Сыныбы, пәні: 7 сынып , Қазақстан тарихы | Пән мұғалім : Болатбекқызы Динара |
Керекті жабдықтар | Интерактивті тақта, смайликтер ,қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: | СТО, Мазайка әдісі, Жұмсақ ойыншық әдісі,Дарынды және талантты оқушымен жұмыс,Мазмұнды сызба әдісі. Венн диаграммасы,Миға шабуыл,Күш өрісі әдісі,жаңа әдіс-тәсілдер |
Кіріспе | Оқушылырды Өзге елде сұлтан болғанша , өз елінде ұлтан бол мақалы арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін. (1мин) 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. - Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? 2. Психологиялық дайындық «Шаттық шенбері »(2мин) Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық! 3.Үй тапсырмасын тексеру: - Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді? Жаңа әдіс-тәсілдер «Жұмсақ ойыншық » әдісі Мұғалім оқушылардың қойған сұрақтарының дұрыстығын,жауаптарының толықтығын бақылайды.(5мин) «Күш өрісі » әдісі 1.Хақназар хан өте мықты саясаткер ? 2.Хақназар хан билік құрған жылдары қазақ хандығының мәртебесі біршама төмендеді? 3.Моғолстан ханы Абд ар-Рашид бастаған соғыс әділетті соғыс болды ? 4.Хақназар хан Ноғай ордасының көптеген ұлысын өз мемлекетінін құрамына кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты? 5.Қазақ елі үшін Хақназар ханның ант беріскен шарт келісімі тиімсіз болды ?(5мин) | Оқушылар мақал жасырылған қима қағаздарды алып, құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Мұғаліммен амандасады. Ишара арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді. Оқушылар өткен тақырып бойынша өздері сұрақ дайындап ,ойыншық бағыттау арқылы сұрақтарын қояды. Оқушылар қойылған сұрақтарға КЕЛІСЕМІН ,КЕЛІСПЕЙМІН деген белгіленген жерге орындарын ауыстырып отырады және өз пікірлерін дәлелдейді. |
Негізгі бөлім | Жаңа тақырып : «Миға шабуыл » адасқан әріптер әдісімен , СТО Тәуекел түбі жел қайық ЛЕЖ ЛЕКЕУӘТ ҚЫЙАҚ ІБҮТ (3мин)
« Мозайка » әдісі бойынша тақырыпшалар топтарға бөлініп беріледі. 1-топ :1,2 тақырыпша оқулықтағы. 2-топ :3 тақырыпша оқулықтағы. 3-топ :4,5 тақырыпша оқулықтағы. (10мин)
Сабақты бекіту : Венн диаграммасы: «Мазмұнды сызба » әдісі Хақназар хан мен Тәуекел ханның жүргізген : сыртқы саясаты (1-топ), ішкі саясаты (2-топ), ұқсастықтары (3-топ) (10мин)
Сергіту сәті: «Ол кім ?» тарихи тұлғаны жасыру (2мин) Үйге тапсырма : Тақырыпты оқып,тест сұрақтарын құрап келу Бағалау : Таратпа-үлестірмелер тарату арқылы бағалау ынталандыру,формативті бағалау, (4мин) Кері байланыс : үлестірме таратылады (1мин) | Оқушылар адасқан әріптерде жасырылған мақал бойынша ойланып жаңа тақырыппен байланыстырады. Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы оқиды,топта талқылайды,баяндаушы баяндайды. Үш топ өздеріне берілген тапсырманы мазмұнды сызба арқылы көрсетеді,дәлелдейді. Дарынды және талантты оқушыға тапсырма Оқушылар жауаптарына қарай қима қағаздар беріліп отырады сол арқылы ұпайларымен өз-өздерін бағалайды. Оқушылар үлестірмелерге өз ұсыныстарын,сұрақтарын жазады . |