Са?тар мен ?йсіндер ?мір с?рген (б.з.д. VII ?. — б. з. V ?.) к?шпелі ?о?амда мал?а жеке меншікті? шы?уына байланысты ?о?ам байлар мен кедейлер?е б?лінді. Сейтіп, мемлекеттік ??рылымны? пайдаболуы ж?зеге асты. Са?тарды? мемлекеттік ??рылымынан оларды? к?ршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялы? мемлекеттерді? ?серін бай?ау?а болады. Ал ?йсіндерден Хань (?ытай) патшалы?ыны? ?сері сезіледі.
Жетісуда?ы са? д?уіріні? обалары біршама жа?сы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары а?аштан салын?ан. М?ндай са? пирамидаларыны? ішіндегі з?улімі — ?лкен Бесиштыр ?орымы (Іле ?зені ма?ы).
Орасан зор Бесшатыр патшалы? обасыны? салынуы ?о?амда ?леуметтік жіктелуді? бол?анды?ын к?рсетеді. Жекелеген адамдарды? ?леуметтік арты?шылы?ын білдіреді. Ал ?леуметтік те?сіздікті? болуы мемлекеттілікті? ал?ашкы баспалда?тарыны? біріне жатады.
Ал?ашкы кездегі са? ?о?амын ?скери-демократиялы? ж?йе деп т?сіну керек. Ал ?скери-демократиялы? ?о?амда ел бас?ару тізгіні тайпа к?семдерімен ?атар ?олбасшыларды?, батырларды? ?олында болады. ?скери-демократия заманында байлы? тек шаруашылы?ты ?йымдастыру жолымен ?ана жасалмайды. Байлы? — ендігі жерде — со?ыс, бас?а ж?рттарды? мал-м?лкін тартып алу ар?ылы жасалады. Т?скен олжа жауынгерлер арасында те? б?лінбейтін. Тайпа к?семдері, ?олбасылар, батырлар?а ?лес бастап?ыда к?бірек, кейіннен тіпті толы?ымен тиетін бол?ан. Б?л бара-бара м?лік те?сіздігіне ?келіп со?ты, бара-бара ?о?амда бай, кедей топтар ?алыптаса бастады. Б?л ?леуметтік те?сіздікке, тапты? жіктеліске алып келді. Со?ында тапты? ?о?амда?ы меншікті ?ор?айтын, ?леуметтік ?айшылы?тарды шешетін, ?ндіріс пен со?ысты, ?ор?анысты ?йымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалы? авторларды? деректері бойынша, са?тарда патшалар мен патшайымдар бол?ан. Оларды? ?ол астында?ы ж?ртына ?мірі к?шті болды. Са? патшалары со?ыс пен бейбітшілік м?селесін шешті, бас?а елдерге елші та?айындады, сырт елдермен ода???ру м?селесіне басшылы? жасады, ?скерді бас?арды. Патшаны бір рудан ?ана сайлады. Егер патша ?лсе, оны? орнына інісі патша болып сайланды. ?лкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел ??рылтайын ша?ырды. Б?л са?тар мемлекеттік ж?йесінде демократиялы? ?а?иданы?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Са? тайпаларыны? ?леуметтік ж?не мемлекеттік ??рылысы »
Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы
Қазақ мемлекеттігінің тұп-тамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтікқұрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.
Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жеке меншіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерғе бөлінді. Сейтіп, мемлекеттік құрылымның пайдаболуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректерге көбірек жүгінетін боламыз.
Жетісудағы сақ дәуірінің обалары біршама жақсы зерттелген. Биіктігі 18—20 метрге дейін жететін патша обалары ағаштан салынған. Мұндай сақ пирамидаларының ішіндегі зәулімі — Үлкен Бесиштыр қорымы (Іле өзені маңы).
Орасан зор Бесшатыр патшалық обасының салынуы қоғамда әлеуметтік жіктелудің болғандығын көрсетеді. Жекелеген адамдардың әлеуметтік артықшылығын білдіреді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің болуы мемлекеттіліктің алғашкы баспалдақтарының біріне жатады.
Алғашкы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери-демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана жасалмайды. Байлық — ендігі жерде — соғыс, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болған. Бұл бара-бара мүлік теңсіздігіне әкеліп соқты, бара-бара қоғамда бай, кедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одаққұру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтар мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді.
Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшаның белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәдени-генетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдық- әлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан.
Алтайдағы, Шілікті жазығындағы, Жетісудың Бесшатыр, Есік алқабындағы сақтардың "патша қорғандары" осы патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары.
Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстық қағидасіл болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш белікке бөлініп басқарылған.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазбалар деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.
Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкер әскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған.
Мемлекеттін келесі бір әлеуметтік тобын дінбасылар, сәуегейлер, бақсылар, ем-домшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылым-білім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтарының рөлін аткарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған.
Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, ал жаулап алушылық немесе ел корғау соғысы кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар,найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді.
Сақ-скиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедей-кепшіктер де болды. Олар қоғамның баскалардан тәуелді бөлігін құрады.
Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, құлдар басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы, көшпелі елді мекендегі құлдық мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бүгінгі ғылымитұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдық отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көшпелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй-ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй-ішілік жұмыстар атқарған.
Сонымен, сақ қоғамы — патшасы, нөкер-жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтары, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.
Фурманов орта мектебі
Тақырыбы:
Орындаған: Жаугаштина А.Қ
Тексерген: Қабажай Ә.Қ
2014-2015 оқу жылы
Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тіліде түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».
Бұл кұжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғамақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты. Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құдандалы туыс еді». Онда бұдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) канат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шыгады, ол «ең батыр және ұлығы болды, сондықтан шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы, Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы — Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан». Уақыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең ұлық» руга айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге «байырғы» құрамында екі топқа — Хуханьешаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ыгысты, яғни солтүстік пен батысқа қоныс аударды.
Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол үйсін гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің отрядын талқандады, бірақ одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндар- дың жерінен кетуге мөжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Уцзеге соққы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінің кәмегімен батыста Цзянькуньді қиратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді»
Тарихы
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияныңкөшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытайимператоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Саудадамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.
Қоғамы
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.
Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.[3][4]
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды.
Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі АуғанстанСолтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды. Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.
Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынасорнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмірсүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.
Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.[5]
Қосымша
Ғұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. Зергерлікөнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жеріалынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім өкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады". Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қынмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылыбара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы — садақ,семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғұндардың күшті мемлекет болып отыруы кытайлықтарға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымызға дейін 209 жылдан Ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдыңшекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәмеленуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен "тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қоюға мәжбүр болды. Бұл шарт бойынша ол Мөдеге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын "сыйлық" ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды. Шығыста Мөде "шығыс ху" тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Ононалқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ Ғұндардың қол астына түсті. Біздің заманымызға дейін 201 жылы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Біздің заманымызға дейін 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий тауының жағалауына дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Осылайша ғұндар мемлекеті құрамына дунху, юечжи, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалары кірді. Біздің заманымызға дейін 1 ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ұшыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Нәтижесінде біздің заманымызға дейін 56 жылы Ғ. Хуханье бастаған оңтүстік жене Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. оңтүстік Ғ. Ордос өңірін мекендеп қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Біздің заманымызға дейін 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірак оның Бұл әрекетінен нәтиже шықпады. солтүстік ғұндарды 87-93 жылдары қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандалды. Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 жылы көтеріліс нәтижесінде Лю-хан атты өз мемлекетін құруға мүмкіндік алды. 318 жылы Лю-хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 жылы Кіші Чжао Үлкен Чжаоны және солтүстік Қытайды бағыңдырды. 350 ж. шыққан тегі қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алын, Кіші Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның құлауына алын келеді. оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейе түсті. 5 ғасырдыңдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Нанынан (қазіргі ҚХР-дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 жылы тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. солтүстік ғұндардың Еділ-Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң аландарды талқандады. 375 жылы остгот, герул, генид, сақ тайпаларын бағындырын, Қап тауына жорық жасады. Ғұндардың Батысқа жорығы "халықтардың ұлы қоныс аударуына" түрткі болды. Ғұндар Еуропада өз империясын құрды.
Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатариерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды:мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.
Үйсіндер тұрған жер
Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліненЫстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайыңдағы алғашқы мәліметтер б.з.б. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы "Ұлы Жібек жолы" торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (кытаймен, ғүн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономиялық және мәденибайланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкол мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық.
«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз казақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұскалары- ның бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транс- крипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды. Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған. Қазіргі деректер бойынша, үйсінндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ аумақты алып жатқан. Қытай үйсіндердің сюннулерге Ордоста соққы беруін қалады. Бұл пікір үйсіндердің нақ сол Чжан Цянь жазып алып, кейіннен шежіреге енгізілген генеалогиялық аңызының редакциясында да әз көрінісін тапқан. Оның айтуынша, үйсіндердің билеушісің бір кезде көршілері юечжилер өлтірген де, оның қаншық қасқыр мен қарға күзетіп жалғыз қалгһған ұлы есейген шағына дейін шаньюй ордасында тәрбиеленген. Ер жеткен соң гуньмо әкесін өлтіргені үшін кек қайтаруға шаньюйден рұқсат сұрап, юечжилерді талқандапты. Өз кезегінде Орта Азия юечжилерінің аман қалған бөлігі басқа тайпалармен одақтасып, б. з. б. 140 жылы Грек-Бактрия мемлекетін талқандаған. Үйсіндерде үштік жүйе болса керек. Сюннулер сияқты, олар да үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанат болып бөлінген (олардың әрқайсысында он мыңнан жауынгер болган).
Үйсіндер бірсыпыра уақыт бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелді болғандықтан, соңғы этноним белгілі бір уақыт бойы үйсіндердің өзін де тасасында ұстап келген деп санауга болады. Мүны грек-рим жазушыларының ертедегі гұндар туралы хабарлары дәлелдейді. Мәселен, ғұндар туралы хронологиялық жағынан алғаш рет Страбонның айтқандарында Бактрия патшалары «өз иеліктерін серлер мен фаундарға дейін жайды» делінген. Тегінде, Грек-Бактриясының иеліктері бір кезде Тарым ойпатының батыс шегінен әріге созылып жатса керек, демек, бұлайша салыстыру тарихи-географиялық тұрғыдан даулы. Кейінгі уақыттағы үйсіндер тарихы сақтармен және юечжилермен байланысты. Грек-рим авторлары енді «ғұн-үйсіндар» жайында айтады. Ғұндар атауының үйсіндерге де таралғанына қарамастан, олардың этникалық туыстығы туралы айтуға берік негіз жоқ, дегенмен мұны толық, бекерге шығаруға болмайды. Сюннулердің тілі әзірше белгісіз. Зерттеушілер қазіргі уақытта сюннулер тілін ежелгі түрік тіліне бәрінен де жақын «алтай» тобыныңтіліне жатқызуға бейім.[ Үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардыңкүшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шеніндеЖетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. МаловТоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресейғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы,Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, оданБәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан,шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген.[3]
Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
Мәдениеті
Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең — б.з.б. 3-1 ғасырлар; орта кезең — б.з. 1-2 ғасырлар; соңғы кезең — б.з. 3-5 ғасырлар. Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында, жобалануында, қару-жарақ, сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал, егін шарушылығымен қатар қолөнер, үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды. Өндеу кәсібі дамыды. Темір мен қоладанеңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа, сырға, түрлі әшекейлі заттар жасалды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу өнері дамыды.[4]
Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Шаруашылығы
Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өндейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — солзамандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақша, жеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.Шу, Іле бойындағы елді мекендердің орнынан күйдірілмеген кірпіштен қаланың, таға тәрізді жасалған жер ошақтар, тік бұрышты тұрғын үйлер табылды.
Қоғамы
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлықтайпа көсемдерінің қолы на жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын кыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз. Қазылған обалардың аумағы әр түрлі. Кейбіреулерінің биіктігі 10-12 м, аумағы 40 м-ге дейін жетеді. Адам сүйегімен бірге көмілген заттардың санына, сапасына қарағанда, үлкен қорғандарға тайпа көсемдері, ақсүйектер, одан кішісіне қауымның қарапайым мүшелері жерленген. Билік мұрагерлік жолменәкеден балаға ауысып отырған. Оған "бек" аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнаң жасақ, көші-кон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады.