Просмотр содержимого документа
«Т?уке кезе?індегі ханды?ты? жа?дайы »
Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Дамытушылық:Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Тәрбиелік:Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу
Сабақ түрі:аралас сабақ Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, ой-қозғау топтастыру
Оқыту формасы:топтық жұмыс Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, Хандар портреттері
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру (1 мин)
2.Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
3.Пысықтау (5мин)
4.Жаңа тақырып (15 мин)
4. Бекіту(15 мин)
5.Бағалау (2 мин)
6.Үйге тапсырма (2мин)
1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа дайындау,
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
1465-1466 жылдары құрылған хандық?
Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан территориясы?
II деңгей
Шығай хан Баба сұлтанға неге өшіктіі?
Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды?
Тәуекелге Абдоллах хан Баба сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тарты?
III деңгей
Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау?
Алғашқы қазақ-Бұхар соғысы қай жерде,қай ханның тұсында болды?
Қасым ханның сыртқы саясатын әңгімеле?
Картамен жұмыс
Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан жері? /Батыс Жетісу жері-Шу- Талас өзендері аумағы
Қазақ хандарының қай қалалар үшінМұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды ? / Сыр бойындағы қалалар/
Есім хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Түркістан/
Тұрсын хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Ташкент/
1470жылы Керей хан бастаған қол қай қалаға шабуыл жасады/ Түркістан
Болжау технологиясы бойынша:
Т-1582-1598 жылдары Қазақ хандығының ханы болған?
Ә-Ресей бодандығын алғаш қабылдауған Кіші жүздің ханы? (1693-1748 жылдары)
У-1711 жылы Абылай кімнің шаңырағында дүниеге келеді?
К-Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1млн-ға жетті?(1511-1518 жылдары)
Е-Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп жариялап , 1598-1628 жылдары хан болды?
Х-1538-1580 жылдары ел билеген қай?
А- Төле би “Сабалақ” деген лақап ат берген, 1771-1781 жылдары қазақ хандығын билеген хан?
Н-Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі
Жаңа тақырыптың жоспары:
Салқам Жәңгір. Орбұлақ шайқасы
Тәукенің хан билігіне отыруы.
Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
«Жеті Жарғы» заңы
Ұлы билер
1.Орбұлақ шайқасы- халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.Жәңгірдің жаужүректігі мен тапқырлығы ,көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті.Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады.Шайқасты ұйымдастырып,басшылық жасаған шапырашты Қарасай,арғын Ағынтай,найман Көксерек,алшын Жиембет,қаңлы Сарпың т.б көптеген қазақтың ержүрек батырлары болдыЖоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса көктеп кірді, Қазақ ханы Салқам Жәңгір бастаған 600 жауынгер жоңғарлардың 50 мыңдық әскерінеерлікпен тойтарыс берді.Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгірдің санаулы сарбаздары жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды.
2. Жәңгір қайтыс болған соң, хан тағына оның ұлы Тәуке хан отырды. Тәуке хан (1680-1715)-феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды.
Тәуке хан хандық билікті нығайтты
Тың өзгерістер енгізді
Тәуке хан
«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды
Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды
Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды
Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды
3 А- Ішкі саясаты
1.Ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіді.
2.Хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
3.Халықты біріктіру үшін шаралар жасады.
3Б-. Сыртқы саясаты
1.Көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.
2.Жоңғарларда қарсы күреске қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты.
3.1710 жылы Қарақұм маңы.
4. “Жеті жарғы” деп аталатын заңдар жинағын жасады
.Жарғы-қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Қазақша” Жарғы” деген сөз-әділдік деген ұғымды білдіреді,
Жеті жарғының бөлімдері
Мәні мен мазмұны
5,Тәуке хан тағына отыра салысымен ел басқаруда билерге арқа сүйеді.Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.Билер бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды .”Жеті жарғы” жасасуға ат салысқан билер:
* Ұлы жүзден-Төле би;
*Орта жүзден- Қаз дауысты Қазбек би;
*Кіші жүзден-Алшын Әйтеке би:
Жаңа сабақты бекіту
Топтық жұмыс 2-топқа
“Домино” ойыны (оқушылар кезектеп сұрақты тартып ашады да,жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тауып , сұрақты жабады,осылай сұрақтар біткенше жалғаса береді)