2 мин. 3мин 10мин 2мин 1 мин 2мин | І Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау. - Сәлеметсіңдер ме! Балалар! ә) кіріспе сөз: -Балалар, әдебиет тарихы – халық тарихының айналысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар бейнесі әдебиетте өз ізін қалдырып отырады. Сондай тарихи кезеңнің бірі – Қазақ хандығының құрылуы болып табылады. ІІ Үй жұмысын тексеру. Сұрақтарға жауап беру. -Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетке кімдер келді? -Жыраулар қандай үлес қосты? -Сендер қазақ халқының қандай жырауларын білесіңдер? ІІІ Қайталау сабағы -Ал енді, балалар, жыраулар поэзиясын қайталау үшін, біз тапсырмалар орындаймыз.Бәріміз оқулықпен жұмыс істейміз. Қазір мен әр топтарға мәтін бойынша тапсырма беремін. І топ Толғау дегеніміз не? ІІ топ Сөздердің мағыналарын анықтаңдар! жырау дегеніміз | жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін , дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. | Жыршы | Асан Қайғы ,Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б | Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») | өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгой дана, ойшыл адамдар | Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері | Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. | ІІІ топ Кітаппен жұмыс істей отырып, түбірлес сөздерді табыңдар Жыр- Ел – Ой - ІҮ топ Сұраққа жауап беріңдер: Жырау поэзиясының Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар? Ү топ Сұрақтарға жауап беріп, кластер құрастырыңдар.Жырау поэзиясының Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ұқсастығы бар? ІҮ Қорытындылау. -Жыраулар поэзиясы –халқымыздың өшпес, өлмес мұрасы. Жыраулар шығармаларының негізгі тақырыбы қандай болған? Ү Үй тапсырмасы: 54б 1-тапс /жазбаша/ ҮІ Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау | Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі. Балалар сұрақтарға жауап береді. -Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетке ақын-жыраулар келді. - Жыраулар қазақ хандығының дамып, нығаюына үлкен үлес қосты.Олар хандардың ақылшысы болды. - Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар т.б. Балалар кітаппен жұмыс істей отырып, тапсырмаларды орындайды. Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында , әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр . Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі , жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды . Жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгой дана, ойшыл адамдар Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін , дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан . Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері : Асан Қайғы ,Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б Жыр ,жырау,жыршы ,жырлау Ел, елдік, елші Ой , ойшыл ,ойлану Туған елі Елдің бірлігі достық Жыраулар шығармаларының тақырыбы өмір адамгершілік ерлік | слайд Оқулық 51-52б №1 карточка №2 карточка №3 карточка №4 карточка №5 карточка Слайд |