Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік - халы? м?раты!".»
"Киров мектеп -балабақша кешені".КММ.
Сыныптан тыс шара. (Аудандық семинар).
Тақырыбы: "Тәуелсіздік - халық мұраты!".
Мақсаты: Ата-бабаларымыз ежелден аңсаған, бүгінде 23 жыл толып отырған тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғаларды, тәуелсіздіктің маңызын оқушыларға түсіндіру.
Ұлы адамдардың өмірінен үлгі алуға,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
"Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек , әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын ,Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы".
Н.Ә. Назарбаев.
Ашылуы.Амандасу.
Азаттық қазақ халқының ұлы арманы еді. Азаттық үшін күресте ерекше ерлік көрсетті, талай қиын кезеңдерді бастан кешірді, Бірақ так ешқашан мойымады, күресе білді, азаттық таңы ататынына кәміл сенді.
Енді кейбір тарихи оқиғаларды еске түсірейік.
"Тарих- ғасырлар куәсі".
Аты шулы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама"
-Аты шулы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атты қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып, кетті.Қалың халық оңтүстікке қарай босты.Халықтың қайғы қасіретінен "Елім -ай" әні шықты.
1937 жылғы Сталиндік қуғын сүргін құрбандары.
1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып,Жүсіпбек , Бейімбет,Илияс, Сәкен.Өздері өлсе де, аттары өлмеген ағалар рухына кейінгі қрпақ бас иіп, олардың жолын жалғастыруда.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы жылдары.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ батырлары бүкіл адамзатты фашизмнен қорғау жолында ерекше ерлік көрсетті.Жүзге тарта қахармандарға Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.Ұлы Жеңіске 70жыл.Біздің ауылымызда Кеңес Одағының Батыры атағын алған В.Ф. Тарасенко, ауылымызда В.Ф. Тарасенко атында көше берілді.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның суық дауылы үдей түсіп,дүрбелең жайлады.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға алдарына мақсат қойып шықты. Қазақ "ұлтшыл халық" деген атқа ие болды.
-Шын ерлігі жиырмасыншы ғасырдың,
Желтоқсаным абыройды асырдың.
Намысы үшін, азаттығы ары үшін,
Күші болдың кілең қазақ жасының.
Желтоқсаным, аппақ қардай адалым,
Қайсар айым , қозғай алмас қамалын.
Өз рухын өрге сүйреп өгіздей,
Қайраттансаң, қазақтығы шамалы.
(слайд көрсетемін)
Оқушылар тақпақтарын айтады.
Тәуелсіздік -Тәубелі елдің ұраны,
Қиялы елдің қыраны.
Жат рухта жалтақтатпас пендесін.
Жанарлардың шырағы.
Тәуелсіздік пейіл сыйы қазақтың,
Арымыздан арылғаны азаптың,
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар туа біткен ғажап күн
1-бекет.«Тәуелсіз елім –
Қазақстан»
Халқымның мақтанышы- алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ Ордаға,
Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма!
Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?
Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?
Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
Елорда ажарын асқақтатар орындар.
2-бекет.“Ұлттық рәміздер”.
Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры.
Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбынды!
3- бекет.“Салт – дәстүр”
1)Қазақстанның ертеден келе жатқан мейрамдарын ата.
2)Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?
3)Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерін атап шық.
4)Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
-Сан ғасыр сағы сынбас құла дүзде.
Тоныкөк рухынан шырақ ізде.
Қазақтың мәңгі өлмес жәдігері
Салт дәстүр мен ескерткіштер мұра бізге.
Тарихтан сыр шертемін.
Кім? Не? Қашан ? Қайда? ойыны.
1)Жас Астананың символын ата және биіктігі қанша, салмағы қанша, авторы кім?
2)Тәуелсіздік монументі биіктігі қанша және авторы кім?
3)Үш би ескеркіші қай қалада орналасқан?
4)Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған ақын кім?
5) “Көзіңді аш,оян қазақ, көтер басты шығармасының авторы?
6)Шу Талас аңғарындағы XV ғ. қалыптасқан?
7) XVІІІ ғ.бас. соғыс қасіреті кезінде туған ән?
8)Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы?