kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Солт?стік ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности


Ежелгі ?аза?стан тарихы. 6-сынып            7.02.15ж.

Саба? та?ырыбы: Солт?стік ?аза?стан

Саба? ма?саты:

1)Білімділік:О?ушыларды Солт?стік ?аза?стан бойынша не ме?гергендігін тексеру, ж?йелі ойлау, ?здігінен топ болып, ж?мыс істеу да?дыларын одан ?рі дамыту.

2)Дамытушылы?: Топты? ж?йемен ж?мыс жасау?а да?дыландыру, логикалы? ойлау, 
зейінін, ба?ылаушылы? ?абілеттерін дамыту. 
3)Т?рбиелік: Отанын с?юге, ?лтжандылы??а, патриоттылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: Аралас саба?.
?дісі: Сайыс саба?.
К?рнекілігі: Карта, с?ра?тар мен тапсырмалар,слайд.
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру.
О?ушылармен амандасу, сыныпты т?гендеу. Сыныпты 2 топ?а б?лу.

?й тапсырмасы: Орталы? ?аза?стан.

1)Сарыар?а атауы ?андай ма?ына береді?

2)Орталы? ?аза?станны? таби?аты ж?нінде баяндап бері?дер.

3)Орталы? ?аза?станда?ы ?ор?андарды са? ?ор?андарымен салыстыр.

4)Тасмола м?дениетіні? ал?аш?ы ескерткіштері ?ай жерде ашылды?

5)Темір д?уірінде Орталы? ?аза?станда?ы ?андай тайпалар мекендеген?

Жа?а саба?.

І тур
1 топ?а с?ра?.
1. Солт?стік ?аза?стан?а ?азіргі ?ай облыстар кіреді?
2. Солт?стік ?аза?стан т?р?ындары ?андай шаруашылы?пен айналысты?

3. Солт?стік ?аза?станда?ы тайпаларды ата.
4. Солт?стік ?аза?стан т?р?ындары к?шпелі ?мір салтына ?ашаннан бастап к?ше бастады?
5. Ж?т дегеніміз не?
6. Жа?сы зерттелген обалары:
7. Археологтар Есіл ?зеніні? о? жа?алауында ?андай бекініс ?алашы?ын зерттеді?
8. Металдан жасал?ан заттар ?ай жерлерден табылды?
9.Б.з.б. 8-3 ?асырларда  Солт?стік ?аза?станды мекендеген т?р?ындар ?ай жерді? тайпаларымен байланыста бол?ан?
10.Ма??ыстау жеріндегі Ды?ылтас ж?не ?стірт айма?тарында?ы ?андай ?орымдары ??нды ескерткіштер болып саналады?

ІІ топ?а с?ра?:
1. Солт?стік ?аза?станны? таби?аты ?андай?
2. Солт?стік ?аза?стан туралы м?лімет беретін дерек?
3.  «аргиппей» с?зіні? ма?ынасы?
4. Солт?стік ?аза?станнан табыл?ан ?нер ?лгілері ?алай жасал?ан?
5. Жайы? пен Ертіс ?зендері арасында са? ?лгісіндегі м?дениетті? ?алыптасуына ?андай м?дениетті? ?сері бол?ан?
6. Са? д?уіріні? ерте кезе?іне жататын ?ш ?онысы?
7. Солт?стік ?аза?стан хал?ыны? м?дениеті ?ай жерді? м?дениетіне ??сас болды?
8. А?тау бекінісі ж?нінде айты?дар.
9. Металдан жасал?ан заттар нешінші ?асырлар?а жатады?

10. Б.з.б. 8-3 ?асырларда ?ай жерлерді мекендеген тайпалар ?зара байланыста болды?

ІІ - тур

«Карта бойынша саяхат» картадан ?алаларды к?рсету.
І - топ?а
1. Солт?стік ?аза?стан
2. А?мола

3.Павлодар
4. Есіл

ІІ - топ?а
1. Жетісу
2. О?т?стік ж?не Батыс ?аза?стан.
3. ?ара?анды.
4. Ертіс - ?зен

?орытындылау.

?йге тапсырма:
&20. Солт?стік ?аза?стан
Ба?алау:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Солт?стік ?аза?стан »


Ежелгі Қазақстан тарихы. 6-сынып 7.02.15ж.

Сабақ тақырыбы: Солтүстік Қазақстан

Сабақ мақсаты:

1)Білімділік:Оқушыларды Солтүстік Қазақстан бойынша не меңгергендігін тексеру, жүйелі ойлау, өздігінен топ болып, жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.

2)Дамытушылық: Топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау, 
зейінін, бақылаушылық қабілеттерін дамыту. 
3)Тәрбиелік: Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Карта, сұрақтар мен тапсырмалар,слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Сыныпты 2 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы: Орталық Қазақстан.

1)Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

2)Орталық Қазақстанның табиғаты жөнінде баяндап беріңдер.

3)Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстыр.

4)Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қай жерде ашылды?

5)Темір дәуірінде Орталық Қазақстандағы қандай тайпалар мекендеген?

Жаңа сабақ.

І тур
1 топқа сұрақ.
1. Солтүстік Қазақстанға қазіргі қай облыстар кіреді?
2. Солтүстік Қазақстан тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысты?

3. Солтүстік Қазақстандағы тайпаларды ата.
4. Солтүстік Қазақстан тұрғындары көшпелі өмір салтына қашаннан бастап көше бастады?
5. Жұт дегеніміз не?
6. Жақсы зерттелген обалары:
7. Археологтар Есіл өзенінің оң жағалауында қандай бекініс қалашығын зерттеді?
8. Металдан жасалған заттар қай жерлерден табылды?
9.Б.з.б. 8-3 ғасырларда Солтүстік Қазақстанды мекендеген тұрғындар қай жердің тайпаларымен байланыста болған?
10.Маңғыстау жеріндегі Дықылтас және Үстірт аймақтарындағы қандай қорымдары құнды ескерткіштер болып саналады?

ІІ топқа сұрақ:
1. Солтүстік Қазақстанның табиғаты қандай?
2. Солтүстік Қазақстан туралы мәлімет беретін дерек?
3. «аргиппей» сөзінің мағынасы?
4. Солтүстік Қазақстаннан табылған өнер үлгілері қалай жасалған?
5. Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына қандай мәдениеттің әсері болған?
6. Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын үш қонысы?
7. Солтүстік Қазақстан халқының мәдениеті қай жердің мәдениетіне ұқсас болды?
8. Ақтау бекінісі жөнінде айтыңдар.
9. Металдан жасалған заттар нешінші ғасырларға жатады?

10. Б.з.б. 8-3 ғасырларда қай жерлерді мекендеген тайпалар өзара байланыста болды?

ІІ - тур

«Карта бойынша саяхат» картадан қалаларды көрсету.
І - топқа
1. Солтүстік Қазақстан
2. Ақмола

3.Павлодар
4. Есіл

ІІ - топқа
1. Жетісу
2. Оңтүстік және Батыс Қазақстан.
3. Қарағанды.
4. Ертіс - өзен

Қорытындылау.

Үйге тапсырма:
&20. Солтүстік Қазақстан
Бағалау:
















Сабақтың тақырыбы: Кәсіптік жануарлар және олардың маңызы.
Сабақтың мақсаты
:1.Оқушыларды жануарлар әлемінің сан алуандығымен олардың адам 
өміріндегі табиғаттағы пайдасымен таныстыру. 
2. Оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп және 
топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау, 
зейінін, бақылаушылық қабілеттерін дамыту. 
3. Оқушыларды жануарларды және туған жердің табиғатын қорғауға, 
адамгершілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: слайдтар, жануарлар суреттері, сызбанұсқалар. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың барысы: Бүгінгі өтетін сабағымыз жорық сабақ. Таудың ең биік ұшар басы-шың, сол шыңға жету үшін біз бірнеше бөгеттерден өтуіміз керек. Жорыққа аттанбас бұрын мынадай шарттарды орындауымыз керек.Ол шарттарды орындау үшін сендер топпен жұмыс істейсіңдер. ( шарттарда жаңа сабақтың мәтіні беріледі) 
1-шарт. Жыртқыш аңдар, құстар. 
2-шарт. Үй жануарлары. 
3-шарт. Суда мекендейтін жануарлар

Жыртқыш аңдар, құстар 
Қасқыр-адамға бала кезден таныс.Ертегілерде орынсыз ақылсыз етіп көрсетеді.Негізінде қасқыр-күшті,батыр,ержүрек,ақылы мен айласы түлкіден де асып түседі.Денесінің ұзындығы 100-130см,салмағы 20-35 кг.15-16 жыл өмір сүреді.Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген,бірақ түгелдей жоқ қылып жіберуге болмайды-олар табиғат санитары. 
Бүркіт-өте ірі,қанатының құлашы 225 см,салмағы 6кг.Қауырсын түсі қоңыр.Балаларының құйрығының түбі мен саусақ қауырсындары ақ түсті,есейе келе жоғалады.Ұясын құздарға, 
ағаштарға салады.Аналығы жұмыртқасын 1,5 ай басады,жылына 1 рет жұмыртқалайды. 
Халық бүркітті жеті қазынаның бірі деп есептейді.Бүркіттер қоян,түлкі т.б аулайды,жақсы үйретілген бүркіт қасқырды да алады.Бүркіт біздің еліміздің көк байрағында бейнеленген. 
Қыран бүркіт қазақ халқында еркіндік,бостандық сүйгіштікті,сұсты кейпі күш пен қуатты көрсетеді,қырағы көзімен елдің тыныштығын қадағалап тұрғандай. 
Барыс денесінің ұзындығы 225-250 см, салмағы 40 кг,терісі теңбілді мысық.. Мәңгі қарлы тау басында тіршілік етеді.Қыста қоректену үшін төмен түседі. 15 жыл өмір сүреді..Олар қоян, кекілік,ұлармен қоректенеді.Өзінің күштілігі мен ептілігіне байланысты барыс үнемі аңыз,ертегі кейіпкерлері болады.Біздің мемлекетіміздің белгісі.Өте сирек кездесетін аң, Қызыл Кітапқа тіркелген.

Үй жануарлары 
Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп түсінідіріледі. Түйе атасы - Ойсыл қара , сиыр атасы – Зеңгі баба, жылқы атасы – Қамбар ата, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата дей отырып, қазақ атамыз түйе- байлық, қой- мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы – сәндік, сиыр – ақтық деп, төрт түлік малдың қадір қасиетін білген.Мысалы сиырлы кісі-сыйлы кісі, түйелі кісі - күйлі кісі, көшпенді елге түйе қол, жылқылы елге – бие қол деген екен.Төрт түлік бойында болатын жақсы қасиеттің бәрі түйе малының бойынан табылған. Мысалы: түйесі бардың – киесі бар, көтерем деп түйеден безбе –салтанатың емес пе? «Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе » деген. 
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл – көсір» деген. Мүшелік жыл санауда қой сегізінші жыл. 
Сиыр мүшелдік жыл санауда – екінші жыл. Сиыр еті, сүті, терісі адамға пайдалы. «Сиыр – бір үйдің асыраушысы» бекер айтылмаған. 
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті түлігінің бірі – жылқы. Көш көлігі, елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген. Мысалы: адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деген. Жылқы – жеті қазынаның бірі.

Суда тіршілік ететін жануарлар 
Қазақстанда аққудың екі түрі бар: сұңқылдақ және сыбырлақ. Салмағы 7 – 10кг, қанатының құлашы 1,5метр, аппақ, әсем мойны бар құстар. Сұңқылдақ аққу мойнын тік ұстайды, ал сыбырлақ аққу мойнын иіп, тұмсығын суға бағыттап ұстайды.Сұңқылдақ аққу ұран салғандай керней үнін шығарады, сыбырлақ аққу даусынан дерлік айрылған, сыбырлап дыбыс шығарады, олар суға сүңгімейді. Ұясын қамыс, қоға арасына салады 
Бекіре балық – ұзақ өмір сүретін балықтар. Денесі ұзыншақ келген, ұршық тәрізді. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін көп ауланған. Қазір аулауға тыйым салынған. 
Дәуіттер ұзыншақ,басы қозғалмалы,үлкен тасырайған көздері мен жетілген алдыңғы ұстағыш аяқтары бар ірі жәндіктер.Дәуіттер- күдікпен қарайтын жыртқыштар. Қалың шөп және бұталар арасында, кеудесі мен алдыңғы ұстағыш аяқтарын жоғары көтеріп, жемтігін аулайды. Жемтігін көре малып, оған байқатпай ұрланып жақындайды да,алдын-ала жиналған ұстағыш аяқтарын алдына тастап, жемін саны мен сирағының ортасына қысып ұстап алады.Әртүрлі жәндіктермен қоректенеді.Кең таралғаны-кәдімгі дәуіт. 
-Жақсы, мәтінмен жұмыс істеп, шарттарды орындадыңдар, жорыққа шығу үшін қолайлы жағдай туды. 
-Енді жолға шығуға дайынбыз ба? Шыңға шығу оңай шаруа емес. Оған бірлік, еңбекқорлық, шыдамдылық қажет. Осындай қасиеттерді көрсетіп, шыңды ала аламыз ба? Онда жолға аттанайық. Бірақ алдымызда бірнеше бөгеттер бар. 
1. «Қарлы бұрқасын» бөгеті. 
Қар ұшқындап жауып тұр. Тауда қар көшкіні болу қаупі бар. Қар көшкіні қыруар зиян келтіріп, сендерді басып қалуы ықтимал. Сондықтан қар көшкінін болдырмау үшін «Қарлы бұрқасын» бөгетін алуымыз керек. Ол үшін әрбір топ берілген сұрақтарға жауап береді.

• Жануарлардың топтарын ата ? 
• Жануарлар қайда мекендейді ? 
• Қоректенуіне қарай жануарлар неше топқа бөлінеді ?

• Жануарлардың адамға қандай пайдасы бар ? 
• Суда жүзетін құстарды ата ? 
• Қай балықтан қара уылдырық алынады ?

• Үй жануарларының маңызы ? 
• Жыртқыштарды ата ? 
• Жыртқыш құстарды ата ? 
Жақсы, «Қарлы бұрқасын» бөгетін алдық, жорығымызды жалғастырайық. Алдағы бөгеттен өткендей батыл болады деген сенімдемін. Тауда әр түрллі оқиғалар көп болады. Келесі «Мұздық » бөгеті. Бұл бөгетте слайдта көрсетілген жануарды тез жылдамдықпен тауып, сипатама берулерің керек. Бұл бөгет сендердің зеректіліктеріңді, бақылаушылықтарыңды сынаққа түсірмек. 
-Балалар, бұл бөгетті де табандылық пен білімнің арқасында алдық. Жорығымызды жалғастырайық.Бірақ мұнда кездейсоқ тағы бір бөгет шықты, оны алуға дайынбыз ба? Іске сәт! 
«Тасты жартас» бөгеті. Биікке көтерілген сайын қиындықтар көбейіп келеді. Тастардың арасында тек жануарларға байланысты емес, сендердің жаратылыстану пәнінен алған жалпы білімдеріңді сынамақ.

-Жарайсыңдар ,балалар! Сүрінбей бөгеттердің бәріне төтеп беріп келе жатырсыңдар. Тауда әр түрлі жағдайлар болады. Бұл бөгетте сендерге «Егер мен болсам... » атты ситуациялық жағдай берілген, соны шешіп көрсек. 
«Қар көшкіні» бөгеті 
Балалар ойнап жүріп, ағаштың ішінен бір құстың ұясын көреді. Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балалар біреуін алып, үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: « Бұл балапанды ұядан неге алдың? Шешесіз балапандар тұра алмайды. Баласыз шешесі қайғырады, далада құр өліп қалады ғой,- дейді. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды». 
Әкесі баласына қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар? Сендер қандай ақыл қосар едіңдер? (Бұл бөгет оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген). 
«Қырлы қырат» бөгеті. 
-Тапсырмаларды орындау барысында қар көшкіні, бұрқасын азайғанын байқадыңдар. Бұл бөгетте тақырыпқа байланысты ой-толғаныс сатысымен бес жолды өлең құрастыруларың керек. 
1. Бүркіт. 1. Аққу. 
2. Қырағы, ірі. 2. Әдемі, аппақ. 
3. Қоректенеді, ұшады, аулайды. 3. Жүзеді, қоректенеді, билейді. 
4. Бүркіт- жыртқыш құс. 4. Аққу- махаббат символы. 
5. Бүркіт- батылдық символы. 5. Аққу- адал құс.

1. Жылқы. 
2.Әдемі, кербез. 
3. Шабады, кісінейді, қоректенеді. 
4. Жылқы- жеті қазынаның бірі. 
5. Жылқы-көш көлігі. 
Қорытындылау.- Жақсы, балалар! Бес жолды өлеңді ұйқасымен құрастырдыңдар.Шыңға жеттік. Барлық бөгеттерді бағындыру үшін білім қажет екенін дәлелдедіңдер! Сабаққа жақсы дайындалыпсыңдар, алғыр, ұшқыр ойларыңды жеткізе білдіңдер. Өмірде алатын, бағындыратын шыңдарың көп болсын!



«Ғасырлар пернесі». 6-сынып 7.02.15ж.

Сабақ тақырыбы: Дәулеткерей Шығайұлы.

Сабақ мақсаты:

1)Білімділік:Атақты күйші Дәулеткерей Шығайұлы жөнінде мағлұмат беру.

2)Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Өзге күйшілермен салыстыра сипаттау. 
3)Тәрбиелік: Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер,слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Сыныпты 2 топқа бөлу.

ІІ.Сабақтың барысы:

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханыЖәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уакытта ол сол елдегі жеке-жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханныңқарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен-сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX гасырдың орта тұсындағы ИсатайМахамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.

Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңесөкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы, құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Ресейде білім алып, кейін генерал дәрежесіне дейін жеткен хан Жәңгір Ордада балалардың орысша білім алуына да жағдай туғызыпты. Дәулеткерей орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Домбыраны тамаша орындаушы Мүсірәлі деген күйшіден шеберлікті үйренген. Оның үстіне сұлтандардың қысқы мекеніне айналған Ордаға қырқыншы жылдардың бас кезінде Саратовтан драма және эстрада артистері шақырылады екен. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ гитара мен мандолинаны да тарта білген. 1854 жылы француз саяхатшысы Паули сызған суреттің нобайымен Чередеев салған акварельде күй тартып отырған Дәулеткерей, одан басқа да аспаптарда орындаушылар бейнеленген. Ең қызығы — ортада билеп жүрген еркек бейнесі бар.

1855 жылы Екінші Александр патшаның таққа отырып, тәж кию салтанатына қатысқан өкілдердің ішінде Дәулеткерей де бар еді. Оны делегация құрамына кіргізудегі мақсат — бірте-бірте ел басқару тәртібін үйрене берсін дегендік еді. Бірақ ол патша колонизаторларының сарайымен емес, озықойлы Ресеймен, Пушкин елімен танысуға келген-ді. Ол осы сапардан көрмегенін көріп, естімегенін өз қүлағымен естіп қайтады. Еуропа сазгерлерінің оркестр ойнаған шығармаларын тыңдайды. Өзі өлең жазбаса да поэзияны жүрегімен түсінетін күйші екі жылдан кейін Пушкинге, акынның өзі оқыған лицей жанынан ескерткіш қоюға Бөкей ордасынан қаржы жиналған кезде, бірінші болып өз үлесін қосқан. Дәулеткерей 1861 жылы Қызылқұрт елінің билеушісі боп тағайындалған соң, бір жылдан кейін күй атасы Құрманғазымен кездескен. "Дәулеткерейдің Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп тануы, оның музыкалық творчествосына қатты әсер етеді", — деп жазады академик Ахмет Жұбанов. Құрманғазы және оның шәкірттерінің ең үздік музыкалық шығармалары дауылдатқан екпінімен, тастай тегеуірінділігімен, өршіл батылдығы, кең тыныстылығымен ерекшеленеді.

Дәулеткерейдің халық тағдырын, елдің еркіндікке ұмтылу сезімін бейнелеген "Топан""Жігер" атты күйлері тегеурінділігімен қоса тақсірет көрген ержүрек адамның салмақты, салиқалы тебіреніс-толғанысын бейнелейді."Жігер" туралы Затаевич былай деп жазған:

"Бұл күй — дыбыстық мүмкіндігі аз домбыраның тар көмейіне сыймай, тасып жатқан терең де мол, көтеріңкі лептегі мән-маңызы зор шығарма".

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қайтыс болған Дәулеткерей, ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.

Шығармашылығы

Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің"Қоңыр""Желдірме""Керілме""Ысқырма""Қосішек" дейтін күйлері тіршілік-тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір-біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа» күйлері; «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан» т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін шығарды. «Бұлбұл»күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлері бар.[1][2][3]

ІІІ.Бекіту сұрақтары:

1)Қандай отбасында дүниеге келген?

2)Қандай күйлерін білесіңдер?

3)Күйлері қандай тақырыпта жазылған?

4)1855 жылы қандай оқиға болды?

5)Әкесі Дәулеткерейді қалай тәрбиеледі?



ІҮ.Қорытындылау.

Дәулеткерей Шығайұлы



Дәулеткерей Шығайұлы

Дүниеге келгені:

1820
Орал облысы Орда ауданы

Қайтыс болғаны:

1887

Мансабы:

күйші

Жұбайы:

Ырысбике














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Солт?стік ?аза?стан

Автор: Даркенова Жасмина Меллатовна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167741


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства