Тақырыбы: «Қазақтың ұлы кемеңгерлері» Мақсаты: Оқушының жан - жақты ой өрісінің кең болуына, теориялық білімдерінің
тереңдете түсуіне жетелеу, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле
отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, видео - роликтер, қанатты сөздер, шарлар, жалаушалар т. б. Түрі: интеллектуалдық сайыс Жүрісі: І - ұйымдастыру кезеңі ІІ – таныстыру кезеңі (Сайысқа 3- топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі) ІІІ – Сайыс. Сайыс 5 – айналымнан тұрады. IV – Қорытынды бөлім V – Марапаттау Әнұран орындалады Мұғалім: Кең байтақ Қазақстан туған жерім, Кең пейіл мерейлі мол дархан елім. Көп ұлтты жинап алып құшағына, Бір бесіктің әніне салған елім – дегендей бұл ойын ұлан байтақ еліміз Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрес жүргізген, ел егемендігі үшін ат салысқан тұлғалар тағылымы туралы болмақ. Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерекесіне арналмақ.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары, «Қазақтын ұлы кемеңгерлері» атты интеллектуальдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ұйымдастыру:
Оқушылар №5,№46,22 мектептен келіп отыр, сондықтан бір –бірімізбен танысайық, ол үшін ортаға шеңбер жасап, жиналамыз.
«Танысу» жаттығуы Жаттығу барысы: Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әркайсысы өздерін таныстырып шығады.
Топқа сандар арқылы бөлу (1,2,3) 3 топ құрылды. Топ басшыларын сайлайды.
Ойын шарты: Ойынға 3топ қатысып, олар сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі. Ойын 5-айналымнан тұрады. Әр айналым жасырған әнмен аяқталады. Әнді жазбай таныған топқа қосымша 2 ұпай беріледі. Әр айналымның шартына ойын барысында нақтырақ тоқталатын боламын. Ойын соңында барлық ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ сол жерде анықталып, марапатталады, ал ұпайы аз топқа осы сайысқа қатысқаны үшін алғыс хат беріледі.
Сонымен бірге 3 топты баптап бәйгеге қосатын 3 - топ көшбасшы бар. Топтың аты мен ұраны болу керек .
Әр топ көшбасшысы құрамымен, аты, ұранымен таныстырады:
І
ІІ
ІІІ
Мұғалім: Үш топқа сәттілік тілейміз. Олай болса біз 1 - айналымды бастаймыз. Алғашқы асуда ойыншыларымызды ұлы тұлғалар туралы сұрақ күтіп тұр. Әр сауалды шапшаңдықпен тапқан топ жауап беруге болады. Сұрақтар бәрімізге таныс тұлғалар туралы болмақ, дұрыс жауап әдеттегідей - 1 ұпай, яғни ол кім? ол туралы не білесің? ереже түсінікті болса, ойыншылар дайын болса экранға назар аударайық.
І кезең Тұлғаны таны.
1.Мұстафа Шокай. Бұл кім? Ол туралы не білесіңдер?
2.Мұхтар ШахановСұрақ: Бұл кім? Оның патриоттық тақырыпта жазған өлеңін оқып бере аласың ба? 3.Аманкелді Иманов Сұрақ: Бұл кім? Не білеміз?
4.Лаззат Асанова Бұл кім? Сен өзіңе қандай қасиеттерін үлгі тұтасың?
5.Т.Әубәкіров Сұрақ: Бұл кім? Оның ізбасары болды ма, болса ол кім?
6.Ш.Уәлиханов Сұрақ: Бұл тұлға туралы не білесің?
Мұғалім: Сіздерде қазір қосымша 2 ұпайды алуға мүмкіндік бар. Ол үшін жасырғалы отырған әнді, күйді мұқият тыңдаңыздар. Олар Тәуелсіз Отанымыз, еліміз, жеріміз туралы болмақ. Жазбай таныған топқа қосымша 2 ұпай беріледі.
Ән: Көк тудың желбірегені жасырылады
ІІ айналым бейнефильмдер үн қатқанда:
Ойын шарты: Кинодан, бейнероликтен үзінді келтіріледі, қай кино кім туралы, толықтырып жауап беруге болады
Әр дұрыс жауап 1 ұпай
Кинодан үзінді жүреді. 1. Балалық шағымның аспаны. Сұрақ: Бұл қай кинодан үзінді? Оқиғаның басты кейіпкері кім? Кино қай жылы түсірілді?
2. Желтоқсан оқиғасы туралы видео - ролик. Сұрақ: Бұл қандай оқиға, қашан болды? Басты кейіпкерлері кімдер? Олардың осындай қайғылы оқиғаға баруына не себеп болды? 3. «Алашұлы» тобының орындауындағы «Елім менің» әнінен видео - ролик. Сұрақ: Бұл бейнеклиптегі әннің авторлары кім және қандай топ орындады?
Мұғалім: Сіздерде қазір қосымша 2 ұпайды алуға мүмкіндік бар. Ол үшін жасырғалы отырған әнді мұқият тыңдаңыздар. Әндер Тәуелсіз Отанымыз, еліміз, жеріміз туралы болмақ. Әнді жазбай таныған топқа қосымша 2 ұпай беріледі. « Атамекен » әні жасырылады.
ІІІ айналым Ескерткіштер сыр шертеді
1. Қожа Ахмет Йассауи
2. Кенесары мүсіні
3.Исатай-Махамбет
4.Абай
5.Жер ана монументі
6. Тәуелсіздік монументі
1. Қожа ахмет Йассауи кесенесі Туркістанда, XIV ғасырдың соңында тұрғызылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
2.Астана қаласында Есілдің жағасында салынған Авторы мүсінші Нурлан Далбай, сәулетші Шота Уәлиханов 2001жылы 10 мамырда ашылды.
3. Исатай мен Махамбет ескерткіші Атырауда, 1995жылы 30 қыркүйекте ашылды, Авторы Копбол Демесинов, Ноэль Шаяхметов
4.Абай ескерткіші 2002жылы 27 қыркүйекте Орал қаласында ашылды. Мүсінші Нурлан Далбай
5.Жер-ана монументі Астананың 2008 жылы ашылған аса қызықты ескерткіштерінің қатарына жатады.Монументте алып бұқаның үстінде тұрған сақ ханшайымы Томирис бейнеленген. Алып бұқа өз кезегінде аса ірі тұғырда орналасқан. Екі барыс пен қылыштың қорғауындағы Томирис қолын кеңге жайған кейіпте
6.Тәуелсіздік монументі 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі), мүсіншілеріН.Далбай, Ә.Жұмабаев сәулетшілері Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев, т.б. бас конструкторы С.П. Каламкаров Мұғалім: 3 айналымда сіздерге қосымша 2 ұпайды иеленуге мүмкіндік бар, ол үшін ән жасырылады мұқият тыңдайық. «Қазақтай ел қайда» әні жасырылады. Олай болса осы әнді бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады) IVайналым Қызықты деректер
ІІІ.1.А)1906-1968 жылдары өмір сүрген. Композитор, қазақтың кәсіби музыка мәдениетінің негізін салушылардың бірі
Ә).Ақ көгершін, Қарлығаш әндерінің авторы (А.Жубанов)
2.А) атақты әнші, актер әрі музыкант. 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Атақ даңқы Семей өңіріне жайылады.
Ә)Париж қаласында өткен Бүкіл дүниежүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша», «қос балапан» әндерін орындап, 2 бәйгемен қоса күміс медаль алған (Ә.Қашаубаев)
3. А)композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде оның әнін ұрандай шырқап шықты.
Ә) Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан… Мұғалім: 4 айналымда сіздерге қосымша 2 ұпайды иеленуге мүмкіндік бар, ол үшін ән жасырылады мұқият тыңдайық. «Өз елім» әні жасырылады. Олай болса осы әнді бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады) Жүргізуші: Ал біз ары қарай жалғастырамыз, 5айналым «Дәл жауап бер» деп аталады. Бұл айналымда қазір сіздерге экран арқылы фразеологиялық тіркестер беріледі. Сол тіркестердің баламасы мен мағынасын дұрыс тапсаңыздар 1 ұпайға ие боласыздар. І топ: ІІ топ: Кірпік қаққанша - өте тез. Салы суға кетті – көңілсіздік. Екі көзі төрт болу – сарыла күту. Құр алақан қалу – барынан айрылу.
ІІІ топ:
Ізі суып кетті – көптен хабарсыз кетті Сөзінің уыты бар - тілі өткір сөзі мәнді
Мұғалім: Сіздер әлі 2 қосымша ұпай алуға мүмкіндіктеріңіз бар, ол үшін ән жасырылады, тыңдайық. «Жаса Қазақстан» әні жасырылады. Мұғалім: Ұпай саны есептеліп болғанша «Туған еліме тілегім» Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі. Балалар алдындағы гүл, күн, көгершін, алтын адам суреттерін Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Мұғалім: Кезекте ойын жеңімпазы анықталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және де сіздерге сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. ҚОРЫТЫНДЫ: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақтың ұлы кемеңгерлері» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Азат еліміз, байтақ жеріміз. Жаны жомарт ұл – қыздарымыз