Ма?саты: Білімділік: Ауыл шаруашылы?ын интенсивті дамыту ма?сатында ?абылдан?ан ты? игеру саясатыны? ал?аш?ы табыстары, ?орытындыларына то?талып, ма?ызын, тарихи салдарын аны?тау.
Дамытушылы?: О?ушыларды? ?з ойын еркін айту?а, ?з к?з?арасын на?ты аргументтер ар?ылы д?лелдеуге да?дыландыру;
Т?рбиелік: О?ушыларды бірігіп ізденуге, на?тылы??а баулып, ?з еліні?
тарихын ??рметтей білуге т?рбиелеу.
Саба? типі: аралас саба?
Саба? ?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, топтасу.
Саба?ты? к?рнекілігі: слайд-шоу, карта, ?лестірмелі материалдар
К?тілетін н?тиже: О?ушылар ты? эпопеясын толы? ме?гереді, аталмыш ке?естік саясатты? д?рыс ж?не б?рыс жа?тарын ажырата біледі, тарихи ба?а бере алады.
Саба?ты? барысы:
?йымдастыру б?лімі
Топ?а б?лу
«Мы?ты тірек» тренингі
Шарты: д??гелектеніп, иы? тіресіп т?ру, о? жа??а бір ?адам, кейін сол жа??а бір ?адам жасау, мы?ты тіректі сезіну
- ?оз?алыс барысында не сезініп т?рсыздар?
- ??ламаймыз, тіреп т?рмыз
- д?рыс, ?рдайым б?рі?із бірі-бірі?ді демеп, ?ол ?шын беріп ж?рі?іздер.
*Бірлігі жарас?ан б?л сынып
Ж?реді ?рдайым бірігіп
Тілейміз алда?ы сына?тан
Мектепті ?уантсын,
Аудан?а т?нті ?ып* – деп саба?ымызды бастаса?.
?ызы?ушылы?ты ояту.
- О?ушылар, ?ай кезе? тарихын ме?геріп жатырмыз?
- Со?ыстан кейінгі кезе? тарихын о?ып жатырмыз
- И?, балалар, б?гінгі саба?ымызды? барысында 1940-60 жылдар?а ?атысты т?йіткілді о?и?аларды еске т?сіріп, ты? эпопеясын ?орытындылаймыз
- Ендеше, *Ойна да к?л, ойлана біл* ?з ойы?ды дамытып ж?р – деп саба?ымызды? бірінші б?лімін бастаймыз!
І «С?йкесін тап»
Шарты: ?р топтан кезекпен о?ушылар шы?ып, тарихи ??ымдар мен т?л?аларды м?нін ашатын м?тінмен ба?ыттаушы ар?ылы байланыстыру
Просмотр содержимого документа
««Ты? игеруді? н?тижелері»»
Сабақтың тақырыбы: «Тың игерудің нәтижелері»
Мақсаты: Білімділік: Ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының алғашқы табыстары, қорытындыларына тоқталып, маңызын, тарихи салдарын анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, өз көзқарасын нақты аргументтер арқылы дәлелдеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа баулып, өз елінің
тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтасу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, карта, үлестірмелі материалдар
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тың эпопеясын толық меңгереді, аталмыш кеңестік саясаттың дұрыс және бұрыс жақтарын ажырата біледі, тарихи баға бере алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Топқа бөлу
«Мықты тірек» тренингі
Шарты: дөңгелектеніп, иық тіресіп тұру, оң жаққа бір қадам, кейін сол жаққа бір қадам жасау, мықты тіректі сезіну
- қозғалыс барысында не сезініп тұрсыздар?
- құламаймыз, тіреп тұрмыз
- дұрыс, әрдайым бәріңіз бірі-біріңді демеп, қол ұшын беріп жүріңіздер.
*Бірлігі жарасқан бұл сынып
Жүреді әрдайым бірігіп
Тілейміз алдағы сынақтан
Мектепті қуантсын,
Ауданға тәнті қып* – деп сабағымызды бастасақ.
Қызығушылықты ояту.
- Оқушылар, қай кезең тарихын меңгеріп жатырмыз?
- Соғыстан кейінгі кезең тарихын оқып жатырмыз
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыздың барысында 1940-60 жылдарға қатысты түйіткілді оқиғаларды еске түсіріп, тың эпопеясын қорытындылаймыз
- Ендеше, *Ойна да күл, ойлана біл* өз ойыңды дамытып жүр – деп сабағымыздың бірінші бөлімін бастаймыз!
І «Сәйкесін тап»
Шарты: Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, тарихи ұғымдар мен тұлғаларды мәнін ашатын мәтінмен бағыттаушы арқылы байланыстыру
1. Кәсіподақ А) Әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге қарай
басқаратын иерархиялық құрылым
2. Е.Бекмаханов Ә) Партия нұсқауымен жұмыс жүргізетін
республиканың жоғары мемлекеттік органы
3. Компартия Б) Тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік жарыстар
ұйымдастыру, бұқараның тұрмыс жағдайына қарап
көмектесетін ұйым
4. Ю. Домбровский В) Екпінді құрылыстарға, ірі кәсіпорындардың
салынуына, тың игеруге үлес қосқан ұйым
5.Өнеркәсіптің «Б» тобы Г) Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған
жазушы
6. Кеңес Ғ) КОКП-ның ХХ съезінен кейін ақталған
мемлекеттік қайраткер
7. Комсомол Д) 25 жыл бас бостандығынан айрылған ғалым
8. С.Сейфуллин Е) 1954 жылғы Қазақстан КП ОК І хатшысы
9. Өнеркәсіптің «А» тобы Ж) Тұтыну тауарларын өндіру
10. П.Пономаренко З) Өндіріс құралдарын өндіру
ІІ «Сен білесің бе?»
Шарты: 1+2+3=? Есебінің жауабын тауып, мәнін ашу;
Егіске күш малын пайдалану қай уақытқа дейін орын алды?
Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
Тың игеруге қатысты мәселелер одақ деңгейінде қашан қалқыланды?
1960+1949-1953//1956ж-16 млн га астық өндірді.
Тың игеру туралы шешім қашан қабылданды?
Тыңды жаппай игеру Қазақстанның неше облысында жүзеге асырылды?
КОКП-ның І хатшысы Н.С.Хрущев неше жыл ел биледі?
1954+6-7//1953- Одақ көлемінде талқылау, Сталин өлімі
ІІІ. Шығармышылық сайыс
Шарты: Тың эпопеясына қатысты қосымша деректерді презентациялау
Уақыты: 6 минут
ІҮ. Картамен жұмыс
Бидай масақтарын 6 облыс тұсына орнату
Мағынаны тану
- Жалпы тың игеру жұмысын Кеңес үкіметі неліктен қолға алды деп ойлайсыздар?
- Балалар, біздер соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының дамуын сараладық, ал бүгінгі сабағымыз тың игерудің нәтижелеріне арналмақ.
Мәтінмен жұмыс.
«Тың және тыңайған жерлерді игерудің қазақ халқы үшін пайдасы болды ма?» талдау жұмысы.
Дискуссиялық карта толтыр
Иә
Жоқ
КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды, дүние жүзіне бидайдың қатты сортын шығарды.
2. Қалалық мәдениет дамыды.
3. Инфрақұрылым нығайды, жаңа жолдар салынды.
4. Көп ұлтты мемлекетке айналды.
5. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.
1. Экологиялық жағдай аырлады, топырақтың құнарсыздануы.
2. Жер-су аттары орысша аталды.
3. Қазақ халқы өз елінде азшылыққа айналды.
4.Қазақ тілді мектептер, газет-журналдар жабылды.
5. Мал шаруашылығы құлдырады.
Ойтолғаныс
- «Ойлан, тап!» ойыны
Көрсеткіштерді сөйлету тапсырылады
6,5 млн 9,4 млн 25 млн
2 млн 20 млн 1 млрд
- Екі түрлі түсіндірмелі күнделік
Не таңқалдырды?
Неге?
Қорытындылау
«Ескірмейтін есті сөз»
«Тың игеру қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді»
«Нан болса, ән де болады» Л.И.Брежнев
«Осыдан жарты ғасыр бұрын мемлекеттен үлкен қаржы бөлініп, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеру үшін көптеген адамдар келді. Әрине, үлкен іс кемшіліксіз болмайды. Бірақ, ең негізгісі, қазір қазақстандықтардың дастарханында нан мол. Дүкеннен таңдағанымызды сатып аламыз, тыңның басты құндылығы, міне осында». Н.Ә.Назарбаев