kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздікті? ?лы т?л?алары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Т?уелсіздікті? ?лы т?л?алары»

Ма?саты:

1.Елімізді? Т?уелсіздігіне 23 жыл толу ?арса?ында т?уелсіздік тарихына шолу жасау, ту?ан топыра?ыны?  сонау тере?де жат?ан тарихын таныту, егемендікті? м?нін т?сіндіру.

2. О?ушыларды ата-бабаларымызды? т?уелсіздік  жолында?ы  ерлігі ?лгісіндегі   елін с?юге, еліне, хал?ына ?ызмет етуге, Отаны ?шін от?а т?сетін азамат болу?а т?рбиелеу.

3.?лтты? сана, ?лтты? болмысымызды  ?алыптастыру,?лтты? намыс,?лтты? рухты? ?асиеттерін ?алыптастыру.

К?рнекілігі: Интербелсенді та?та, слайд, бейне фильмдер.

Саба?ты? т?рі: Тарихи-?деби кеш.

Сахна мектеп о?ушыларынан ??рал?ан домбырашылары «Алатау» к?йімен ашады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздікті? ?лы т?л?алары »

Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ұлы тұлғалары»

Мақсаты:

1.Еліміздің Тәуелсіздігіне 23 жыл толу қарсаңында тәуелсіздік тарихына шолу жасау, туған топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту, егемендіктің мәнін түсіндіру.

2. Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісіндегі елін сүюге, еліне, халқына қызмет етуге, Отаны үшін отқа түсетін азамат болуға тәрбиелеу.

3.Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру,ұлттық намыс,ұлттық рухтың қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, бейне фильмдер.

Сабақтың түрі: Тарихи-әдеби кеш.

Сахна мектеп оқушыларынан құралған домбырашылары «Алатау» күйімен ашады.

2 –жүргізуші:

-Талай-талай заманды кешкен елмін,

Жұрт артып,шөл қысып көшкен елмін.

Өшіп кетіп бір жылда жер бетінен,

Өзге орында балалап өскен елмін.

3 –жүргізуші:

-Таңба- таңба тәнімнің тыртықтары,

Қартпарыңда қаншама сыр тықпады?

Шежіренің беттерін ашар о да,

Оқи алсаң кітаптай , сүртіп қанын.

Төле бидің монологы:

- «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік, ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді ».

1-жүргізуші:

Қазақтың құрсағы қашан да қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді.Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылайхан еді.



Абылай:

Азаттық жолы – азапты

Төземісің әлеует!

Төзсең егер, әлеует

Зорлықты жеңер ар-намыс

Шығарар тардан тәуекел

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы

Болмасын деп қара жер

Жойқын жаудың жолында,

Жойылмасын деп қайран ел

Азаттықтың қаны үшін

Болашақтың бағы үшін

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің әлеует!

2–жүргізуші:

-Қазақ халқының XYIII ғасырдағы тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешті тынымысыз заман еді.

Дос та іздедім жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын

Еділ, Жайық,Ертісті жағаладым

Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.

3 –жүргізуші:

- Бірақ Ресей мемлекеті өз мқсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты. Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге, орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Сырым,Исатай мен Махамбет, Есет, Жанқожа, Саржан, Кенесары бастаған көтерілістер найзағайдай бұрық етті.

Махамбет:

-Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай дауын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кесем деп едім.

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қалдырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда.

Еріксіз кірсем деп едім.

Керегесін қиратып,

Отын етсем деп едім.

Туырлығын кескілеп,

Тоқым етсем деп едім.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы

Халықтың кегін қусайшы.

Артымыздан біздердің,

Ақырып теңдік сұрарға.

4 –жүргізуші:

-Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Күн күркіреп, жал ойнап, жетті түзге,

Жиырмасыншы жас ғасыр, жетті бізге

Қой торымен бірақ мен жүрмін әлі

Жатқа неге есеміз жем болғаны?

1 –жүргізуші:

Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбіңрекке қарсы шауып, қанға бөккенні мін шықпайтын еді.Ендігі жол қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер ,білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы –Абай.

Абай монологы:

-Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың.

Бірі қан, бірі май боп енді ұртың.

Көрсе қызар келеді байлау жоқ,

Бір күні тыртың етеді, бір күн бұтың.

Бас-басынан би болған өңкей қиқым,

Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын?....

2 –жүргізуші:

XX ғасыр Ұлттың Ұлт ретінде өзін тануы, ұлттық болашағы не болды деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.

Ахмет Байтұрсынов:

-Талабы жоқ халықпыз,қатерлі жерде қаперсіз отырады....

Өткен өтті..... Енді не істемек керек? Ақысын жібермейтін дәрежеге жеткенше қазаққа қай жағынан болса да теңдік жоқ. Бұл заманда қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін... өнер-білім. Сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяғы астында жаншылмас едік. Басқалардан кем болмас үшін, біз білімді һәм күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет.

Міржақып Дулатов:

-Адасып қараңғыда сорлы қазақ,

Ай тумай, күні һәм шықпай, бұртаң атпай.

Көзді аш,оян, қазақ көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жармасты.

Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Қараңғы қазақ төріне

Өрмелеп шығып, күн болам,

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін

Еңбек, бейнет тарауы

Рахатқа сарқылар

Қыздырып күннің қырауы

Надандықтың теңізі тартылар.

3 –жүргізуші:

Қазан төңкерісінен кейін ұлт зиялылары не істеу керек, қалай ел боламыз деп ойын сан саққа жүгіртіп, алдымен мемлекетімізді құрып алайық, қалғанының бәрі содан соң болады?- деп, Қазақ Автономиясын жариялады. Бұл ұлы қадамның көшбасшылары Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай еді.

Әлихан Бөкейханов :

-Азаттық таңы оятты. Тілекке құдай жеткізді.... Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Біздің іздегеніміз Алаштың аты бәйгеден келгені.

Бұл болып тұрған заман алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың баласы бақыт жолына түсті. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шара бар. Осыны аңғар, жұртым, қазақ!

Мұстафа Шоқай:

-Біз, Түркістан тәуелсіздігін жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін күресеміз. Түркістандықтарға бұдан бақа жол болмаған. Қазір де жоқ және бұдан соң да болмайды...

Тәуелсіз Түркістанның рухымен Жас Түркістандықтар, сендер осы қасиетті міндеттің ауырлығын және жауапкершілігін ешқашан есіңнен шығарма! Атамекенің, мен, халқыңның қажеті сенен бәрінен бұрын осыны талап етеді.

4 –жүргізуші:

-Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан Қызыл Армия көсемдері Алаш туының астына біріккендердің барлығын құртты.Қазақтың өз еркіндігі, өз билігінен кеткен соң, қара халықты қорлаймыз деп Қызыл Армия қиналған жоқ.

1 –жүргізуші:

-1932-1933 жылдардың ашаршылығы.

2 –жүргізуші:

-1936-1938 жылдардың репрессиясы.

3 –жүргізуші:

-1941-1945 жылғы соғыста ең көп қырылған қазақ еді.

4 –жүргізуші:

-Ең сұмдығы 1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды.

1 –жүргізуші:

-1954-1956 жылдары Қазақ жеріне өзге ұлттарды қоныстандырды.

2 –жүргізуші:

-1980-1990 жылдары тілі мен салт- дәстүрінен айналып, рухани азу күшейді.

3 –жүргізуші:

-1986 жылғы Қазақтың рухын таза құртпақшы болды. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік партиясының Орталық комитетінің 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Д.А.Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз Г.Колбинді отырғызуы.

4 –жүргізуші:

-Жанартаудай бұғып жатқан ұлттық ыза кек сыртқа бұрқ етті. Қазақ халқының, жастарының көтерілісі басталды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сол кезде «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланып, қазақ жастарына «Нашақорлар», «Маскүнемдер» деген айып тағылды. Осы әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың патриот ақындарының бірі Мұхтар Шаханов болды.

Мұхтар Шаханов:

-Қазақ халқы өзінің ұлттық намысын, бостандығын қорғау жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді. Оның біріншісі XIII ғасырдағы Шыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Рас, бұл Шыңғысхан әскерлері жеңді. Отырарды қорғаған жанкешті батырлар түгел опат болғанымен ұлтымыздың қайсар рухын күллі әлемге әйгілі етті. Екіншісі XVIII ғасырдың орта шеніндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресіміз. Үшіншісі бүгінгі дәуірдегі биік белесіміз өршіл, қайсар мінезіміз өзіне жалпақ әлемнің назарын бұрған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасы халқымыздың асқақ рухы бұл жолы қауымның бұлқынысы, тәуелсіздікті аңсаған талабы арқылы көрініс тапты.

Өсер ұлдың қай сәтте де берік болмақ қалауы,

Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған жалауы.

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1 –жүргізуші:

-1986 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

4–жүргізуші:

- Бостандық!- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты өршіл міндеттердің уақыты тауып отыр.Қазақстан аз уақттың ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз бәсекеге төтеп беру.Әлемдік бәсекеге төтеп берудіңы шарты – күшті рух пен білім.Өз Отанының патриоты болу- бұл Қазақстанды өз жүрегіне ұялату. Ол өз Отанына,жеріне деген сүйіспеншілік,оның тарихы мен мәдениетіне зор құрмет. Әркімнің өз күш- жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз елімнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғарғы сезімі. Мен сендерді осыған шақырамын.

1 –жүргізуші:

-Тамыры жаһандағы бар қазақтың

Соғады Отаным деп, бір жүректен

Бостандық,Тәуелсіздік деген ұғым.

Не деген қасиетті ең,құдіретті ең?

2 –жүргізуші:

-Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс. Аяқталды тозақты күн!

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!.....

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!....

3 –жүргізуші:

-Уа,дариға!

Еркіндік пен Егемен!

Қадіріңді түсінбеймін неге мен?!

Байтақ елдің ырысына айналып,

Бақыт нұры себелеп тұр төбеден.

4 –жүргізуші:

-Жаңа ғана қазағымның тағы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс,сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ , әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

2 –жүргізуші:

-1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 23 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп, өзіндік даму жолын таңдады.Тәуелсіздік алғанан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазастан бүкіл әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды.

3 –жүргізуші:

-ТәуелсізЕлдің әлеуметтік саяси – экономикалық дамуындағы табыстары, Астананы бүкіл әлемге паш етіп танытқаны, алдағы уақытта «ЭКСПО -2017» көрмесінің өтуі, ел басқаруда бірден- бір дұрыс стартегиялық бағыттарды таңдауы , бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың асқан көрегендігінің арқасында қол жеткізіп отырмыз.


4 –жүргізуші:

-Еліміз үшін жаңа жетістіктер жай тілмен тарих деп аталады.

Намысың найзағайдай жарқылдап бір,

Уа халқым, дүниеге даңқыңды асыр.

Дәуірдің бастап алған жиырма бірі,

Еліме болсын деймін Алтын ғасыр!

1-оқушы:

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

2-оқушы:

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет .

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу .

Біз – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

1-оқушы:

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық ! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!


Ән «Аманат» Орындайтын: Елемес Ерболат






















Астана қаласы

63 орта мектеп

Тарихи –әдеби кеш

Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің ұлы тұлғалары»





Ыбырай Гүлжаухар Құлахметқызы









2014-2015 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Т?уелсіздікті? ?лы т?л?алары

Автор: Ыбырай Г?лжаухар ??лахмет?ызы

Дата: 24.11.2014

Номер свидетельства: 134886


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства