Просмотр содержимого документа
«Са?тарды? т?уелсіздік жолында?ы к?ресі »
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сабақтың мақсаты: І Сақтардың тәуелсіздік жолында қалай, кімдермен шайқасқандығын, нәтижесі жайлы түсінік беру
ІІ Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күрестерін келтірілген үзінділерді оқушыларға орындата отырып, ой - өрісті дамытуға ықпал ету.
ІІІ Сақтардың ерлік күресі жайлы айта келе, оқушыларды намысшылдыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, Таблица, Сақтардың құрал - саймандары т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдісі: Сахналық көрініс, сұрақ - жауап, ойын элементтері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім жылдам» ойыны арқылы жүргізу. Сөздерге анықтама беру.
• Тайпа көсемі
• Жауынгер
2. Сақтар жайлы тарихшылар не айтады.
І. Парсы жазбаларында - құдіретті еркектер деп аталады.
ІІ. Иран жазбаларында - Жүйрік атты турлар.
ІІІ. Грек жазбаларында - азиялық скифтер деп аталады.
ІV. Грек тарихшыларының айтуынша - Сақтар батыр, «дұшпанға қатал, досқа адал» болған дейді.
V. Грек тарихшы Ктесий «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қауіпі төнгенде ерлерге көмек көрсетіп ұрысқа араласады»
VІ. Геродот. «Олардың өмірінде ағаштың маңызы өте зор болды. Қыста ағаштан жасалған үйлер қалың тығыз киізбен жабылады, ал жазда жабусыз да қолданылады»
VІІ. Рим тарихшысы: К. К. Руф сақтардың көктен түскен сыйқырлы салты бар екендігі жайлы аңызда әңгімелейді «Соқа мен қамыт егіншілерге, найза мен садақ сарбаздарға, жайпақ тостаған абыздарға арналған. Бұл заттар бізге және біздің достарымызға - жауларымызға қарсы күресу үшін керек»
Жаңа сабаққа даярлық
Жаңа сабақты баяндау жоспары:
1. Томирис пен парсы патшасы Кирдің арасындағы шайқас.
2. Парсы патшасы І Дарийдің шапқыншылығы
3. Александр Македонскийдің Сақ еліне жорығы
І Б. з. б. VІІІ - VІІ - ғ - да сақтар өз атырабындағы алдыңғы қатарлы елдермен қарым – қатынас жасап отырған. Тіпті парсы елдерімен де соғыс одағын құрған. Бірақ парсы патшасы одақты місе тұтпай сақ - масагеттесрді өзіне тәуелді етпекші болған. Сөйтіп бірінші рет жорық жасаған. Нәтижесінде жеңіліп Кир қаза табады. Ал енді осы оқиғаға тоқталайық. Мемлекет шекарасын тойымсыздықпен кеңейтуді ойлаған Кир ең әуелі сақ – массагеттерді бағындыруды ойлайды. Соғысқа жедел дайындала бастайды. Соғыспас бұрын сақ еліне елші жібереді. Күйеуі қайтыс болған сақ патшайымы Томириске маған күйеуге шық деп ұсыныс білдіреді. Томирис Кирдің сәлемін қабыл алмайды. Өзіне - өзі сенімді болады. Күшпен ала алмасын білген Кир алтайға көшеді. Мал сатып мол етіп ет асып, шарапты жеткілікті етіп қалдыру. Жауынгерлерге мас болып ұйықтатып қояды. Ішінде Томиристің баласы Спаргаписте бар. Тұтқынға түсіріп қалады. Бұл хабарды естіген Томирис Кирге хат жолдайды. Томирис шығып елшісіне хатты береді. Оны ол Кирге жеткізеді.
Хат
«Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе! Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып пенде еттің. Енді менің мына ақылымды тыңда! Айла – амалмен біраз жауынгерлерімді тұтқын қылғаныңды қанағат тұтып менің ұлымды өзіме қайтарып бер де есен-сауыңда жөніңді тап. Егер олай етпесең тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қанша тойымсыз болсаңда, адам ханын сусынның қанғаныңша ішкіземін!» - деп жазады. Кир оқып шығады.
Томиристің тұтқынға түскен ұлы өзінің қандай күйге түскенін ұғып, өзін - өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында құлақ естіп, көз көрмеген сұрапыл соғыс болады. Парсыларды жайратып салады. Кир де өледі.
Томирис –«Маған Кирдің басын тауып әкеліңдер»,- дейді.
Томирис: Қан толтырған торсыққа Кирдің басын салып тұрып:
- «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегенде жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз!
- Енді тәңірге берген сертімді орындап, басынды қанға бөктіріп, сусынымды қандырғаннан басқа амалым жоқ» Сақтардың осылайша тәуелсіздігін сақтап қалады.
ІІ. Осы оқиғадан 11 жылдан соң патша болған үш жылда 1 - 2 жеңіске жеткеніне мастанған
І Дари сақтармен соғыспақшы болып б. з. б 518 жылы сақтарға қарсы соғысқа аттанды. Осы соғыс жайлы грек тарихшысы Полиэн Шырақ есімді сақ жауынгерлерінің ерлігі жайлы баяндайды. Шырақ өз үстінен өзі жаралап парсыларға қашып барады. Оларды сақтарға бастап барамын деп елсіз, сусыз шөлге апарып қырады.
Шырақ: - І Дарийге «Менің түп атам парсы еді. Сақтардың малын бағып жүрем құлы болатынмын. Сіздердің келе жатқандарыңызды естіп қаштым деп қолға түсіп қалып, әзер құтылдым. Маған көмектесең сақтарда кеткен кегімді қайтаруға көмектесе көріңіз - деді
Мен сақтардың жерінің ой - шұңқырын жақсы білемін сіздерді бастап бара аламын»
Парсыларды қалың қолын құм ішіне әкеліп, адастырады.
- Дарий: не мақсатпен сен бізді алдап, әскерімізді қырмақшысың? Енді бізге алға да, артқа да жол жоқ.
- Шырақ: Жеңіс! Жеңіс! Жеңіске жетті деген осы. Отандастарымыздың басына үйірілген қасіреттің қара бұлтын кері серпіп, сендерді шөлмен аштыққа әкеп қамадым.
Енді қайда барсаңдарда табатындарың ажал!- Ашуланған Дарий Шырақтың басын шауып түсіреді.
ІІІ. А. Македонскийдің сақ еліне жорығы.
Тірек сызба арқылы түсіндіру. Грек – македон әскері б. з. б ІV ғ - да Орта Азияға басып кірді, Самарқанды жаулап алды.
«Ескендір поэмасынан үзінді:»
А. Македонский: Қақпаңды аш!
- Қақпаны саған ашуға рұқсат жоқ дейді.
А. Македонский – Мен Ескендір патшамын
Жер жүзінде соғыста бәрін жеңген.
Көп жүрдім кездей келді көрмеген жер
Ең болмаса халқыма көрсетейін
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бар.
Сонда бір орамал лақтырады.
Македонский орамалды ашып көреді. Бұл сыйға таң болған Александр Аристотельден ақыл сұрайды.
Аристотель: Бұл адамның көз сүйегі.
Тоя ма адам көзі мың мен санға
Жеміт көз жер бетінде тоймаса да
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда
Сабақты бекіту. Міне, балалар сақтардың елінің, жерінің тәуелсіздігін қалай қорғағандығын өз көзімізбен көргендей болдық.
Сұрақ: 1. Сақтар кімдермен шайқасқан екен?
2. Парсылар сақтарды алдаса; сақтар парсылардан қалай қарымта қайтарды?