kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? "Бірінші д?ние ж?зілік со?ыс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Осы та?ырып бойынша тест с?ра?тарын ?здері ??растырады.

1. ?аза? ?дебиетіні? дамуында Абайды? сі?ірген е?бегі (Жазба ?дебиетіні? негізін ?алаушы).

2. Абай семейде ?ай медреседе о?ыды? (Ахмет Риза медресесі).

3. Абайды? демократиялы? ба?ытта ?алыптасуына кімдерді? р?лі ?сер етті? (С.Гросс,Михаэлис,т.б.).

4. 1879ж. Ыбырай Алтынсарин мектептерді? инспекторы болып та?айындал?ан облыс (Тор?ай).

5. Ыбырай Орынбор шекаралы? комиссмясы жанында?ы мектепті алтын медальмен бітірген жыл (1857)

             ?орытынды. Б?гінгі к?нні? талабы ?рбір о?ушы?а т?бегейлі білім мен м?дениетті? негіздерін беру ж?не оларды? жан-жа?ты дамуына ?олайлы жа?дай жасау. Сонды?тан білім беру ж?йесінде жеке  т?л?аны дамытып,білімді азамат ретінде ?алыптастыру ?шін озы? педагогикалы? технологияларды? р?лі ерекше.         

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? "Бірінші д?ние ж?зілік со?ыс"»

Тарих пәнінің мұғалімі Калакбасова Ажар Атаркалиевна


9-сынып

Дүние жүзі тарихы

Сілтеме

Дүние жүзі тарихы 9-сынып әдістемелік нұсқаулық, әдістемелік журнал

Сабақтың тақырыбы

І-ші дүние жүзілік соғыс

Сабақтың мақсаты

Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін ашу, соғысушы мемлекеттердің мақсаттарын айқындау және оның екі жақтан да әділеттсіз болғанын көрсету. Соғыстың тұтануына басқыншылық саясат жүргізген барлық елдердің империалистері кінәлі екеніне назар аударту. Бейбітшілікті сақтау- әлем халықтарының басты міндеті екенін ұғынуға баулу.

Күтілетін нәтиже

Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін ашып, соғысушы мемлекеттердің мақсаттарын айқындайды. Соғыстың зардабы қаншалықты ауыр екенін дәлелдейді.Топта белсенділік танытады.Ойларын толық жеткізеді. Сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың көрнекілігі

Дүниежүзі картасы, слайд, бейне материал, таратпа материалдар


Іс-әрекет


Ұйымдастыру

Топқа бөлу

«Шаттық шеңбер» жақсы тілек тілеу

1-ші топ : Германия

2-ші топ : Франция

3-ші топ :Ұлыбритания (суреті белгіленген оқушы жетекшілік етеді, бағалайды)

1минут

2минут


Білу

Оқушылар дөңгеленіп отырған қалпымен алдарына берілген «Мен соғысты жек көремін» өлең жолдарын әр топ мәнерлеп оқиды. Осыдан сабақтың тақырыбы бірінші дүниежүзілік соғысы екені айтылады.

2 минут

Көпір

Жаңа тақырыпқа түрткі болатындай ой түйіндеу, интербелсенді тақтада шыққан сұрақтарға жауап беру.

1) ХХ ғасыр басы дүниежүзіндегі қалыптасқан қандай жағдаймен ерекшеленеді?

2) «Үштік одақ» қай жылы құрылды?

3) «Антанта» блогы қай жылы құрылды?

4) Соғыс барысында Ұлыбритания мен Францияның көздегені?

5) Патшалы Ресейдің көздегені?

6) Австро-Венгрияның көздегені?

7) Германияның қалауы?

5 минут

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

«Соғыс көрінісі» видеоролик қарау

1,5 минут


Мәтінмен жұмыс

Барлық топқа ортақ тапсырма. Қай топ бірінші дайын болады сол топ жауап береді. Калғандары толықтырады.

Тапсырма: Соғыстың басталуына түрткі болған жағдай?

2 минут


Қолдану

Мазмұнды сызбамен жұмыс

1-топ –«Шлиффен жоспары», «Марна шайқасы»

2-топ - Италия әрекеті және теңіз шайқасы Мәрмәр теңізі мен Дарданелл бұғазы

3-топ - «Верден қырғыны» мен «Сомма шайқасы» әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ойларын постерге түсіріп, топ мүшелері түсіндірме жүргізіді.

10 минут

Талдау

Соғыстың аяғының көрінісі

(тапсырма)


Жинақтау

«Білім торы» әдісі. Оқушылар,барлық топ ортаға шығады да дөңгелене тұрады. Орама жіпті бір-біріне бере отырып тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушы сұраққа жауап береді де келесі оқушыға сұрақ кояды.


Бағалау

Бағалау парағы бойынша жұмыс бағаланады.


Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады

Смайликтерге өзінің ойын жазған стикерлерді жапсырады


















Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы тұлғалар туралы білімдерін шыңдай отырып, олардың тарихтан алар орнын таныту.

Дамытушылық: қосымша тарихи материалдармен білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік: ұлттық патриотизмге, білім, ғылымға деген көзқарастарға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, география.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылығын ояту кезеңі. Әдебиет сабағымен байланыстыра отырып,екі ақынның өлеңдерінен үзіндіні жатқа оқимын.


1. Бір Аллаға сиынып,

Кел,балалар,оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

2. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та,бар қалан!


Сұрақ: Осы өлең үзінділерінің авторларын атаңдар! Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин» (оқушылар екі топқа бөлінеді).


ІІ. Мағананы тану кезеңі: Зерттеу әдісі.


1-топ: Абай Құнанбаев. 2-топ: Ыбырай Алтынсарин.


Білемін

(Сабаққа дейін)

Білгім келеді

(Болашақта)

Үйрендім

(Сабақта)








Өздігінше жұмыс істеген әр топтың белсенділерін жеке-жеке тыңдау,олар бірінші-екінші графа бойынша жұмыс жүргізеді,тыңдайды. «Білгім келеді» деген графаны соңына таман толтырады. Сабақ барысында өздері оқыған,іздеп тапқан қосымша зерттеулер,кабинеттегі қосымша әдебиет, тарих бұрыштары, оқулық материалдары негізінде әр оқушы өз бетімен іздене отырып, хронологиялық кесте түзеді. Сол кестені негізге ала отырып жасаған жұмыстарын алмастырады да «Топтастыру» әдісімен жұмыс жасайды.


Абай Құнанбаев Ыбырай Алтынсарин

Сазгер Қоғам қайраткері

Ақын Жазушы

Аудармашы Ағартушы

Шешен Оқулық авторы

Ойшыл Мектеп инспекторы

Жазба әдебиетінің негізін салушы.


ІІІ. Ой толғаныс кезеңі. «Үйрендім» графасын толтырады. Жаңа ақпараттар жазған оқушыларды тыңдау, талқылап таңдау жүргіземін. Сонымен қатар оқушыларды ойландыратын бірнеше проблемалық сұрақтар қоямын.

1. Ы.Алтынсаринның ағартушылық көзқарастары қалай қалыптасты?

2. Абай шығармаларына,көзқарасына қандай жағдайлар әсер етті?



Осы тақырып бойынша тест сұрақтарын өздері құрастырады.

1. Қазақ әдебиетінің дамуында Абайдың сіңірген еңбегі (Жазба әдебиетінің негізін қалаушы).

2. Абай семейде қай медреседе оқыды? (Ахмет Риза медресесі).

3. Абайдың демократиялық бағытта қалыптасуына кімдердің рөлі әсер етті? (С.Гросс,Михаэлис,т.б.).

4. 1879ж. Ыбырай Алтынсарин мектептердің инспекторы болып тағайындалған облыс (Торғай).

5. Ыбырай Орынбор шекаралық комиссмясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген жыл (1857)


Қорытынды. Бүгінгі күннің талабы әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып,білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін озық педагогикалық технологиялардың рөлі ерекше.












І-ші: 1917ж «Ақпан революциясы»

1. 1917 жылы 27 ақпандағы революцияда...

А)патша билігі орнады В) монархия құлады С) революция жеңді

2. Қанша өкімет орнады.

А)қос өкімет В) демократия С) монархия

3. Уақытша өкімет нені көздеді.

А) патша билігін орнатуды В) капитализмді дамытуды С) халықтық билікті

4. Ресейде монархияны қашан құлатты.

А) 1917ж 27-қазанда С) 1917ж 27-қаңтарда С) 1917ж 27-ақпанда

5. Уақытша өкіметті кім басқарды.

А) Керенский В) Калпаковский С) Крыжановский

6.1917ж Қазақстанның ішкі өмірін тұрақтандыру үшін Уақытша үкіметтің қабылдаған шаралары.

А) Жазалаушы отрядтар шақырылды В) несиелер бөлінді С) темір жолдар салынды

7. Торғай облысында Уақытша үкіметтің комиссары

А) М Тынышбаев В) Ә Жангельдин С) Ә Бөкейханов

8. 1917ж «Жамалият Мағариф» қоғамы жиналысының себептері.

А) сауаттылық үшін В) сауда үшін С) революцияны насихаттау

9. Қазақ өлкесінің автономиялығын қарастырған жалпықазақтық бірінші съезд Орынборда...өткізілді.

А) 1917ж желтоқсанда В) 1917ж шілдеде С) 1917ж тамызда

10. Уақытша халықтық кеңес «Алаш орда» үкіметі құрылған мерзімі.

А) 1917ж В) 1918ж С) 1919ж

11. Алашорда үкіметін басқарған:

А) М Шоқай В) Б Қаратайұлы С) Ә Бөкейханов

12. 1916жылғы ұлт-азаттық революция кезінде қазақ зиялыларының басқару әуенінде басты сарын.

А) революцияны жалғастыру В) қазақ ұлысын сақтап қалу С) бірігушілік идеясы

13. Қос үкіметтілік:

А) уақытша үкімет пен монархия В) Уақытша үкімет пен «Алашорда» С) уақытша үкімет пен кеңестер

14. Бірінші Кеңес Үкіметінің басшысы болып сайланды.

А) И Сталин В) В Ленин С) Л Троцкий

15. «Қазақ» газеті шыға бастады

А) 1913жылы В) 1917жылы С) 1916жылы



ІІ-ші; Қазастандағы саяси партиялар

1917ж шілдеде Верныйда « -------------------------------------------------------------------------------------«

Сергиопольде ( Аягөзде) «---------------------------------------------------------------------------------------«

Петропавл қаласында «----------------------------------------------------------------------------------------«

Әулие ата мен Меркіде «----------------------------------------------------------------------------------------«

Ақмолада құрылған ұйым «-----------------------------------------------------------------------------------------«

1917ж қыркүйекте мұсылман партиясы «-----------------------------------------------------------------------«



ІІІ: Сұрақ-жауап

1.Үлкен өзгерістер әкелген ай; --------------------------------------------------

2. Ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі: --------------------------------------------------

3. С Сейфулин жетекшілік еткен ұйым : --------------------------------------------------

4.Ә Бөкейханов мүше болған партия: ----------------------------------------------------

5. «Қазақ жастарының революцияшыл одағы ұйымының жетекшісі: ------------------------------------------

6. Уақытша Үкіметтің төрағасы: ------------------------------------------------------------------

7. Қазақ зиялысы, 1916 ж Жолдаудың авторларының бірі: ---------------------------------------------------------

8. Ұлттық демократиялық партия: ----------------------------------------------------------------------------------------

9. Жалпы қазақ съезі болған қала: -----------------------------------------------------------------------------------------

Керек сөздер: ( Ақпан, Иманов, Жас қазақ, Кадет, Рысқұлов, Керенский, Байтұрсынов, Алаш, Орынбор)



9-сынып: Кеңес Үкіметінің құрылуы.

1.Қазақстан қоғам қайраткерлерінің ішінде Ресейде 1917 жылғы қазан айында болған жағдайды ... «мемлекеттік төңкеріс» деп атаған.

А)Х. Досмұхамедов В)А. Байтұрсынұлы С)Ә.Бөкейханұлы Д)М.Шоқай Е)М. Жұмабаев

2. Бірінші Кеңес Үкіметінің басшысы болып сайланған:

А)В.Ленин. В)И.Сталин. С)Л.Троцкий. Д)Г.Зиновьев. Е)Л.Квменев.

3. «Қазақ» газеті

А)1917 жылы шыға бастады В)1916 жылы шыға бастады. С)1915 жылы шыға бастады. Д)1913 жылы шыға бастады .Е)1918 жылы шыға бастады.

4. «Алаш» партиясы баспасөз органының аты:

А. «Туркестанский курьер» В.«Степнои краи С. «Қазақ» Д.«Айқап» Е.«Семипалатинский листок»

5.Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жариаланған күн:

А.1918ж/дың 30сәуір В.1918ж/дың 30қаңтар С.1917ж/дың 30қарашасы

Д.1919ж/дың 30ақпаны Е.1920ж/дың 30қарашасы

6. «Үш жүз» Қырғыз (Қазақ)партиясының құрылан уақыты:

А.1917ж/дың 17наурыз В.1916ж/дың 17наурыз С.1920ж/дың 17наурыз

Д.1918ж/дың 17наурыз Е.1919ж/дың 17наурыз

7.1919ж.Қырғыз әскери-ревалютциялық комитеттің құрамына енгізілген

«Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі:

А.Ә.Бөкеиханұлы В.А.Баитұрсынұлы С.Ә.Жангелдин Д.М.Шоқай Е.М.Дулатұлы

8.Қырғыз (Қазақ) социалистік партиясы («Үш жүз») құрылған жылы:

А. 1918ж В.1917ж С.1916ж Д. 1920ж Е. 1919ж.

9. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары Ақмолада оқушы жастар өкілдерінен ұйымдастырылған ұйымның атауы.

А. «Айқап» В. «Демократиялық жастар кеңесі» С.«Жас қазақ» Д. «Жас Республика» Е «Талап».

10. 1917ж 17-наурызда Ташкентте құрылған Түркістанның саяси қоғамының атауы

А. «Үш жүз» В. «Талап» С. «Шуро-и-ислам» Д. «Алаш» Е. «Жас Өсірек»

11. Петроградта қарулы көтеріліс басталған кезең:

А. 1917ж 24 қазан В. 1917ж 28 қазан С.1918ж 28 қазан Д. 1918ж 18 қазанЕ. 1917ж 5 желтоқсан.

12. «Ресей халықтары құқықтарының Деклорациясы» жарыққа шықты:

А. 1918ж В. 1917ж С. 1919ж Д. 1920ж Е. 1916ж

13. Ресей халқының өзін-өзі еркін таңдау құқығы жария етілген Кеңес Үкіметінің құжаты.

А.«Барлық еңбеккерлеріне арналған Үндеу» В. «Ресей халықтарының құқықтарының Декларациясы» С. Бейбітшілік жөніндегі Декрет»Д. «Жер жөніндегі декрет» Е. «Сәуір тезистері»

14. Кеңес үкіметі бірінші орнатылған Қазақстан каласы.

А. Перовск В. Орал С. Орынбор Д. Петропавл Е. Ақмола

15.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнаған уақыт аралығы.

А. 1917ж қазан—1918ж наурыз В. 1917ж қазан—1919ж қараша

С. 1918ж қаңтар—1919ж қараша Д. 1918ж наурыз—1919ж караша

Е. 1917ж караша—1920ж наурыз

16. Торғай өлкесінде Кеңес үкіметінің орнауы .....қаласымен байланысты.

А. Семей В. Орынбор С. Шымкент Д. Орал Е. Қостанай


17. Алашорда Үкіметін басқарды ..................................................... .

18. Қоқан автономиясын басқарды ................................ кейін ...................................... .

19. 1918ж 30 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде құрылған ......................................................

.....................................Республикасы жарияланды.

20. 1917жылы Түркістанның Ташкентте құрылған ұйымы ..................................................... .






Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы.

1.Шетелдік соғыс интервенциясының өрті қашан тұтанды

А.1917 В.1916 С.1918

2. Интервенциясының өрті қаи аида тұтанды

А.К өктемде В.Қыста С.Күзде

3.Шығыс маиданда қанша мыңдық лигион құрылды!

А.40 В.50 С.51

4.Лигион қарусыздандырылып қаида аттандырылды!

А.Владивасток В.Омбыға С.Киевке

5.Орал- Орынбор казактарын бастаған атаман!

А.А.Иманов В.И.Дутов С.М.Шоқай

6.Мәскеу мен Ярославль де көтеріліс қаи аида болды.

А.шілде В.тамыз С.қазан

7.ІІ Николай қашан атылды !

А.1918 15шілде В.1918 14шілде С.1918 16шілде

8.Императорлық әулеттің қанша адамы өлтірілді!

А.19 В.18 С.17

9.Ақтар мен қызылдардың әскерінің қанша пайызы шаруалар!

А.80 В.90 С.40

10.Патша офицерлерінің қанша пайызы қызылдарға қызмет етті!

А.30 В.40 С.20

11.Қазақстанда ең алғаш Азамат соғысының ошағы қаи қалада паида болды!

А.Ақтөбе В.Ақмола С.Орынбор

12.1918ж шілдеде Орынборды кім басып алды!

А.И.Дутов В.Колчак С.Ә.Жангелдинов

13.Алаш орда қару- жарақты қаидан алды!

А.Самара В.Омбыдан С.Мәскеуден

13.Ә.Жангелдин қай майданға көмектесті!

А.Шығыс В.Ақтөбе С.Ақмола

14.1919ж жазда шығыс маиданда кімнің әскері жеңілді!

А.Колчак В.И.Дутов С.Алашорда

15.Азамат соғысы қашан аияқталды!

А.1919ж В.1920ж С.1921ж


9-сынып: «Әскери коммунизм» «Казревком және оның қызметі»

1. Әскери коммунизм қай қажеттілігінен қалыптасты?

А) соғыс қажеттілігінен В) реформа қажетінен С) стратегия қажетінен

2. Национализацияландыру ..........

А) мемлекет қарамағына өту В) халық қарамағына С) әкімшілікке өту

3. Саясатты еңгізуімен қалыптасты .....

А) өндіріс дамыды В) азық-түлік салғырты С) монополие дамыды

4. Ақшалай жалақының орнына ....

А) «паек» карточка В) несие бару С) жалақы берілмеді

5. Күшпен тартып алынды.

А) жер телімі В) кәсіпорын С) артық өнім

6. Реквизициялау .....

А) көмек көрсету В) тартып алу С) таратып беру

7. Қазақстанда қанша өнеркәсіп мемлекетке өтті.

А) 200-ден астам В) 100-ден астам С) 300-ден астам

8. Жаппай аштық болған жыл.

А) 1920ж В) 1919ж С) 1923ж

9. «Даладағы аштық» мақаласын кім жазды.

А) М Дулатов В) Т Рысқұлов С) А Байтұрсынов

10. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдай қай жылға дейін созылды.

А) 1922ж дейін В) 1925ж дейін С) 1923ж дейін

11. Түркістан АКСР-ның астанасы.

А) Орынбор В) Ташкент С) Орал

12. «Қырғыз ( Қазақ) АКСР құру» туралы Декрет ...жарияланды.

А) 1920ж 26-тамыз В) 1920ж 20-тамыз С) 1920ж 16-тамыз

13. Қазақ Кеңестік Ұлттық мемлекетінің туған күні.

А) 1920ж 15-қазан В) 1920ж 17-қазан С) 1920ж 4-қазан

14. Қаз АКСР ОАК ( ЦИК) төрағасы

А) С Сейфуллин В) С Мендешев С) Т Рысқұлов

15. Қаз АКСР Халық Коммисарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы.

А) Б Қаратаев В) В Радус-Зенькович С) А Байтұрсынов

16. 1920-1924жж Қаз АКСР-нің алғашқы астанасы.

А) Орынбор В) Ақмешіт С) Қостанай

17. « Қаз АКСР еңбекшілері құқықтарының жарлығының» қабылдауы:

А) 1920ж 6-қазан В) 1921ж 9-қазан С) 1923ж 11-қазан

18. «Қаз АКСР-нің еңбекшілерінің Декларациясы қай жылға дейін жұмыс істеді.

А) 1935ж В) 1934ж С) 1937ж

19. 1926ж санақ бойынша қазақтар бүкіл Республика халқының ......% құрады.

А) 70 % В) 61,3 % С) 55,3 %

20. 1926ж Қазақ халқының саны қанша болды.

А) 5 млн 230 мың В) 6 млн 200 мың С) 4 млн 250 мың

21. Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

А) 1926 жылы В) 1924 жылы С) 1927 жылы

22. «Қосшы одағы» қай жылы құрылды.

А) 1922ж В) 1920ж С) 1921ж

23. «Қосшы одағының» атауы қай жылы өзгеріп, қалай аталды.

А) 1930ж «Кедей одағы» В) 1931ж «Шаруа одағы» С) 1932ж «салдат одағы»

24. «Нақты ет салығы туралы» декрет еңгізілді.

А) 1922ж 14.ІІ. В)1923ж 14.ІІ. С) 1921ж 14. ІІІ.

25. Жер-су реформасы жүргізілді.

А) 1921ж Жетісуда В) 1921ж Семейде С) 1922ж Қостанайда

26. Қай кезден бастап ақшалай салық еңгізілді.

А) 1925ж 1-қаңтар В) 1924ж 1-қаңтар С) 1923ж 2-қаңтар





9-сынып: « ЖЭС» жүргізілүі.

1. 1928 жылы егістік жер көлемі өсті:

а) 1,2 млн. га в) 2,1 млн.га с) 4,4млн.га

2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды:

а) 1919 ж в) 1921 ж с) 1920 ж

3. Қазақтар қашан ет салығынан босатылды?

а) 1921 ж. 14 маусым в) 1922 ж. 15 тамыз с) 1920 ж. 19 қараша

4. 1921-1922 ж.ж. аштықтың қазақ халқына тигізген басты зардабы:

а) салық көбейтілді в) демографиялықжағдай ауырлады С) жұқпалы ауру тарады

5. Ертіс өңірінен қазақтарға қайтарылған жер көлемі:

а) 1 млн. десятина в) 460000 десятина с) 390000 десятина

6. «Қосшы одағы» қашан құрылды?

А) 1919 ж. В) 1920 ж. С) 1921 ж.

7. 1921 ж. Шаруалардың «азық-түлік салғыртына» наразылығын пайдаланды:

А) кеңеске қарсы элементтер в) уақытша үкімет с) большевиктік топ

8. Ақшалай салық қашан енізілді?

А) 1924 ж. 22 желтоқсан в) 1924 ж. 1 қаңтар с) 1924 ж. 19 наурыз

9. Ауыл шаруашылық несие қоғамы несиені қанша жылға берді?

А) 10 жылға в) 3-5 жылға с) 7-9 жылға

10. ЖЭС жылдары көлік салығы мен ақшалай түтін салығы орнына енгізілген салық түрі:

А) бірыңғай заттық салық в) баж салығы с) айырбас

11. 1920 ж. В. И. Лениннен ұлттық мемлекеттік статус беруін талап еткен қазақ зиялылары:

А) Т. Рысқұлов, А. Байтұрсынов в) Ә. Бөкейханов, М. Шоқай С) С. Сәдуақасов, М. Дулат

12. А. Байтұрсынов пен М. Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді?

А) Ақмола в) Қостанай с) Орынбор

13. 1926 ж. Халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады?

А) 91% в) 61,3% с) 54,2%

14. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кімдерге түсті?

А) байларға в) малшыларға с) саудагерлерге

15. Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы:

А) 2 в) 3 с) 4

16.1926 ж. Санақ бойынша республика халқының саны:

А) 7 млн. в) 9 млн. 180 мың с) 10 млн.

17. 1920 ж. Семей губерниясындағы басты жәрмеңкелер:

А) Қоянды, Баянауыл в) Темір, Атбасар с) Ойыл, Орда

18. Республикада ЖЭС жылдары қанша трест болды?

А) 5 в) 7 с) 15

19. Республика өнеркәсібін қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталды?

А) 1927-1928 ж.ж. в) 1921-1922 ж.ж. с) 1925-1926 ж.ж.

20. ЖЭС қай жылға дейіе созылды?

А) 1925 ж. В) 1929 ж. С) 1936 ж.











Ашық тест тапсырмасы: « ЖЭС»

1. 1921 жылғы ақпан ............. адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.

2. 1921 жылғы наурыз - ................. 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді.

3. ..................... уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

4. ЖЭС-тің мәні - ........................................................................................

5. 1921 ж. Жазда қуаңшылық болып, малдың........% қырылды.

6. 1921 ж. 14 маусым - «......................................................» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.

7. ...........ж. - егістіктің 60% -на Кеңес үкіметі берген дән себілді.

8. 1922 ж. - мал сатып алу үшін ................................. сом бөлінді.

9. .......... ж. - Жетісуда жер реформасы жүргізілді.

10. Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне .......... мың десятина жер қайтарылды.

11. ....................................... - «Айырбас туралы» декрет жарияланды.

12. ..........ж. - 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.

13. 1920 жылғы 17 сәуір - ........................... В.И.Ленинге хат жолдап Қазақ елңін билеудің жолын ұсынды.

14. 1925 жылғы 15-19 сәуір - Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық V съезінде «.................................» атауы берілді.

15. 1925 жыл, ақпан - Қырғыз облыстық партия ұйымы ..........................................

Болып өзгертілді.

























9-сынып: Қорытынды тест

1. 1916 жылдағы көтерілістің себептері:

А) Болысты өлтіру ә) отарлық саясат б) либерал-демократиялық зиялылардың ұрандары

в) бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлық г) жерлерді тартып алу

2. 1916 жылғы 25 маусымдағы тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлыққа немен жауап берді:

А) көтеріліспен ә) жергілікті әкімшілікке наразылық көрсетумен

б) жалпыға бірдей мобилизациямен в) еріктілер бригадаларын құрумен

г) мұсылман дінбасыларының наразылығымен

3. Жергілікті халықты отаршыл әкімшілікке қарсы қарулы күреске шақырған партия, топ немесе ағым?

А) Алаш ә) үш жүз б) шура-улема в) шура-ислами г) қазақ газеті

4. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қазақ либерал-демократиялық зиялыларының көзқарасы?

А) күш көрсетушілікке қарсы болды Ә) көтерілісшілерге қосылды

Б) бағынбауға шақырды В) ымыраға келу саясатын ұстанды Г) халық қозғалысын басқарды

5. 1916 жылы 11 тамызда патша самодержавиесіне қарсылық көрсетпеуге шақырып қазақ халқына үндеу жариялады:

А) үш жүз партиясының өкілдері ә) С.Қадырбаев пен М. Тұнғаншин Б) Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов

в) Шура-ислами ұйымының өкілдері Г) М. Дулатов пен Б.Қаратаев

6. Уақытша үкіметтің патша саясатын қайта қарау саласындағы атқарған іс-шаралары:

А) тыл жұмысына алынған жұмысшыларды қайтарды Ә) ұлттық автономия жөнінде жариялады

Б) отаршыл аппаратты жойды в) партиялар құруға тыйым салды

Г) байлардың жерлерін тәркіледі

7. Қазақ халқынан Уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалғандар:

А) Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай Ә) А.Иманов, Ә.Жангелдин, С.Құрманов

Б) Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев В) М.Дулатов, М.Айтпенов, К.Тоғысов

Г) С.Меңдешов, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншен

8. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөніндегі жарлық жарияланған жыл?

А) 1916 жылғы наурыз ә)1917 жылғы наурыз б)1918 жылғы ақпан в) 1919 жылғы тамыз г) 1920 жылғы сәуір

9. Алаш партиясы баспасөз органының аты:

А) Туркестанский курьер ә) Степной край б) Қазақ в) Айқап г) Семипалатинский листок

10. Бірінші жалпықазақ съезі өткен қала:

А) Ақмешіт ә) Әулиеата б) Орынбор в) Ақмола г) Омбы

11.Қазақ газетінің редакторы?

А) М.Жұмабаев ә) М.Дулатов б) А.Байтұрсынов в) Ж.Аймаутов г) Ш.Құдайбердиев

12. Қазақ тілтану ғылымының негізін салушы

А) С.Асфендияров ә) Қ.Сәтбаев б) Ш.Құдайбердиев в) М.Жұмабаев г) А.Байтұрсынов

13. «Маса» атты өлеңдер жинағының авторы?

А) М.Жұмабаев ә) М.Дулатов б) А.Байтұрсынов в) Ж.Аймаутов г) Ә.Бөкейханов

14. Бірінші қазақ романы –«Бақытсыз Жамалдың» авторы:

А) М.Жұмабаев ә) М.Дулатов б) А.Байтұрсынов в) Ж.Аймаутов г) Қ.Сәтбаев

15. 1917жылы 25қазанда (7қарашада) үкіметтің міндеттерін атқару кімдерге берілді?

А) Уақытша үкіметке ә) Халық комиссарлары кеңесіне б) Алашордаға

В) жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесіне Г) қоқан автонмиясы үкіметіне

16. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үдерісі өткен мерзім:

А) 1917 жылдың қазаны-1918 жылдың наурызы Ә) 1917 жылдың қазаны-1919 жылдың қарашасы

Б)1918 жылдың қазаны-1919 жылдың қарашасы В)1918 жылдың наурызы-1919жылдың қарашасы

Г) 1917 жылдың қарашасы-1920 жылдың наурызы

17.Қазақстандағы Кеңес өкіметі орнаған бірінші қала:

А) Перовск Ә) Петропавл Б) Шымкент В) Орал Г) Орынбор

18. Қазақстандағы Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнаған облыстар:

А) Сырдария, Торғай, Орал, Семей Ә) Торғай, Орал, Семей, Жетісу

Б) Сырдария, Ақмола, Бөкей Ордасы В) Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор Г) Сібір, Орынбор, Орал, Семей

19. Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы Жарияланған күн:

А) 1918 жылдың 30 сәуір Ә) 1918 жылдың 30 қаңтары

Б)1917 жылдың 30 қарашасы В) 1919 жылдың 30 ақпан Г)1920 жылдың 30 қарашасы

20. «Алаш» автономиясының құрылған уақыты:

А) 1917 жылдың желтоқсаны Ә) 1916 жылдың наурызы Б) 1920 жылдың наурызы

В) 1918 жылдың сәуірі Г) 1921 жылдың ақпаны

21. Қазақстандағы Азамат соғысы болып өткен жылдар:

А) 1918-1919 жылдар Ә) 1918-1920 жылдар Б) 1917-1920 жылдар В) 1917-1919 жылдар Г) 1917-1918 жылдар

22. Қазақстандағы Азамат соғысының алғашқы ошағы болған қала:

А) Петропавл Ә) Орал Б) Орынбор В) Перовск Г) Шымкент

23. Азамат соғысының өрістеуінде үлкен рөл атқарған 1918 жылғы бүлік:

А) Поляк корпусының бүлігі Ә) Чехославак корпусының бүлігі Б) Батыс Украин корпусының бүлігі

В) Румын корпусының бүлігі Г) Югослав корпусының бүлігі

24. Азамат соғысы жылдарында қабылданған саясат:

А) Жаңа экономиялық саясат Ә) Ұжымдастыру Б) Индустрияландыру

В) «Әскери коммунизм» саясаты Г) Тың игеру

25. 1920 жылдардағы аштықтан қаза тапқандар саны:

А) 200 мың адам Ә) 300 мың адам Б) 400 мың адам В) 1 млн-ға жуық адам Г) 750 мың адам

26. Қазревкомның құрылған жылы:

А) 1917 жыл Ә) 1918 жыл Б) 1919 жыл В) 1920 жыл Г) 1921 жыл

27.Қазақ АКСР құрылған күн?

А)1918 жылдың 18 сәуірі Ә)1919 жылдың 5 қазаны Б)1920 жылдың 4 қазаны

В)1921 жылдың 7 қарашасы Г)1922 жылдың 12 ақпаны

28.Жер су реформасын жүргізудің белсенді қайраткерлері:

А) Т.Бокин,Ә.Жангелдин Ә)В.Лукашев,А.ӘЛІБЕКОВ Б)Ә.Әйтиев,А.Әлібеков

В)Х.Ғаббасов,С.Сейфулин Г)О.Жандосов,А.Розыбакиев

29.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілген жыл?

А)1921 жыл Ә)1920 жылы Б)1919 жылы В)1922 жыл Г)1918 жыл

30.1924 жылдан бастап шаруалар толеген салықтың түрі?

А)ақшамен Ә)малмен және ақшамен Б)ақшамен және астықпен

В)малмен Г)астықпен және малмен

31.Жаңа эканомикалық саясатқа бағыт алған жыл?

А)1920 жыл Ә)1921 жыл Б)1919 жыл В)1922 жыл Г)1918 жыл


Ашық тест тапсырмалары

1. ____ж Қазақстанда барлық шаруашылықтардың ___% ұжымдастырылды.

2. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада ___млн. мал болса _____жылы 1 қаңтарда не бары ____млн. ғана мал қалды.

3. Қазақстан аумағында ___________жылдарында _____ жаппай толқулар мен көтерілістер болды.

4. Жаппай ұжымдастыруға қарсы _______ көтерілісі кезінде басып алған аудан орталығы _______.

5. Ұжымдастыруға қарсы _________________аталған істерді соттан тыс ________________ қарады.

6._____ж ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ___________________ туралы қаулы қабылдады.

7. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп кеткен адамдар саны _____ млннан астам.

8. ______ж ұжымшарлар мүшелерінің _____ болды, онда ауыл шаруашылығы артелінің жаңа үлгі _____________ қабылданды.

9. ______ж қарашада қиыр шығыстан Қазақстанға ______мыңнан астам _______ ұлты көшіріліп әкелінді.

10. Көшіріліп әкелген корейлерден ____________ және ____________ облыстарында _____ ұжымшар құрылды.

11. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты _____ жылы ______ съезде жарияланды.

12. Қазақстанда индустрияландыру ________ халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен_________ тұтас келеді.

13. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданған әдіс ______________ жүйеде басқару.

14. Қазақстанда индустрияландыруды бастау туралы шешім ____ жылы желтоқсанда БК(б)П-ның ___ съезінде қабылданды.

15. Қазақстанды индустрияландыру өлкенің _______ байлықтарына зерттеуден басталды.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба? "Бірінші д?ние ж?зілік со?ыс"

Автор: Калакбасова Ажар Атаркалиевна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293557


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства