Сабақтың тақырыбы | Сақтардың мәдениеті |
Сілтеме | Қазақстан тарихы оқулығы, Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Е.Қалиева, Т. Далаева Блум таксономиясы |
Жалпы мақсаты | - Сақтардың мәдениетіне сипаттама беру, білімдерін молайту. - Сақ-скиф үштігі: ат-әбзелдері, қару-жарақтар және қолданбалы өнердегі «аң стилімен»,елімізде табылған бірнеше «Алтын адаммен» таныстыра отырып танымдық қызығушылық қабілеттерін дамыту. - оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушыларды ынтымақтастықта, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтижелер | - оқушылар сыни тұрғыда ойлана алады. - оқушылар алған білімін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйренеді. - достық, ынтымақтастық, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | Сыни тұрғыда ойлау стратегиялары: - жеке, жұппен, топпен жұмыс - ой қозғау - алынған ақпарат негізінде постер жасау - «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері |
Керекті жабдықтар | Интербелсенді тақта,ғаламтор,слайдтар, суреттер, маркер, стикер, қағаздар т.б. |
| |
Сабақ кезеңдері | | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модульдер көрінісі |
Топқа бөлу. | | Суреттер арқылы топқа бөлу | Оқушылар суреттерді таңдайды | АКТ |
Үй тапсырмасын тексеру | | 1. Темір дәуірінде Қазақстан жерінде қандай тайпалар өмір сүрді? 2. Сақ тайпалары өмір сүрген хронологиялық уақытты атаңдар 3.Сақ тайпаларының қоғамдық құрылысы қандай болды? 4. Сақтарда қандай әлеуметтік топтар болды? 5.Ерте темір дәуірі тайпаларының негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар. 6. Темір дәуірі тайпаларының қандай археологиялық ескерткіштерін білесіңдер? 7. Сақтар туралы қандай жазба деректерде айтылған? 8. Сақ тайпаларының мекендеген аумақты картадан көрсетіңдер. | Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. | ДО |
Білу Түсіну | | Жаңа тақырыпқа бағыттау Ой шақыру 1. Электронды оқулық: «Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан» 10-сынып 1) Сақтар туралы археологиялық деректер не дейді? 2) Сақ мәдениетінің негізгі ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарынан табылды? 3) Сақтардың архелогиялық деректерін қандай ғалымдар зерттеді? «Сақ өнеріндегі скиф үштігі» тірек сызба бойынша талдау жасау Мәтінді оқулықтан оқу | Тақырып бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Мәлімет негізінде ой толғанысын жасап, талқыға салады. Жеке, топта тақырыпты түсініп оқиды, өз сөздерімен әңгімелейді. | АКТ СТО АКТ ДО |
Қолдану | | 1-тапсырма Әр топқа постер жасауға тапсырма беру 1-тиграхауда тобы - сақтардың ат-әбзелдері 2- Парадарайя тобы - сақтардың қару-жарақтары 3- хаомаварга тобы - қолданбалы өнердегі «аң стилі» | Оқушылар меңгерген жаңа мағлұматтары бойынша ойланып, талқылап, постер жасайды Топтар бір-бірін бағалайды (жест,бармақ,т.б.) | СТО ДО КБ ОүБ ОБ |
Талдау (анализ) | | 2-тапсырма «Алтын адамға» сипаттама беру -Есік қорғанынан табылған «алтын адам» -Шіліктіден табылған «алтын адам» -Аралтөбеден табылған «алтын адам» | Оқушылар Қазақстан жерінен табылған «Алтын адамдарға» сипаттама береді,киім үлгілері мен қару-қару жарақтары арқылы материалдық мәдениетін ашады | СТО ДО |
Жинақтау (синтез) | | Рөлдік ойын «Шілікті қорғанына археологиялық саяхат» -табылған зергерлік бұйымдарға,т.б.археологиялық жәдігерлерге сипаттама береді. | Оқушылар археологиялық қазба жұмыстарынан көрініс дайындап, «табылған» заттарға сипаттама береді | СТО |
Бағалау Кері байланыс Үйге тапсырма беру | | Әр топқа смайликтер беру Екі жұлдыз, бір тілек» §13, оқу Эссе «Сақ қорғанына саяхат» | Топтар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды Стикерге жазып, тақтаға ілу. | ОүБ ОБ |