Картамен жұмыс. (Т) Тапсырма 1. Мозайка жинау. Әр топертеортағасырлардағы саяси карта бейнеленген қиындыларды жинайды.Құрастырылған саяси картадағы мемлекеттерді анықтай отырып, кескін картаға түсіреді. Дескриптор: 1 Саяси картадағы мемлекеттерді анықтай алады 2 Анықтаған мемлекеттерді кескін картаға түсіре алады (Т) Тапсырма 2. Оқушылар ежелгі дәуір мен ерте ортағасырлық карталарын салыстырып, қандай саяси өзгерістер болғанын анықтайды. Түрік қағанатының орта ғасырлардағы Еуразиялық держава ретіндегі ролін және орнын бағалайды. Ол үшінкелесі сұрақтарға жауап береді. 1.№ 1 және № 2 картада қандай мемлекеттер белгіленген. 2.№ 1 және № 2 картада қай кезеңдер бейнеленген? 3.№ 2 картада саяси өзгерістер болды ма? (болса қандай өзгерістер) 4.№ 1 және № 2 Картада не өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, әр топқа келесі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіп, қорытынды жасауды ұсыныңыз. 1.Қалайша Қазақстанның саяси картасы соншалықты өзгеріске ұшырады? 2. Бұл өзгерістер қаншалықты маңызды? Аталған зерттеу сұрақтары бойынша өз қорытындыларын дәптерге түсіреді. Дескриптор: 1 №1 және №2 карта белгіленген мемлкеттерді біледі 2 №1 және №2 картада қай кезең бейнеленгенін анықтай алады 3 Қазақстанның саяси картасындағы өзгерістерді талқылай алады (Т)Тапсырма 3. Тарихтың осы кезеңінен мен не күтемін? - деген сұрақ аясында «Ойлан. Жұптас. Бөліс» тапсырмасын беру. Әр топқа құжаттар топтамасы беріледі. 1 топ – орта ғасырлардағы тарихи уақиғаларға байланысты суреттер топтамасы беріледі. Суреттерді қарап, топтастырып, орта ғасырларда қандай тарихи оқиғалар болғаны туралы ойларын ортаға салу. 2 топ – «Қазақстанның ежелгі дәуір» «Қазақстан VI-IX ғасырларда», карталары беріледі. Карталарды салыстырып, хронология бойынша саяси картадағы өзгерістерді анықтап, қортынды шығару. 3 топ – Ортағасырлар кезеңдері туралы мәтін беріледі. Ортағасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтау және сипаттау. Дескриптор: 1 Орта ғасырлардағы түркі әлемінің қалыптасуы және қандай тарихи оқиғалар болғандығын талқылайды 2 Қазақстанның ежелгі дәуірдегі «Қазақстан ҮІ-ІХ ғғ.» карталардағы өзгерістерді анықтайды 3 Орта ғасырлық кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды (М) Презентация арқылы тарихтың негізгі кезеңдерімен таныстыру. Орта ғасырлардың кезеңдері: Ерте Орта ғасыр (түркі дәуірі); Дамыған Орта ғасыр (моңғол шапқыншылығы); Біртұтас Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы.
Бағалау. Әр топөз жұмыстарын сынып алдында қорғайды және критерийлер арқылы бірін-бірі бағалайды. Критерийлер: -тақырыптың ашылуы; -дәлелдер келтіру; -ойын нақты жеткізу. | «www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы. 7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж. http://www.nlrk.kz (Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы). http://lib.turkacadem.kz (Түркі академиясының кітапханасы http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада). Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж. |