Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.
Выписка из ГОСОРК.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Выписка из типовой учебной программы
Жұмыс бағдарламасынан көшірме.
Выписка из рабочей программы
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.
Методическая разработка занятия
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме
Выписка из государственного стандарта РК
МЖМБС ҚР ДСӘДМ 29.07.2016 -661
ГОСО МЗСР РК 29.07.2016 -661
Қазақстан тарихы
Білуі керек:
Знать:
Қазақстан Республикасының бүгінгі әлемдегі орны мен рөлін. Ежелгі кездегі Қазақстанның құрылу негіздерін, Қазақ хандығының құрылу тарихын. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстанның жағдайын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың ерлігін;
Мемлекеттің суверенитеті мен егемендігінің тұрақталуын;
Істей білуі керек:
Уметь:
топтық сұхбаттарға қатысуды;
эссе, баяндама, мақала жазу кезінде қажетті мәліметті таңдап алуды;
хронологиялық мәліметтерді адам есімдері мен жер атауларын есте сақтауға дағдылану.
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы: 0302000- «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру оқыту бағдарламасы 0302033- «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»біліктілігі бойынша кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келеді және білім алушылардың келесі құзіреттерді меңгеруін көздейді:
БҚ-2.1. Қоғамдық өнер:қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
БҚ-3.2. Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді
Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Білім алушылардың оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей парметірлерге негізделуі керек:
Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).
Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, формациялар, өркениеттер).
Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (бөлімдер, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
№
Сабақ бөлімдерінің атауы
Название раздела занятия
Уақыт тәртібі
Временный режим
1
Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть
2 минут
2
Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая устоновка занятия
3 минут
3
Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
25 минут
4
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала
40 минут
5
Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту
Закрепление новой темы
10 минут
6
Баға қою
Выставление оценок
5 минут
7
Үй тапсырмасы
Домашнее задание
5 минут
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу.
Организационная часть
ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – сабақтың түрін, тақырыбын, мақсатын, міндетін айтып, түсіндіру.
Целевая установка занятия
ІІІ. Білімнің негізін актуалдау (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
Ауызша сұрау
1.Қарахан және Қарақытай мемлекеттері:
мемлекеттік құрылысы, саяси тарихы
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала
Жоспары:
1. Қыпшақтар, наймандар мен керейлер – құрылуы, саяси тарихы
2.Түрік кезеңінің мәдениеті. Түрік жазуы
1. XI ғасырдың басында Ертістен Еділге дейінгі ұлан-ғайыр далалық аймақта қимақтардың орнына келген қыпшақтар үстемдік орнатты. Осылайша, тарих сахнасына Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1219 ж.) шықты. XI ғасырдың бірінші жартысынан мемлекет Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар даласы) деп атала бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда қыпшақтар Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілді тайпалардың ішіндегі саны жағынан ең көбі болды. Тарихи деректерде оларды «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп те атайды. Қыпшақ мемлекетінің билеушілерін хан деген атақ берілген. Хандар қыпшақ тайпаларының ішіндегі ел бөрілі деген рудан сайланып отырған. Қыпшақ хандығының ордасы Сығанақ қаласында орналасты.
XII ғасырда Қыпшақ хандығы бүкіл Еуразия кеңістігінде үстемдік етті. Сол себепті, қыпшақ тайпалары орналасу аймағына қарай алтай-сібірлік қыпшақтар, далалық қыпшақтар, Орал аймағы қыпшақтары, Дон қыпшақтары, днепрлік қыпшақтар болып бірнеше топқа бөлінген. Орыс жылнамаларында оларды половецтер, Еуропа деректерінде коман немесе куман, Шығыста қыпшақ деген атаумен кездеседі.
Қыпшақтар орта ғасыр дәуірінде Еуразия халықтарымен бірге Үндістан, Мысыр, Қытай, Византия, Грузия, Болгария, Хорезм сияқты ірі мемлекеттердің саяси және мәдени-шаруашылық дамуында маңызды рөл атқарды. Бұл кезеңде қыпшақ тілі Еуразия кеңістігіндегі халықаралық қарым-қатынас тіліне айналды. Сауда келісімдері, дипломатиялық байланыстар қыпшақ тілінде жүргізілді. (Қазіргі қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде қалыптасты).
Қыпшақтар - қазақ, ноғай, қырым-сібір-еділ татарлары, башқұрт, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, қарашай, балқар, құмық, түрікмен сияқты түркі тілдес халықтарының этнотегінің қалыптасуына елеулі ықпал етті. Сонымен бірге, олар - түрік, венгр, грузин, болгар, орыс, украин, моңғол, қытай, үнді және араб халықтарының құрамына да кірді.
Моңғол кезеңіне дейін Атрақ ханның басшылығымен қыпшақтар Грузия патшасы IV Давид пен оның мұрагерлерінің әскери ісін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Қыпшақ Шамс-ад-Дин Илдыгиз Әзірбайжандағы Илдыгиз әулетінің негізін қалады.
XI ғасырдың басы Византия империясы тарихындағы ең ауыр кезеңдер болған еді. Оның өмір сүруіне шығыстан түрік-селжүктері, ал солтүстіктен печенегтер қауіп төндіріп тұрды. Осы тарихи кезеңде қыпшақтар Рим папасы мен Батыс Еуропа рыцарларынан бұрын қимылдап, император Алексеймен одақ жасаған. Бұл одақтың нәтижесінде қыпшақтар печенегтердің тас-талқанын шығарып, Византия үшін үлкен әскери көмек көрсеткен-ді. Көптеген қыпшақ өкілдері византиялық ақсүйектермен туыстық қатынастар орнатып, жоғары дәрежелі қызметтер атқарған. Мысалы, қыпшақ қолбасшысы Алпамыс және тағы басқа да әскер басылары үлкен лауазымдарға ие болды.
Қыпшақ әулеттері Орта Азиядағы мемлекеттердің билік басында тұрды. Әсіресе, олардың ықпалы Хорезмде күшті болды. Хорезм шахының мемлекеті Орта Азияны, Ауғанстан мен Иранның негізгі бөлігін, Оңтүстік Қазақстан аймақтарын қамтып жатқан болатын. Хорезмдегі қыпшақ әулетінің негізін салушы Кутб-ад-Дин Мұхамед болды. Ал, Мысыр тарихында қыпшақ Бейбарыс сұлтанның терең із қалдырғаны баршаға аян.
Найман, Керей, Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері Орталық Азияның шығыс аймақтарында пайда болды. Наймандардың тайпалық одағы VІІІ ғасырдың ортасында Ертістің жоғары ағысы мен Орхон өзенінің аралығында құрылып, сегіз оғыз - «сегіз тайпа одағы» деп аталды. Кейін моңғол тілді қидандар «найман» деген атауды орнықтырған болатын. Ол да түрік тіліндегі «сегіз оғызы» мағынасын берген.
Керейлер туралы алғашқы мәліметтер олардың христиандықты қабылдауымен байланысты XI ғасырдың басына жатады. 1007 жылы наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдағаны мәлім. Керейлер Орхон өзенінің орта ағысы мен Онгин өзені алқабындағы жерлерді мекендеді. Жазба деректерінде олар «керейіт» деп беріледі. Керей мемлекетінің орталығы Қатынбалық деген қала болғаны туралы мәліметтер кездеседі.
2. Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің шаруашылығы отырықшы егіншілікпен тығыз байланысты көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендерінің алқаптарындағы Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Янгикент, Суяб, Қойлық, Мерке, Құлан сияқты тағы басқа да қалалар мәдениет, сауда және әкімшілік орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы-егінші алқаптары мен көшпелі далалық аймақтар арасындағы, Ұлы Жібек жолы бойымен Шығыс пен Батыс елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды. Олар VI-Х ғасырларда егіншілік пен қолөнершілердің қоныстары негізінде, билеушілер ордасының жанында, тұрақты қыстау орындарында пайда болған еді. Қалаларда қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұрды, базарлар, ғибадат ету орындары, моншалар сияқты қоғамдық ғимараттар салынып, теңге басылып шығарылды. Орта ғасырлық Қазақстан қалаларына тән жергілікті түркістандық құрылыс дәстүрі қалыптасты. Тараз маңындағы Бабаәже қатын (Х-ХІ ғ.) кесенесі орта ғасырлық сәулет өнерінің маңызды ескерткіші болып табылады. Кейінірек оның жанына Айша бибі (XI-XII ғ.) және Тараздың өзінде Қарахан кесенелері сияқты сәулет ғимараттары салынды.
Ерте орта ғасырда түркілердің өзіндік сына жазуы қалыптасты. Бұл жазудың шығу және ашылу тарихы былайша баяндалады. 582 жылы Орталық Азиядағы Боин-Цаган өзенінің жағасындағы Бұғылы шатқалына жерленген Түркі қағаны Таспар мен алдында билік құрған қағандардың құрметіне арналып, жазбалары бар тастан ескерткіш тұрғызылған. Жазбалар соғды тілінде, сондай-ақ санскрит тілінде берілген. Ал, бұдан тура бір жарым ғасырдан соң 732 жылы алғашқы түркі шежірешісі, «бақытты тағдырдың ханзадасы» Йоллығ тегін түркі тілінде Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне арнап «мәңгілік тасқа» түркі жазуымен жазбаларын қалдырған. Мұндағы мәтіндерде Түрік мемлекетінің негізін қалаушылар да аталып өтіледі.
Ежелгі түркі жазуы түркі тілінің фонетикалық ерекшеліктерін толық жеткізе алатын 37 немесе 38 белгіден тұрады. Бұл жазба ескерткіштерін 1720-1727 жылдары I Петрдің тапсырмасы бойынша Сібірді зерттеу ісімен айналысқан ғалым Д.Г.Мессершмидт Енисей алқабынан алғаш тапқан еді. Онымен бірге жүрген тұтқындағы швед офицері И. Страленберг түркі жазуының скандинавтардың руникалық жазуымен ұқсастығын көргендіктен, олар бұл жазуды руникалық (сына) деп атайды. Ғалым Н.М.Ядринцев 1889 жылы Солтүстік Моңғолияның Орхон өзені алқабынан осындай жазуы бар тастарды тауып ашқаннан кейін, түркі жазуы «орхон-енисейлік сына жазулар» деп аталды. Ежелгі түркі жазуындағы мәтіндердің сырын алғаш ашқан дат ғалымы В.Томсен болды. Ал, түркітанушы ғалым И.Радлов бұл жазуларды бірінші рет байланыстырып оқыды.
Түрік дәуіріндегі ойшылдар туралы айтқан кезде, алдымен Қорқыт Ата туралы айтамыз. Қорқыт туралы халық арасында аңыздар да кең таралған. Қорқыт Ата туралы деректерді Әлішер Науаи, ғалымдар В.Вельяминов-Зернов, Ш.Уәлиханов, Г.Потанин өз еңбектерінде келтіреді. Халық аңызындағы Қорқыт - данышпан, сәуегей, ата-бабалар өсиетін, рулық дәстүрдің қорғаушысы. Аңыз бойынша, Қорқыт музыкалық аспап - қобызды ойлап тапқан.
Ш.Уәлиханов Қорқыт туралы аңызды қазақ ойшылдығының бастауы деп санайды. Қорқыт Атаның ойлары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Оның дүниетанымында өмір ағысының мәңгілік тоқтаусыз құбылыс екені дәлелденеді: «Қар қанша қалың түссе де, ол көктемге жетпес» деген пайымы бойынша табиғат айнымастығымен мәнді болса, бірақ адам, адам қалпында қалуы тиіс деп атап көрсетеді. Ол дүниедегі ең қорқынышты күй - адамдықты жоғалту дейді. «Қонақ келмеген қара үйдің, қирағаны жақсы; ат жемеген ащы шөптің, өспегені жақсы; адам ішпес ащы судың ақпағаны жақсы; әке атына дақ салған нойыс ұлдың, әке белінен шықпағаны, шеше құрсағына түспегені, жарық дүниеге келмегені жақсы» деген философиялық ойларының тәрбиелік маңызы зор. Шығыстанушы В.Радлов қазақтың шаман-бақсыларының Қорқыт жайында айтқан: «Оны өлді десем-ол өлі емес, оны тірі десем - ол тірі де емес. О, Қасиетті Қорқыт Ата» деген дуа ретінде айтатын сөздерін қағаз бетіне түсіріп алған екен.
Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым-энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Түркі (870-950) болды. Ол философия, математика, геодезия, сәулет өнері, музыка теориясы, этика, медицина сияқты ғылым салалары бойынша іргелі зерттеулерімен танылды. Ол «Муғаллим ассана» - «Екінші ұстаз» деген атаққа ие болған. Әлемнің бірінші ұстазы ретінде танылған Аристотель болатын. Әл-Фараби логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ол жастық шағында туған қаласы Отырардан, Шығыстың мәдениеті мен ғылымы дамыған барлық қалаларында - Бұхарада, Мервте, Александрияда, Каирда, Шамда, Бағдатта ізденіп білім алады. Шамда (Дамаск) қайтыс болды.
Жүсіп Баласағұн 1015 жылы (немесе 1016) Баласағұн қаласында туып өскен. Оның қаламынан 1069-1070 жылдары жазылған «Құтты білік» дастаны туған. Бұл еңбекте адамның қоғам мен табиғаттағы орны мен рөлі, өмір мәнінің дүниетанымдық мәселелері философиялық тұрғыда талданған саяси трактат. Сондай-ақ, аталмыш еңбек түркілердің ана тілінде жазылған энциклопедиялық шығармасы болып табылады. Жүсіп Баласағұн дастанының алғы сөзінде «егер араб пен тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болса, ал біздің тілімізде бірінші рет даналық бір жерге жинақталған» деп, әрі ол «түркі тілінде» жазылғандығын атап көрсетеді. «Құтты білік» терең философиялық мәндегі этикалық-моральдық трактат. Онда автордың пікірі бойынша, әділетті қоғамның нормалары, басқарушы мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі, әр түрлі топтағы адамдардың мінез-құлық ережелері баяндалған. «Бақытты» да «әділетті» билеушінің басшылыққа алатын негізгі қағидасы әділетті өмірдің даналығы мен бақытын біріктіре отырып, занды сақтау екеніне ерекше назар аудартады.
Түркі халықтарының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығармалардыңавторы - Махмұд Қашқари (1029-1101). Оның шыққан тегі Қарахан ақсүйектерінің әулетіне жатады. М.Қашқари жас шағынан Қашғар, Бұхар, Нишапур қалаларында оқып білім алған. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» (Түрік тілінің сөздігі) атты еңбегі 1072-1074 жылдары жазылған. Бұл еңбекте түркі тілдесстайпалардың лингвистикалық, тарихи-мәдени, этнографиялық, географиялықматериалдары жинақталып, оларға жан-жақты талдау жасалған. Онда түркі фольклорының негізгі жанрлары – әндер, эпостар, аңыз-әңгімелер, көптеген мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер енгізілген.
Махмұд Қашқари өз еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Менің шыққан тегімең таза тілде сөйлейтін түріктерге жатады... Түрік елдерінің, қоныстары мен далалалаларының әрбір сүйемін жүріп өттім. Мен түрік, түрікмен, оғыз, шағатай, яғна, қырғыз тілдерінің ұйқас сөздерін өз есіме сақтадым. Міне, осы кітабымды ұзақ уақыт іздену мен оқудың нәтижесінде, асқан көркемдікпенәрітүсінікті тілмен жазып шықтым. Бұл шығармама «Диуани лұғат ат-түрік» деген ат қойдым.
Орта ғасырлық мәдениет пен ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа АхметИасауи болып табылады. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын ретінде бүкіл түркі әлеміне машһүр болды. А.Иасауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи түрлі мәліметтер бойынша 75 жыл, 85 жыл, 125 жыл, 133 жыл өмір сүрген. Оның тек қайтыс болған жылы ғана нақты белгілі - 1166 жыл. Толық аты-жөні: Құл Қожа Ахмет ибн Ибраһим ибн Махмұд ибн Ифтихар Иасауи. Иасауи сөзі Иассы (Түркістан) қаласының атынан шыққан. Ахмет Иасауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде анағұрлым жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты (нұр жауған) сұлтан». Ол XI ғасырда Орта Азиядағы ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған Испиджаб (Сайрам) қаласында туған. Оның ұстазы Арыстан Баб болды. Аңыз бойынша, ол Ахмет Иасауиге Мұхаммед пайғамбардан мұраға қалған қасиетті құрманы берген екен.
А.Иасауидің «Диуани хикметі» түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Әр түрлі жорамалдар бойынша, Ахмет Иасауидің ата тегі Мұхаммед пайғамбар ұрпақтарынан таралады. Ахмет Иасауи мен оның ізбасарлары ислам дінінің идеологиясын түркі халықтарының Тәңірі-шамандық дүниетанымымен үйлестіріп, көпшілік санасына жеткізе алды. Олардың уағыздайтын әділеттілік, адамның жанын тазарту және жетілдіру идеялары түркі халқының жүрегінен орын тапты. XIV-XV ғасырлар тоғысында Әмір Темірдің жарлығы бойынша Ахмет Иасауидің құрметіне Түркістанда «Әзірет сұлтан» кесенесі салынды. Ол мұсылмандардың тәуап ететін орнына айналып, «екінші Мекке» деп аталып кетті. Сондай-ақ, бұл кесене орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі болып табылады.
V. Сабақты бекіту. Фронтальды сауалнама
1. Қарахан мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?
2. Қарахан мемлекетінің негізін салушы кім?
3. Қарақытай мемлекетінің негізін салушыны ата
4. Қыпшақ хандары қандай тайпаның ішінен сайланып отырды?
5. Ең алғашқы түрік жазба ескерткішін қай ғалым тапты?