Жабаевтың өлеңі

6-4

6. Шығанақ

7

Ұлы Отан соғысында түсірілген кино картина

7-3

7. Өмір мектебі

8

Ұлы Отан соғысында түсірілген кино картина

8-2

8. Жас түлектер




Бағалау

Ғ. Мүсіреповтың ұлтттың рухын көтеретін шығармасын таңдап ал.



3 мин
















3 мин



















3 мин










3 мин









3 мин

Бағалау

Оқушыларды бағалау


Жеке оқушыны бағалау мақсатында бағалау шкаласына салып суммативті бағаны шығарады.

25-21-5

24-14-4

13-5-3

4-0-2


1 мин


Оқуды бағалау


«Басбармақ»


1 мин
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лы Отан со?ысы жылдарында?ы ?ылым мен м?дениет

Автор: Мырзабаев Мухит Абубакирович

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства