САБАҚ: | Қазақстан тарихы | Пән: Қазақстан тарих |
Күні: | | |
СЫНЫП: | 9 |
Сабақтың тақырыбы | Тың игеру |
Табыскритерийі | Барлық оқушылар: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру жөнінде мәлімет алады |
Оқушылардыңкөпшілігіорындайалады: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің пайдасы мен зардаптарын ажырата алады |
Кейбір оқушылар орындай алады: 60 жылдардағы Қазақстанның халық шаруашылығын басқаруда болып өткен өзгерістер туралы, тың игерудің жаңсақ есептер мен бұра тартулар жөнінде білімдерін толықтырады |
Тілдікмақсат | Түйінді сөз тіркестері: Экстенсивті – сан жағынан көбею, кеңею, таралу, даму. Экстенсивті егіншілік техникалық прогрестің есебінен емес, қосымша материалдық және адам ресурстарын пайдаланудың арқасында дамиды. Қаракөл – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елітірі. Қаракөл әртүрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді Эрозия – қандай да бір нәрсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу процесі |
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Республика үкіметі ауыл шаруашылығын көтеру жөнінде қандай шаралар қабылдады? 50 ж басындағы ауыл шаруашылығының артта қалу себептерін атаңдар? Тың игерудегі жаңсақ есептер мен бұра тартулар неден көрінді? Тың өлкесі бұрынғы Кеңес Одағының әр түкпіріндегі еңбекшілерді қандай жеңілдіктермен тартты? |
Алдыңғы оқу: | Қазақстанда әскери өндірістік кешеннің қалыптасуы |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлері мен ауыстырыңыз) |
Басы | «Сазды әуен» әдісі арқылы оқушылар ортаға шығып, хормен интербелсенді тақтадағы сөзді оқып, ыммен досына жеткізеді. Тың жерлерді игеру жұмыстары жүргізілген облыстардың суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын қорытындылау үшін «Тарихи диктант» алынады. Жауабы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. Оқушылар тексеріп, дұрыс, бұрыстығын анықтайды. Сергіту сәті орындалады. Тың игеру жылдарына арналған бейнеролик көрсетіледі. Бейнероликтен түсінгендерін «Кинометафора» әдісі арқылы 3 мин талқылайды. |
Ортасы | Жаңа сабақты мұғалім бейнероликке қосымша өзекті мәселелерін түсіндіріп өтеді. «Кемпірқосақ» әдісі бойынша қайта кемпірқосақ түстері арқылы 6 топқа бөлінеді. Тақырыпты ары қарай 6 топқа бөліп береді. Топтар бастапқы топтарына қайта келіп, тақырыпты кеңінен талқылап, қорғайды. Әр топ өз тақырыптарынан постер қорғап шығады. |
Соңы | Жаңа сабақты қорытындылау үшін «Пошта жәшігі» әдісін қолданады. Бұл әдісте интербелсенді тақтадан ашық сұрақтар шығады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді. Бағалау парақшасына дискриптор арқылы топ басшылары бағалап, әділ бағасын шығарады. Сабақ соңында кері байланыс қолданылады. |
Қосымша мәліметтер |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беремін. | Дискриптор арқылы бағалау парақшаларына топ басшысы бағалап отырды. Оқушылар мадақтау арқылы үнемі бағаланып отырды. Сабақ соңында кері байланыс қолданылды. |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске астыма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? | Өзсабағыңыздыталдауүшін осы босорындыпайдаланыңыз. Солжақта берілгенсұрақтарғажауапберіңіз. . |
Сабақтың мақсаты орындалды. Бүгінгі сабақта оқушылар тың игеру жылдарында оқиғаларды толық меңгерді деп ойлаймын. Сабақ жақсы деңгейде өтті деп айта аламын. Өйткені оқушылар картамен де жұмыс жасап, берілген тапсырмаларды орындап шықты. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарға сәйкес 45 минуттың ішінде аяқталды. Бұл сабағымда «Кинометафора» әдісін қолдандым. Өйткені көлемді тақырып болған соң бейнеролик арқылы сол кездегі тың игеру жылдарындағы оқиғаны көрсетіп талдату еді. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1:Кинометафора әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты жақсы түсінді. 2: Кемпірқосақ әдісі бойынша тақырыпты кеңінен талқылады. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: «Ақылдың алты қалпағы» өйткені тың игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын ашып көрсету керек еді. Келесі сабақта қолданамын деп шештім. |