kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздік –те?десі жо? байлы?ым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?аза?стан Республикасыны? жеткен жетістіктері  туралы о?ушыларды? білгендерін  орта?а салу.О?ушылар ту?ан жерін,

елін, Отанын с?юге, ?ор?ау?а, са?тау?а ??рметтеуге т?рбиелеу.

О?ушылар?а ?аза?стан, оны? т?уелсіздігі егемендігі даму

туралы ??ындыру, ?з елін с?юге, ?адірлеуге, осы елді? ?ланы

екенін  ма?тан етуге баулу, ?з еліні? патриоты болу?а, ?з ана

тілін с?юге баулу.

К?рнекілігі: ?аза?стан байлы?ы туралы слайд, Президент, Астана, ?аза? жеріні? к?рінісі ?аза?стан картасы, р?міздері. Н.?.Назарбаевты? суреті, Астана ?аласы.

?йымдастыру кезе?і: Б.Момыш?лы «?з ?лтын  сыйламау, оны ма?таныш етпеу –сат?ынды?ты? белгісі.Ел деген де еміреніп, ж?рт дегенде ж?тынып ?ызмет етсін.Отан ?шін от?а т?с - к?ймейсі?. Опасызда Отан жо?.Елсіз ер болмайды, ж?ртсыз жігіт болмайды», -дейді.

?аза?стан Республикасы - Еуразы ??рлы?ыны? орталы? б?лігінде орналас?ан мемлекет. ?аза? жері Азия аума?ыны? 6,1 % алып жатыр. Жер к?лемі -2724,4 мы? шаршы километр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік –те?десі жо? байлы?ым» »

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым»

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу.Оқушылар туған жерін,

елін, Отанын сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушыларға Қазақстан, оның тәуелсіздігі егемендігі даму

туралы ұғындыру, өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы

екенін мақтан етуге баулу, өз елінің патриоты болуға, өз ана

тілін сүюге баулу.

Көрнекілігі: Қазақстан байлығы туралы слайд, Президент, Астана, қазақ жерінің көрінісі Қазақстан картасы, рәміздері. Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Астана қаласы.

Ұйымдастыру кезеңі: Б.Момышұлы «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу –сатқындықтың белгісі.Ел деген де еміреніп, жұрт дегенде жұтынып қызмет етсін.Отан үшін отқа түс - күймейсің. Опасызда Отан жоқ.Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды», -дейді.

Қазақстан Республикасы - Еуразы құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Қазақ жері Азия аумағының 6,1 % алып жатыр. Жер көлемі -2724,4 мың шаршы километр.

1 Слайд.

Жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін 9-орында тұр. Халқының саны 17 миллионға жуық. Тұрғындарының 56 % қалада, 44 % ауылдық жерлерде тұрады. Әлем халықтарын құрайтын 3000-дай этнос ішінен қазақтар 70-і орын, ал түрлі тілдес халықтардың ішінде саны жағынан 4-і орын алады.

Бүгінгі шет елдерде 3,5 млн. қазақ тұрады. Тәуелсіздік жылдары шет елдерден 1,0 миллион астам қазақтар байырғы жұртына оралып, халық саны 1,8 миллионға артты.1992 жылы 28 қыркүйегінде Астана Әлем қазақтарының І құрылтайы ұйымдастырылды.

Егемендігі туралы декларация.

1992 жылы құрылған КСРО құрамындағы одақтас республикалар, соның ішінде Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмайтын, ол үнемі Мәскеуден берілген нұсқауларға бағынуға тиісті болды. Ақыры 1990 жылы Кеңестер одағы ыдырап, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі сол жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты қазақ КСР-ның Президенті етіп сайланды.

Хан біреу, басқамыз оған тіреу болайық деген ата дәстүрін ұстанған зиялылары.

Президенттің маңына топтастырып, майталман заңгерлеріміз Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев әлем елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, бар мәселені құқықтың жолмен реттеуге кеңес береді.Сөйтіп, 1990 жылы 25 қазанында қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданады.

2 слайд.Декларация.

Республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, мемлекет басшысын сайлау заңдылық осы мақсатпен 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтың Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1990 жылы 10 қаңтарда бүкілхалықтың сайлау қорытындысы бойынша Н.Ә.Назарбаев 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Ал 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы 7 жылға Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Парламенті 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтың референдумда қабылданған еліміздің Конституциясына сәйкес заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган болып табылады. Оның құрылымы қос палатасы: жоғарғы палата Сенат болса, төменгісі –Мәжіліс.Сенатқа әр облыстан, республикалық мәні бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан депутаттыққа сайланды. Мәжіліс 700 депутаттан тұрады.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Өтпелі кезең жағдайынан кейін қоғамдық өмір жаңа Конституцияның қабылдауына алып келді. Сөйтіп ол 1995 жылдың 30 тамызында республикалық бүкілхалықтық референдумда қабылданып, бүгінгі таңда қолданыста жүр.

Біздің Конституциямызда 9 бөлім, 98 бап бар. Конституциямызда адамның өмір сүру құқығы бала дүние есігін ашқаннан бастап пайда болатындығы көрсетілген. Оны бұзуға ешкімнің де құқығы, қақысы жоқ.

Дүние жүзіндегі үлкендігі кіші мемлекеттердің барлығына бірін-бірінен ажыратып тұратын әрі өзіндік бет-бейнесін айқындайтын нышан белгілері болады. Оларды рәміздер дейді.

Рәміздердің қатарына елтаңба, ту, әнұран жатады. Әр елдің рәміздерінің өзіндік тарихы бар.

Елтаңба.Қазақстан Республикасының дербес ел ретіндегі айбынын бейнелейтін мемлекеттік елтаңбасы 1992 жылдың 4 маусымында ресми түрде бекітілді. Оның жобасын белгілі суретшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков жасаған. Мемлекеттік елтаңбамызда көгілдір түсті аспан аясында шаңырақ бейнеленген. Оны айнала күн шұғыласындай тарап, уықтар шашылған. Осы нышандарды халық ертеңгілерінде күміс мүйізді пырақтардың алып қанаттары қоршай көмкеріп тұр.

Шаңырақ -күн шеңбері.

Шаңырақ -ол мемлекеттік түп негізі, отбасының бейнесі.

Шаңырақ -киіз үйдің күмбезі. Қанатты тұлпар -қазақ өлеңінің өр рухы.

Ту. Негізгі рәміздердің бірі-ту. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 24 қаңтарындағы -«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік» рәміздері туралы Конституциялық заң күші бар жарлығымен бекітілген Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Оның ортасында шұғылалы күні, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген Қазақстан Республикасы.Мемлекеттік туының авторы -суретші -Шәкен Ниязбеков.

Әнұран. Тәуелсіз Қазақстанрның бірінші әнұраны 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды.Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Әннің рухы жаңа заманда жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың талап - тілегіне толық сай келеді.

Абай туған, Сәкен туған ,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жолда мол астық құйған,

Қазақстан Республикам менің!

1993 жылдың 15 қарашасында ұлттың теңгеміз бірінші рет айналымға енгізілді.Ұлттығымыз айғақтайтын бұл күнді Қазақстан тарихында ерекше күн деп атауға толық негіз бар.

Астана- ел мақтанышы

Слайд

Қазақстан тарихында бірнеше қала астана қызметін атқарған. Мысалы 1920-1924 жылдары еліміздің атанасы- Орынбор қаласы 1924-1928 жылдары-Қызылорда Ақмешіт қаласы 1928-1998 жылдары Алматы қаласы болды. Ал қазіргі бас қаламыз-Астана бұрынғы Ақмола қаласы.

1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы-Астана қаласының салтанатты тұсаукесері болды.

Астананың өзгеруін Қазақстан жұртшылығы , әлемдік қауымдастық мақұлдап, ризашылық білдірді. Жайнап өсті Астана,

Бәйтерегі көк тіреп.

Болды Астана-бас қала,

Іске асты көп тілек.

Әсем уйлер самсаған,

Көшелері көселген.

Тұрады қала аңсаған,

Сарыарқаныңтөсінен.

Ағады ерке Есілі,

Астанадан нәр алып.

Кеткен қала есімі,

Жер шарына таралып.

Тәуелсіз Қазақстан өзінің экономикалық дамуында бірнеше кезеңді бастан өткерді. Атап айтканда КСРО-дағы қайта құру, одақтас республикалардың егемендік алу және Мәскеудің саяси орталық ретінде күш-қайратынан айырылу тұсындағы экономикалық дағдарыс кезеңдері.

Химия мен мұнай химиясы кәсіпорындарының ішінен хром қосындылары Ақтөбе заводы ААҚ-ын, Павлодар химия заводы ЖШС –ін, Қазфосфат ЖШС-ін, Полипропилен заводы Қарағанды резинотехника ААҚ-ын атауға болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі Жарлығымен құрылған Қазатомпром ЖАҚ -ы –Қазақстан атом өндірісінің көшбасшысы.

Жеңіл өнеркәсіпке тоқыма, тігін былғары аяқ-киім саласы жатады.

Алматы қаласындағы АММК-ОЗАТ АҚ-мен Шымкент қаласындағы «Адал» ЖШС тоқыма мен мата шығарады. Қостанай тоқыма компаниясы ЖШС-і мен Алматы облысындағы Қарғалы АҚ-ң жүн өңдейді. Алматы кілем АҚ кілем шығарады.

Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштың тарих беттерін алғаш рет қазақ ғарышкері, Кеңестер одағының батыры Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қаңтарында ашты. Тоқтар Оңғарбайұлы 1946 жылы 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1 май колхозында өмірге келген. Колхоз ұстасының ұлы жастайынан ұшқыш болуды армандаған.Тоқтар еңбек жолын Теміртау құю –механика заводында токарь болып бастайды.

Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери авиациялық училищесін 1969 жылы бітіргеннен кейін, КСРО әуе қарулы күштерінде қызмет етті.

Ғарышкер Т.Мұсабаев.Т.Әубәкіровтен кейін ғарышқа екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Ол ғарышта 2 рет болып, Мир орбиталық станциясында еліміздің маңызды экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми бағдарламаларды жүзеге асырады.

Бірінші рет 1994 жылы 16 негізгі экспедицияның борт инженері ретінде ғарышта 126 тәулікке созылған ұшуды орындаса, ал екінші рет ғарышқа 1998 жылдың 29 қаңтарында ұшты.

Тәуелсіздік.

Тәуелсіздік –бабалардың ұраны,

Тәуелсіздік –еркіндіктің жыр әні.

Тәуелсіздік –халқымыздың байлығы,

Тәуелсіздік –Қазақстан айбыны.

Тәуелсіздік –аспанымда жарқыра,

Қырандай болып қалықташы әрқашан!





Біз - қазақпыз!

Есігі ашық,төрі кең,

Жылап өттік жылдар өмір өрінен.

Жетер енді, желпінейік,қарайық,

Мына өмірдің игердің көзімен.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Т?уелсіздік –те?десі жо? байлы?ым»

Автор: Тлекенова Гульмарам Жолаушыбаевна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 165712


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства