kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты та?ырыбы: «?аза? ?ыздарына хиджаб киюге бола ма?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты та?ырыбы: «?аза? ?ыздарына хиджаб киюге бола ма?»»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ қыздарына хиджаб киюге бола ма?»
Сабақтың мақсаты:Бүгінде елімізде хиджаб киген қыз-келіншектер көбейе түсуде.Хиджаб, оны жақтаушылар айтып жүргендей, күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланып келе жатқан орамал болса,онда кімнің шаруасы бар?Мәселе оның күнделікті дәстүрлі орамал болмауында.Сондықтанда біз хиджабтың не орамал не тұмшалау екендігінің ара жігін ажыратуымыз керек.

Дамытушылық: оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту
Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа,
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интерактивті тақта,видео, буклеттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу; оқушылар назарын сабаққа аудару.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар.

Біз бүгін мектебімізде болып жатқан «Экстремизмге жол жоқ!» атты апталықтың өтуіне байланысты 8б сынып оқушылары «Қазақ қыздарына хиджаб киюге бола ма ?» атты ашық тәрбие сағатын бастаймыз.

Олай болса, оқушылар біз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алғаннан кейін елімізде 1992 жылы 15 қаңтарда« Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы

1.Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы ҚР Конституциясында негізделеді және осы заңмен ҚР?ның өзгеде нормотивтік құқықтық актілерінен тұрады.

2.Егер ҚР ратификацияланған халықаралық шартта осы.Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса,онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады. деп айтылған.

Енді әр мемлекет өз тәуелсіздігін алған соң сол елдің Ата Заңы қабылданады.

Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Кейін ол заңға кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң 1995 жылы 30 тамызда екінші рет Ата Заң қабылданды.

Мұғалім: Оқушылар «Зайырлы мемлекет» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалім

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады» деп белгіленген, яғни, Қазақстан Республикасы өзін: 

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялык, зайырлы, құқыктық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтырады.

Демократиялык мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соңоларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы баска да ерекшеліктеріне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді.

Зайырлы мемлекет - Қазакстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстаудың мемлекеттен бөлектігін білдіреді және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы да баска нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жүмыс істейді- сонымен бірге, әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесі адамның жеке басының шаруасы болуы тиіс.

Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтыны, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңныңүстемдік етуі; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуі; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік берілуі; тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, т.б.

.Әлеуметтік мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес коғам мен адамға тұтас қызмет ететін мемлекет. Ол мемлекеттік қаржы көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге әрекет етеді.

Қазақстан өз мемлекетінің әлеуметтік сипатын Конституциясында кепілдік берілген білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмысбастылық, еңбекті қорғау, әлеуметтік камсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтік игілік істер арқылы анықтаған. Ал енді дін саясаты тіркесіне келсек, оны мемлекет құқықтық конституциялық ұстанымдар мен заңдық қағидалар негізінде жүзеге асырады. Елдегі діни ахуал «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңымен қорғалады. Бұл зайырлылық ұстанымының басты функциясы. Мемлекет қоғамдық талаптарға сәйкес, осы заңда мұсылмандар мен православтардың тарихи, мәдени, рухани тәжірибесін ескеріп, «ханафи мазхабы мен православие» туралы бап қабылдады.
Сондай-ақ оған зайырлы елдегі діни білім беру, діни бірлестіктерді тіркеу, олардың діндер аралық қатынастарын реттеу, бақылау, қадағалау іс-шаралары кіреді.

. Мемлекет зайырлы ұстанымды басшылыққа алатындықтан бұл топтарға заңмен тыйым салған. Зайырлылық тек мемлекет пен дін қатынасын ғана емес, дін ішіндегі қатынастарды да қадағалайды. Зайырлылық жастардың діни нанымды ерікті таңдауын да реттейді. Жастарды алдап, тұзағына түсіруге тырысатын діни топтармен күресудің орталығы да осы зайырлылық.

Біздің елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады.Міне осы ұлт өкілдері өз діндерін ұстауға шектеу қойылмайды.

Мұғалім Осыдан келіп оқушыларға сұрақ қойылады.

«Дін деген ұғымды қалай түсінесіңдер? »

Оқушылар ортаға шығып берілген плакатқа тірек сызба арқылы Дін деген сөздің мағынасын өз білгенінше ойларын жазады.Соның ішінде оқушылар хиджаб деген сөзді жазған.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген мағына береді.
Ислам діні –таза,күшті,құдіретті дін. Өйткені Ислам діні – адамзат баласын жақсылыққа,ізгілікке ,тазалыққа ,имандылыққа тура жолға салушы дін.
Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқан., Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды.

1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі .


Біз сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келген мұсылман халықпыз
Қазақ елі тарихында Ислам діні 3 рет мемлекеттік дін ретінде бекітілді, бірақ, ешқашан да қыз-келіншектерге хиджаб киюді міндеттемеді. 1-ші рет Қарахан мемлекетінде, 2-ші рет Монғолстанда, 3-ші рет Алтын орда хандары кезінде. Бұған қоса Исламның 70 мың әулие-әмбиелеріне ескерткіш орнатқан Әмір Темірде(ақсақ Темір) хиджаб киюге жол бермеді. Себебі олардың бәрі де хиджабтың араб-парсылық сипатын жақсы білді. 
Ислам дінін қабылдаған қазақ тарихындағы деректемелерде, суреттерде, тарихи әдебиеттерде, өнер туындыларында, эпостық жырларда, архиологиялық қазбаларда хиджаб киген қыз-келіншек бейнесі кездескен емес.
Мұғалім оқушыларға слайдта жазылған Ислам діні туралы талқылайды..Міне сол Хиджаб сөзі бүгінгі сабағымыздың басты тақырыбы болып отыр.Оқушылар сіздер хиджаб деген ұғымды кім қалай түсінетіндерін ортаға салсын деп мұғалім сұрай бастайды.

Оқушылар тұрып әркім өз ойларын айтады. Мұғалім оқушылардың ойларын тыңдап болған соң енді слайдты ашып түсіндіреді.


Хиджаб, никаб, паранжа кию араб-парсы әлемінің тарихы, олардың ұлттық және мәдени үлгісі. 

Хиджаб – әсіресе түрлі тағлым-дәстүрді бойына сіңірген ислам дінін ұстаушылар мен ұлттық дәстүрді ұстанушылар арасында дауға айналған күрмеулі мәселенің бірі. Араб мәдениетінің үлгісі мен ислам дәстүрінің аражігін ажыратып жатпастан, мұсылманшылық осы екен деп хиджабқа оранып, жасына жетпей қартайып сақал қойып, шалбарының балағын орта тірсектен шорт кескендердің қатары күн санап өсіп келе жатқандығы да рас.
Ұлтты қыз сақтайды деп қазақ атамыз бекер айтпаған. 
Хиджаб араб-парсы(Тұмар-Томириспен соғысқан) әйелдерінің ұлттық киімі десек,
Әйелдер қоғамы хиджаб киетін қыз-келіншектерді жөнге салғандары дұрыс.
Сақал қоятын «адасқан жастардың» айтатыны Абай атамыз да сақал қойған дейді. Абай атамыз ғұлама, оқымысты атағын алғасын, ел ағасы болғасын сақал қойған. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай, Шәкарім, Ыбырай т.б. Аталарымыз ел билеген, елге еңбегі сіңген, Қазақ елінің бірлігін нығайтуға үлес қосқан, ислам дінін, құқық, қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрімізді, өнерімізді, мәдениетімізді білген, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, мемлекет қайраткерлері болған. Сол аталарымызбен өздерін салыстыратын ерсі сақалды сауатсыз жастар пайда болды, ата-анасын тыңдамай, ата-баба әруағын елемейтін, қазақ халқының салт-дәстүрін бұзғысы келетін пиғылдар танытуда. Іштен шыққан жау жаман деп атамыз қазақ осыларды айтқан. 
Негізінен хиджабты жақтаушы «қарындастарымыз ашық-шашық, кіндігін жалаңаштап жүру керек пе?» дегендей сұрақ қояды. Әлбетте, салыстырмалы түрде алар болсақ, тәнін жалаңаштап, пирсинг тағып, денесіне татуаж салған қыздарға қарағанда хиджаб кигені дұрыс екендігі даусыз. Алайда, әлімсақтан бері қарай қазақ арулары хиджаб кимегендігін олар түсіне алар емес. Рас, ақжаулықты аналарымыз әуретті жерлерін жауып тұратындай кимешек киген.Дегенмен, жас қыздар ерекше бір жағдайлар болмаса орамал тартпағаны тарихтан белгілі. Орамал тұрмыстағы әйелдердің белгісі болғандығын этнограф ғалымдарымыз дәлелдеп берері анық. Сондықтан хиджаб тарту да, жартылай жалаңаш жүру де қазақ қыздарына жат нәрсе, екеуі де атадан қалған салт-дәстүрімізге қайшы деп нық сеніммен айта аламыз.Ал хиджаб пен паранжа араб ұлтына, оның климаттық жағдайларына сай жасалған киім үлгісі екенін көпшілік біле алмай жүр. Исламда әйел затына өзінің ұятты жерлерін жабық ұстауын талап етеді. Алайда ол міндетті түрде хиджаб кию дегенді білдірмесе керек.. Бұрынғы апаларымыз хиджаб тартпай-ақ мұсылман болып дүниеден өтті емес пе? Ендеше, неге бүгінде мұсылман қызы деген сөз тек хиджаб пен паранжа кигендерге ғана айтылуда? Әлде басына хиджаб тартып жүрмей-ақ намазын оқыған инабатты қыздарымыздың ниеті қабыл емес пе? Ислам дінін қабылдаған қазақ тарихындағы деректемелерде, суреттерде, тарихи әдебиеттерде, өнер туындыларында, эпостық жырларда, архиологиялық қазбаларда хиджаб киген қыз-келіншек бейнесі кездескен емес.

Видео көрсетіледі.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өтіп жатқан "Жас Отанның" сьезінде дін мәселесін де айтты. «Біз - мұсылманбыз. Бірақ исламда түрлі ағымдар бар. Және сендер - "жас отандықтар" осы ағымдарға кірген жастарды жаман нәрселерден тежеуге  тиіссіңдер. Оларды тәрбиелеулерің керек. Біз өзімізді мұсылманбыз дегенде халықты орта ғасырға қарай тартпауымыз керек. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Бірақ біздің қыздарымыз бен әйелдер киіп жүрген араб киімі хиджаб біздің жол емес. Қазақ көшпенді халық болған, біздің ертеден келе жатқан өз жолымыз бар, - деді. 
Назарбаев қазақтардың исламдағы суннит бағытын ұстанатынын, басқа елдердің мұсылмандарына еліктемеу қажет екенін айтты.

Көптен бері қоғамда пікірталас тудырып келе жатқан хиджаб мәселесіне қатысты Елбасымыз өз ойын ашық білдірді. Ол: «Мен пәренжі кигенге қарсымын. Әсіресе хиджаб пен пәренжені студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған. Әрине, біз мұсылман дінінің барлық өкіліне құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз, өз ұлттық салт-дәстүрлеріміз бар», – деді. Бұл ретте хиджабқа қалай тосқауыл қоюға болады? Заңмен бе, әлде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге негізделген үгіт-насихат жолымен бе? Осы орайда «білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе» деген тақырып төңірегінде мамандар пікіріне сұрау салып көрген едік.Н.Ә.Назарбаев қазақтардың исламдағы суннит бағытын ұстанатынын, басқа елдердің мұсылмандарына еліктемеу қажет екенін айтты.

«Мұсылман болу – араб болу емес» дегенді кесіп айтты. Оның айтуынша, арабтың өмір сүру салты мен қазақтың өмір сүру салты екі түрлі жағдаятта қалыптасқан. Біріншісі, Сахарадағы күннен қорғану мақсатында сәлдеге оранып, хиджаб киген. Тіпті, бұл киім үлгісі Исламнан бұрын пайда болуы да мүмкін. Сондықтан арабтың киім кию үлгісін қазаққа таңудың қажеті жоқ.

— Әр халықтың өз киіну салты бар. Құрандағы аят бойынша, Алла біздерді ұлт-ұлыс етіп жаратқан соң, тұрған жерімізді, өмір сүру салтымызға қарай ұлттық киімімізді белгілеп берді, біз оны құрметтеуге тиіспіз. Арабтардың ұлттық киімі басқа ұлт өкілдеріне арналған нысандық киім үлгісі емес.

Қыз, келіншектеріміз ұятты жерлерін ұлттық киіммен жауып, өздеріне жарасымды етіп жүру керек, ал ерлеріміз заман талабына сай, таза әдемі көрініп киіну міндеттері. Мешіт қызметкерлерінің жұмыс орынының киімі жалпы мұсылман болған адамға форма болып есептелмейді. Әрбір жұмыс орнының өз формада киімі болатынын ескерейік, — деді дінтанушы.

Бұл ретте хиджабқа қалай тосқауыл қоюға болады? Заңмен бе, әлде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге негізделген үгіт-насихат жолымен бе? Осы орайда «білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе» деген тақырып төңірегінде мамандар пікіріне сұрау салып көрген едік... 

– Иә, дәл қазіргі кезеңде барлық бі­лім ордасындағы қыз-келіншек­тер­дің хиджаб киюіне заңмен тыйым салынуы ке­рек. Өйткені бұл білім ордаларында ай­тарлықтай мәселе тудырып отыр. Мә­се­лен, студенттерге практикадан өту ке­зінде хиджаб кимеу туралы талап қо­йыл­ғанымен, хиджаб киетін қыздар «шеш­­пейміз» деп қарсылық танытуда. Ал егер студент практикадан өтпесе, оқу ор­нын бітіре алмайды. Айта кетерлік жайт, Ата Заңымызда азаматтардың діни ұстанымына еркіндік бе­рілген. Сон­д­ықтан мұндай мақсатқа «Білім туралы» Заңға өзгеріс енгізу ар­қы­лы ғана жетуге болады. Себебі күн өт­к­ен сайын мек­тептер мен ЖОО-ларда, кол­­ледждерде хид­жаб киетін студенттер мен оқыту­шы­лар саны артып барады. Ал бұл білім беру мекемелерінің ішкі жар­­ғысына қай­­­шы келеді.

Әр жоғары оқу орнының өз ішкі тәртіп, ережесі бар. Ол ғылыми кеңесте бекітіледі. Ал студент өзі оқитын оқу орнының тәрті­бі­не бағынуы тиіс. Егер бүгін білім беру ор­­да­­ларында хиджаб киюге рұқсат бе­рілсе, ер­тең криш­наит, буддистер де өз киім­­де­рімен қап­тап кетуі мүмкін. Дін тек киім­мен өл­шен­бейді, мұ­сылман болғысы келсе ең алдымен отыр­ған жерін, қо­йыл­ған та­лапты құр­меттеуі ке­рек. Негізі, «Бі­лім ту­ра­лы» Заңда білім беру ұйымдарында бі­лім алушыларды тәрбиелеу  мақ­сатында тәр­тіптік ықпал ету және өзге де шаралар қолдану ретінде білім беру ұйым­дары дербес бекіткен ішкі тәртіп ере­желеріне сәйкес бірыңғай киім үлгісі бел­гіленеді (Заңның 43-бабы 3-тар­ма­ғының 1) тар­мақшасы және 47-бабының 18-тармағы), білім беру ұйымдарында ішкі тәртіп ережелерін сақтау білім алушы мен тәр­бие­ленушінің міндеті болып табылады (Заң­ның 47-бабы 14-тармағы) деп анық жа­зылған.

Мұғалім: Қорытындылай келе оқушыларға сұрақ қойылады.

-«Патриот »яғни «отансүйгіштік »дегенді қалай түсінетіндерін.Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім : Сонымен біздің жастарымыз басқа елдің салт-дәстүріне елігіп,осылардың барлығын ғаламтордың сайттарынан көріп,білгенін тез қабылдап еліктегіш.Ал, неге сол араб, парсы, ауған елінің қыз-келіншектері біздің қазақтың ұлттық киімдерімізді тақия, қыздарымыз бөрік, келін болып түскенде сәукеле, кейін орамал, үлкен әжелеріміз кимешек киген .Соларды неге кимейді.Жоқ олар өз елдерінің діндерін берік ұстайды.Слайдтағы Г.Головкинді көріп отырсыңдар. Мен сендерге бір ғана мысал көрсетейін.Ұлты орыс,туып өскен жері Қарағанды , қазіргі кезде Германия елінде тұрып жатса да Отанын, Қазақ елінің даңқын бүкіл әлемге танытып жүрген нағыз патриот деп айтуға болады.Ұлы Отан соғыс жылдарында қанша еліміздің батыр ағаларың мен апаларың соның ішінде Мәншүк пен Әлия апаларыңның ерліктерін білесіңдер. Отанын қасық қаны қалғанша соғысып сол апаларың сияқты қайсар елдің ұрпақтары болыңдар.

Қорытынды. Сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жадыра Қалабайқызына беріледі.

Сынып оқушыларына рахметін айтып бүгінгі ашық сабақта мол ақпарат берілгенін және қазіргі кезде дінді дұрыс ажырата білу керектігін ,абай болу керектігіне баса назар аудартты.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты та?ырыбы: «?аза? ?ыздарына хиджаб киюге бола ма?»

Автор: Князова Балзира Ба?ытжан?ызы

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства