Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты?: "Елімізді? ерте?і б?гінгі жас ?рпа?ты? ?олында", - дегені б?рімізге белгілі. Еліміз ?ркениетті елдерді? ?атарынан орын алып, ?рпа?ымыз ?о?ам ?ажеттілігіне сай болып жатса, б?л – ?стаздарды? е?бегіні? жемісі. Олай дейтін себебіміз а?ынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ?стаз т?рбиелейді. М??алімі ?андай болса, ?о?амы да сондай болма? делінген б?лжымас за?дылы? ерте уа?ыттарды? ?зінде-а? белгілі болды. Адамзат ?ркениетіні? даму тарихында жа?сы мектебі мен м??алімдері бар мемлекет ?ана озып шы??ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары Орта ?асырларда?ы Африка»
Күні:
Пәні: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Африка
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:Орта ғасырлардағы Африка құрлығында орналасқан
мемлекеттерінің географиялық орны және саяси тарихы,
мәдениеті туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше
тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін
арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін
сүйетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу және сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Саяси карта, түрлі мәдени суреттер, интерактивті тақта,
слайд, кесте, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Білімін жан–жақты жетілдіру
Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бекіту
Қорытындылау
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгелдеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
г) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
1 топ – « Ақиқат» тобы
2 топ – « Тапқыр» тобы
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Екі топқада ортақ және жеке тапсырмалар беріледі. Қай топ жылдам және
дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі. Екі топтың жарысы сабақтың
сонына дейін жалғасып отырады. Топтардың ішінде белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.
1 тапсырма: «Мен көп білемін»
Бұл тапсырмада Орта ғасырлардағы ғылым негізін салушыларды айтып беру
2 тапсырма: Сызбамен жұмыс (толық тоқталу)
ІІІ Білімін жан–жақты жетілдіру
3 тапсырма: «Кім тапқыр»
1. Түркі халықтарының эпостары жөнінде не білдіңіздер?
2. (сурет) қандай кесене және қай жерде орналасқан?
3. Орта ғасырлардағы сәулет өнері туралы айтып беріңдер?
4. Орта ғасырлардағы бейнелеу өнері туралы айтып беріңдер?
4 тапсырма: «Тарихи жұмбақ»
Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Ең алғашқы мемлекет
Пайда болған құрлықты
Табындаршы өздерің
Жұмбақтадым қай жерді
Айтындаршы ал енді? (Африка)
Сонымен біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Орта ғасырлардағы Африка.
ІV Жаңа сабақ
Жоспары:
Египет, Аксум, Гана, Мали, Сонгай мемлекеттері.
Африка елдерінің мәдениеті.
Египет, Аксум, Гана, Мали, Сонгай мемлекеттері
Египет (Мысыр елі) – Африкадағы ең ежелгі мемлекет. ІV ғасырда халқы христиан дінін қабылдады. 639-642 ж.ж. Арабтар жаулап алып, ислам дінін қабылдап, араб тіліне көшті. ІХ ғасырда Араб халифаты әлсіреп, Египет тәуелсіздік алды. Тулунилер, Фатимилер, Айюбилер әулеттері басқарған дербес мемлекеттер құрылды. 1171 жылы Салах-ад-дин бастаған Айюбилер әулеті өкімет билігін қолына алып, мәмлүктерден құрылған ұлан ұстады. 1250 жылы Бейбарыс сұлтан бастаған мәмлүктер өкімет билігін қолына алды.1517 жылы мәмлүктерді түріктер жеңіп, Египетті Осман империясын қосып алды.
Аксум – орта ғасырларда Африкадағы қуатты мелекеттердің бірі. Ол қазіргі Эфиопия мемлекетінің шекарасында ІІІ ғасырда құрылды. Қоғамдық және экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрап, ұжымдық меншік сақталды. Уақыт өте келе мемлекеттік меншік орнады. Аксумның шаруашылығы натуралды болды. Сырт елдермен сауда жасады. ІV ғасырда христиан дінін қабылдады. VІІ ғасырда Аксум мемлекеті құлады.
Гана – Африканың батысында орналасқан. VІІІ ғасырда күшейіп, ІХ ғасырда көшпелі берберлермен жиі соғысты. 990 жылы зенга тайпасын жеңді. Батыс Африка елдерімен саудадағы үстемдігін орнатты, сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. ХІ ғасырдың аяғында Марокко сұлтандары Гананы басып алып, 10 жылдай үстемдік жүргізді. Ислам діні қабылдады. ХІІІ ғасырдың басында Гананы Мали патшалығы жаулап алды.
Мали – VІІІ ғасырда қалыптасты. ХІ ғасырда ислам дінін қабылдады. Араб көпестерімен жақсы қарым-қатынаста болды. ХІІ ғ.ІІ жартысында экономикалық және саяси қуаты күшейді. Басқыншылық соғыстар жүргізіліп, бірнеше елдерді басып алды. Тунис, Алжир, Марокко, Египет елдерімен жүйелі сауда қатынасын орнатты. Қоғамның негізін патриархалды отбасы құрады, бірнеше отбасы Дугаға бірікті (қолөнершілер, дихандар, құлдар).
Сонгай – Мали мемлекетінің шығысында, қазіргі Нигер, Нигерия мемлекетінің жерін алып жатқан ортағасырлық мемлекет.ХVғ. тәуелсіздік алып, жарты ғасырлық уақыттың ішінде көптеген жерлерді жаулап алған. Қоғамдық
құрылысы құл иеленушіліктен феодалдық қоғамға өту кезеңінде болды.Құлдар еңбегі қолөнерде кең пайдаланылды. Қала тұрғындары – еріктілер деп аталды.
Ірі қалаларда шеберханалар жұмыс істеді. (25-50, 75-100 адам)ХVІ ғ. Сонгай мемлекетінде ішкі таластар, көтерілістер күшейді. 1591ж. Сонгай Марокко әскерінен жеңіліп құлады.
2. Африка елдерінің мәдениеті.
V Жаңа сабақты бекіту
5-тапсырма. «Тұрғыда тұр» ойыны (тақтадағы тапсырмаларға жауап беру)
Египет
Аксум
Гана
Мали
Сонгай
6-тапсырма. «Тарихи диктант»
1 топтың тапсырмасы
Африкадағы ең ежелгі мемлекет......Египет........... еді. Арабтар .639-642.... жылдары бұл мемлекетті басып алды. Шаруалар қазынаға .....харадж.... деп аталған жер салығын төледі. 1171 жылы өкімет басына келген Айюбилер әулеті..........мамлюктер............ деп аталған құлдардан құрылған ұлан ұстады. ..1250. жылы олар өкімет билігін басып алды. VІІІ ғасырда Африканың батысында.....Гана.......... мемлекеті күшейді. ХІІІ ғ. басында бұл мемлекетті .......Мали.... патшалығы басып алды. ІІІ ғ. құрылған Аксум мемлекеті қазіргі .....Эфиопия........... жерінде орналасқан. Мали сыртқы байланысты дамытып, .......... Тунис, Алжир, Марокко,Египет ....мемлекеттерімен жүйелі сауда қатынастарын орнатты.
2 топтың тапсырмасы
Қазіргі Мали мемлекетінің шығысында, қазіргі Нигер, Нигерия .................... мемлекеттерінің шекарасында ортағасырлық Сонгай мемлекеті өмір сүрді.
ХІ ғ.басында .....Каир қаласында............ “Білім үйі” ашылды. ..1004........ жылы обсерватория салынды. ...VІІІ... ғасырда “Әл-Китаб” деген грамматика
саласындағы атақты трактат жазылды. VІІ ғ. 40 жылдары Фустатта ..... Әл-Аса ....... мешіті, ....ХІ..ғ.70... жылдары Каирде ..... Ибн- Тулун.... мешіті,
ХІІІ ғ.аяғында ....Қалауын .сұлтанның...... сарайы салынды. .. VІІ...ғ.ортасында араб жаулап алушылықтары салдарынан Египеттегі .музыка... өнері өзгеріске ұшырады.
VІ Қорытынды.
7-тапсырма
Картамен жұмыс
8-тапсырма: «Кім жылдам» 1 сөз артық, оны тауып себебін түсіндір.