kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шо?анны? ма?танышты ерлігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Шо?анны? ма?танышты ерлігі»

                     Адамны? басшысы – а?ыл,

                                          Жетекшісі – талап,

                                        Шолушысы – ой,

                                                   Сынаушысы – халы?,

                                                      ?ор?аушысы – сабыр,                                                                                                                                                                               ?ор?анышы – мінез,

Е? ?ымбаттысы – ар,

Таусылмайтын – арман,

Барлы?ынан арда?тысы – ?мір.

Шо?ан У?лихановты? с?зі

Жоспар:

1.  ?нер – білім берем десе? басынан,

     Бер о?у?а балаларды жасынан.    (Ж?сіп Баласа??ни)

2.  Шо?ан - «сегіз ?ырлы, бір сырлы».

3.  Шо?ан ж?не ерлік.

4. Шо?ан – м??гі ?шпес жары?  ж?лдыз.

   Шо?ан У?лиханов  ?аза?  хал?ыны? жар?ырап ту?ан перзенттеріні? бірі.

Ата?ты ?алым, кеме?гер ойшыл, от жалынды азамат, ер ж?рек саяхатшы Шо?ан У?лихановты? есімі ж?ртшылы??а м?лім. Шо?ан У?лихановты? ?лы ?асиеттеріні? бірі – ?мірін де, білімін де, ас?ан дарынды талантын да ту?ан хал?ыны? игілігіне ж?мса?анды?ы.  Ол ?ара??ы даланы? аспанынан с?уле т?сірген шам – шыра?тай аз уа?ыт  ??йры?ты ж?лдыздай тез жанды да с?нді.?з басы кішіпейіл, е?бек?ор, елгезек, жар?ын ж?зді адам болды.

Оны? д?рыс есімі – М?хаммед – ?анапия, ал Шо?ан – шешесіні? еркелетіп ?ой?ан аты. Шо?ан балалы? ша?ын ??см?рында, кейін ?зіні? ата мекені – Сырымбетте ?ткізген. Сырымбет  -  Солт?стік ?аза?станда?ы тарихи а?ыз?а айнал?ан ?ажайып с?лу ??ірлеріні? бірі.У?лихановтарды? еске алуларына ?ара?анда Шо?ан ?те шира? ?рі а?ылды бала болып ?седі. ?арапайым адамдарды? ?ле? жырлары мен ??гімелерін ты?дау?а ??штар болады. Ол ерте есейіп, ?зіні? ой – пікірлерін ?лкендерше т?жырымдайтын бол?ан. Бала Шо?ан сана-сезімі ерте оянып жетіле беруіне ?жесі халы?  даналы?ыны? сар?ылмас білім б?ла?ы бол?ан.Ол бала Шо?ан?а ?аза?ты? ескі а?ыздары мен хикаяларын ?ызы?ты етіп ??гімелеп, к?ні кеше ?зі басы – ?асында бол?ан о?и?аларын еске алып отыр?ан. Халы?ты? озы? д?ст?рлері мен салтын бойына сі?ірген ?жесіні? жар?ын бейнесін Шо?ан ?міріні? со?ына дейін ?мытпай есінде са?тайды. Ол ?зіні? ?жесімен кездесулеріні?  бірсыпырасын жазып та ал?ан. Шо?анны? ?кесі орыс тілін ме?герген, білімді, м?дениетті адам бол?ан. Балаларыны? білім алуына, т?рбиесіне к?п к??іл б?лген. Сонды?тан  баласы Шо?анды он екі жасында білім жолына бастайды.Ту?ан елінен т???ыш рет жыра? ?кесімен кетіп, Сібірдегі сол кездегі е? жа?сы о?у орны деп санал?ан Сібір кадет корпусына о?у?а т?седі. ?лкен ?ала, байта? ?лкені? орталы?ы ауылдан  жа?ада ?ана келген зерделі бала?а к?шті ?сер етеді.  Шо?ан Омбы ?аласыны? ?сам к?ріністеріне ?ызы?ып,соларды? суретін сала бастады. Омбы кадет корпусында аса к?рнекті саяхатшы ж?не Сібір, ?аза?стан, Мон?олия мен Орта Азияны зерттеуші Г.Н. Потанин о?ыды. ?аза?стан  мен Сібір халы?тары тарихын зерттеуші, орыс ?о?амы ойшылдарыны? ?ткен ?асырда?ы ?кілдеріні? бірі, публицист  Н.М.Ядринцевті?  есімі де Сібір кадет корпусымен тікелей байланысты.

Сібір кадет корпусыны? аса к?рнекті т?рбиеленушілеріні?  ?атарына Шо?ан У?лиханов пен Г.Н. Потанинні?  досы, а?ырында ата?ты ?алым – статистик ж?не публицист Н.Ф. Анненский де жатады. О л ?зіні? естеліктерінде былай деп жазады: «?мірімні? корпуста ?ткен жылдары мені? кемелденіп, жалпы ой – ?рісімні? ке?ейе т?суіне к?шті ?сер етті. Ойланып – тол?ануды, к?п о?у?а машы?тануды, ?о?амды? м?селелермен зейілденуді мен сонда ж?ріп ?йрендім. Корпуста?ы о?у оны? к?птеген ш?кірттеріне, соны? ішінде Шо?ан У?лиханов?а ?лкен ы?пал етті. Шо?ан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, біра? сирек кездесетін ?абілетіні? ар?асында осы ?иыншылы?ты    

тез же?іп шы?ты.  Ол ?здік о?ыды, тіпті ?з ??рдастарыны? алдына т?сті. «Шо?ан  тез кемелденді,-деп еске алады оны? мектептес досы Г.Н.Потанин – ?зіні? орыс жолдастарын басып озды. О?ан к?п адам ден ?ойып, зер салды, оны? ?абілеттілігі сондай, тіпті о?у орнына т?суден б?рын – а? сурет сала баста?ан еді».

         Шіркін,  К?кшетау таби?атына не жетсін?!  Оны? ?сем к?ріністері барлы? адамды  тол?ыта  да тебіренте алады. Сондай керемет мекенде д?ниеге келген, сол таби?атты? ауасын  ж?тып, жасыл ш?йгін ш?бінде ауна?ан бала Шо?ан таби?ат к?ріністерін ?а?аз бетіне т?сіруді ж?н к?рген.  Шо?анны?   бала     кезіндегі ?атты ??март?ан ?неріні? бірі сурет салу еді.Б?л ?нерді ол ??см?рын бекінісіндегі У?лихановтарды? ?йінде ?за? т?р?ан орысты? суретші топографтары мен геодезистерінен ?йренеді. Оны? ?стіне У?лихановтарды?  ауылына  жиі – жиі ?она??а келіп ж?рген орыс ?алымдары,инженерлер  мен білімді офицерлер де ?абілетті баланы к?ркем?нер мен ?дебиетке ??штарландыра т?седі. Жас Шо?ан с???ар салып, саятты?  ??ру?а  ?те ??мар бол?ан. Сахарада саяхаттап ?за? ж?ру  оны? да?дысына  айнал?ан. Шексіз де шетсіз ке? жазира, жасыл орман, ?зен алабыны? ?алы? то?айлары мен  биік ??здарды тамашалап, Шо?ан ?зіні? ту?ан еліні? с?лу таби?атынан ?лкен л?ззат ал?ан. Сонау бала кезінде А?мола мен Баянауыл ?лкелерін аралап, Баянауыл тауларыны? ма?ында?ы на?ашыларына жиі барып, ?она? боп ж?реді.   Б?л сапарларынан  ал?ан ?серлері У?лихановты? к?пке дейін есінен кетпейді ж?не сонда?ы к?рген – білгендерін кейін кадет корпусыны? ш?кірті бол?ан кезде ?зіні? досы Г.Н. Потанинге ??гімелеп береді.

Шо?ан У?лиханов ?аза?ты? халы? поэзиясына ерте жастан ??мартып, оны? классикалы? ?лгілерін жазып алып, ?зіні? ата – анасына дауыстап о?ып ж?рген. «?озы К?рпеш – Баян С?лу»  ж?не «Ер К?кше»  атты халы? дастандарын  ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін ?зіні? ?стазы Н.Ф.Костылецкийге берген. ?зіні? ту?ан елі мен Шы?ыс елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында о?ып ж?рген кезінде – а? Шо?анны? ойында болады. Ол «зерттелмеген Азияда» ?лкен ?ылыми – зерттеу ж?мыстарын ж?ргізуді арман етеді. «Корпусты? о?ытушылары Шо?анды болаша? зерттеуші, тіпті,?алым  болуы да ы?тимал  деп  ж?рген  кезде, Шо?ан неб?рі он т?рт – он бес жаста ?ана болатын» - дейді Г.Н.Потанин.  Шо?ан тарихи – географиялы? ?дебиетке беріліп, ?те к?п о?иды; біра? ондай ?дебиетті? Омбыдан табыла ?оюы ?иын еді. «Басты?тарды? Шо?ан?а іргелі кітапханадан кітаптар алу?а р??сат еткені, деп жазды Г.Н. Потанин, ма?ан ?лкен ?уаныш болды. Шо?ан кітап ?оймасынан Палласты? сапар шегуі мен Рычковты? к?нделік жазбаларын ?келгенде б?л бізді?  кемелденуіміздегі бір д?уір болды.»

    Шо?ан кадет корпусында о?ып ж?рген кезінде «зерттелмеген Аззияны»  шарлап, зерттегісі келген. 1856  жылы  У?лихановты? ?ылыми е?бегіні? дамып, ?ркендей беруіне ке? ?ріс ашылды. Ол Хоментовский деген білімді офицерді? басшылы?ымен ?йымдастырыл?ан ?лкен ?скери – ?ылыми экспедиция?а ?атысады. Экспедицияны? ма?саты ?ыр?ыз хал?ымен танысу ж?не Ысты?к?л алабын карта?а т?сіріп алу еді. «Б?л экспедиция?а ?атысуымыз ?лкен абырой болды. С?йтіп, Алатау ?ыр?ыздарыны? арасында екі ай ж?ріп, к?бінесе соларды?  а?ыздары мен тілін зерттеп,  ?р?илы м?ліметтер жинап алды?», - деп жазады У?лиханов. Б?л сапарында жас Шо?ан ?ыр?ыз хал?ыны? «Манас»  атты ата?ты поэмасына ал?аш?ы рет к??іл б?ліп, бірінші рет оны ?ылыми жолмен жазып алуыны? ж?не орыс тіліне аударуыны? ерекше ?лкен ма?ызы болды. «Алатау ?ыр?ыздарыны? Но?айлы д?уіріне жататын «Манас» атты жал?ыз ?ана эпосы бар. ?ыр?ыздарды? т?рмыс ?алпы, ?дет – ??рпы, салт – санасы, географиясы, діни ж?не медициналы?  ??ымдары, оларды? халы?аралы? ?атынастары осы орасан зор эпопеяда ай?ын суреттеледі. «Манас» біріне – бірі ?ласып жат?ан к?п о?и?алардан ??рал?ан т?тас е?бек. «Семетей»  атты екінші бір эпос «Манасты?»  жал?асы болып есептеледі ж?не оны? ?зін буруттарды? (?ыр?ыздарды?) Одиссейі деуге болады». 

?сіресе Шо?ан ??лжа туралы жаз?ан к?нделігі ?те ?ызы?. Б?л к?нделігінде

??лжа?а бар?ан саяхатын ?ыз?ылы?ты етіп, ?рі к?ркем тілмен толы? жазады, шекаралы? жо??арияны мекендеуші халы?тарды? ?мірі мен т?рмыс салтын суреттейді.

Ерж?рек Шо?ан саяхатшы да??ына б?леген ата?ты ?аш?ар саяхатына барып ?айтады. 1603  жылы Марко      Поло мен иезут Гоестен кейін б?л елге ал?аш рет бар?ан адам Шо?ан еді. ?аш?арияны? ?а?пасы сол кезде Еуропа халы?тары ?шін жабы? еді. Ол кезде ?аш?ария?а бару ?те ?ауіпті еді.?ылым ж?зінде м?лдем белгісіз болып отыр?ан ертеде ?алыптас?ан м?дениеті бар ?аш?ариядай бай елді зерттеуді? ма?ызы ?те зор еді. Шо?ан У?лиханов сия?ты талапкер ?алымды б?л та?дыры ?зіне ?ызы?тыра тартып, ??марта т?седі. Шо?ан У?лихановты? ?аш?ария?а сапар шегуіне себепкер бол?ан е? алдымен ?лы географ Семенов – Тяншанский еді. «Асы?ыспын, - деп жазады Шо?ан  - к?нделігімді жерге к?міп жатырмын. Алла аман –сау ?осса, к?нделік шіріп кетпесе, жары??а бір шы?арармын. ?зі?ді бір алла?а тапсырдым, ?ош бол!»  ?аш?арда бол?ан кезінде Шо?ан ?й?ыр тілін ме?гереді. Оны? архивінде ?аш?арда?ы ?й?ыр тілінде жаз?ан жазбалары да са?тал?ан.    ?аш?ар саяхаты Шо?ан денсаулы?ына ?лкен зиян келтіреді. У?лихановты?  ?аш?ар экспедициясыны? н?тижелері аса ба?алы болады.?алымдар о?ан ерекше к??іл аударады,сирек кездесетін шы?ыс ?олжазбаларын алып келеді.  Шо?ан сапарыны? е? басты н?тижесі «Алтыша?арды? немесе ?ытайды? Нан – Лу (Кіші Б?хара)  провинциясыны? шы?ыста?ы алты ?аласыны? жайы туралы» деген к?рделі е?бегі болды. Жа?а материалды ?амтуы ж?не м?селені тере? талдауы жа?ынан У?лихановты? е?бегі бізді? ?ылымымыз?а ?ос?ан ?лкен байлы? болды ж?не к?ні б?гінге дейін ?зіні? ма?ынасын жо?алт?ан жо?. Б?л тамаша е?бегінде жас ?алымны? жан – жа?ты тере? білімі, ас?ан дарындылы?ы, халы? т?рмысын жа?сы білетін к?реген а?ылдылы?ы, образды  к?ркем тілі, н?зік юморы мен ?айсар ерлігі аны? к?рінеді.

Шо?ан У?лиханов - ?р д?уірдегі жастарды? ?лгі т?тарлы? т?л?асы болып ?ала береді. ?з хал?ыны? болаша?ы ?шін ой кешіп, аянбай е?бек етіп, аз ??мыр жасаса да, келешек ?рпа? ?шін ?о?амды? ?ылымда озы? ой – пікірлер ?алдыр?ан Шо?анны? ?лы т?л?асы ?р уа?ытта жо?ары т?рады. Оны? ?дебиетке, тарих?а, география?а, лингвистика?а, этнография мен  салт – д?ст?рге байланысты ?алдыр?ан ?лесі ба?а жетпес ?азына. Шо?ан есімі халы? жадында м??гі са?талады деп сенемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шо?анны? ма?танышты ерлігі »


«Шоқанның мақтанышты ерлігі»

Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолушысы – ой,

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр, Қорғанышы – мінез,

Ең қымбаттысы – ар,

Таусылмайтын – арман,

Барлығынан ардақтысы – өмір.


Шоқан Уәлихановтың сөзі


Жоспар:

1. Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан. (Жүсіп Баласағұни)

2. Шоқан - «сегіз қырлы, бір сырлы».

3. Шоқан және ерлік.

4 . Шоқан – мәңгі өшпес жарық жұлдыз.


Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жарқырап туған перзенттерінің бірі.

Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от жалынды азамат, ер жүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім. Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де, білімін де, асқан дарынды талантын да туған халқының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам – шырақтай аз уақыт құйрықты жұлдыздай тез жанды да сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор, елгезек, жарқын жүзді адам болды.

Оның дұрыс есімі – Мұхаммед – Қанапия, ал Шоқан – шешесінің еркелетіп қойған аты. Шоқан балалық шағын Құсмұрында, кейін өзінің ата мекені – Сырымбетте өткізген. Сырымбет - Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған ғажайып сұлу өңірлерінің бірі.Уәлихановтардың еске алуларына қарағанда Шоқан өте ширақ әрі ақылды бала болып өседі. Қарапайым адамдардың өлең жырлары мен әңгімелерін тыңдауға құштар болады. Ол ерте есейіп, өзінің ой – пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын болған. Бала Шоқан сана-сезімі ерте оянып жетіле беруіне әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған.Ол бала Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі басы – қасында болған оқиғаларын еске алып отырған. Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есінде сақтайды. Ол өзінің әжесімен кездесулерінің бірсыпырасын жазып та алған. Шоқанның әкесі орыс тілін меңгерген, білімді, мәдениетті адам болған. Балаларының білім алуына, тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Сондықтан баласы Шоқанды он екі жасында білім жолына бастайды.Туған елінен тұңғыш рет жырақ әкесімен кетіп, Сібірдегі сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңада ғана келген зерделі балаға күшті әсер етеді. Шоқан Омбы қаласының әсам көріністеріне қызығып,солардың суретін сала бастады. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Монғолия мен Орта Азияны зерттеуші Г.Н. Потанин оқыды. Қазақстан мен Сібір халықтары тарихын зерттеуші, орыс қоғамы ойшылдарының өткен ғасырдағы өкілдерінің бірі, публицист Н.М.Ядринцевтің есімі де Сібір кадет корпусымен тікелей байланысты.

Сібір кадет корпусының аса көрнекті тәрбиеленушілерінің қатарына Шоқан Уәлиханов пен Г.Н. Потаниннің досы, ақырында атақты ғалым – статистик және публицист Н.Ф. Анненский де жатады. О л өзінің естеліктерінде былай деп жазады: «Өмірімнің корпуста өткен жылдары менің кемелденіп, жалпы ой – өрісімнің кеңейе түсуіне күшті әсер етті. Ойланып – толғануды, көп оқуға машықтануды, қоғамдық мәселелермен зейілденуді мен сонда жүріп үйрендім. Корпустағы оқу оның көптеген шәкірттеріне, соның ішінде Шоқан Уәлихановқа үлкен ықпал етті. Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты

тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, тіпті өз құрдастарының алдына түсті. «Шоқан тез кемелденді,-деп еске алады оның мектептес досы Г.Н.Потанин – өзінің орыс жолдастарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның қабілеттілігі сондай, тіпті оқу орнына түсуден бұрын – ақ сурет сала бастаған еді».

Шіркін, Көкшетау табиғатына не жетсін?! Оның әсем көріністері барлық адамды толқыта да тебіренте алады. Сондай керемет мекенде дүниеге келген, сол табиғаттың ауасын жұтып, жасыл шүйгін шөбінде аунаған бала Шоқан табиғат көріністерін қағаз бетіне түсіруді жөн көрген. Шоқанның бала кезіндегі қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді.Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ тұрған орыстың суретші топографтары мен геодезистерінен үйренеді. Оның үстіне Уәлихановтардың ауылына жиі – жиі қонаққа келіп жүрген орыс ғалымдары,инженерлер мен білімді офицерлер де қабілетті баланы көркемөнер мен әдебиетке құштарландыра түседі. Жас Шоқан сұңқар салып, саяттық құруға өте құмар болған. Сахарада саяхаттап ұзақ жүру оның дағдысына айналған. Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман, өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің туған елінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алған. Сонау бала кезінде Ақмола мен Баянауыл өлкелерін аралап, Баянауыл тауларының маңындағы нағашыларына жиі барып, қонақ боп жүреді. Бұл сапарларынан алған әсерлері Уәлихановтың көпке дейін есінен кетпейді және сондағы көрген – білгендерін кейін кадет корпусының шәкірті болған кезде өзінің досы Г.Н. Потанинге әңгімелеп береді.

Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата – анасына дауыстап оқып жүрген. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» және «Ер Көкше» атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Н.Ф.Костылецкийге берген. Өзінің туған елі мен Шығыс елдерін зерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде – ақ Шоқанның ойында болады. Ол «зерттелмеген Азияда» үлкен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді арман етеді. «Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті,ғалым болуы да ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан небәрі он төрт – он бес жаста ғана болатын» - дейді Г.Н.Потанин. Шоқан тарихи – географиялық әдебиетке беріліп, өте көп оқиды; бірақ ондай әдебиеттің Омбыдан табыла қоюы қиын еді. «Бастықтардың Шоқанға іргелі кітапханадан кітаптар алуға рұқсат еткені, деп жазды Г.Н. Потанин, маған үлкен қуаныш болды. Шоқан кітап қоймасынан Палластың сапар шегуі мен Рычковтың күнделік жазбаларын әкелгенде бұл біздің кемелденуіміздегі бір дәуір болды.»

Шоқан кадет корпусында оқып жүрген кезінде «зерттелмеген Аззияны» шарлап, зерттегісі келген. 1856 жылы Уәлихановтың ғылыми еңбегінің дамып, өркендей беруіне кең өріс ашылды. Ол Хоментовский деген білімді офицердің басшылығымен ұйымдастырылған үлкен әскери – ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын картаға түсіріп алу еді. «Бұл экспедицияға қатысуымыз үлкен абырой болды. Сөйтіп, Алатау қырғыздарының арасында екі ай жүріп, көбінесе солардың аңыздары мен тілін зерттеп, әрқилы мәліметтер жинап алдық», - деп жазады Уәлиханов. Бұл сапарында жас Шоқан қырғыз халқының «Манас» атты атақты поэмасына алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алуының және орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды. «Алатау қырғыздарының Ноғайлы дәуіріне жататын «Манас» атты жалғыз ғана эпосы бар. Қырғыздардың тұрмыс қалпы, әдет – ғұрпы, салт – санасы, географиясы, діни және медициналық ұғымдары, олардың халықаралық қатынастары осы орасан зор эпопеяда айқын суреттеледі. «Манас» біріне – бірі ұласып жатқан көп оқиғалардан құралған тұтас еңбек. «Семетей» атты екінші бір эпос «Манастың» жалғасы болып есептеледі және оның өзін буруттардың (қырғыздардың) Одиссейі деуге болады».

Әсіресе Шоқан Құлжа туралы жазған күнделігі өте қызық. Бұл күнделігінде

Құлжаға барған саяхатын қызғылықты етіп, әрі көркем тілмен толық жазады, шекаралық жоңғарияны мекендеуші халықтардың өмірі мен тұрмыс салтын суреттейді.

Ержүрек Шоқан саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барып қайтады. 1603 жылы Марко Поло мен иезут Гоестен кейін бұл елге алғаш рет барған адам Шоқан еді. Қашқарияның қақпасы сол кезде Еуропа халықтары үшін жабық еді. Ол кезде Қашқарияға бару өте қауіпті еді.Ғылым жүзінде мүлдем белгісіз болып отырған ертеде қалыптасқан мәдениеті бар Қашқариядай бай елді зерттеудің маңызы өте зор еді. Шоқан Уәлиханов сияқты талапкер ғалымды бұл тағдыры өзіне қызықтыра тартып, құмарта түседі. Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапар шегуіне себепкер болған ең алдымен ұлы географ Семенов – Тяншанский еді. «Асығыспын, - деп жазады Шоқан - күнделігімді жерге көміп жатырмын. Алла аман –сау қосса, күнделік шіріп кетпесе, жарыққа бір шығарармын. Өзіңді бір аллаға тапсырдым, қош бол!» Қашқарда болған кезінде Шоқан ұйғыр тілін меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. Қашқар саяхаты Шоқан денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Уәлихановтың Қашқар экспедициясының нәтижелері аса бағалы болады.Ғалымдар оған ерекше көңіл аударады,сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын алып келеді. Шоқан сапарының ең басты нәтижесі «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан – Лу (Кіші Бұхара) провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы» деген күрделі еңбегі болды. Жаңа материалды қамтуы және мәселені терең талдауы жағынан Уәлихановтың еңбегі біздің ғылымымызға қосқан үлкен байлық болды және күні бүгінге дейін өзінің мағынасын жоғалтқан жоқ. Бұл тамаша еңбегінде жас ғалымның жан – жақты терең білімі, асқан дарындылығы, халық тұрмысын жақсы білетін көреген ақылдылығы, образды көркем тілі, нәзік юморы мен қайсар ерлігі анық көрінеді.

Шоқан Уәлиханов - әр дәуірдегі жастардың үлгі тұтарлық тұлғасы болып қала береді. Өз халқының болашағы үшін ой кешіп, аянбай еңбек етіп, аз ғұмыр жасаса да, келешек ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой – пікірлер қалдырған Шоқанның ұлы тұлғасы әр уақытта жоғары тұрады. Оның әдебиетке, тарихқа, географияға, лингвистикаға, этнография мен салт – дәстүрге байланысты қалдырған үлесібаға жетпес қазына. Шоқан есімі халық жадында мәңгі сақталады деп сенемін.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Шо?анны? ма?танышты ерлігі

Автор: Идрисова Гульжан Назымбековна

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 186130


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства