Алматы облысы. Сарқан қаласы. Абай атындағы мектеп-гимназия.
Тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Галия Какеновна.
«Сүйер ұлың болса сен де сүй, сүйінерге жарар ол» Абай.
Сабақ тақырыбы: | Шоқан Уәлиханов - қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы. |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар. Қазақстан тарихы оқулығы. Әдістемелік нұсқаулық. |
Жалпы мақсаттар: | Қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығрмашылығы туралы мәлімет беру. |
Күтілетін нәтижелер: | Оқушылар Шоқан Уалихановтың балалық шағы, өмірі, ғылыми еңбектері туралы біледі. Шоқанның Қазақстан тарихындағы алатын орнын айқындайды Шоқан өмірінен үлгі-өнеге алады. |
Түйінді идеялар: | АКТ –ны және оқулықты пайдалана отырып, оқушылар шығармашылықпен жұмыс істейді, талқылайды, ой бөліседі, дәлелдейді. |
Орындалатын іс – әрекеттер: |
Мұғалімнің орындайтын іс – әрекеттері: | Оқушылардың орындайтын іс – әрекеттері: | Оқыту әдістері: |
Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері | «Әсем күлкі, ақ тілек». Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберіне шығып бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. | Ынтымақтастық атмосферасын орнықтыру |
2. Үй тапсырмасын тексеру | «Себеттегі алма» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар себеттегі алмадан алып, сұрақтарға жауап береді. | |
3. Оқушыларды түстер таңдату арқылы топқа бөлу | Сары түс таңдағандар бір топқа, көк түс таңдағандар екінші топқа, қызыл түс таңдағандар үшінші топқа жинақталып отырады. | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. |
4. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ассоцияциялық сұрақтар қойылады. 1) Балалар қалай ойлайсыңдар, ғалым деп қандай адамдарды айтамыз? 2)Ағартушы деп қандай адамдарды айтамыз? 3) Қандай ағартушы – ғалымдарды білесіңдер? Шоқан туралы шағын бейнефильм көрсетіледі. | Оқушылардың жауабы: ғалым деп ғылыми еңбекпен шұғылданып, зерттеп, дәлелдеген адамды айтамыз. Ілім-білімді таратушы ойшылдарды айтамыз. 3)Ағартушы – ғалымдар; Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов. | Сын тұрғысынан ойлау. |
Балалар, қалай ойлайсыңдар олай болса сабағымыздың тақырыбы кім туралы болмақ? | Оқушылардың жауабы; ағартушы – ғалым Шоқан Уалиханов туралы. | |
«Ой қозғау». Біз не білеміз? «Біз не білмейміз? Топтық тапсырма беру. 1-топқа Бала Шоқан. 2-топқа. Шоқанның Омбыда оқуда болған жылдары. 3-топ. Шоқанның ғылыми еңбектері. Картамен жұмыс. | Оқушылар Шоқан Уәлиханов туралы білімдерін ортаға салады. Әр топ оқулық мәтіні арқылы негізгі деректерді іздеді, жазып алды, топта талқылады. АКТ – ны пайдалана отырып, ізденіс жұмыстарын жүргізді. Әр топ алдыға шығып өз жобаларын қорғады. 1 – топ: 1835-1965 жылдар аралығында Шоқан Құсмұрын бекінісінде туды, Шоқанның өнеге, тәлім – тәрбиесіне әжесі Айғаным көп еңбегі сіңірді, әжесінің әңгімелері арқылы Шоқан өз халқының әдет – ғұрып, салт – санасын, тарихын жақсы біліп өстті. Және де Шоқан бала кезінен сурет салуға әуес болған, өнер – білімге ерте зейін қойған. 2 – топ: Шоқан жас шағынан ғылымға зейін қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялыларымен байланыста болуы әсер етті. Олар академик А. И. Шренк, С.М. Семенов, А.И. Штейнгель, Н.В Басаргин. Оқуда болған жылдары Шоқанның көрнекті орыс ғалымдары И.Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н.Ф. Костылецкиймен байланыста болуы ғылымға деген бағытын дұрыс анықтауына әсет етті. 3 – топ: Шоқанның шығармашылық еңбегіне жан – жақты тоқталып өтті. 1856 Шоқанның Ыстықкөлге сапарына барып онда көлемді топографиялық және картографиялық деректер жасады. 1856 жылы Құлжаға барып – қайтуы Қытаймен екі арадағы сауда байланысын дамуына әсер етті. 1857 жылы Шоқан Уалиханов Алатау қырғыздарына сапары Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды.Қырғыздардың «Манас» атты тамаша шығармасына көңіл аударды.1858-1859 жылдары Шоқан өзін өлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барып қайтты. Марко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік- Шоқан. Оқушылар карта арқылы Шоқанның саяхат жолдарын көрсетеді. | Топпен талқылау, АКТ- ны пайдалану, шығармашылқ ізденіс. |
Сабақты бекіту кезеңі: Интербелсенді тақта арқылы термин сөздердің мағынасын ажыратады. Интербелсенді тақтамен жұмыс. Оқушылар берілген хронологиялық кестені толтырады. | 1. Адьютант- Декабрист- Кадет корпусы- Патриот- 1835-1865 жылы | | 1847 жылы | | 1855 жылы | | 1857 жылы | | 1858-1859 жылы | | 1860 жылы | | 1864 жылы | | 1865 жылы | | | |
Бағалау Үйге тапсырма. Шоқан туралы эссе жазып келу. | Қол шапалақтау. Топ жетекшілерінің бағалауы. | Форматипті бағалау. |
Рефлексия: | Оқушылар сабақ туралы ой – пікірлерін стикерлерге жазып, іледі. | Кері байланыс. |