Т?рбие саба?ы: "Экстремизм, терроризмні? алдын алу"
Т?рбие саба?ы: "Экстремизм, терроризмні? алдын алу"
Экстремизм дегеніміз адамдарды тапты?, меншіктік, ?лтты? немесе діндік ерекшеліктеріне ?арай б?лу.Терроризм не екендігі ж?нінде айтыл?ан с?здер к?п б?л с?зді? ма?ынасы адамдармен ?о?ам?а байланысты ?рт?рлі болады.Терроризм мен экстремизм адамдар ?міріне ?ауіп т?ндіретін ?йымдар.Экстремизм дегеніміз: адамдарды тапты?, меншіктік, рассалы?, ?лтты? немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты б?лу;
-адам ???ы?ын конституциялы? ??ндылы? ретінде жо??а шы?ару;
-ашы? плюрализм м?мкіндігін, идеяларды еркін тарату ж?не айырбастауды жою;
-бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату; Терроризм не екендігі туралы бізді? заманымызда айтыл?ан с?з к?п. Б?л с?зді? аны?тамасы адамдар мен ?о?ам?а байланысты ?рт?рлі болады. Мысалы, к?птеген т?л?аларды? аны?тамасы бойынша «терроризм» с?зі ?зіні? ??ымында джихадты, муджахидтарды, шари?ат елдерінде жаза ?олдануды ?амтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» с?зімен аталады, ма?ынасы – «?ор?ыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына ?ауіп пен ?атер т?ндіретін ?йымдар. Олар ?з м?дделерін ж?зеге асыру ?шін небір озбыр ?рекеттерге барады. Билік пен байлы??а ?ол жеткізу ?шін еште?еден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар ?міріне ?ауіп ?ялатады. ?о?ам арасында алауызды?ты тудырып, тынышты?ты б?зады. Ендеше біз б?гінгі та?ырыбымызда «экстремизм,терроризм» ??ымы туралы ке?інен т?сінік алатын боламыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие саба?ы: "Экстремизм, терроризмні? алдын алу" »
Новоселов орта мектебі.
Тәрбие сабағы. Сыныптар: 8.9.
Пән: Дінтану. Күні:19.03.2015 ж.
Тақырыбы: «Экстремизм,терроризмнің алдын алу.»
Мақсаты: А) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу; Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Тәрбие сағатының жүрісі: Жоспары: 1. Экстремизм,терроризм ұғымына түсінік беру. 2. Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас) 3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.
Мұғалім сөзі:Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) —«шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Саяси ортада пайда болган экстремизм - саяси экстремизм, ал діни ортада пайда болган экстремизм - діни экстремизм деп аталады.
- Экстремизм дегеніміз: адамдарды таптық, меншіктік, рассалық, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне байланысты бөлу; -адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа шығару; -ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және айырбастауды жою; -бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату; Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «экстремизм,терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.
І. Ой қозғау. - Оқушылар, «экстремизм,терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді? ( Ойларын стикерге жазады)
ІІ. Мағынаны тану. 1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
2. Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» А) Бұл іске қандай адамдар барады? Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
Оқушылар өз ойларын айтады: - Діни секталардың таралуы; - Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі; - 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады. - Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта алған эктремизм мен терроризм туралы сұхбатты түсінік өмірде мемлекетіміздің конституциялық ұстанымын мойындай отырып дұрыс шешім қабылдап,арандатушылыққа ұрынбауға,прогрессивтік даму мен рухани баю жолынан таймауға негіз болады.
Тәрбие сабағының сараптамасы
Қүні
19.03.2015 ж
Сыныптар
Қатысқан
8,9
Өткізген
Тарих,дінтану мұғалімі Спатаева Б.К.
Тақырыбы
Экстремизм,терроризмнің алдын алу.
Мақсаты
Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы зардаптарын ұғынды.
Өтілу барысы
Мәліметтер,миға шабуыл,пікірталас.
Нәтиже
Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғынды.