kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

§10. Т?ріктерді? рухани м?дениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: К?не т?ріктерді? жазба м?дениеті мен ?дебиеті, наным-сенімдері, діні туралы т?сінікті ?алыптастырады.

 Дамытушылы?: О?ушылар бойында азаматты? сана-сезімді, тарихи ойлау ?абілетін дамытады.

 Т?рбиелік: О?ушылар м?дени ??ндылы?тарымызды ??рметтеуді, са?тай білуді, эстетикалы? т?рбие беруге ?йренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«§10. Т?ріктерді? рухани м?дениеті »

Сыныбы: 7 «а»

Сабақтың тақырыбы: §10. Түріктердің рухани мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көне түріктердің жазба мәдениеті мен әдебиеті, наным-сенімдері, діні туралы түсінікті қалыптастырады.

Дамытушылық: Оқушылар бойында азаматтық сана-сезімді, тарихи ойлау қабілетін дамытады.

Тәрбиелік: Оқушылар мәдени құндылықтарымызды құрметтеуді, сақтай білуді, эстетикалық тәрбие беруге үйренеді.


Үйге тапсырма: §9 Архитектура және өнер

Қызығушылығын ояту


Архитектура

(сәулет өнері) Діни сәулет өнері

Бейнелеу өнері

Өнердің түрлері

Мүсін өнері

Қолданбалы өнері

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа тіркестің, бірі ескірген.

“Қазақтың ұлттық” ойынын бастайық,

Сұрақтарға кім жауап береді екен?

Теңге ілу

1 Ірі архитектуралық құрылыс жүйелері қай ғасырларда салына бастады?

ХІҮ – ХҮ ғғ.

2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынған?

Әмір Темір (1397ж)

3. “Сардоба” дегеніміз не?

Құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіш

4. Көне түрік жазуындағы тас мүсіндердің атаулары?

Блбл,балбық,кемпіртас,

таскеліншек,балбал тас

5. “Ташнау” дегеніміз не?

Канализацияның сол кездегі қарапайым түрі

6. Қазақ жеріндегі бейнелеу өнерінде жартастарға ненің суреттері салынған?

Салт ат, әр түрлі аңдар



“Орамал тастау” ойыны

1 Қандай ескерткіштерді дың ескерткіштері деп атаймыз?

Құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас

2 Ақыртас қамалын зерттеген академик?

К.М.Байпақов

3 Будда ғибадатханаларының орындары табылған қалалар?

Ақбешім,Суяб

4 Қандай сәулет ескерткіштерін білесіңдер?

Арыстанбаб,Қожа Ахмет Йасауи,Айша Бибі,Бабаджа-қатын

5 Х-ХІІ ғғ ғимараттарға нелерді жатқызуға болады?

Мешіттер,кесенелер, мазарлар,моншалар

6 Архитектура дегеніміз не?

Латынша “құрылысшы” деген мағынаны білдіреді.


Тарихи сөздердің баламасын табу


1. “Қала” сөзінің баламалары

Шаһар,кент, орда

2. Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан сөздеріндегі “стан” сөзі не мағынаны береді?

Ел, мемлекет

3. Не себептен қазақ ғұламаларының есімдері арабтанған? Мысалы: Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Насыр Әл-Фараби

Орта ғасырларда мұсылман дінінің үстемдік етуі, поэзияның- парсы тілінде, ал ғылымда араб тілінің үстем болуы

4. “Блбл” сөзінің баламасы

Балбал тас, мүсінтас, кемпіртас, таскеліншек

5. “Жасақ” сөзінің баламасы

Сарбаз, әскер, қол

6. “Ескерткіш” сөзінің баламасы

Кесене, құлпытас, монумент


ІІ. Мағынаны ашу.
Көне түрік әліпбиі

Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру- тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.

Сондықтан да көне руналық жазу – түріктердің төл жазуы.

( “руна” сөзі “ескі”, “көне” деген ұғымды білдіреді)

Көне түркі жазба ескерткіштері

Көне түркілердің ҮІІ-ҮІІІ ғғ жататын ежелгі жазбалары Орхон, Енисей, Селенга өзендерінің бойынан табылып зерттелген. Бұл жәдігерлерді тарихта “Орхон – Енисей жазба ескерткіштері” деп аталады.

Бұл ескерткіштерде байырғы түркілердің болмысы, мәдениеті мен тарихы, рухы мен дүниетанымы қамтылған.

Күлтегін (684-731ж.ж.) - Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ачынұ тектi.

Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры.

Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты

Күлтегін жазуы

Күлтегін жазуында Күлтегін батыр мен Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың ерлік істері баяндалған.

Күлтегін жыры- түркі халқын ауызбіршілікке шақырады, сыртқы жауларға ұйымдасқан түрде қарсы тұруға, ежелгі ата-баба дәстүрін берік ұстануға, елдікке үндейді.


Тоныкөк жазба ескерткіші

Тоныкөк жазбаларында – Шығыс Түрік қағанатының саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірі поэзия түрінде көркем бейнеленген.

Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д.А.Клеменц тапқан.

Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М.Жолдасбеков болды.

Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны 14 хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірі айтылады.

Тоныкөк қаған

Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан. Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады. Өзінің ақылгөйлері - Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі. Елтеріс қаған лауазымен қабылдаған

Шығыс Түркі мемлекетінің қағаны реформаторҚұтлықтың серігі болған. Оның тұсында Тоныкөк бас қолбасшы болды.


Түркі тілдес халықтарда

Жазба әдебиеті Ауыз әдебиеті

Күлтегін, Мақал-мәтелдер,

Тоныкөк жоқтау

Жазулары


Әдеби шығармалар



Қорқыт Ата 8-11 ғасырлар арасында өмір сүрген.

Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысынан турады.онда оғыздардың құрамына енген тайпалардың ерлік аңыздары жазылған.

Қорқыт ата кітабынан үзінді

Қорқыттың алғашқы нақыл сөздерінің өзі мінәжатқа меңзейтін: «Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас» деген жолдардан басталады. Қорқыттың нақыл сөздері де, Аллаға мадағы да, оғызнама жырлары да Алладан дұға тілей отырып берілген батамен аяқталады:

Ақ сақалды бабаңның жатқан жері жұмақ болсын!

Ақ шашты анаңның жатқан жері жәннат болсын!

Ақыр соңы ар-иманнан айырмасын!

Әумин дегендер Тәңірінің жүзін көрсін!

Хақ алдында бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын!

Алланың берген үміті кесілмесін!

Оғызнама б.з.ІІ ғ. туған шығарма

Оғызнама –ҮІ ғасырда парсы, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған.

«Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен.

Түріктер табиғатқа, отқа, суға, көкке, тәңірге, көк бөріге, Ұмай анаға табынған

ІІІ. Ой толғаныс

Кубизм стратегиясы

1. Орта ғасырлық отқа табыну қасиетін немен байланыстырды?

Ұмай анамен

2. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ:

Қызылорда

3. Х-ХІІ ғғ қалалардағы басты бір жаңалық?

мешіттердің пайда болуы

4. ҮІІІ-ІХ ғғ жататын дастандар?

“Қорқыт ата мен Оғызнама” дастаны

5. Тәңірге жалбарынудың белгісі қандай?

Қабір үстіне қойтастар орнатқан

6. Қазақстанда мұсылман діні ҮІІІ ғ тарады. Оның орталығы болған қалалар?

Сайрам, Отырар, Йасы, Тараз

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:

  1. Ғылым- теңіз................(Білім- қайық)

  2. Ақыл азбайды,..............(Білім тозбайды)

  3. Оқу- білім азығы,.........(Білім- ырыс қазығы)

  4. Көп оқыған білмейді,.....(Көп тоқыған біледі)

  5. Ілім- бұлақ.......................(білім шырақ)

  6. Ердің атын аты шығарар,......(Ғалымның атын хаты шығарар)

  7. Байлықтың кілті-.........(ғылым)

  8. Білім арзан,..................(білу қымбат)

  9. Наданмен дос болғанша,..........(кітаппен дос бол)



ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











Үйге тапсырма: §10. Түріктердің рухани мәдениеті

«Қазақстандағы тарихи сәулет ескерткіштері» тақырыбына реферат дайындап келу







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
§10. Т?ріктерді? рухани м?дениеті

Автор: Казахбаева Зоя Бердимуратовна

Дата: 13.06.2015

Номер свидетельства: 219428


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства