kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тоталитарлы? ж?йе ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба?ты? та?ырыбы:  ?аза?стан тоталитарлы? ж?йе кезе?інде.

Саба?ты? ма?саты: ХХ  ?асырда бізді? ?аза?тай к?п ?ырылып, жаппай ?у?ындалып, к?п атыл?ан халы? жер бетінде кемде – кем. Оны? ащы а?и?ат екендігіне іздену барысында к?з жеткізу.

            Білімділік міндеті:  Тарих п?нінен ал?ан білімді бекіту, тере?дету, дамыту, м??алімні? к?мегінсіз о?ып ?йрену. ?аза? хал?ыны? ж?ріп ?ткен жолына ?ыс?аша шолу жасау. Елімізді? жа?а заман?а талай ?ырылып, талай ?иыншылы?ты басынан ?ткеріп жеткенін т?сіндіру.

            Дамытушылы? міндеті: Дайын дерек к?здерін, кесте, сызбаларды пайдалана отырып, саба?ты? мазм?нын аша білу да?дыларын ?алыптастыру. Жастарды? елімізді? саяси ?міріндегі ?згерістерді д?рыс ба?алай, т?жырымдай білулеріне, деректі д?ниелерді ?з беттерінше зерттеулеріне, ?з бетінше о?ып да?дылануларына, ?ылыми к?з?арастарын ?алыптастыруына ба?ыт беру.

            Т?рбиелік міндет: Сын т?р?ысынан ойлап, ?р т?рлі тапсырмаларды орындай білулеріне жол к?рсету. Жастарды? Отан?а, елге деген ма?таныш сезімдерін ту?ызу. ?лтжандылы?, елжандылы? ?асиеттерге т?рбиелеу.

?ткізілу т?рі: д??гелек стол.

?ткізілу ?дісі: О?ушыларды? ?зіндік ж?мысын ?йымдастыру, ?з бетімен білім алу да?дыларын ?алыптастыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, ал?ан білімдерін іс ж?зінде пайдалана білуге ?йрету. Іздендіру, ой ?оз?ау, сипаттама бергізу.

К?рнекіліктер: Ты? басылымдар, тарихи кітаптар, бейне суреттер, саба? жоспары, тірек сызбалар, тірек с?здер, т?рлі – т?сті жапсырмалар, суретке т?сіру ??ралы.

Техникалы? ??рал: бейне жазба, интерактивті та?та.

Саба?ты? жоспары:

  1. Голощекиндік геноцид немесе «?ызыл ?ыр?ын» ??рбандары;
  2. Голощекинні? «Кіші ?азан» саясаты;
  3. Ашаршылы?ты? азалы к?ндері;
  4. Сталиндік саяси зобала?;
  5. 1937 – 1938 жылдары опат бол?андар;
  6. ?араусыз ?ал?ан жетімдер.

Саба?ты?  барысы:

I. ?йымдастыру кезе?і:

                        а) О?ушыларды т?гендеу, зейіндерін аудару;

                        ?) Саба?ты? ма?сатын, міндеттерін хабарлау;

                        б) О?ушыларды екі топ?а б?лу.

II. М??алімні? кіріспе с?зі:

   «Ей, т?каппар д?ние,

Сен де бір ма?ан ?арашы!

Танимысы? Сен мені?

Мен – ?аза?ты? баласы!»-

    деген ?ле? жолдарынан  эпиграф ретінде ?зінді ала отырып, «?лы Ж?т», «?у?ын - с?ргін» ?аза? жерінде б?рын – со?ды болып к?рмеген ?асірет, ?аралы кезе? бол?анды?ын еске т?сірсек арты? болмайды.

?аза? хал?ы елінен, жерінен ж??кіле к?шті, сан мы?дап ?ырылды, малынан айырылды. Ел басына ?йірілген кесепатты? ауырлы?ы сондай: анасы – баласын, баласы – анасын к?мусіз ?алдырды. Т?тастай бір халы??а ?арсы ?олдан жасал?ан осы н?уб?т туралы жарты ?асырдан астам уа?ыт айтылмай келеді.

            ?у?ын – с?ргін аяулы азаматтарды? ша?ыра?ын шай?ады. Ана – к?йеуінен, бала – анасынан айырылды. Шынды? шыр?ырап, ??лында?ы даусы естіліп жатса да «троцкишіл, жапонны?, а?ылшынны?, немісті? ты?шысы» деп, «халы? жауы» атан?ан талай – талай азамат айдау?а, т?рмеге ж?нелтіп жатты.

            Келешек ?рпа? ащы да болса шынды?ты білуі тиіс. Сонда халы?ты? жауы кім бол?аны? ?айдан келген жау?! Осы с?ра?ты? жауабын о?ушылардан естиік.

О?ушылар екі топ?а б?лінеді:

Біріншісі: «?лы Ж?т» ?асіретін зерттеушілер тобы;

Екіншісі: «?у?ын - с?ргін» зобала?ын зерттеушілер тобы.

III. Мен білдім: (о?ушыларды с?йлету). О?ушылар жа?а ?діс – т?сілдерді пайдаланады. ?здері о?ып келген тарихи деректер бойынша екі топ білгендерін орта?а салады. Пайдалан?ан ?осымша ?дебиетті, оны? авторын айтып к?рсетеді.

Филипп Исаевич Голощекин кім бол?ан? (суреттеп с?йлеу)

1 – о?ушы: Ф.И. Голощекин тіс д?рігері еді. Партия тарихын жазушылар Голощекинні? ?аза?стан?а ?алай тап бол?анды?ы туралы аны? жазбады. 1925 жылы ол ?лкелік партия комитетіні? бірінші хатшысы болып сайланады. Оны кім сайлады – белгісіз, тек ?аза?станды? коммунистер сайла?ан жо?. «Огонек» журналына В. Костиков былай деп жаз?ан: «1927 жылды? ?зінде – а? ол Сталинні? жеке, сенімді номенклатурасы болды»

Ф.И. Голощекинні? ?атыгездігі.

2-о?ушы: ?атыгездік Голошекинні? ?анына сі?ген н?рсе болатын. Ол ?ыруар та?дырды? т?біне жетті. Бір ?ана мысал: 1917 жыл?ы 27 а?панда?ы т??керісті? н?тижесінде II – Николай патша та?тан ??латылды. Патшамен бірге т?т?ында ?йелі Александра Феодоровна, ?ыздары: - 22 жасар Ольга, 20 – жасар Татьяна, 18 – жасар Мария, 14 – жасар Анастасия ж?не 14 – жасар ем ?онбайтын сыр?ат баласы Алексей болды. Ф.И. Голощекин еш?андай сотсыз, тергеусіз ?лтіруді жоспарлайды. ?анды ?ол жендеттеріне бірінші ат?ызып, содан кейін с??гімен шаныш?ылат?ан.

 

О?ытушы:           К.Б.?уанышева

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тоталитарлы? ж?йе ?аза?стан»

Cабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде.

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде – кем. Оның ащы ақиқат екендігіне іздену барысында көз жеткізу.

Білімділік міндеті: Тарих пәнінен алған білімді бекіту, тереңдету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену. Қазақ халқының жүріп өткен жолына қысқаша шолу жасау. Еліміздің жаңа заманға талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.

Дамытушылық міндеті: Дайын дерек көздерін, кесте, сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын қалыптастыру. Жастардың еліміздің саяси өміріндегі өзгерістерді дұрыс бағалай, тұжырымдай білулеріне, деректі дүниелерді өз беттерінше зерттеулеріне, өз бетінше оқып дағдылануларына, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруына бағыт беру.

Тәрбиелік міндет: Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне жол көрсету. Жастардың Отанға, елге деген мақтаныш сезімдерін туғызу. Ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: дөңгелек стол.

Өткізілу әдісі: Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету. Іздендіру, ой қозғау, сипаттама бергізу.

Көрнекіліктер: Тың басылымдар, тарихи кітаптар, бейне суреттер, сабақ жоспары, тірек сызбалар, тірек сөздер, түрлі – түсті жапсырмалар, суретке түсіру құралы.

Техникалық құрал: бейне жазба, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:

  1. Голощекиндік геноцид немесе «Қызыл Қырғын» құрбандары;

  2. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты;

  3. Ашаршылықтың азалы күндері;

  4. Сталиндік саяси зобалаң;

  5. 1937 – 1938 жылдары опат болғандар;

  6. Қараусыз қалған жетімдер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгендеу, зейіндерін аудару;

ә) Сабақтың мақсатын, міндеттерін хабарлау;

б) Оқушыларды екі топқа бөлу.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ей, тәкаппар дүние,

Сен де бір маған қарашы!

Танимысың Сен мені?

Мен – Қазақтың баласы!»-

деген өлең жолдарынан эпиграф ретінде үзінді ала отырып, «Ұлы Жұт», «Қуғын - сүргін» қазақ жерінде бұрын – соңды болып көрмеген қасірет, қаралы кезең болғандығын еске түсірсек артық болмайды.

Қазақ халқы елінен, жерінен жөңкіле көшті, сан мыңдап қырылды, малынан айырылды. Ел басына үйірілген кесепаттың ауырлығы сондай: анасы – баласын, баласы – анасын көмусіз қалдырды. Тұтастай бір халыққа қарсы қолдан жасалған осы нәубәт туралы жарты ғасырдан астам уақыт айтылмай келеді.

Қуғын – сүргін аяулы азаматтардың шаңырағын шайқады. Ана – күйеуінен, бала – анасынан айырылды. Шындық шырқырап, құлындағы даусы естіліп жатса да «троцкишіл, жапонның, ағылшынның, немістің тыңшысы» деп, «халық жауы» атанған талай – талай азамат айдауға, түрмеге жөнелтіп жатты.

Келешек ұрпақ ащы да болса шындықты білуі тиіс. Сонда халықтың жауы кім болғаны? Қайдан келген жау?! Осы сұрақтың жауабын оқушылардан естиік.

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

Біріншісі: «Ұлы Жұт» қасіретін зерттеушілер тобы;

Екіншісі: «Қуғын - сүргін» зобалаңын зерттеушілер тобы.

III. Мен білдім: (оқушыларды сөйлету). Оқушылар жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланады. Өздері оқып келген тарихи деректер бойынша екі топ білгендерін ортаға салады. Пайдаланған қосымша әдебиетті, оның авторын айтып көрсетеді.

Филипп Исаевич Голощекин кім болған? (суреттеп сөйлеу)

1 – оқушы: Ф.И. Голощекин тіс дәрігері еді. Партия тарихын жазушылар Голощекиннің Қазақстанға қалай тап болғандығы туралы анық жазбады. 1925 жылы ол өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Оны кім сайлады – белгісіз, тек қазақстандық коммунистер сайлаған жоқ. «Огонек» журналына В. Костиков былай деп жазған: «1927 жылдың өзінде – ақ ол Сталиннің жеке, сенімді номенклатурасы болды»

Ф.И. Голощекиннің қатыгездігі.

2-оқушы: Қатыгездік Голошекиннің қанына сіңген нәрсе болатын. Ол қыруар тағдырдың түбіне жетті. Бір ғана мысал: 1917 жылғы 27 ақпандағы төңкерістің нәтижесінде II – Николай патша тақтан құлатылды. Патшамен бірге тұтқында әйелі Александра Феодоровна, қыздары: - 22 жасар Ольга, 20 – жасар Татьяна, 18 – жасар Мария, 14 – жасар Анастасия және 14 – жасар ем қонбайтын сырқат баласы Алексей болды. Ф.И. Голощекин ешқандай сотсыз, тергеусіз өлтіруді жоспарлайды. Қанды қол жендеттеріне бірінші атқызып, содан кейін сүңгімен шанышқылатқан.

17 – шілде күні қараңғы түнді жамылып, атылғандардың денесін «Четыря братья» шатқалына әкеліп, ашық шахтаға лақтырады. Голощекиннің оған да көңілі толмайды. Шілденің 18-і күні Голощекиннің жеке өзі көріп, бақылап тұрып, мәйіттерді жою туралы бұйрық береді. Олардың денесін тік қазылған қазбадан шығарып, шахта алдындағы балшыққа тастады. Бензинді, қышқыл мен спиртті алдыртады. Голощекин патша жанұясы мүшелерінің бастарын кесіп алуға бұйрық береді. Тергеу кезінде табылған мойынға тағылған шынжыр баулардың бөліктеріндегі таңба, дақтар бастарын денелерінен бөліп алу үшін шабылғанын немесе кесіп алынғанын көрсетеді. Ең нашар жанатын тіс десек, асықпай мұқият қарағанның өзінде не костюмдерінен, не топырақтан, не шахта төгіндісінен бірде-бір тіс табылмаған. Патша мен оның жанұя мүшелерінің бастарын спирттеп, орап – буып, ағаш жәшікке салып сол күні Голощекин өзімен бірге болған оқиғаның нақты дәлелі ретінде көрсету үшін Мәскеуге әкетеді. Мәйіттерді құрту үшін балтамен шапқызады. Тергеу кезінде шабылған ізі бар күйген сүйектер мен қымбат бағалы тастар табылған.

Міне, осыдан кейін Ф.И. Голощекин шілденің 19-ы күні кештете Екатеринбургтан салон – вагонға оңаша отырып, тура Мәскеуге тартады. Ол өзімен бірге өте ауыр үш жәшікті ала кетеді. Қысқасы, Ф.И. Голощекиннің өз тәжірибесінде соңғы рет тіс жұлуына тура келеді. Ол тіс жәшікте бастармен бірге еді.

IV. Топтастыру: Жаңа әдіс-тәсілді пайдаланады өздері оқып келген тарихи деректер бойынша екі топ та білгендерін ортаға салады. Пайдаланған қосымша әдебиетті, оның авторын айтып көрсетеді.

  1. «Ұлы Жұт» қасіретін зерттеушілер тобына:

ә) «Қуғын-сүргін» зобалаңын зерттеушілер тобына:

Қазақстандық күштеп ұжымдастыру.

3 – оқушы: Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Наразы болған ұлттық жетекшілер

Т. Рысқұлов және басқалар БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырып алынды, ал басқалары, атап айтқанда С. Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев және т.б. «ұлтшыл» деп айыпталады. Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғындауға ұшыратылады.

Коммунистік партияның XV – съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап колхоз құрылысы жедел дамыды. Бұл шара қатаң жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру және отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түп негізіне дейін күйретті.

4 – оқушы: Бай – кулактарды жою дейтіннің ауыр зардаптары болды. Қанаушы таптармен қатар азды – көпті ауқатты және орташа шаруашылықтар да тәркіленді. Кулак қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді. Алынатын бұйымдар қатарына – құмыралар, тауықтар, жастықтар, шай қасықтар, стакандар, ағаш қасықтар, шанышқылар, табалар, ерлердің белбеулері, әйелдердің көкірекшелері, түйір сабындар және тағы басқалар енгізілді. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударумен қоқытылды. Олар «Кулактар» қатарына жатқызылды. Кедейлерді ұрып-соғу, суық су құйып азаптау орын алды.1929 жыл мен 1933 жыл аралығындағы толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған, олардың ішінде 3386 адамға ең ауыр жаза – атуға, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге азаптау лагерьлеріне қамау жөнінде үкім шығарылған.

1921 – 1922 жылдарда етек алуы. (кестемен түсіндіру).

5 – оқушы: 1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық жаңа экономикалық саясатқа көшу тұсында болды. Республиканың едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады, ал оның алдында қатты жұт болып, малдың 80 пайызы қырылып қалды. Аштыққа індет қосылды. Қазақстанда ашығушылар саны 82 пайызға жетті.

1921 – 1922 жылдарда Қазақстандағы ашығушылар саны.

Айлар

1921 жыл

1922 жыл

Қараша

1558927 адам


Желтоқсан

1572291 адам


Қаңтар


1554197 адам

Ақпан


1625387 адам

Еаурыз


1719234 адам

Сәуір


2286486 адам

Мамыр


2093403 адам

Маусым


2019475 адам.

6 –оқушы: 1932 – 1933 жылдарда аштықтың етек алуы. 1930 – 1932 жылдары аштық кең етек алды. 1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді, 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті. Аштық, індет және басқа да жоқшылықтан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ шығынға ұшырады.

1926 – 1939 жылғы санақтар аралығындағы кезеңде көшіп барушылар есебінен қазақтар саны: РКФСР-де – 2,3 есе, Өзбекстанда – 1,7 есе, Түркіменстанда – 6 есе, Тәжікстанда – 7 есе, Қырғызстанда – 10 есе көбейді. Зүұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

Видео жазбадан аштық жылдары туралы эпизод көрсету.

7 – оқушы: Бибіжамал ананың естелігінен: - Бір топ комсомол қызметкерлерін шақырып алып, республикадағы ашаршылыққа байланысты жан-жаққа көмекке жіберді. Мені Қарқаралыға бөлді. Қарқаралыда өлген кісілерді жеген адамдарды көрдім. Әсіресе, бір әйелдің көзі қанталап кеткен. Жас баланың етін жеп отырғанын көріп шошып кеттім. Күп болып ісіп кеткен сол әйелдің сөйлеуеу де шамасы жоқ. Тағы бір есімде қалғаны С.Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам ұлы Аянды өліп қалған күйінде үш күн құшақтап отырды.

8 –оқушы: Ғ. Мүсіреповтың естелігінен: «Өлілер көшесі. Киіз үйлер қалашығына таяп келдік. Сол үйлердің бірде – біреуінде пенде жоқ. Өлді дейін десек, өліктері жоқ. 3 -4 адам алтықанат бір үйге кірдік. Төрде жүк аяқ, оның үстінде қатталып жиналған атлас көрпелер мен құс жастықтар. Қабырғада қалың кілем. Ал ішінде жан жоқ». Олар асықпай мұқият қарайды. Кенет бәрі бірдей, оның ішінде қаруланған екеуі әлденеден сескенгендей тіксініп тұра қалды. Содан кейін тітіреніп, есікке шегініп кетеді.

Ғ. Мүсірепов ең соңында қалды. Шашылған киімдердің жанында әлдекімнің жатқанын жүрегі сезеді. Шығып кетеді. Шыдай алмай еріксіз сол үйге қайта кіреді. Жолдастары соңынан ілеседі. Кенет қаңыраған үйдің ішінен шыққан жіңішке ашты дауысты естіп, жүректері мұздап сала береді. Сөйткенше болмай, кішкене тірі жәндік күркенің титтей тесігінен атып шығып, адамдарға қарай ұмтылды. Оның өн бойы қан. Өсіп кеткен ұзын шаштары мұз боп қатып, қанды сүңгіге айналып, жан-жағында салбырап тұрды, аяқтары кіп-кішкентай, тыртиған арық, қап-қара, табаны тура қарғаның табаны. Көздері әбден есіріктенген. Беті қып-қызыл, иегінен қан тамшылайды. Тістері қасиған, езуінің айналасынан қанды көбік көрінеді. Ол – жеті-сегіз жасар қазақ қызы. Оның жегені адам еті еді.

9 – оқушы: Ғалым Хакімұлы Ахмедов те өзінің ұзақ ғұмырында талай өлім мен адамдардың қайғы-қасіретіне куә болған.

  1. «Ауылдардың біріне бардық. Сонда тұратын әйелдің үйеме күлінің астынан адамның басы мен кесек-кесек еттерін тауып алдық. Ол әйелді күзетшілер алып кетті, қайда апарғанын қайдам...»

  2. «Сол ауылда бір – ақ жігіт тірі қалыпты. Адам етін жеп, жан сауғалаған сол жігіт бір әйелді сойып тастапты...»

  3. «Басқа ауылда бір шал адам етімен бір айдай күнелтіпті...»

Дәл күні бүгінге дейін 1932 – 1933 жылдарда аштықтан қанша адам өлгенін ешкім білмейді. кейбір зерттеулер 8 – миллион дейді. Ашаршылық әбден асқынып, шырқау шегіне жеткен 1933 жылы Сталин биік мінбеден барлық колхозшыларды ауқатты ету туралы ұран тастайды.

10 – оқушы: Мын бір естелікте Ғататулин былай дейді:

«Машинадан түстім. Айналада тірі пенде көрінбейді. Ұзыннан салынған мал қора тұр. Ашсам, ішінде өліктер жатыр. Үлкен қораның іші қапталып жиналған мәйіттерге толы. Кейбір адамдардың көздері әлі де ашық, бірақ әне-міне өлетіні көрініп тұр. Мен айқай- шуды естіп қайта шықтым. Шаштары жалбырап дода-дода болған, көздері қанталаған әйелдер жүргізушіні қолдарындағы пышақтарымен жарып жібермекке ұмтылып, тап-тап берді. Мен мылтығымды аспанға атып едім, тырағайлап қашты. Айналама қарасам, менен онша алыс емес жердегі отта үлкен қазан тұр. Бірдеме пісіп жатыр. Қақпағын ашып қалдым Сөйтсем, ішіндегі бұрқ-бұрқ қайнаған судан баланың біресе аяғы, біресе қолы, өкшесі көрінеді. Міне, мен сол кезден бастап жауларының жауы болдым... » дейді Ғататуллин.

Жеке басқа табынудың үстемдігі. Тарихымыздағы «Ақтаңдақтар» деп аталатын уақыттың қайғысы мен қасіреті.

11 – оқушы: 20- жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіл-әкімшіл жүйе 40 -50 жылдарда күшейіп тұрған еді. Республикада И.В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын Сталиннің қабілеті деп бағаланды, ал оның тарапынан жіберілген кешіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұмып қарады. Әр түрлі даңғазға ұрандар етек алып, жалған саяси айыптар тағу, заңды бұзу, билікті теріс пайдалану орын алды. Жетекші күш – Коммунистік партия өзінен кейінгі буындарға: кәсіподақ, комсомол, пионер, октябрят және басқа да қоғамдық ұйымдарға билігін жүргізді.

12 – оқушы: 40 – 50жылдардың басында Сталиндік ой-мүдде әбден асқынды. И.В. Сталин БК (б) П XIX съезі ашылуы қарсаңында өзінің «данышпандық» еңбегін жариялайды. Онда: «20-жылдың ішінде кеңес халқы коммунизмнің көкжиегін көреді» деп көрсетілді. оның өтірігіне сенбегендер қарсы шыққандар «қорлаушылар», «диверсия жасаушылап», «ұлы табысқа күйе жағушылар» деп айыпталды. «Халық жаулары», «Социализм жауларына» қарсы күрес науқандары үздіксіз жүргізілді.

13 – оқушы: 20 – 30 жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейін де жалғасады. Қатыгез шеңгелге соғыс кезінде әр түрлі себептермен жау қолына тұтқынға түскен сан мыңдаған жауынгерлер мен Кеңес армиясының офицерлері ілікті. «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» және т.б. көптеген жасалған істер пайда болды. Жасықсыз жазаланғандардың қасіретті тағдыры туралы Ш. Айтматов «Ғасырдан ұзақ күн» («Боранды бекет») романында жақсы суреттеп берді.

14 – оқушы: 30 –жылдардың өзінде-ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандардың қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені – Карлаг болды. Екінші дүниежізілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп әкелінді. Олардың қатарында: кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, қарашайлар, балқарлар, шешендер, ингуштер, месхеті түріктер, қырым татарлары, гректер, кудтар, литвандар, эстондар, орыстар, т.б. ұлттар болды.

Соғыстан кейін он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. ОГПУ-дің, НКВД-нің «үштіктері» ешбір жазықсыз сотталған «халық жаулары» мың-мыңдап Карлаг пен Дала лагеріне (Степлагта), сонымен қатар АЛЖИР атанған тозаққа айналдырылған аймақтарында қасірет тартты.

Сахналық көрініс. «Азапты жеңген аналар» 1- бөлім.

V. Карта бойынша сөйлеу: а) Ашаршылық болған аудандар;

15 – оқушы: Мәселен, бір ғана АЛЖИР лагерінде М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтың әйелі, С. Қожановтың әйелі т.б. көптеген аналар азап шекті./Осы тұлғалар туралы қысқаша таныстыру/

16 – оқушы: «Халық жауының» әйелдері деп танылған әрбір анаға алды 3 – жыл , арты 8 жылдан берсе, 1937 жылдан 1954 жылға дейін қаншама даманың тағдыры тәлкек болғанын ойлаңыз. Орта есеппен мұнда 22 – мыңдай тұтқын әйелдер азап шеккен. Аналар отырған сол жер «26-шы нүкте» деп аталған. Сол лагерьдің қазіргі кездегі орны да жоқ. Орнында Малиновка поселкесі орналасқан. Жол бойы жайқалған жасыл теректер, шоғыр орман. Бәрі де тұтқын аналардың қолымен отырғызылыпты. Ақмола облысына қарасты ірі құс фабрикасы – бұрынғы «Ақмоладағы Отанын сатқандардың әйелдері лагерінде», яғни 26-шы нүктеде салынған екен.

«АЛЖИР» лагерінде отырған аналар жайындағы деректерден.

17 –оқушы: Қазір көзі тірі алжирлік аналардың жасы сексен – тоқсан аралығында. Көпшілігі арамызда жоқ. Бұдан 60 -70 жыл бұрын олар 18 – 25 жастағы жастар, әдемі келіншектер, ақылды, жаны жайсаң, парасатты аналар еді. Сталиндік зобалаң оларды көктей солдырды. Қасірет – қайғы сан – мыңдаған аналардың өмірлеріне өшпестей таңба, көңілдеріне кетпестей көлеңке қалдырыпты.

18 –оқушы: Жазушы Армиял Тасымбековтың «Жан дауысы» деректі повесін оқып отырып, мына бір естелікті жазып алдым:

Зарап Темірбековтың әйелі Назарова Сақыпжамалдың естелігінен:

- 1938 жылы 10-сәуірде үйге сау етіп НКВД-ның 2 қызметкері кіріп келді. Әй-шай жоқ: «Міне, сізді тұтқындау туралы ордер, тұрыңыз, киініңіз, жолдасыңызға барасыз» деді. Менімен бірге Бейімбеттің әйелі Күнжамал, тағы біраз әйелдер болды. Күнжамал Майлинадан 4-рет жауап алды. Күнжамалға: «Сіз Бейімбетке қалай қосылдыңыз?» - дейді екен тергеуші. Орысшасы нашар Күнжамал жеңгей: «Друг-друга қарошо видалам, қарошо зналам. Замуш пошлам» деп жауап берсе, бұл әйел әдейі қырсығып, жауап бермей отыр деп жазалауға дейін барыпты.

Сақыпжамал «26 - нүктеде» 8 – жыл отырады. Сол жылдары 3 – баласын көре алмай зар болады.

19 – оқушы: Баршын апай естелігінде былай дейді: - Бұрынырақта Ақмола, Қарағанды лагерьлерінде отырып келгендер бір жерге бас қосып, өткендерін есіне алып жатушы еді. Сонда менің таңданатыным: Ұлы Отан Соғысына қатысушылар 9 мамырда кеуделеріне орден, медальдарын тағып, көшелерге шыққанда, әкелері ұсталып, атылып, аналарымыз қисынсыз сотталып келгендердің ұрпағы біздерді бір жағы намыс, бір жағы ашу кернейтін. Біздің әке-шешелеріміз кімнен кем еді?! Тірі болса, атылып, сотталғанша жаумен шайқасса, мыналар сияқты жүрмес пе еді, орден, медалдарын жарқыратып...

20 – оқушы: Зұпнұн ананың естелігінен: Күйеуім Нығметті 1937 жылы 3 маусымда ұстаса, мені сол жылы 20 шілдеде қамауға алды. Мен қинағаны – балаларымның жағдайы. Тамара деген қызым балалар үйінде қайтыс болды. Ал Ноянымды балалар үйінен әскерге, айыптылар батальонына алған екен. Ұлымыз екеуіміз де 8 жыл Карлаг быламығын ішіп, қара жұмысын істеп, көрмегенді көріп шықтық. Талай әйел денсаулығынан айырылды, бала-шағасын көре алмай зар болды. Кезінде В. Маяковскийдің «Моя милиция меня бережет» деген өлеңін жақа оқушы едім, ендігі сол милиция біздің сыртымызда күзетіп тұрды...

21-оқушы: (кесте, сызба, суреттермен сөйлеу). Аналар айтқан естеліктер бір-біріне тым ұқсас. Ақмоланың лагері тікелей Карлагқа бағынды. Ал Қарағанды лагері Қазақстанның дәл жүрегінде тұрса да Республикамыздың Кеңес, партия ұйымдарына бағынбады. Ол тікелей ГУЛАГ –қа бағынған еді. Ал ГУЛАГ – тың астанасы Мәскеу болатын.

Долинка поселкесі Қарағанды лагерінің орталығы. Бір кездегі жазалау орталығы болған екі қабатты үй өткен уақыт келбетін көрсеткендей. Қазір онда ешкім тұрмайды. Поселкенің ортасында әйгілі Долинка зонасы бар. Бұл түрме 1933 жылдан өмір сүріп келе жатқанмен, қазір онда кәнігі қылмыскерлер отыр. Бұрынғы Қарағанды лагерінің 119-715-ші нөмерлі тұтқыны Александр Бергтің айтуына қарағанда өлгендерді тереңдетіліп қазылған үш қатар шұңқырға бес-бестен көмген. Олардың аяқтары мен қолдарына өздерінің тұтқындық нөмерлері жазылған темір белгі тағылған. Содан соң асығыс түрде көмген. Қайсыбірін аш иттер мен қасқырлар, қарсақтар аршып кеткен.

22-оқушы: Поселкі тұрғындарының айтуына қарағанда мұнда жылу жүйесін орнату үшін қазылған шұңқырларда адам мәйіттері көп кездесе беріпті. Экскаватордың тісіне адам сүйектері жиі іліне берген.

1953 жылы Степной лагерінде тұтқындардың көтерілісі болған. Көтеріліс аяусыз жазаланып, қырғынға мыңдаған адамдар ұшырапты. Көтеріліске қарсы ток пайдаланылған. Қарағанды лагерінің тұтқыны Нобель сыйлығының лауреаты Солженицын өзінің «Архипелаг ГУЛАГ» деген кітабымен дүниежүзіне танылды.

23-оқушы: Бұдан жетпіс жыл бұрын Алматыдағы НКВД түрмесінде атылған 19 ер азаматтың қабірі Боралдай сайында – «Қандысайда» жатыр. Зорлап мойындатудың үлгілері әр түрлі болатын. Түні бойы ұйқысыз ұстау, тас камераларға айлап жатқызу, тырнақтың астына ине жүгірту, аяғынан салбыратып асып қою, шашын, сақалын жұлу, қолын бұрау, қылқындыру, тамақ бермей аштан қалдыру, алдап-арбау, дүрбелеу, тағы басқа да жазалау шаралары абзал ағаларымыздың сағын ондырмай сындырғаны кімге де болса түсінікті шығар.

19 азаматтың бірі – Ұзақбай Құлымбетов, Әйтіле Мусин, Әбілхайыр Досов, Темірбек Жүргенов, Садықбек Сапарбеков, Жанайдар Садуақасов, Хасен Нұрмұхамедов, Ізмұхан Құрамысов, Ілияс Молдажанов, Сүлеймен Есқараев, Нығымет Сырғабеков және тағы басқалар еді. Сонда Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Сұлтанбек, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек тағы басқалардың мүрделері қайда?

Қараусыз қалған балалар тағдыры (суретпен сөйлеу)

24-оқушы: Аштықтан өлген жүздеген мың адамдар туралы ешкім есіне алмады. Аман қалған жетімдер жөнінде бір кісі ғана тілге тиек етіпті.

Ол – Нұрмұхамедов еді: «1922 жылы елімізде 7 миллион бала панасыз қалды. Қаскелеңдегі балалардың үлкен қалашығында әжетхана, қол жуғыш болмады, балалар жуынбай, көбісі қотырға ұшырап өліп жатты».

25-оқушы: Қазақстандағы балалар үйіндегілер тым тығыз жайғасқан және балалар өлімі де өте көп болыпты. Қазақ әйелдері балаларын әкеліп, үйлер мен мекемелердің алдына қалдырып кеткен. Қазақ органдары қараусыз қалған 50 мың қазақ балаларының орналастырылмағандығы туралы 1932 жылдың аяғында-ақ ресми хабарлаған-ды. Семей ауданындағы балалар үйінің жертөлесінен уақытында алып кетуге көліктері болмағандықтан, иістеніп, іріп кеткен 20 қазақ баласының өлігі табылған. Торғайдың қазақ балаларының жағдайы туралы мәліметтен: «Балалар аса ауыр халде қалып отыр. Ата-анасынан ажырап қалған 4 жасқа дейінгі балалар бірі қалмай түгел қазаға ұшыраған, қалғандарының ата-аналары жоқ. Балалар үйіндегі сәбилердің тегіс іші өтіп ауырады. Балаларға түгел қырылып кету қаупі төніп тұр...».

Сахналық көрініс. «Азапты жеңген аналар»

2- бөлім. «Балалар тағдыры»

Ф.И.Голощекин жайлы не білдік? (Суретпен сөйлеу).

26-оқушы: Ф.И.Голощекин 1925 жылдың тамызынан 1933 жылдың қаңтарына дейін Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болды. Ешқандай жақсы іске қол жеткізген жоқ.

  • Бірінші, көрнекті қазақ қайраткерлерін «ұлтшыл – уклонистер» деп,

1926 жылдары оларды елден кетірді;

  • Екінші, «Кіші Қазан» атты ой-мүддені ойлап тауып, 1927 жылдары «ауылдарға азамат соғысын» бастады;

  • Үшінші, өзі тікелей араласу арқылы Атқару Комитетіне қазақ дәулеттілерін тәркілетіп, 1928 жылдары «жер аудару туралы» қаулы қабылдаттырды;

  • Төртінші, В.И. Лениннің алашордашыларға жасаған рақымшылығын біле тұра бұзып, Қазақстандағы «Кіші 37-ні» өте ерте 1929 жылы бастап жіберді.

Осындай зұлымдықтың кесірінен 1930-1932 жылдары республикадағы 5,8 миллионы қырылып, елді аштық жайлады.

Сталин жайлы не білдік?

27-оқушы: Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айрылып қалды. Сталин кезіндегі жазалау шаралары Гитлердің жазалауынан асып түсті. Еуропада мыңдаған, миллиондаған тұтқындарды Ұлы Отан соғысы кезінде Гитлерлік жазалаушылар өртеп жіберсе, ал, Сталин жендеттері кеңестік миллиондаған тұтқындарды жер шарының түкпір-түкпіріне жасырып көмді.

Сонау Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, ақсақ Темір замандарын еске алсақ та дәл осындай тарих қайталанбаған шығар.

VІ. Сөзжұмбақ: №1 Сөзжұмбақ



п

р

о

л

е

т

а

р

и

а

т









л

ә

з

з

а

т









б

а

у

ы

р

ж

а

н









ж

е

т

і

с

у









г

о

л

о

щ

е

к

и

н



ж

е

л

т

о

қ

с

а

н








ә

м

і

р

ш

і

л










р

а

м

а

з

а

н










р

ы

с

қ

ұ

л

б

е

к

о

в







б

а

р

б

а

р

о

с

с

а


қ

ы

р

ғ

ы

з

д

а

р











қ

а

р

а

ғ

а

н

д

ы



с

ә

д

у

а

қ

а

с

о

в





б

а

й

т

у

р

с

ы

н

о

в










с

т

а

л

и

н





и

м

п

е

р

и

а

л

и

з

М









л

е

н

и

н







  1. Өнідіріс құрал-жабдықтар жұрдай, жұмыс күшін сатуға мәжбүр болған жалдамалы жұмысшылар. (Пролетариат)

  2. Желтоқсанда қиылған қызғалдақ (Ләззат)

  3. Халық Қаhарманы, белгілі жазушы. (Бауыржан)

  4. 1921 жылы Жер-су реформасы болған жер. (Жетісу)

  5. «Кіші Қазан» төңкерісін ұйымдастырушы. (Голощекин)

  6. 1986 жылдың қай айында жастардың бой көтеруі болды? (Желтоқсан)

  7. КСРО тұсында экономика саласында қандай жүйе іске асырылды? (Әміршіл)

  8. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан А. Имановтың баласының аты. (Рамазан)

  9. Желтоқсан құрбаны болған боздақ (Рысқұлбеков)

  10. Гитлердің бас жоспары қалай аталады? (Барбаросса)

  11. Қазақтарды бұрын кімдер деп атаған? (Қырғыздар)

  12. 1989 жылғы кеншілер ереуілі қай қалада болды? (Қарағанды)

  13. «Кіші Қазан» бағытына қарсы жетекшілердің бірі. (С. Сәдуақасов)

  14. «Алты Арыстың бірі» (А. Байтұрсынов)

  15. Жеке басқа табыну үстемдігін құрған адам. (Сталин)

  16. Капитализмнің соңғы сатысы қалай аталады? (Империализм)

  17. Большевиктер партиясының жетекшісі. (В.И. Ленин)

2 Сөзжұмбақ.

  1. Тілі, діні, бір айиақта тұратын ұлт, ұлыс немесе тайпаның аталуы. (Этнос)

  2. Жылқы малының ер-тұрмандары. (Ер-тоқым)

  3. Егін орағынан кейінгі диқандар тойы. (Сабантой)

  4. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)

  5. «Қыз Жібек» дастанындағы батырдың есімі. (Төлеген)

  6. Жылқының пірі. (Қамбар ата)

  7. Келін түсірудің бастамасы. (Құда түсу)

  8. «Құран Кәрімнің» беташар сүресі, 7 – аяты. (Фатиха)

  9. Қазақша сиыр аты. (Сиыр)

  10. Киіз үйге лайықталып жасалған үй жиһазы. (Жүкаяқ)

3 Сөзжұмбақ.

  1. Көшпелі халықтарда қалыптасқан қылмыс түрі. (Барымта)

  2. Адалдықтың, шындықтың дұрыс дәл баламасы. (Әділет)

  3. Тәуелсіз мал-мүлік, жер иесі. (Жекеменшік)

  4. Отар елдің басты арманы. (Тәуелсіздік)

  5. Қылмыстық істі ашатын адам. (Тергеуші)

  6. Қылмыскердің жазасын анықтайтын орган. (Прокуратура)

  7. Орта жүздің атақты биі. (Қазыбек би)

  8. Тәуке ханның заңдар жинағы. (Жеті Жарғы)

VІІ. Сабақты қорытындылау:

1997 жыл – Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп, ал 1998 жыл – Халықтар бірлігі және Ұлттық Тарих жылы деп жарияланғаны белгілі.31 мамыр- саяси Репрессия құрбандарын еске алу күні.

Биылғы жыл Қазақстан үшін ерекше оқиғаларға толы болды. Еліміздің ЕҚЫҰ-на Төрағалық етуі және Саммиттің Астанада өтуі- Қазақстанның әлемдік аренадағы ролінің және беделінің жоғары екендігін танытты. Бұл- әрине, қазақстандықтар үшін зор мәртебе.

Қазақстанымыздың болашағы сендер болғандықтан, келешектегі еліміздің экономикасы мен қаржы саласын көтеретін сендер болатындықтан өткенді ұмытпай, алдағы күнге үлкен үмітпен қарап, оқу мен еңбекте алда болады деп сенемін.

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңа, ізденгендеріңе, тарихтарыңды құрметтегендеріңе рахмет.









Оқытушы: К.Б.Қуанышева


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тоталитарлы? ж?йе ?аза?стан

Автор: Куанышева Кульпаш Бадешовна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321082


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства