Просмотр содержимого документа
«Сауатсызды?ты жою. Білім беру ж?йесіні? дамуы. »
Қаралды _________ күні _____________
оқу ісінің меңгерушісі: К. Идирисова
Сыныбы: 11 «А»
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы
Сауатсыздықты жою. Білім беру жүйесінің дамуы.
Мақсаты
1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті, халық ағарту ісі, ересектер арасындағы сауатсыздықты жою үшін жасаған жұмыстары туралы тақырыппен танысады.
Күтілетін нәтиже
Қазақ халқы үшін сауатысыздықты жоюдың маңызы ерекше болғанына көз жеткізеді.
Сабақтың әдісі
Сыни тұрғыдан ойлау, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ барысында қолдану.
Құрал-жабдықтар
Оқулық,үлестірме қағаздар, кесте-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бағалау.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыт
Кіріспе
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Ф.Голощекин қай жылдары өлкелік комитеттің бірінші хатшысы болды?
Қазақ КСР-і одақтық республика болып қашан құрылды?
1937 жылы қазақ тарихында қандай оқиға болды?
Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-нен қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?
Елдің экономика саласында қандай өзгерістер болды?
Сұрақ-жауап арқылы назарын сабаққа аудару.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
3 минут
5 минут
Негізгі бөлім
Диолог әдісі арқылы жаңа сабақты ашу. Тақырыппен танысу.
9-сыныпта өткен тақырыпты еске түсіреді.
«Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қашан құрылған еді?
Қазақ балалары үшін оқулықтар жазған қазақ зиялы қауым өкілдерінен кімдерді білесіңдер?
1-тапсырма. Кестемен толтыру.
Кеңес өкіметінің елдегі сауатсыздықты жою барысында қандай кедергілерге кездесті?
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы қиыншылықтар
2-тапсырма. Хронологиялық кестемен жұмыс.
№
Жылдар
Негізгі оқиғалар
1
1920 жыл тамыз
Партияның ОК-ке үгіт-насихат бөлімі құрылды.
2
1919 жыл 26 желтоқсан
«РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декрет қабылдады.
Өз ойларын білдіре отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашады.
Кестені толтырады.
Берілген тапсырманы орындап тақырып бойынша түсініктерін баяндайды.
Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
5 минут
10 минут
10 минут
Қорытынды
Диолог әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Қазақ тілі әліпбиіне енгізілген өзгерістердің Қазақстандағы мәдениетің одан әрі дамуында қандай нәтижелер берді?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
5минут
Бағалау
Форматтивті бағалау, ынталандыру әдісі
Форматтивті бағалау, ынталандыру әдісі
5 минут
Рефлексия
.
Оқушылар сабақ жайлы өз ойларын айтады
Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқып келу.
Күнделіктеріне жазу
2 минут
Қаралды _________ күні _____________
оқу ісінің меңгерушісі: К. Идирисова
Қазақстан тарихы пәні.
9 ә,б сыныптары Сабақтың тақырыбы: Тың эпопеясы
Сабақтың мақсаты: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып, ауыл шаруашылығын алға бастару үшін қолданылған шараларды оқушыларға жекізе білу.
Сілтеме: оқулық, таратпа қағаздар, кесте, карта.
Оқытудың нәтижелері:
Тың игеру кезеңі туралы,барысы нәтижесі туралы мәлімет алады.
Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.
Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.
Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, формативті бағалау, ынталандыру әдісі,
Қадамдар:
Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінмен және кестемен жұмыс
Бағалау
Рефлексия
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру
Оқушының зейнін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма қызығушылықты ояту. Диологтық оқыту (түрткі болу, сынақтан өткізу қайта бағыттау сияқты сұрақ қою техникалары қолданылады)
Республика өнеркәсібі соғыстан кейінгі жылдарда қандай жетісітктерге жетті?
Атом полигоны мен ғарышқа ұшыру алаңы неге Қазақстан аумағында орналасқан деп ойлайсыңдар?
Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары іске қосылды?
2-тапсырма: Үй жұмысын пысықтау. Жылдар мен жұмыс. 1. 1947 жыл; 2. 1960 жыл; 3. 1965 жыл; 4. 1945 жыл; 5. 1950 жыл.
3-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу. «Кластер» әдісі
Күтілетін нәтиже
Оқушы жасай алады:
оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;
проблема жайлы өз білімдерін ұсыну ;
Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);
Жүзеге асыру қадамдары:
1-топ: Тың игеруге жаппай кірісу,
2-топ: Алғашқы табыстар;
3-топ: нәтижелері;
4-топ:Демографиялық ахуалдың өзгеруі;
2-қадам: оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша парақшаға жазғызу;;
3-қадам: орындалған жұмысты топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындау;
4-қадам: кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға шығып орындау.
4-тапсырма. Жаңа сабақты бекіту. сұрақ-жауап арқылы.
Бағалау.
Рефлексия .Бүгінгі тақырыпттан нені меңгерді, сабақтың өтуі жайлы оқушылардан кері байланыс алу.