kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл тақырып «ХХғ. екінші жартысындағы – ХХІ ғ. басындағы әлем» тарауына кіреді.

«Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы» тақырыбы менің өзін-өзі білім көтеру «Қоғамдық пәндерді оқытудағы инновациялық сабақ түрлерін қолдану» тақырыбына жатады. Сабақта «БжС» технологиясының элементтері қолданылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы»»

«Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы»


Тақырыпқа мінездеме:

Бұл тақырып «ХХғ. екінші жартысындағы – ХХІ ғ. басындағы әлем» тарауына кіреді.

«Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы» тақырыбы менің өзін-өзі білім көтеру «Қоғамдық пәндерді оқытудағы инновациялық сабақ түрлерін қолдану» тақырыбына жатады. Сабақта «БжС» технологиясының элементтері қолданылады.

Сабақ презентация көрсетумен лекция оқылады.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игеру сабағы


Сабақтың мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғысты қорытындылап, оның бағасын беру. Халықаралық сахнадағы жаңа биполярлық күштерді баяндау; «қырғи-қабақ соғысы» түсінігін енгізіп, оның барысын, хронологиясын анықтап, оның зардаптарына баға беру.

Сабақтың мәселелері

Білімділік: Студенттерді қырғи-қабақ соғысы дәуірінің халықаралық қатынастағы тарихи кезеңдерімен таныстыру. Бұл соғыстың негізгі оқиғалары мен қақтығысушы мемлекеттердің позицияларын анықтау және де АҚШ пен КСРО –ның шектен шықпай «қырғи-қабақ соғысын» жаңа соғыс өртіне айналдырмауын түсіндіру.

Дамытушылық: Бақылау, танып білу белсенділігін арттыру, жаттаған сөздерді әрі қарай дамыту, сөйлеу, ойлау сезімдерін дамыту; алған білімдерін талдау, қорытындылай білу.


Тәрбиелік: Студенттердің санасын тәрбиелеуге машықтандыру. Отанына, өз елінің тарихына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.


Материалдық және техникалық жағынан жабдықтау

Құрал – жабдықтар: экран, ПК, проектор

Көрнекі құралдар:Әлемнің саяси картасы, презентация «Қырғи-қабақ соғысының барысы», «Қырғи-қабақ соғысының зардаптары»

Дидактикалық материалдар: тапсырмалары бар карточкалар «Уақыт кескіні», «Тарихи тұлғалар», кесте образец «Қырғи – қабақ» соғысының кезеңдері»

Пәнаралық байланыстар: саясаттану, Қазақстан тарихы

Білім беру әдістері ізденістік, иллюстративті-тусіндіру, баяндау

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

ІІ. Студенттерді белсенді білім алуға дайындау кезеңі

III. Жаңа материалды игеру кезеңі

ІV. Бекіту кезеңі

V. Сабақтың нәтижесін шығару кезеңі. Рефлексия

VI. Үй тапсырмасын беру кезеңі Сабақтың барысы

І. Ұйымдастырушылық кезең:

1.Студенттерді сабаққа психологиялық дайындауын ұйымдастыру. (амандасу тарихы)

2.Сабақта жоқ студенттерді анықтау.

II.Студенттерді белсенді білім алуға дайындау кезеңі:

Атақты ақын Н.И.Глазков былай деген: «ХХ ғасыр таң қаларлық ғасыр. Тарихшы үшін қаншалықты қызық болғанмен, сол кездегі халық үшін тым қайғылы». (талқылау)


Мақсаты: студенттермен екінші дүниежүзілік соғысты еске алып, оны қорытындылау. Жалпылама сұрақ қою:

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындары қандай?

  2. Халықаралық қатынастарда қандай өзгерістер байқалды?

  3. Қандай екі мемлекет дүниежүзінде өздерінің позицияларын нығайтып мықты держава атағына ие болды?

  4. Антигитлерлік коалиция барысындағы КСРО мен АҚШ-тың қарым-қатынасы өзгеріссіз қалды ма?

Мақсат қою: Бүгін біз екінші дүниежүзілік соғысты қорытындылап қана қоймай, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар қалай реттелгені жайлы әңгімелеспекпіз. Халықаралық сахнадағы жаңа биполярлық күштерді баяндап «қырғи-қабақ соғысы» түсінігін енгізіп, оның барысын, хронологиясын анықтап, оның зардаптарына баға береміз. Бұл соғыстың негізгі оқиғалары мен қақтығысушы мемлекеттердің позицияларын анықтап, АҚШ пен КСРО –ның шектен шықпай «қырғи-қабақ соғысын» жаңа соғыс өртіне айналдырмауы туралы талдаймыз.

IІІ.Жаңа материалды игеру кезеңі.

Мақсат: студенттермен бірігіп кесте толтыру барлық тарихи оқиғалардың себебін, барсын, қорытынды жасап толтыру.

Жоспар бойынша презентация көрсетліп лекция жүргізу:

  1. «Қырғи-қабақ соғысының» себебі мен басталуы

  2. Халықаралық қатынас кезіндегі «жылымық» кезеңі

  3. 60-жж дағдарыс

  4. «Қырғи-қабақ соғысының» қорытындылары

Тапсырма: дәрісті тыңдай отырып, кесте толтыру

«Қырғи – қабақ» соғысының кезеңдері»

Жылдары

Басшылар

Мемлекет

Оқиғалар

ІV.Бекіту кезеңі: 1. Жалпылама сұрақ қою:

1. «Қырғи-қабақ соғысы» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Қырғи-қабақ соғысы» неден, қай оқиғадан кейін басталды?

3. «Қырғи-қабақ соғысын» қорытындылап қай мемлекет жеңгені жайлы талқылаңдар

2. Оқиғаларды «уақыт түзуі» бойынша орналастыр

1945 1950 1960 1970 1980 1990

А) Корей соғысы

Ә) Ауада, суда, космоста ядерлық сынақ жүргізуге тыйым салу туралы Мәскеуде келісім шартқа қол қойылды

Б) Кариб дағдарысы

В) Германияның бөлінуі: ГДР ГФР

Г) Ауғаныстан соғысы

Д) У.Черчильдің Фултонда сөйлеген сөзі

Е) Араб-израиль соғысы

3. Төменде корсетілген оқиғаларға қатысты лидерлерді атаңдар «Тарихи тұлғалар»

1. Фултонда социализмге қарсы ашық түрде сөз сөйлеген кім? (Г. Трумэн, Дж. Маккарти, У.Черчиль)

2. Кариб дағдарысына қатысқан мемелкет басшылары (Н.Хрущев, Дж. Кеннеди, Ф. Кастро, М.Горбачев, Дж.Буш)

3. 1985-1988жж кеңес-американ келіссөздері жоғары деңгейде өткізгендер (Ю.Андропов, Дж.Буш, Р.Рейган, М.Горбачев, Б. Ельцин)

4. 4 сурет бір жауап

V. Сабақтың нәтижесін шығару кезеңі. Рефлексия.

Бүгінгі сабақта менің есімде қалғаны....

Бүгіенгі сабақ маған несімен қызықты болды....

VI. Үй тапсырмасы: Шүпеков Ә, Қожахметұлы К, М.Ғұбайдулина – Дүниежүзі тарихы.,11 сынып3п §1, 6-12 беттер











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу, қырғи-қабақ соғыстың басталуы»

Автор: Сулейманова Жангулим Тулепбергеновна

Дата: 19.02.2019

Номер свидетельства: 500504


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства