Просмотр содержимого документа
«§17. ?йсіндер туралы жазба деректер..docx»
Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§17. Үйсіндер туралы жазба деректер.
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Оқушыларға қазақ халқының ата тегі болған тайпалардың бірі – үйсіндердің мекендеген жері және олар жөніндегі деректер туралы мағлұматтар беру;
Қосымша деректерді пайдалана отырып оқушылардың ой өрісін дамыту, тарихи танымын кеңейту;
Топта бірлесіп жұмыстар жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушыларға қазақ халқының ата тегі болған тайпалардың бірі – үйсіндердің мекендеген жері және олар жөніндегі деректер туралы біледі;
Қосымша деректерді пайдалана отырып оқушылардың ой өрісі дамиды, тарихи танымы кеңейеді;
Топта бірлесіп жұмыстар жасауға машықтанады.
Негізгі идеялар
Қазақстан аумағында б.з.б. 3 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасыры аралығында үйсін мемлекеттік бірлестігі қалыптасқан. Үйсіндердің орналасқан жері. Үйсіндер туралы жазба деректер.
Тапсырмалар
Жеке жұмыс.(Миға шабуыл)
Топтық жұмыс. ()
Жұптық жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)
Сәлемдесу, Сыныпта жағымды ахуал тудыру. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтар қанша топқа бөлінді? (3 топқа: парадарайа, тиграхауда, хаумаварга)
Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан? ()
«Алтын адам» қай жерден табылған? (Есік қорғанынан)
Парсы патшасының аты кім? (Кир)
Суару каналдарының іздері табылған қоныс? (Шірік Рабат)
Дариді алдаған жылқышының есімі?(Шырақ)
Сақ қоғамын атаңдар? (жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер)
Сақтарды зерттеген грек тарихшысы? (Геродот)
Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған? (жүйрік атты турлар)
Шірік Рабат қаласы қай жерде орналасқан? (Қызылорда обылысында )
ІІІ. Қызығушылықты туғызу. 3 минут
Үйсіндер дегеніміз кімдер? Деген сұрақ қойылды.
Топтастыру стратегиясы бойынша оқушылар:
Елестетеді.
Бұрынғы біліміне сүйенеді.
Еске түсіреді.
Айтады.
Өжет
Ел
Батыл
Үйсіндер
Қазақтың арғы тегі
Жауынгер
Тайпа
Көшпелі
Қайсар
ІҮ. Жаңа сабақ. Үйсіндер туралы жазба деректер.
Оқулықтағы материалдарды, мәтіндерді пайдалана отырып оқушылар берілген тапсырманы орындайды, «Галерея» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан шығып постерлерін қорғайды. Сабақтың соңында формативті, суммативті бағалау жүреді.
Ү. Мағынаны ашу. 1. Әр оқушыға жеке мәтін беріледі. Оқушы: 1.Іштей оқиды. 2. Түсінеді. 3.Ойланады. 4. Жеке талдайды. 5. Жұппен талдайды. 6. Топпен талдайды.
2. Инсерт стратегиясы бойынша оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.
«Ү» бұрыннан білемін
«+»мен үшін жаңалық
«-»тереңірек білгім келеді
«?»менің пікіріме қайшы
Кескін картамен жұмыс.
Үш жақты түсіндірмелі күнделік әдісін пайдалана отырып, оқушылар оқығанын одан әрі толықтырады.