Саба?ты? та?ырыбы: §2. XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы
Саба?ты? та?ырыбы: §2. XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы
8-сынып. ?аза?стан тарихы
Саба?ты? та?ырыбы: §2. XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі
?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы
Саба?ты? ма?саты:
XVIII ?асырды? бас кезіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы ж?нінде жалпы т?сінік беру, осы кезе?дегі Ресей мен ?аза? ханды?ы м?дделеріні? жа?ындасу себептерін т?сіндіру;
??жаттарда?ы деректермен ж?мыс істей отырып, е? бастысы неге назар аударуды аны?тау, деректерді салыстыра отырып ?орытынды жасау;
?з хал?ыны? тарихына ??рметпен ?арау?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас
?дісі: интерактивті
К?рнекілік: ?аза?станны? XVIII ?асырды? І ширегіндегі картасы, сызба.
Негізгі ??ымдар: дипломатиялы? миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатыны? ?скери-отаршылды? сарыны, ойрат бас?ыншыларына ?арсы ?аза? хыл?ыны? азатты? к?ресі, отар, империя, сепаратизм, ??рылтай.
Саба?ты? барысы:
?йымдастыру кезе?і
О?у ??ралын тексеріп т?гелдеу
«Хабар» ел жа?алы?тарына шолу /с?рау/
?й тапсырмасын ?айталау: ?й тапсырмасын с?рау кезінде практикалы? ж?мыс ретінде картамен ж?мыс ж?не терминдер бойынша диктант аламын (?аза?тарды? саны мен орналас?ан жерлері, ж?здерді? аума?ы, т.б.).
Жа?а та?ырыпты о?ытуды? жоспары:
XVIII ?асырды? бас кезіндегі Т?уке ханны? ішкі ж?не сырт?ы саясаты.
О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін арттыру ?шін осы та?ырып?а байданысты 7-сыныпта?ы ?аза?станны? орта ?асырлар тарихы курсы бойынша ?ткен та?ырыптарынан с?ра?тар ?ойып, естеріне т?сіремін, себебі б?л материалдарды? жа?а та?ырыпты т?сіндіруге тікелей ?атысы бар:
1680-1715 жлдары ?аза? ханды?ын кім биледі?
Т?уке хан шы?ар?ан «Жеті Жар?ы» за?дар жина?ыны? ?андай тарихи ма?ызы бар?
XVI ?асырда?ы ?аза?-орыс ?атынастарыны? ?андай ерекшеліктері болды?
Осыдан кейін о?ушыларды? жауаптарын ты?дап балалар?а XVI?асырды? ая?ы мен XVII ?асырда?ы Ресейді? ?аза? жеріне баса назар аудара баста?анын ??гімелеймін.
Ол, бірінші, Ресейді? саяси ж?не сауда -?леуметтік-экономикалыв? дамуынан, екіншіден орыс мемлекетіні? Орталы? Азия мемлекеттерімен экономикалы? ж?не дипломатиялы? байланыс орнатуынан к?рінеді. Саба?ты т?сіндіре отырып, о?ушыларды? к?з ?аперін арттыру ?шін т?мендегідей хронологиялы? кесте толтыртамын.
Жылдар
Негізгі о?и?алар
Ма?саты мен ма?ызы
1552
1556
1585
1586
1587
1594
1604
1710
1716
1717
1718
1720
№1 тапсырма:
Осы о?и?алар?а с?йене отырып, Ресей ?аза? ханды?ына ?атысты саясат ж?ргізгенде алдына ?андай ма?сат к?здегенін аны?та?дар.
Осыдан со? ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайын, сондай-а? Т?уке хан ?айтыс бол?аннан кейін жо?ары билік ?шін ?р ж?зді? билеушілері арасында?ы таласты о?ушыларды? есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.
№2 тапсырма:
- ?аза?стан тарихы хрестоматиясынан Т?уке ханны? билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Т?укені? жеке басына мінездеме беру. (Б?л тапсырма б?рын?ы ал?ан білімді жа?а саба? ар?ылы толы?тыру?а к?мектеседі. Осыдан кейін о?ушыларды? жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ?асырды? І-ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ?ызметін к?рсету.)
Хандар
Т?уке хан
?айып хан
?біл?айыр хан
Жеке бас ерекшеліктері
Ханны? ж?ргізген іс-?рекеті мен саясат
Тарихи ма?ызы
?аза?стан аума?ына сырт?ы ?ауіпті? к?шеюі мен жо??ар шап?ыншлы?ы т?мендегі жа?дайлар?а байланысты болды: Т?уке ханны? ?айтыс болуы, ханды? ішіндегі саяси бытыра??ылы?, ?аза? ханды?ына к?рші мемлекеттерді? басып кіруі, бір орталы??а ба?ын?н Жо??ария мемлекетіні? ??рылуы ж?не оны? б?рыннан к?з алартып ж?рген ?аза? жеріне негізгі к?штерін жіберуге м?мкіндікті? пайда болуы, т.с.с. Жо??ария?а тойтарыс беру ?рекеттері ж?нінде айтар алдында о?ушылар?а келесі с?ра?тарды ?оямын: ?арсы т?ру ?оз?алысы ?алай ?йымдасты, осы кездегі ?аза? с?лтандарыны? іс-?рекеттері, жау?а тойтарс беру идеясына батырлар мен халы?ты? к?з?арасы. ?аза?тарды? ?ару-жара?тары мен ?скери салт-д?ст?рлер туралы айта отырып, ?осымша «?олданбалы ?нер ?лгілері», «XVIII ?. ?аза?тарды? ?ару-жара?ы», т.б. е?бектерді пайдаланамын
Жа?а та?ырыпты бекіту ?шін ?ойылатын с?ра?тар:
XVIII ?асырда Ресейді? ?аза?стан?а ?ызы?ушылы?ыны? к?шеюіне не себеп болды?
XVIII ?асырда? ?аза? ханды?ыны? ішкі жа?дайын ?алай бейнелеуге болады?
XVIII ?асырды? І-ширегіндегі ?аза? ханды?ы т??ірегіндегі сырт?ы хал-ахуал ?те к?рделі болды, осы?ан мысал келтір.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: §2. XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы »
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
7-сыныпта өтілген материалдарды қайталата отырып, 8-сыныпта өтілетін яғни, ХҮІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Отанымыздың тарихының маңызды оқиғаларын таныстыру, бұл сыныпта өтілетін тақырыптарға қысқаша тоқталу;
Оқулықтың авторларымен таныстыра отырып, жаңа басылып шыққан бұл кітап пен ескі кітаптың айырмашылығын айту;
Оқушылардың дүниетанымы мен тарихи санасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Кіріспе
Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: оқулық, карта
Сабақтың барысы:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау
7-сынып материалдарына шолу жасау
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
Сабақты бекіту:
Бетпе-бет
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Оқулықпен танысу.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/
Үй тапсырмасын сұрау:
7-сыныпта өткен материалдарға шолу
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін
№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә)Орта жүз:
Б)Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз-
Ә)Орта жүз-
Б)Кіші жүз-
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)
№2 тапсырма:
-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:
Құрама
Қожа
Құрылтай
Ханталапай
Төлеңгіт
Құн
Адат
Тархан
№ 4 тапсырма:
-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
Хан сайлау дәстүрі
Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.
Төлеңгіт деген кімдер?
Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.
Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?
Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)
Үй тапсырмасы:
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Сабақтың мақсаты:
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;
Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба.
Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/
Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.
Қазақ хандығының ыдырай бастауы.
Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.
Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.
Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:
1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі?
Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?
Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоғңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?
XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды?
Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVIғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін.
Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда -әлеуметтік-экономикалывқ дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын.
Жылдар
Негізгі оқиғалар
Мақсаты мен маңызы
1552
1556
1585
1586
1587
1594
1604
1710
1716
1717
1718
1720
№1 тапсырма:
Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.
Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондай-ақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғары билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.
№2 тапсырма:
- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бұл тапсырма бұрынғы алған білімді жаңа сабақ арқылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін оқушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.)
Хандар
Тәуке хан
Қайып хан
Әбілқайыр хан
Жеке бас ерекшеліктері
Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты
Тарихи маңызы
Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынғн Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын
Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?
XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?
XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.
(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)
Үй тапсымасы:
Картамен жұмыс-Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери-тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.
Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.
1635ж ., 1710ж ., 1715ж. – Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Жоңғар шапқыншылығы.
§4. Қазақ халқынығң жоңғар басқаншыларына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
Сабақ барысында оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;
Оқушыларды материалды жүйелеуге , оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандру;
Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаматтығ үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрие беру.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: интерактивті
Негізгі түсініктер : жұт, азаттық үшін күрес, агрессия, аманат, сардарбек, құрылтай, патриотизм.
Көрнекілік: Карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/
Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеру керек. Сондықтан сабақты өткен материалды қайталаудан бастаймын.
Үй тапсырмасын сұрау:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.
XVIII ғасырдың І ширегінде Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.
І кезең. Өзіндік жұмыс.
1) Мына териминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Азаттық соғысы
Басқншылық, шапқыншылық
Батыр,
Батырлық, қаһармандық
Шын берілгендік
Оқушылардың жеке шығармашылық жұмысы, нәтижесін ұжым болып талқылау.
ІІ кезең-сабақтың негізгі бөлімі (проблемалық мәселелерді талқылау)
Сабақтақырыбымен жұмыс, онан кейін оқушылар XVIII ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығы тарихының төмендегі саяси аспектілрін анықтаулары қажет.
(жауап беру үлгілері):
№1 тапсырма:
Қазақ хындығының жай-күйі Қазақ хандығы төңірегіндегі қалыптасқан
саяси жағдай
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
№2 тапсырма
-Материалды пайдалана отырып, анықтаңдар:
1. Жоңғар шапқыншылығының мақсаты.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастыру.
Құрылтайдың қазақ халқының саяси өміріндегі рөлі. Батырлар
№3 тапсырма:
Мына тақырыпта жұмыс құру:
«Жоңғар шыпқыншылығы және жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру».
«Халық құрылтайы».
Қайда өтті?
Қандай мәселелер көтерілді?
Немен аяқталды?
Тарихи маңызы
Сабақты бекіту:
Сұрақ: Қазақ хандығының саяси тарихына бұл кезеңдегі оқиғалардың басқаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкін бе еді?
«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісунің басты себебі жер мәселесі болды. Цеван-Рабтан Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттарға қалдыруды көздеді. Олар экономикалқ және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда байланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетелдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқ-дәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігімен мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы тұруға қатысудан бас тартты».
Сабақты бекіту:
Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінің негізгі себептерін айтыңдар.
Қазақтардың жеңілу себептері және қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.
Қазақ-жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билер мен батырлары жөнінде жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер? Отанға адалдық пен патриоттық жөнінде, ержүректік пен қаһармандық, сертке адалдық туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер ?
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқып, мына кестені толтырыңдр: «Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықтң азаттық күресінің ұйымдастыру».
Жылдар
Оқиғалар
Тарихи маңызы
1710
1711
1712
1713
1718
1720
1723
1723-1727
1725
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§ 5. XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы жайлы білім деңгейін ұлғайту. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының мәнін ашып көрсету, әскери бекністерінің салынуына қарсы қазақ халқының күресі туралы баяндау;
Оқушыларды түрлі оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдары мен тарихи маңызын талдай білуге , жаңа деректер мен фактілерге , ақпарат көздеріне сүйене отырып логикалық ойлай білуге дағдыландыру;
Оқушыларды өзара көмектесу, ынтымақ, достық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: карта, сызба
Негізгі түсініктер: қамал, бекініс, әскери-барлау экспедициялары, Ресей империясының отаршылдық саясаты, қазақ халқының әскери бекіністер салуға қарсы ерлік күресі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырамысн сұрау:
Жоңғар хандығы жаулап алушылық саясатының негізгі себептері қандай?
Қазақстар жоңғар басқыншыларына қай жерлерде өткен шайқастарда тойтарыс берді? Жоңғарларға қарсы азаттық күресінің басында кімдер тұрды?
Шапқыншылықтың алғашқы кезеңіндегі қазақстардың жеңілу себептері және жоңғарларға қарсы халық-азаттық күрестің тарихи маңызы.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым-қатынастың жандана бастауы
Патша үкіметінің әскери бекіністер салуы.
Ресейдің Қазақстанға жіберген елшіліктері
Ресейдің Орта және Кіші жүз қазақстарымен шекаралық қақтығыстары.
Екі ел арасындағы өзара демократиялық және әскери байланыс орнатуға деген мүдделіліктің болғаны оқушыларға өткен сабақтардан таныс. Осы қарым-қатынасты нақтылай түсетін мысалдар келтіре кету керек. Жаңа тақырыпты баяндау барысында орыстар күнделікті өмірде және ресми құжаттарда қазақстарды неге «қырғыз», «қырғыз-қайсақ» атағанын түсіндіремін. Оқушылардың білімділік дәрежесін арттыра түсу мақсатымен, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қыр-сырын кесте арқылы терең ашып көрсетеміз.
«XVIII ғасырдың алғагқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары»
Қатынастары
Қазақ хандығы
Ресей мемлекеті
Дипломатиялық
Сауда-экономикалық
Екі ел байланыстарының маңызы
Картаның көмегімен әскери бекіністер салудың барысымен танысамыз. Оқиғалар тізбегі:
Орыс-қазақ қатынастарының тарихы ерте кезден басталады, XVIII ғасырдың басынан бастап екі елдің бір-бірін танып білуге деген қызығушылығы арта түсті. Сібір губернаторы М.П.Гагарин орыс патшасына Ертістен Жаркентке дейінгі алтынға өте бай жасаған жобасын ұсынады. 1715 жылы шілдеде подполковник И.Д. Бухгольц басқарған экспедиция Тобылдан шығып Ертісті бойлай аттанады Экспедициясының жұмысының нәтижесінде Жәмішев және Омбы (1716жылы) бекіністерінің негізі қаланды.
1715-1716 жылдары князь А.Д.Бекович-Черкасскийй экспедициясы Хиуаға жорыққа шықты.
1717 жылы Жәмішевпен Ертісті бойлай әскери қамалдар салу үшін П.Северский мен В.Чередовтың экспедициясы жасақталады. П.Северскийдің отряды Железинск бекінісін салды. В.Чередовтың отряды Калбасинск қамалы тұрғызып, Ертістің оң жағасында Семей бекінісінің (1718 жылы) негізін қалады.
1719-1720 жылдары майор И.М.Лихаревтің экспедициясы Ертісті бойлай жүріп, 1720 жылы Өскемен, Черноярск және Коряков қамалдарын салып шықты . Кейінірек олардың арасына шағын редуттар мен форпосттар орнатылады. Бұл әскери-қорғаныстың тірек пунктері Жоғары Ертіс шекаралық шебін құрды және жоңғар, т.б. шабуылынан қорғануда зор рөл атқарды.
1722 жылы парсы жорығынан оралған І Петр қазақстарды Орыс мемлекеті құрамына қосып алу жоспары: «... миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан... Азияның барлық елдері мен жерлеріне жеткізеді... бағы заманнан естіліп кеткен қырғыз-қайсақ ордаларын Ресей империясының құрамына алу ...» туралы айтты. Ресей империясы мен қазақ халқы арасындағы қарулы қақтығыс жайлы , оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін, қорытынды тапсырмалар беріліп, сұрақтар қойылады.
1-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.
-Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқыңдар.
1. Ресей мемлекеті Қазақ хандығына қатысты саясатында қандай мақсаттарды көздейді?
2-тапсырма. Құжаттармен жұмыс.
Оқулық пен хрестоматиядан тиісті құжаттарды оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
И.Д.Бухгольцтің Қазақстандағы әскери экспедициясының мақсатын анықтаңдар.
Ертістегі әскери бекіністер не мақсатпен салынды?
Сабақты бекіту:
Әскери бекіністер салуға қазақ халқы қалай қарады?
Орыс бекініс қамалының тұрғындары мен қазақтар арасындағы әскери қақтығыстар неге жиі болып тұрды?
Үйге тапсырма:
1715-1720 жылдары тұрғызылған әскери бекіністер желісін картаға салып келіңдер.
XVIII ғасырдың үштен біріндегі қазақ-орыс қарым-қатынастарының жандануының себептері неде?
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының жағдайына сипаттама беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 6. Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Кіші жүздің Ресейге ққосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шыпқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндір.
Салыстырмал талдау жасау арқлы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасы н дәлелдеуге үйрету.
Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, орат, Ресейдің «азиялық саясаты», қазақстарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, саяси және экономикалық тәуелділік, әскери қорғаныстық бекіністер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Кестенің толтырылуын тексеру.
Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны сынып болып талқылау, бағалау.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайыр ханның ұстанған бағыты.
Ресей мемлекетінің XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қатысты ұстанымы.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.
Үй тапсырмасын тексергеннен икейін, карта арқылы өткен материалды қаншалықты игергенін көріп, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының күрделене түскені жөнінде әңгімелеймін. Ол үшін қалыптасқан жағдайдың төмендегідей сызбасын ұсынамын.
Ішкі жағдай
Аңырақай шайқасынан кейінгі хан тағы үшін күрес салдарынан қазақ билеушілері арасында келіспеушіліктер пайда болды.
Феодалдық бытыраңқылық күшейді.
Сыртқы жағдай
Жоңғарлар тарапынан қауіп сақталып қалды.
Қазақтардың Бұхара және Хиуа хандықтарымен арадағы жағдай күрделі күйінде қалды.
Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен қарым-қатынас күрт шиеленісіп кетті.
Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды. Бұл жерде Әбілқайырдың жеке басына тоқталу керек. Оқушылар ханның жеке басы жөнінде өз білетіндерін айтқаннан кейін, оқулықтағы қосымша деректерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру керек: «Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері» (ерекшеліктерін айқындау, салыстырмалы түрде талдау жасау).
Жеке басының жағымды қасиеттері
Жеке басының кемшіліктері
Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:
1.
2.
3.
4.
«XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы». Бұл тақырыпшаны оқыту үшін мынадай өзіндік жұмыстар жүргізуге болады:
А) XVIII ғ. 30- жылдарына дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.
Ә) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоановнаға жіберген елшілігі. 1730 ж.
Б) сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің Қазақстанға келуі.
В) Ресейдің отаршылдық саясаты. Қазақстанды алуға жасалған қадамдар:
1734 ж-
1735 ж-
1735-37 ж-
1740 ж-
1738 ж-
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелерімен танысқаннан кейін Ресейдің Қазақ хандығына қатысты саясатын қорытындылаймыз. Бұл жерде белгілі тарихшы М.П.Вяткиннің мына сөзі оқылады:
«... Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды. Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».
Бұған қоса оқушылардың назарын мына мәселеге аудару қажет: орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті.
Қазақ жерін біртіндеп отарлау.
Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекетін жеңілдетті., патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше әскери бекіністер тұрғызды.
Қазақстанның батысындағы және солтүстігіндегі әскери бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына енуі үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздегі қалыптасқан жағдайды толық түсіну үшін оқулықтағы тақырып бойынша картамен практикалық жұмыс жүргізу.
Сабақтың практикалық бөлігі:
XVIII ғ. 30-40 жылдарында Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери бекіністерін құра бастады?
Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсетіңдер.
Қазақтардың Ресеймен және орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңдар.
Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыңдар?
Үйге тапсырма:
1. Тақырыпты оқыңдар және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 7. XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан.
§ 8. Қазақ-қалмақ қатынастары
Сабақтың мақсаты:
Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жайдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына аудары;
Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің
қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?
Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?
Хронологиялық диктант
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейін Кіші жүздегі жағдай.
Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері
Шекара аймақтарында әскери бекініс шептерінің салынуы.
Қазақ-қалмақ қатынастары
«Шаңды жорық». Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы.
Үй тапсырмасын бірден Әбілқайыр қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылауды бастаймын:
Кіші жүз
Экономикалық жағдай
Саяси жағдай
Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі. (Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:
А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;
Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;
Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді.
В) Қазақстарға орыс бекіністеріне 30 шақырымға дейін жақындауға тыйым салынды.
10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)
Қазақ-башқұрт жанжалдары;
Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы;
Осы жағдайға байланысты Ресей ұстанымы:
А) қазақстанр мен башқұрттардың Ресейге қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін араларына от салу, ол үшін кез-келген қолайлы сәтті пайдалану.
Осыдан кейін оқушыларды қазақстардың башқұрттармен және қалмақтармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, Қазақстан тарихы хронологиясындағы материалдар негізінде салыстырмалы кесте жасау, сол арқылы оқушылардың салыстырмалы талдау жасау, тақырыптағы әр түрлі деректерді пайдалана отырып қорытынды шығаруын дамыту.
Осы халықтар арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы (құжаттарды пайдалану)
Қазақстанның солтүстік-шығысында XVIII ғ-дың 30-40 жылдарында әскери бекіністер салу мәселелерін қарастырғанда картамен жұмыс жасау пайдалы:
Салынған бекіністердің аты мен салыну себебі
Орналасқан жері
Алып жатқан аумағы
Маңызы
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, Ресейдің жер мәселесі жөніндегі орталық саясатын ашып, оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту үшін төмендегі тапсырманы беремін
Тапсырма: Оқулықтағы тақырып пен Қазхақстан тарихы хрестоматиясындағы материалдарға сүйене отырып және картаны пайдалану арқылы патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәнін ашатын мысалдар келтіру. (Берілетін жауап үлгілері: Қазсқстанның тәуелділігінің күшеюі; қазақ әскерінің құрылуы, жайылымдарды тартып алып, әскери тірек базаларын салу, жергілікте қазақ руларын жайылымдық жерлерден біртіндеп ығыстыру және босаған жерлерге казактарды қоныстандыру, жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын әлсірету, олардың жерін тартып алу, т.б.)
Сабақты бекіту:
Оқулықтың 55-56 беттеріндегі құжатпен жұмыс ( Добромыслов А.И. Торғай облысы. Тарихи очерк. Орынбор. 1901, 149-150-беттер)
Тапсырмалар: Құжатты оқи отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?
Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
Қазақстардың Еділ қалмақтарыны талқандауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсіндіресіңдер?
Шаруашылығы
Киіз үй жабдықтары
тілдері
Діні
Ортақ белгілер: рухани және материалдық негізде
Қазақтар
Башқұрттар
Қалмақтар
Қазақтардың қалмақтарды талқандауының қандай тарихи маңызы бар?
Үйге тапсырма: Кестені толтырыңдар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 9. Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рузында тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«XVIII ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары» тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы жөнінде не білесіңдер?
Қалмақ хандығының географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу тарихы.
Қалмақ билеушілерінен кімдерді білесіңдер?
XVIII ғасырдың ортасына қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
Қазақстар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не білесіңдер?
Тарихи тұлға
Жылдар
Оқиғалар
Нұралы
1771
Еділ қалмақтарын Жоңғарияға бастап барған қалмақ билеушісі
Батырша
10 шілде, 1749
Әбілқайыр ханның баласы. Патша үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде бекітті
Неплюев
1765
Генирал-поручик, Сібір шебінің қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды межеледі.
Шпрингер
1697
Орыс патшасы, Аюкені ресми түрде Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды тапсырды.
І Петр
1742
1754
Орынбор өлкесінің губернаторы, қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру саясатын жүргізген
Убашы
1755
Башқұрттардың Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшысы.
Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
Қазақстар Еділ қалмақтарын талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге көмектеседі.)
Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды рет-ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765 ж.-
1771 ж.-
№3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбесі:
1628 ж.-
1697 ж.-
1723 ж.-
1726 ж.-
1771 ж.-
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Абылай-аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Абылайды Қазақстан тарихындағы орны.
І. Өмірбаяны. Абылай тұлғасының қалыптасуы:
«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».
Қосымша деректердің (әдеби шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника, т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай ханның өмірбаянымен таныстыру.
№1 тапсырма. Абылайдың өмірбаяны.
Абылай қандай қасиеттермен ерекшеленді?
Қалай ойлайсыңдар, Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?
Абылайдың қандай қасиеттері сендерге ұнайды?
ІІ. Абылай ханның мемлекеттік қызметі.
№2 тапсырма. Абылайдың ішкі саясаты.
Тақырыпты оқи отарып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің ішкі саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?
Абылайдың өзі билеген кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.
ІІІ. Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
№3 тапсырма. Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Қазақ-орыс қатынастары
Қазақ-жоңғар қатынастары
Қазақ-қырғыз қатынастары
№4 тапсырма:
Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Абылай өзінің сыртқы саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?
Бұл шаралар қандай нәтиже берді?
Абылайдың саясатына сендер қандай баға бересіңдер?
IV. Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды? (Бүгінде Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен бірліктің символы)
Сабақты бекіту: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Үйге тапсырма:Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.
Абылайханның өмірі мен қызметі жөнінжегі қандай шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық оған көзі тірісінде «әруақтай» сыйынды?
«Абылай хан» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§10. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы
Сабақтың мақсаты:
Жалпы тарих курсындағы осы тақырыпты еске түсіре отырып, қазақстардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуының себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру;
Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: шаруалар соғысы, көтеріліс, жетекші күштер, алғышарттар, себептері және көтерілістің барысы, тарихи маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Абылай мен оның заманы» атты эссе жазу.
Тақырып бойынша тест сұрақтары.
Жаңа тақырыпты түсіндірудің жоспары:
Қазақстардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының негізгі себептері.
Кіші жүз қазақтарының қатысуы
Орта жүз қазақстарының негізгі қатысқан кезеңдері
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
Шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының тарихи маңызы
Оқушылар тақырыппен «Жалпы тарих» курсы бойынша таныс, сондықтан Ресейдегі 1773-1775 ж. шаруалар соғысы тарихы бойынша сұрақтар қойып, естеріне түсіремін. Сонан кейін қазақстардың бұл көтеріліске неліктен қатысқанын өздігінен ізденулеріне жөн сілтеу. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп жұмыс істету керек.
№ 1 тапсырма: Тақырыпты оқып, Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, щаруалар соғысына қазақтардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы).
№ 2 тапсырма:
Тақырыпты оқи отырып,Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, шаруалар соғысына қазақстардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы)
Осыдан кейін оқушылардың еңбетерінің нәтижелерін тыңдай отырып, сабақта мына тақырыпшалар төңірегінде қорытындылау:
Қазақстардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысу себептері.
Осы кезеңдегі негізгі оқиғалар.
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.
Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.
Сабақты бекіту:
1773-1775 ж. көтеріліске қазақтар қатысқан негізгі кезеңді атаңдар.
Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтірілісіне белсене қатысқаны туралы мысал келтіріңдер.
Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуының ерекшеліктері неде?
Көтеріліске қатысушылар мен оның жекекшілеріне сипаттама беріңдер. Е.Пугачев, Нұралы хан, сұлтандар-Айшуақ, Досалы, Ералы, т.б. (мінездері, іс-әрекеттері, көзқарастары)
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға дауап беріңдер
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §11.Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан аумағында болған отаршылдыққа қарсы ірі баскөтерулердің бірінің тарихы жөнінде әңгімелеу. Оларға көтерілістің ерекшеліктерін, С.Датұлының жеке басының осы кезеңдегі саяси оқиғаларға тікелей әсерін, көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.
Жұмыс істеу машығын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: тапша үкіметінің отаршылдық саясаты. Жер мәселесі, салықтар, қазақ ақсүйектерінің ұстанымдары, тарихтағы тұлғаның рөлі, жеңілудің объектіивті және субъективті себептері, тарихи маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұару:
Көтерілістің себебі мен барысы.
Оқиғалардың хронологиялық тізбегі (даталар).
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Көтерілістің себептері.
Көтерілістің басталуы.
Көтерілістің ерекшеліктері мен қозғаушы күштері
Көтерілістің негізгі кезеңдері
Барон О.Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жоюға әрекет етіп көру.
Көтерілістің ақырғы кезеңі
Көтерілістің жеңілу себептері мен тархи маңызы
Тақырыпты оқыту барысында оқушыларғы «Көтеріліс тарихын оқып үйрену» атты өзіндік жұмыс тапсырамын. Содан соң оның нәтижелерін кестеге түсірген жөн. Көтерілістер тарихымен танысу көтерілсті тереңірек түсінуге көмектеседі. Ол үшін осы тақырыпты өткен кезінде оқушылар кесе ашып, оны жыл бойы толтырып отыруы керек. Оқушылардың жыл бойына жұмыс істеуін ұйымдастыруға, көтерілістердің тарихын тереңірек түсіндіруге , әр көтеріліске жеке баға бере отырып, бүкіл көтерілістің себептерін анықтауға көмектеседі. Осыдан кейін жаңа сөздерді дәптерге түсіртемін: бүлік; көтеріліс; соғыс; революция; ұлт-азаттық көтерілістер
Е.Пуга-чев
С.Дат-ұлы
Исатай мен Махам-бет
Ж.Тіленші-ұлы
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы көтерілісі
К.Қасым-ұлының көтерілісі
Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен патша үкіметіне қатрыс көтерілістері
Жылдар
Себептері
Басталғңан уақыты
Көтеріліс аумағы
Басшылары
Қозғаушы күштері мен ерекшеліктері
Жеңілу себептері
Тарихи маңызы
Сабақты бекіту:
Оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отырып, С.Датұлының жеке басына баға беріңдер. Қалай ойлайсыңдар, халық өз көсемін не үшін құрметтеді?
Барон О.Игельстромның реформасының мәні неде? Ол өз ойын неліктен жүзеге асыра алмады?
Үйге тапсырма:
С.Датұлы бастаған көтерілістің аумағын картаға түсіріңдер.
С.Датұлының шешендік қабілетін паш ететін қандай әдеби шығарманы білесіңдер? Одан үзінді келтіріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12. XVIII ғасырдағы сауданың дамуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XVIII ғасырдағы сауданың дамуының ерекшеліктерімен таныстыру, оларға бұл процестің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық экономикалық және мәдени байланыстар дамуымен тікелей байланысты екенін, оған қоса сауданың отаршылдық сипатын, базардағы тауардың сапасын және ірі сауда орталықтарының таралуын түсіндіру.
Логикалық ойлау машығын дамыту, деректерді салыстыруды, мысалы XVIII ғасырдағы сауда қатынастары мен қазіргі елдер арасындағы сауданы салыстыра отырып, өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;
Сендер қазақ әдебиеті пәні бойынша Исатай мен Махамбеттің өмірбаяны жөнінде не білесіңдер?
Оқиғалар барысы.
Көтерілістер кезінде көзге түскен мына тұлғалардың қызметіне қысқаша баға беріңдер.
№
Қызметі
Көтеріліс кезіндегі рөлі
1
Исатай Тайманұлы
2
Махамбет Өтемісұлы
3
Нұралы
4
О.Игельстром
5
Г.А.Потемкин
6
Колпаков, Смирнов
7
Айшуақ, Жантөре
8
Ералы, Есім
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақтардың Жоңғариямен саудасы.
Қазақ-орыс саудасы
Ірі сауда орталықтары
Орта жүз қазақтарының Ресеймен саудасы
Қазақ-қытай саудасы
Қазақстардың Орта Азия мемлекеттерімен саудасы
Тақырып оқушыларға таныс, сондықтан сабақты еркін тәсілдермен өткізіледі. Сабақта жәрмеңке ұйымдастыру. Алдымен оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.
Мына терминдердің (карточка) мәнін түсіндіріңдер:
тұтынушыға арналған айырбас сауда; ақша сарайы, өсімқор, пайда, көпестік гильдия, өндіруші, тауар-ақша қатынасы, жәрмеңке.
Сабақ кезінде оқушыларды сауда қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, оқушылардың жауабына сүйеніп, төмендегі кестені толтырамыз:
Не сатып алды (қандай тауарларға қажеттілік болды?)
Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, қазақтардың көпестерден не сатып алғаны жөніндегі кестені толтырыңдар
Ж
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сауда қатынастарының дамуы
оңғар хандығы
Ресей империясы
Қытай
Орта Азия мемлекеттері
Сабақ өткізу үшін алдан ала базардың, тауарлардың макетін, т.б. тірі сауда жасау үшін қажет атрибуттарды дайындап алу. Сабақ жәрмеңке оқушылардың сауарды сату, тиімді сатып алу секілді практикалық машықтарын қалыптастыру керек (экономикалық білім негіздері). Ірі сауда орталықтары.
Сабақты бекіту:
Қазақ-орыс айырбас саудасының ерекшеліктері неде?
Негізгі сауда орталықтарын атап, картадан көрсетіңдер.
Абылай Орта жүз қазақстарының Ресеймен саудасын дамыту үшін қандай рөл атқарады?
Қазақ-қытай саудасы қандай оқиғаларға байланысты дамыды?
Үйге тапсырма:
Тақыпрыпты оқып, кестені толтырыңдар.
Мемлекеттер
Қазақстанға әкелінген тауарлар тізімі
Қазщақстаннан шығарылған тауарлар тізімі
Сауданың маңызы мен ерекшелігі
Жоңғария
Ресей
Қытай
Орта Азия мемлекеттері
Сендер қазіргі ТМД елдері арасындағы сауда қатынастарының сипаты жөнінде не айта аласыңдар?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§13. Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
XVIII ғ. Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зертеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің қандай рөл атқаратынын көрсету;
Оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;
Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып,оған жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: мәдениет, ғылым, ағарту ісі, патша әкімшілігінің қазақ халқын ағарту саласындағы мақсаты, халықтың ағарту ісіне көзқарасы, шетел зерттеушілері, Қазақстанның табиғи байлығын зерттеу ісінде бұл зерттеулердің қандай маңызы болды, халықтың экономикасы мен мәдениеттің дамуы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру материалды игеру сапасын, қандай кемшіліктер бар екенін және оны шешу үшін не қажеттігін көрсетеді.
Кестенің толтырылуын тексеру.
Қазіргі кездегі Қазақстанның көрші елдермен сауда байланысын әңгімелеп беріңдер
Сабақ тақырыбына қатысты қандай мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер, орыс зертеушілері Қазақстан туралы.
Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері.
Қазақ әдебиеті
Музыкалық өнер мен айтыс.
XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы.
Сабақтың басында Қазақстанды ғылыми зерттеудің неге осы кезде басталғанын, Ресей бұл реформаны жүргізгенде алдына қандай мақсат қойғанын және оның қазақ халқы үшін қандай маңызы болғанын айтып кетемін. Сонан соң оқушылардың танымдық қызығушылығыншығармашылық машығын дамыту, ұжыммен жұмыс істеуге, өз көзқарасын қорғауға, ел алдында дұрыс сөйлеуге үйрету үшін практикалық жұмыс ұйымдастыру керек.
№1 тапсырма:
Оқулықтың 84-86-беттеріндегі «Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер», «Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер» атты бөлімдерді оқыңдар және кестені толтырыңдар
Авторлар
Ғылыми еңбек
Не жөнінде жазылған
Маңызы
XVIII ғ. біздің еліміздің тарихын зерттеген Ресей ғалымдарының рөліне баға беріңдер.
№2 тапсырма:
Оқулықтың 86-89-беттеріндегі «Қазақ әбебиеті», «Тарихи әңгімелер», «Шежіре» бөлімдерін оқып, кестені толтырыңдар
Авторлардың аты-жөні
Қайда туған?
Шығаманың аты
Шығарманың тақырыбы
Автордың қай шығармасы сендерге «Қазақ әдебиеті» курсынан таныс?
Күйші әрі ақын Байжігіт
Абылай хан
(1711-1781)
Ақтамберді жырау
(1675-1768)
Тәттіқара
Үмбетей жырау (1706-1778)
Бұқар жырау (1684-1781)
Тілеп Аспантайұлы (1757-1820)
№3 тапсырма:
XVIII ғ. аяғындағы қазақ музыка өнерінің даму ерекшеліктері жөнінде хабарлама дайындау.
«Музыка өнері»:
Қазақтың музыкалық аспаптары
Өлеңдер, күйлер, айтыстар
Белгілі қазақ орындаушылары
№4 тапсырма:
XVIII ғ. аяғында мектептердің ашылуы
Бөлімін оқыңдар. Сыныпта ұжымдық талқылау өткізу үшін сұрақтар дайындаңдар.
Сабақты бекіту:
XVIII ғ. Қазақстан аумағын зылыми зерттеудің рөлі мен маңызына баға беріңдер.
Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттеді?
XVIII ғ. қазақ ақын-жазушыларының есімдерін атаңдар. Олардың шығармаларының тақырыптары.
XVIII ғ. қазақ музыка өнерінің дамуы жөнінде не айта аласыңдар?
Үйге тапсырма:
Өз отбасыңның шежіресін дәптеріңе жазып кел. Олардың ішінде белгілі билер, батырлар, музыканттар, емшілер бар ма?
Олар жөнінде қысқаша хабарлама жазыңдар.
Тарихи әңгіменің ерекшелігін түсіндіріп беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 14. Дәстүрлі билер соты.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды XVIII ғ. Қазақстандағы дәстүрлі билер сотының ерекшеліктерімен таныстыру, оның қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызын ашу, патша үкіметінің өзіне бағынышты аумақтағы билер сотына деген көзқарасын түсіндіру;
Негізгі деректермен жұмыс, оқушылардың өзіне қажетті ақпараттар алу машығын қалыптастыру және талдау жасап, қорытынды шығаруға үйрету.
Оқушыларды заңды құрметтеуге және заңдылықты зақтай білуге , әділ болуға, ар-намыс, міндет сөздерін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: кеңес, дәстүрлі билер соты, ант беру, құн, айып, барымта, қылмыс пен жазаның түрлері, үкім кесу соты, заң және оның қазақ қоғамы өміріндегі рөлі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.
Жазалаудың түрлері
Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі
Сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардан төмендегі терминдердің мағынасы туралы сұрап алу:
сот
алқа билер соты
ант
заң
үкім
Сабақ тақырыбы өте қызықты және оқиғаларға толы, ол сабақты оқытуға шығармашылқпен қарауды талап етеді. Бұл жерде оқулықтағы және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы деректер бойынша өзара сұрақ-жауап түрінде жарыс ұйымдастыруға болады.
Құжаттар:
«Қазақ билері мен билер соты туралы»
«И.Крафт. Қазақ билері туралы»
«Ш.Уалиханов. Қазақстаң билер соты туралды»
1-топқа тапсырма:
- құжаттарды, оқулықтағы тақырыпты оқып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар.
- Қазақстарда кім би бола алады?
- Биде қандай қасиеттер болуы керек?
-Сотқа шақыру тәртібі қалай болады және куә ретінде кімдерді қатыстырды?
2-топқа тапсырма:
- Тақырыпты оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.
-Сотта қандай мәселелер қолданылады?
- Неліктен патша үкіметі Қазақстандағы билер сотын алдымен шектеп, кейіннен мүлдем тыйым салады?
Жауаптарды тыңдағаннан кейін, қорытынды жасау.
Сабақты бекіту:
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының қорытындысын шығарғаннан кейін, осы жауаптар негізінде салыстырмалы толтыру:
XVIII ғ. қазақтардың дәстүрлі билер соты
Қазақстан Республикасындағы билер соты
Сотқа кандидаттарға қандай талаптар қойылады?
Сот сайлау үрдісі қалай жүреді
Сот жүйесінің
құрылымы
Сотта қандай мәселелер қаралады
Сот билігінің рөлі мен маңызы
Сенің ойыңша билер сотының басты артықшылығы неде?
Билер неліктен өз беделін жоғары ұстады?
Билерді ресми сайлау мен тағайындаудың қандай қаупі болды?
Үйге тапсырма:
Билердің шығу тегі мен қалыптасуы жөнінде әңгіме құраңдар.
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі қазақ билерінің қызметі, тапқырлығы, шешендік сөздер жөнінде әңгімелеңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырлардағы әлеуметтікэкономикалық және саяси дамуы атты І білім материалдарын қайталай отырып, оқушылардың І,ІІ тоқсандағы алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер
Сабақтың барысы:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Билер соты және оның қазақ қоғамы өміріндегі орны.
Жазалаудың түрлері
Патша үкіметінің билер сотының өкілеттігін шектеуі
Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Жоңғар шапқыншылығы
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қазақ қалмақ қатынастары
Абылай ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттыққозғалыс
ХҮІІІ ғасырдаңы сауданың дамуы
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Дәстүрлі билер соты.
Сабақты бекіту:
Бетпе-бет
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Қайталау
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 15. Бөкей хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық дамуға баға беру, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін ашу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, басты оқиғаны көре білуге, жеке тұлғаға баға беруге, оның істерін.е талдау жасауға баулу;
Өз халқына деген мақтаныш сезімін ояту, адамгершілік тәрбие.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Құжаттармен практикалық жұмыс:
- Оқушыларға ҚР Конституциясының кейбір тарауларынан үзінді оқып беріп, оны XVIII ғ. іске асырылған дәстүрлі құқық нормаларымен салыстыру.
ҚР Конституциясы. VII тарау, 75-84-баптар
Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:
Қазхақстардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.
Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.
«XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің иқазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталу, Жәңгір хан билекке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы және оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.
№ 1 тапсырма:
Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.
Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)
№2 тапсырама.
Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.
Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер. Оқулық, 103-бет.
№ 3тапсырма
Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.
№ 4 тапсырма:
«Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.
Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.
Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 16. Қазақстардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтардың Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы туралы айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ жүздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түсіндіру, адамдардың соғысқа көзқарасы, соғыстың салдары мен маңызы жөнінде әңгімелеу;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу машығын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, тарихи терминдерді қолдану мен шешім қабылдай білуді үйрету;
Патриоттық, ержүректік, интернационалдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Отан соғысы, әділетті және әділетсіз соғыстар, патриотизм, ерлік жасау, Отан алдындағы міндет, партизан соғысы, өзара көмек, тамырластық, қазақ байларын шоқындыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй жұмысын сұрау:
Жәңгір ханның оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, дін салалары бойынша жасаған реформаларын атаңдар.
Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік бірлестік құруына ұқсат етті.?
Жаңа мемлекеттік бірлестіктің мәртебесін түсіндіріңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1. Ресеймен шекаралас Қазақстан аумағындағы аштық. Патша әкімшілігінің 1808 жылғы 28 мамырдағы жарлығы.
2. Орынбор және Орал шептерінде қазақ балаларының шоқындырылуы.
3. Қазақтардың Отан соғысына қатысуы. Оның тарихи маңызы.
Оқушыларға алғашынды 1800-1812 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстанда болған оқиғалар жнінде айта келіп, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі шекаралас аудандардағы қазақ-орыс қатынастарын, сауданың дамығанын, қазақтар мен орыстар арасында «тамырлық» байланыстар орнағанын, жайылымдық жерлердің таралуы мен жұт жылдары Кіші жүз қазақтарының жағдайларының нашарлағаны жөнінде әңгімелеу. Нәтижесінде шекаралас қазақ аудандарында аштық басталып, құжаттарда олардың өз балаларын сатқаны айтылады. Патша үкіметінің қазақтарды шекараның ішкі бөліктеріне көшіруі жөнінде айта келіп, сыныпқа төмендегідей тапсырма берілді.
Тапсырмалар:
Мұғалімнің кіші жүздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы әңгімесінен кейін мынаны анықтаңдар:
Патша үкіметісаясатының мақсаты не?
1808 жылы 23 мамырдағы жарлықтың шығуына қандай қажеттілік болды?
Қазақтар шекара шебінің ішкі бөлігіне қоныстану үшін қандай шарттарды орындауы қажет еді.?
Қазақтардың өмірі мен шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
Қазақ балаларын шоқындырпу не себептен болды?
Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, жауаптары толықтырылады, олардың логикалық талдауларына , өз көзқарасын қалай дәлелдейтініне назар аударылады. Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы жөнінде айтқанда картамен жұмыс ұйымдастырып, Отан тарихы жөніндегі қосымша әдебиеттермен (көркем әдебиет, кинофильмдер, суретшілердің осы тақырыптарға арналған картиналары) жұмыс істеу керек. Дүниежүзі тарихы мен орыс әдебиеті пәндерінен бұл тақырып оқушыларға жақсы таныс, сондақтан бұл сабақ ерліктің , Отанға деген сүйіспеншіліктің , халықтар достығының, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдаудың мысалдарына толы, ерлік сабағы ретінде өткізіледі.
Сабақты бекіту:
ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы ашаршылықтың негізгі себептерін атаңдар.
Патша үкіметі аштыққа ұшыраған қазақтарды құтқару үшін қандай шаралар қолданды?
Қазақстар Отан соғысы кезінде орыстарға қандай көмек көрсетті?
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар бұл соғысқа неге белсене қатысты?
Үйге тапсырма:
Патша үкіметі 1808 жылғы 23 мамырдағы жарлығын қандай мақсатпен шығарды?
Тақырыпты оқып, кестені толтырыңдар.
«Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы»
Шайқасқа
қатысушының
аты-жөні
Шайқас
Марапатталуы
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;
Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;
Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.
Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?
Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?
Кестенің толтырылуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.
Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.
сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.
Шаруашылық пен сауданың дамуы.
Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.
Кіші жүзде хан билігін жою.
1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».
1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.
І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.
Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.
ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.
А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері
Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары
Мына салалардағы жаңа тәртіп:
экономика
сауда
денсаулық сақтау
білім беру
дін
Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.
Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:
Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.
Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)
1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?
Үйге тапсырма:
Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.
Оқулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр, «Тарихи тұлға» атты хабарлама дайындау (оқушының өз таңдауы бойынша)
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 18. Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты.
Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету;
Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әскери бекініс, округтік приказ, қала мәртебесі, Ақмола әскери бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?
1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны растайтын деректер келтіріңдер.
Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және Кіші жүз қазақьары қай генерал-губернаторларға бағынды?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.
«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру. Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география, әдебиет, ғылыми зерттеулер).
Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары тақырыбына хабарлама дайындау
Жалпы мәліметтері
Рельефі
Климаты
Су ресурстары
Жер бедері
Халқы
2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама дайындау.
Жаңа басқару тәртібі
Жкономикасы
Архитектурасы мен қала құрылысы
Халқы
Білім беру
3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.
Жылдар
Қаланың мәртебесі
Архитектуралық ескерткіштер
4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау және баға қою.
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 10 жылдығына арнап газет шығаруды ұсыну.
Үй тапсырмасы:
Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде айтыңдар.
Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: «Астана тойы-біздің жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі», «Ұлы істі ұлі халық пен ұлы басшы ғана атқарады», «Сарыарқаның інжу-маржаны» немесе тақпақ шығару.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Кіші жүздегі көтіріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беғру. Көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру;
Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге йрету;
Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Көтерілістің себептері және басталуы.
Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.
Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:
Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?
Тарихтан, қазақ әдебиетінен сендер ХІХ ғ. басындағы Кіші жүздің саяси жағдайы, экономикалық және рухани өмірі туралы не білесіңдер?
Сонан соң картаға сүйене отырып, көтерілістің негізгі себептерін анықтаймыз. Шығармашылық жаттығу ретінде оқушылардың бұл мәселелер жөнінде қаншалықты білетінін көру үшін дискуссия ұсынамыз.
Көтерілістің себептері:
жер мәселесі;
салықтар, қазақ ақсүйектерінің өздері ұйымдастырған әр түрлі тонаулапр мен айыппұл салу.
халықтың Жәңгір хан саясатына қарсы болуы, феодал ақсүйектердің ұстанымдары.
Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.
Көтеріліс аумағын көрсету, көтеріліс тарихымен таныса отарып, негізгі оқиғалардың хронологиялық тізімін жасау.
Жылдар
Адамдар
Оқиғалар
1836ж., ақпан
Наурыз
Қыркүйек
1837 ж. басы
1837 ж. жаз-күз
1837 ж. қазанның соңы
1837 ж. 15 қараша
1837 ж. 13 желтоқсан
1838 ж. басы
1838 ж. 12 шілде
1842 ж.
1845 ж.
Көтерілісшілердің негізгі қимылдарын сипаттау үшін Махамбет өлеңдерінен үзінділер оқып беру, оқушылардың сол тарихи оқиғаларды жүрегімен ұғынуына, халықтың жағдайын түсінуіне, көтерлісшілердің мақсатын нақты анықтауға көмектеседі. Оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырма беруге болады.
Махамбеттің өлеңдерін оқып, мыналарды анықтаңдар:
Махамбеттің жауларымен қарым-қатынасы?
Ол халықтың қайыршылануына кімді кінәлі санады?
Оның Исатаймен, басқа да серіктерімен қарым-қатынасы?
Ол өз құқын қалай қорғау керек деді. Көтерілісшілердің идеологы ретіндегі оның өлеңдері халықтың хал-жағдайын, қайғысы мен үмітін көрсетті.
Сабақты бекіту:
Оқулықтың 132-133-беттеріндегі мәтінді оқып, кестені толтырыңдар: «Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы».
Әскер саны
Қару жарағы
Әскери стратегияны, тактиканы, соғыс жүргізу әдістерін білу
Әскери мамандар (офицерлер)
Көтерілісшілер
Оыс армиясы
Үйге тапсырма:
1836-1837 ж. көтерілістің негізгі себептері жөнінде әңгімелеңдер
Көтерлістің тарихи маңызы.
Кестені толтырыңдар.
«Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшылары»
ХІХ ғ. 1-жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін ашу, патша әкімшілігінің қазақ халқын отарлық езгіге салуы, басқару жүйесін өзгертуі, жайылымдарын тартып алуы, т.б. жөнінде әңгімелеп беру;
Фактілерд салыстыра отырып, талдау жасауға үйрету, оқиғаларға байланысты өз көзқарастарын білдіруге дағдаландыру;
Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Көтерілістің негізгі себептерін атаңдар.
Көтерілістің тарихи маңызы қандай?
Кестемен жұмыстың орындалуын тексеру
Жаңа сабақты оқытудың үлгі жоспары:
Жаңаелек шебінің дұрыс құрылуы (1810-1822 ж.)
Жоламан Тіленшіұлы көтерілісі
Жаңашеп ауданының құрылуы
Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Үй тапсырмасын сұрағаннан кейін, осы материалға сүйене отырып, Ресейдің Қазақстанға байланысты саясатын түсіндіру. Отарлық езгінің күшеюі, қазақ жерлерін ашық тартып алу, бекіністер салу, т.б. жөнінде әңгімелеу. Картамен жұмысты ұйымдастыру:
Жаңаелек құрылысы туралы әңгімелегеннен кейін оқушыларға төмендегідей логикалық сұрақтар қоюға болады:
Бұл бекіністер не үшіне тұрғызылды.
Сендердің ойларыңша, неліктен жер таңдап алынды?
Қазақстар арасында бұл жер несімен белгілі?
Неліктен патша үкіметі қазақстардан бұл жерді зорлықпен тартып алып, ол жергет әскерлерді, казактардыжәне Ішкі Ресейден әкелінген шаруаларды қоныстандырды? Өз жауаптарыңды дәлелдеңдер.
«Ж.Тіленшіұлы көтерілісі» және «Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған көтерліс» деген тақырыпшаларды оқыту кезінде жұмыс дәптерлеріңе көтерілістің негізгі оқиғаларын жазып отырыңдар.
Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
Жылдары...........................
Көтеріліс аумағы.........................
Көтерілістің себептері........................
Негізгі оқиғалар.................................
Жеңілу себептері.............................
Маңызы...................................
ол
Қ.Абылайұлы мен С.Қасымұлы бастаған ұлт –азаттық көтеріліс
Жылдары...........................
Көтеріліс аумағы.........................
Көтерілістің себептері........................
Негізгі оқиғалар.................................
Жеңілу себептері.............................
Маңызы...................................
ол
Сабақты бекітіу:
Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
Жаңа аудандар
Құрылған жылдары
Тартып алынған қазақ жерлері
Жергілікті қазақьардың тағдыры (қоныс аудару, жерді жалға беру)
Жаңаесіл
Жаңаелек
Жаңашеп
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Құжаттармен жұмыс. 140-беттегі «Сұлтан Қасым Абылайхановтың Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтық приказын жоюды өтініп жазған хаты, 24 маусым, 1825 жыл».
Құжат бойынша сұрақтар:
Өз хатында Қасым сұлтан қандай талаптар қойды?
Неліктен ол бекініс салуына қарсы болды?
Қалай ойлайсыңдар, Қасым сұлтан неліктен Батыс-Сібір генерал-губернаторына емес, Орынбор губернаторына хат жазды?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 21. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;
Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;
Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Елек өзені аумағындағы жерлерді алу қай жылы басталды?
Орск және Троицк қамалдары арасында шеп тұрғызу үрдісі қалай жүрді?
ХІХ ғ. 20-30 ж. көтерілістердің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері
К.Қасымұлы. Қазақ хандығын қалпына кельіру.
Ханның басқару, экономика, сауда салаларындағы өзгерістері. Қарулы әскер құру.
Патша үкіметінің жазалау шаралары. Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі.
Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі және көтерілісшілердің қырғыз жеріндегі іс-әрекеттері
Көтерілістің жеңілу себептері мен таризи маңызы.
Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.
№1 тапсырма:Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.
№2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.
Сабақты бекіту:И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.
С.Датұлы бастаған көтеріліс
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс
К.қасымұлы бастаған көтеріліс
Жылдары
Аумағы
Көтерліс себептері
Негізгі оқиғалары
Жеңілу себептері
Маңызы
Үйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;
Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жеьілдіру;
Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер
Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс-қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасының орындалуын тексеру және оқушылардың шығармашылық еңбегіне баға беру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауының себептері.
Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.
Орыс-қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.
Сырдария әскери шебінің құрылуы және Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағындағы әскери қимылдарын жалғастыру.
Ресей империясының Қазақстанды отарлық басып алуының салдары.
ХІХ ғ. 50-60 ж. Ресей империясынының әскері Орынбор және Омбы арқылы Ұлы жүз жеріне кіре бастады. Сырдария әскери шебі, Жетісу әскери шебі қрылды. Орта Азия мемлекеттері-Хиуаны, Қоқанды, Бұхараны бағындыруға арналған плацдарм құрылды. Ресец бодандығын қабылдаудың себептеі туралы әңгімені оқушылардың XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайының ерекшеліктерімен, қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерімен таныстырудан бастау керек:
Кіші және Орта жүз аумақтарының бір бөлігі XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Ресей құрамына кірді немесе соның ықпалында болды;
Қазақ жерінің бір бөлігі Орта Азия хандықтарына бағынды.
Сабақты бекіту:
«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».
Жылдары
Оқиғалар
Маңызы мен салдары
Үйге тапсырма:
Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары.
Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§ 23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
Сабақтың мақсаты.
Орта Азия мемлекеттер билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептері мен маңызына тоқталу;
Оқуышлардың еске сақтау және шығармашылық қабілетін дамыту;
Өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
ХІХ ғасырдың 1-жартысында Қазақстанға ерекше назар аударған мемлекеттерді атаңдар. Олардың нащар аудару себептеріне тоқталыңдар.
ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақстардың Ресейцге қосылу үрдісі аяқталды. Сендердің ойларыңша қазақтар не себепті өз еркімен Ресейге қосылды? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.
Сонан соң оқушылардың жауабына сүйене отырып, төмендегі кестені толтыру керек:
«Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары»
Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Сырдария бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттеріне қарсы шығу себептері. Жанқожа батырдың Қоқан және Хиуаға қарсы іс-қимылдары
Сырдария бойындағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы баскөтерулерінің себептері. Жанқожа батырдың 1856-1857 ж. баскөтеруі. Есет батыр бастаған көтеріліс.
Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілісінің жеңілу себептері, салдары және тарихи маңызы.
Алдымен оқушыларға сұрақтар қою арқылы ХІХ ғарысдың 2-жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайын олардың есіне түсіру, сонан соң олардың жауаптарына сүйеніп, Ресей тарапынан қазақтар үшін әртүрлі міндеттер мен салықтар көбейе бастағаны; бір жағынан Хиуа билеушілері өзінің ықпалын күшейту үшін түрлі шапқыншылықтарды ұйымдастырып, малдары мен дүние-мүліктерін тонағаны және Ресей тарапынан қазақстардың суармалы егіншілік жақсы дамыған қоныстарын тартып алып, орнына бекіністер салуы қазақтардың патша үкіметі мен Орта Азия мемлекеттеріне бірдей қарсы шығуының негізгі себебі болғанын айту. Ол үшін мынадай пунктер бойынша сұрақтар беріледі: оқушыларға өздігінен оқуы үшін «Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер»
1-топқа тапсырма:
«Ж.Нұрмұхамедұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі» жәек «Ж.Нұрмұхамедұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі» деген тақырыпшаларды оқып, кестені толтырыңдар
Жылдары
Аумағы
Көтеріліс себептері
Әлеуметтік құрамы
Негізгі шайқастар
Жеңілу себептері
Салдары мен маңызы
2-топқа тапсырма:
«Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс» деген тақырыпшаны оқып, төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындаңдар:
Өмір сүрген жылдары
Мінезіндегі қасиеттер
Көтерілістегі негізгі оқиғалардың хронологиясы
Жеңілу себептері
3-топқа тапсырма:
Деректермен жұмыс істеу. Құжаттарды оқып шыққаннан кейін Л.Мейер мен Ф. А.Г. фон Хелльвальдтың еңбектеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.
Көтеріліс басшыларының өмірі туралы сендер не білесіңдер?
Олардың мінездерінде қандай қасиеттер бар?
Көтерілістің жеңілу себептерін атаңдар.
Бұл көтерілістің тврихи маңыздылығы неді?
4-топқа тапсырма: «Оқиғалар мен адамдар»
Олар кімдер?...
Жанқожа Нұрмұхамедұлы
М. Тынышбаев
Л.Мейер
Есет Көтібарұлы
«не, қайда, қашан?» Тиісті жауаптарын белгілеңдер.
Салынған немесе басып алынған қалалар мен бекіністер:
Қоқан хандығы Хиуа хандығы
Ташкент -1808 ж. Түркістан-1814 ж.
Құртөбе-1835 ж. Ақмешіт-1818 ж.
Қожанияз, Жаңақала -1835 ж. Бабажан
Бесқала Жаңақорған, Қосқорған
Сабақты бекіту:
Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.
Үйге тапсырма:
Көтеріліс тарихын оқытуға арналған №1 кестені толтырыңдар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: /3 сағат/
§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы
§ 25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары
§ 26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашу;
Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетлдіру, қосымша деректерді пайдалана білуге үйрету;
Халықтың сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлывққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсніктер: қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, халық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Қазақтардың дәстүрлі шұаруашылығы:
Қазақ ауылы. Қазақтардың үйлері;
Мал өсіру мен егіншілік кәсібінің дамуы;
Халықтық мал дәрігерлігі;
Аңшылық пен балық аулау.
Ұлттық мерекелер мен ойындар
Мерекелер мен ойындар:
Халық емшілері.
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері:
Әдет-ғұрып пен дәстүрлердің қазақ халқы өміріндегі рөлі.
Сабақ оқушылардың білімін тереңдету және бұрын алған білімдерін қолдана білуге үйрету мақсатымен практикалық жұмыс түрінде өткізіледі.
ТАҚЫРЫП:«Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы»
№1 тапсырма:
7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы курсы материалдарына сүйене отырып:
Қазақ ауылдарын басқару ерекшеліктерін бейнелейтін сызба жасаңдар.
Қазақстарда тұрғын үйдің қандай түрі болды?
№2 тапсырма:
Киіз үй құрылысының сызбасын жасаңдар. Үйдің негізгі бөліктері қалай аталады?
Киіз үйдің қазақ өміріндегі маңызы жөнінде не айта аласыңдар?
Үйдің құрылымына, әр түрлі ою-өрнектерге, үй жабдытарына қарап, кәсіпшіліктің қандай түрлерінің дамығанын айтуға болады?
№3 тапсырма:
Кестені толтырыңдар.
Қазақтар қандай мал өсірді?
Малдан алынатын ұлттық тағамдар
1.
2.
3.
4.
5.
1.
2.
3.
4.
5.
№ 4 тапсырма:
Кестені толтырыңдар.
Қазақстанның қай аймақтарында жер шаруашылығы дамыған?
Қазақстар астық тұқымдастарының қандай түрлерін өсірді?
Жер өңдеуге арналған құрал-саймандар
Астақтан дайындалатын ұлттық тағамдар
№ 5 тапсырма:
Халық мал дәрігерлігі жөнінде сендер не білесіңдер?
Қазіргі күндері үй жануарларын кім және қалай емдейді?
Пал, жұт дегеніміз не? Оның салдары мен маңызын түсіндіріңдер.
ТАҚЫРЫП: «Ұлттық мерекелер мен ойындар»
№ 6 тапсырма:
Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білесіңдер? Олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеңдер.
Халық емшілері деген кімдер? Қазіргі кезде мемлекет адамдардың денсаулығына арнап қаражат бөледі, емханалар мен басқа да сауықтыру орындарын салады, соған қарамастан, адамдар халық емшілеріне барады. Сендер осыған қалай қарайсыңдар? Неліктен адамдар халық емшілеріне сенеді?
ТАҚЫРЫП: «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері»
Қазақ өмірінде әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің өз рөлі бар екенін ежелгі заманнан М.Қашқари, Ш.Уалиханов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. жазған. Аса үлкен аумақта тұрып жатқан халық үшін бұл салт-дәстүрлер бір-бірін түсінісуге көмектеседі, бірлікке шақырады, олардың тәрбиелік мәні зор.
«Қазақ халқының әдіт-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс:
Азан-таңертеңгілік намазға шақыру
Азан шақырып ат қою-жаңа туған балаға ат қою
Айға бата беру-жаңа ай туғанда айтылатын ырым
Ауыз тию-ұсынылған астан дәм тату.
Базарлық- алыс сапардан, тойдан келгенде әкелетін сый
Байғазы-сыйлық, көрімдік
Бауырына салу-бала қылып алғанды айтады
Ерулік-жаңа көшіп келген көршіні қонақ ету
Жеті ата-шежіренің бастауы
Киіт-құдаға берілетін сыйлық
Кіндік шеше-жаңа туған баланың кіндігін кескен кісі
Қалаңмал-қалыңдық үшін берілетін төлем
№7 тапсырма:
Сендердің отбасыларыңда қолданылатын салт-дәстүрлер мен ырымдарды айтып беріңдер
Бүгінгі күнде қазақ халқында қандай салт-дәстүрлер сақталған? Олардың маңызы неде?
Салт-дәстүрлер мен ырымдарға байланысты иақал-мәтелдерді айтыңдар.
«Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Сананы салт туғызады» деген мақалдардың мәні неде?
Осы сұрақтарды қорытындылай келе үйге тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма:
ХІХ ғ. аяғына қарай мал шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
ХІХ ғ. аяғында қазақтар неліктен отырықшылық салтқа көше бастады?
Қазақстар арасында аңшылық пен мал шаруашылығының маңызы туралы не айта аласыңдар?
Қазақ өмірінде батаның маңызы қандай?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 27. Семей ішкі округының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Ішкі округтың құрылу себептерін ашу, Ертістің оң жағалауына өткен қазақтардың тұрмыс ерекшеліктеріне, ішкі округтердің басқару құрылымына тоқталу;
Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, салысмтыруды, талдауды, үйрету, логикалық ойлау, есте сақтау қабылетін жетілдіру;
Жауапкершілікке, алдыға мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: Семей ішкі округын ашу тарихы, округтық приказдың басқару жүйесі, оның рөлі мен маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Семей ішкі округын құрудың себептері.
Округтық приказдың құрамы және сайлау тәртібі.
Сот билігі. Міндеткерлігі.
Семей ішкі округын құрудың тарихи маңызы.
Ертістің оң жағына өткен қазақтардың жағдайын айтқанда, алдымен олардың Томск губерниясы шаруаларымен және Сібір казактарымен жиі қақтығысып қалып отырғандары, оларды ішкі жаққа өткізбеуі туралы әңгімелеу. Бұл кезде патша әкімшілігі қазақтар арасында өз жағдайын нығайту үшін осындай шаралар жүргізді. Картаны пайдалана отырып, Семей ішкі округінің құрылу тарихына және оның ерекшелігіне жан-жақты тоқталу.
Семей ішкі округы
1854 жылғы 9 мамырда «семей облысын басқару туралы Ереже» шықты.
Аумағы-Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылған, ұзындығы 800 шақырым, ені 300-400 шақырым. Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енді.
Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі: үкіметке ешқандай салық төлеген жоқ, өздерінің жеке басқару құрылымы болмады,далада тұратын басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды, шекара шебінен өткен жағдайда ремонт салығын төледі.
Округтік приказдың құррылуы. Бұл тақырыпты түсіндіргенде округтік приказды басқару құрылымының ерешеліктерін бейнелейтін сызба пайдаланылады:
Округтік приказды басқару құрылымы:
Округтік приказдың құрамы
Әкімшілік бөлініс және басқарушыларды сайлау тәртібі
Сот билігі және міндеткерліктер
Әскери бастық
Аға сұлтан
Үш орыс және бір қазақ заседатель
Округ-болыс-ауыл.
Басқару таза әскери сипатта болды.
Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).
Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.
1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда оқушылардың білімін бақылау үшін картаны пайлану керек.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланғанда олардың сипатына мән беру керек( проблемалық, дамытушылық, логикалық). Сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларға жүйелі дайындықтың қажеттілігін арттыруға көмектеседі.
Семей ішкі округын құру үшін қажет болды?
Бұл басқару құрылымының сыртқы округтерден қандай айырмашылығы бар?
Жаңа округте сот билігі қалай жүргізілді?
Үйге тапсырма:
192-беттегі 1,3,5,7,8 сұрақтарға жауап беріңдер.
Оқулықтағы материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.
Округтер
Округтің құрылған уақыты
Басқару жүйесі
Болыстар мен ауыл старшиндары неше жылға сайланды?
Заседательдердің ара салмағы қандай болды? (Орыстар мен қазақтар) алынған алым мөлшері
Сыртқылыра
Семей ішкі округі
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 28. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар.
§ 29. ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саясижүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: әкімшілік-аумақтық бөлініс, генерал-губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Шынберілген» қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер.
Кестенің толтырылуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.
Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.
Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
Басқару құрылымының ерекшеліктері
Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.
Реформалардың отаршылдық сипаты.
ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.
Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.
Маңғыстаудағы көтеріліс.
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.
Сабақтың бірінші бөлігі- Қазақстандағы саяси және әлеуметтік –экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.
Алғышарттар:
Қазсқстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.
Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазқстанда болған процестерге тікелей әсерн тигізді.
Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.
Қазақстанда әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізудің себептері:
Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.
Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктіді.
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.
Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.
Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.
Жылдар
Жоба авторлары
Құжаттың аты
Реформаны жүргізу шаралары
1865 ж.
1867 ж.
1868 ж.
1869 ж.
Сонан соң кестенің көмегімен жаңа реформа бойынша Қазақстанның әкімшілік-аумақтық басқарылуындағы ерекшеліктерді ашамыз.
1867-1868 ж. реформалар
Тараулар
мәні
Маңызы мен салдары
Реформаның мақсаты
Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Басқару ерекшеліктері
Сайлау жүйесі
Фискальді жүйе және міндеткерліктер
Денсаулық сақтау
Жер пайдалану
Кесте құру немесе оқиғалардың логикалық тізбегін жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі.
Тақырыпты бекіту: (дамытушылық сипаттағы тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.)
Патша әкімшілігінің Қазақстанда 1867-68 ж. жүргізген реформаларының отаршылдық сипаты болды. Осыны дәлелдейтін деректерді келтіріңдер.
Бұл реформалар барлық қайшылықтарды шеше алмағынамен, Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етті. Осыған мысал келтіріңдер.
Тараулар
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже»
1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Ереже»
1867-1868 ж. реформалар
Жалпы сипаттама
Мақсаты
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Басқару ерекшеліктері
Сайлау жүйесі
Сот жүйесі
Фискальды жүйе мен міндеткер-ліктер
Денсаулық сақтау
Жер пайдалану
Нәтижелері мен маңызы
Үйге тапсырма:
Қазақстанда 1822,1824 ж. және 1867-68 ж. патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың ерекшеліктеріне тоқталып, жалпы сипатын анықтаңдар.
Сабақтың екінші бөлігі.
Үй тапсырамсын сұрау:
Қазсқатнда 1867-1868 ж. реформаны жүргізгенде патша әкімшілігі қандай мақсат көздеді?
Реформаның отаршылдық сипаты неде?
Кестенің толтырылуын тексеру (оқушылар тақырыптық кестелер толтырғанда мұғалім олардың білімі мен іскерлігін бақылай алады).
Оқушылардың «ХІХ ғ. 80-90 ж. әкімшілік реформалар» мтақырыбы бойынша практикалық жұмысы
Алдымен сынып алдана төмендегідей міндет жүктеу керек:
ХІХ ғ. 60- жылдары жүргізілген әкімшілік реформаларжартылай ғана болды. Біріншіден, олар өмірге бірден енгізілген жоқ, ол ең алдымен оған қарсы шыққан қазақ шаруаларына байланысты болды.
Екіншіден, қазақ ауылына жан-жақтан әсер еткен капиталистік қатынастар барлық салада тиісті өзгерістер әкелді.
Сондықтан 1880-90 ж. патша үкіметі жоғарыда көрсетілген және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, аяғына дейін жеткізуге мәжбүр болды. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
1-топқа тапсырма:
Оқулықтан Торғай және Орал облыстарындағы көтерілістер туралы мәтінді оқыңдар және оларға 1867-1868 ж. реформалардың әсері болды ма, соны анықтаңдар, пікірлеріңді деретермен дәлелдеңдер.
Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша қарастырады:
Көтерілістің себептері;
Сипаты;
Козғаушы күштері;
Басшылары;
Негізгі оқиғалары;
Жеңілу себептері;
Тарихи маңызы.
2-топқа тапсырма:
Оқулықтан Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс туралы мәтінді оқыңдар және оған 1867-68 ж. реформаның әсері болды ма, соны анықтаңдар. Пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.
Оқушылар көтеріліс тарихын мына жоспар бойынша ашады:
Көтерілістің себептері;
Сипаты;
Козғаушы күштері;
Басшылары;
Негізгі оқиғалары;
Жеңілу себептері;
Тарихи маңызы.
Оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талқылағаннан кейін, Қазақстандағы 80-90 ж. реформалардың жылдамдатылу себептерін көрсету:
Қазақстанды үш генерал-губернаторлыққа бөлу Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды көшіру мәселелерін жүйелі әрі тез шешуге бөгет жасады;
Орта Азия әскери жолмен Ресей империясына қосылды, бұл аса үлкен аймақта басқаруда біртұтас жүйе жасауды және қаражатты үнемдеуді талап етті.
1867-68 ж. Ереже ең басынан уақытша сипатта болды.
Тапсырма: Оқушылардың оқулық мәтінемен жұмысы
1886 және 1891 жылдардағы әкімшілік басқаруды 1867-68 ж. реформалармен салыстырыңдар.
Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Бұл өзгерістердің мәні неде?
Қазсқатандағы 1886-1891 ж. ережелер бойынша болған жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністерді картадан көрсетіңдер.
Үйге тапсырма: Қазақстанның 1867-68 ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісін картаға түсіріңдер
Қазсқатанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісінің сызбасын картаға түсріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);
Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;
Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.
Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Бұл өзгерістердің мәні неде?
Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.
Орал казактары
Орынбор казактары
Сібір казактары
Жетісу казактары
Өлкеде әкімшілік реформалар жүргізуде және жергілікті халықтың көтерілістерін басуда казак әскерлеріне өте көп мән берілді. Олар Қазақстанның шекараларымен қатар аумағында да орналастырылды. Казак әскерлерінің құрылу себептері мен міндеттерін мыналардан көреміз:
Ресейге жаңа жерлерді қосуға белсене араласуы.
Шекараны көрші мемлекеттердің әскерлерінен қорғап тұрды.
Ресей халықтарының ұлт-азаттық көтірілістерін және орыс шаруалары мен жұмысшы табының баскөтерулерін басуға қатысты.
XVIII –ХХ ғ. орыс әскерлерінің шетелге жасаған жорықтарына да қатысты.
Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:
Орал казактары
Орынбор казактары
Сібір казактары
Жетісу казактары
Жылдары
Аумағы
Құрамы мен саны
Басқару жүйесі
Казактардың құқы мен міндеттері
Шаруашылығы
Салдары мен маңызы
Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.
1-топқа тапсырама:
Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.
2-топқа тапсырма:
Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер:
Сібір казактарының ерекшеліктерін анықтаңдар.
Сібір казактарының шаруашылық қызметінде қандай ерекшеліктер бар?
3-топқа тапсырама:
Құжаттармен жұмыс. Оқулықтың 215-бетінде берілген құжат. Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 8-к, 66-іс, 117-118-парақтар.
Осы құжаттардан төмендегідей деректерді дәлелдейтін фактілерді табыңдар.
Патша үкіметінің саясаты ең алдымен Ресейдің жағдайын нығайтуға және отаршылдық езгіні күшейтуге бағытталды.
Қазақатдың құқы саяси жағынан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да шектелді.
Әрбір топтың жұмысын талқылағаннан кейін, сабақтың қорытындысын шығару.
Сабақты бекіту:
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?
Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?
Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?
Үйге тапсырама:
Құжатпен жұмыс. Оқулықтың 215-бетіндегі құжаттарждың мәтінін оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Өтініш авторлары кімдер?
Олар қандай талаптар қойды?
Өздерінің жер жөніндегі құқын қорғау үшін олар қандай деректер келтірген?
Кестені толтыру.
Орал казактары
Орынбор казактары
Сібір
казактары
Жетісу казактары
Жылдары
Аумағы
Құрамы мен саны
Басқару жүйесі
Казактардың құқы мен міндеттері
Шаруашылығы
Салдары мен маңызы
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты.
§ 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанды кең көлемде отарлаудың қалай жүргені Ресей империясының еуропалық бөлігінен келген орыс шаруаларының қазақстардың өміріне тигізген әсері және Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеу;
Мәтінмен жұмыс істеу машығын, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстыра отырып талдау жасау, белгілі бір тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіріп, кез келген оқиғаға өз көзқарасын қалыптастыру;
Достыққа, өзара көмекке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: жерге мемлекеттік меншік, 60-90 ж. әкімшілік реформалар, Қазақстанды кең көлемде отарлау, басыбайлы тәуелділік, Столыпиннің реформасы, тоғышарлар мен мещандар, жатақтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Кестенің толтырылуы мен құжаттар бойынша сұрақтардың жауабын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқущылардың өткен материалды қаншалықты игергендігін тексереміз, олардың қателерін түзеткеннен кейін өткен сабақты қорытып алып, жаңа сабақты бастаймыз.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Шаруаларды Қазақстан аумағына орналастырудың себептері мен басталуы.
Шаруаларды қоныстандыру қарқынын күшейту.
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы баскөтеруі.
Қоныс аударушы шаруалардың баспана тұрғызу ерекшеліктері. Олардың жаңа жердегі қиыншылықтары.
Жер өңдеу мен мал шаруашылығының дамуы.
Омарта шаруашылығы, бақша өсіру мен балық аулау.
Қоныс аударушылар мен қазақстар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар
Өткен тарихи кезеңдерді бүгінгі күнмен байланыстыра оқытып, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына үнемі көңіл бөлу. Қоныс аударудың себептері мен салдары жөнінде айтқаннан соң, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, талдау жасау, берілген тақырып бойынша жоспар құру біліктілігін жетілдіруге арналған тапсырма берді.
XVIII ғ. мен –ХХ ғ. бас кезінде Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрады (80%), патша үкіметінің қоныс аударк саясаты салдарынан халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады, қазақ жеріне әскерилер, «саяси сенімсіздер», орыс шаруалары, ұйғырлар, дүнгендер, т.б. қоныстандырыла бастады. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты төмендегідей мақсаттарды көздеді:
Ресейдің орталық аудандарында Ресейдегі басыбайлық құқық жоыйлғаннан кейін күшейіп кеткен жерсіз шаруалардың баскөтерулерін әлсірету;
Империяның ұлттық шеткері аймақтарында патша үкіметіне тірек болатын әлеуметтік топ құру;
Қазақстарды отырықшылыққа көшіріп, оларды шаруалар арқылы шоқындыру және орыстандыру саясатын жүргізу.
Қоныс аудару кезеңдері:
Алғашқы кезеңде патша әскерлері қазақ жеріне казак әскерлерін орналастырумен шектелді.
ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Орталық Ресейдегі орыс шаруаларын қоныс аудару басталды; ол үшін қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды.
ХІХ ғ. 70-жылдарында орыс, украин, белорус шаруаларын-Ақтөбе, Қостанай, Орал, т.б. жерлерге жаппай қоныс аудару басталды. Әсіресе Жетісуға көп адам көшіп келді.
Қоныс аударушыларға төмендегідей жеңілдіктер жасалды:
Әрқайсысы 30 десятинадан жер алды;
15 жыл бойы салықтың барлық түрлері мен міндеткерліктен босатылды;
100 сом мөлшерінде несие берілді.
Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан қазақтар ең құнарлы жерлері мен табиғи байлықтарынан айырылды. Оған қоса рухани мәдениеті де зардап шекті. Ол жөнінде біз келесі сабақтарда айтамыз. Ары қарай біз сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға оқулық пе хрестоматия материалдары негізінде төмендегідей өзіндік жұмыс тапсырамыз.
1-топқа тапсырма (тапсырмалардың қиындығы әр түрлі деңгейде):
Патша үкіметінің Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды ораналастыруға байланысты шаралары мен жарлықтарын хронологиялық ретпен жазыңдар.
2-топқа тапсырма:
Қоныс аударудың маңызы мен салдарына баға беріңдер.
Тиімді жақтары
Тиімсіз жақтары
3-топқа тапсырма:
Мына терминдердің мағынасын түсіндіріңдер:
отаршылдық тәуелділік
Басыбайлы тәуелділік
Жергілікті (автохтонды) халық
Үлеске тиген жер, кесілген жер
Столыпиннің аграрлық саясаты
Ходоктар
Хутор
Жатақтар
Мына адамдар жөнінде не білесіңдер?
Г.А.Колпаковский
П.А.Столыпин
Куропаткин
Сабақты бекіту:
Оқушылардың білімі мен оқулықтағы материалдарға сүйене тоырып, «Қоныстанушылардың шаруашылығы» тақырыбына кесте толтырамыз.
Қоныс аударушы шаруалар
Тұрғын жайы
Жаңа жердегі қиыншылықтар
Шаруашылық қызмет түрлері
Қазақстар мен қоныстандырушылар арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар
Үйге тапсырма:
Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды пайдаланып, хабарлама дайындаңдар: «Патша үкіметінің отаршылдық саясаты». Саясаттық мақсаты, орыс шаруаларын орналастыру аумағы және салдары
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақстар мен қоныс аударушылар бір-бірінің өміріне, тұрмысына, мәдениетіне өзара ықпал етті ме? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.
Қазақ малшылары мен Ресей шаруаларының өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстан аумағындағы қалалар.
§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;
Мақсат қоя білуге, қиыннан жол таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.
Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?
Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.
Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?
Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?
Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).
XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.
ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.
Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.
Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары
ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.
Орта Азиямен керуен саудасы.
Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.
Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда
Шетелмен сауда
Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.
Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.
Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.
№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№3 тапсырма: Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары мен шаруаларды қоныс аулару кезінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін төмендегідей сұрақ қоюға болады:
Сендер өз қалаларыңның салынуы туралы не білесіңдер?
Сабақтың 2-кезеңі – «ХІХ-ХХ ғ. аралығындағы сауданың дамуы». Капитализмнің дамуы өлкенде сауда қатынастарының өркендеуіне, ішкі сауданың қалыптасуына, сауда капиталының күшеюіне алып келді. Өлке экономикасы әркелкі дамыды. Қазақтардың ең басты тауары мал мен оның өнімдері болды. Темір жолдарының пайда болуына байланысты тауар айналымы өсті. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезінде Қазақстанда сауданың бірнеше түрі болды. Алдымен төмендегі терминдердің мағынасын түсіндіру керек:
Керуен саудасы
Алыпсатарлық
алыс ауылдары аралап жүріп алыпсатарлықпен айналысатындар, сапасы төмен тауарларды малға айырбастады.
Жәрмеңке
Айырбас сауданың ірі бекеттері жәрмеңкелік сауда орталықтарына айналды, сауда орындары қалаларда ғана емес, гарнизондарда, станицаларда, темір жол бекеттерінде де ашылды. Анағұрлым ірі әрі белгілілері Семей облысы қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі (оны Ботов жәрмеңкесі деп те атайды). Қарқаралы жәрмеңкесі.
Шет елмен сауда
Шекаралық аудандарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономиклық байланыстар нығайды.
Сауда орталықтары- Омбы, Петропавл, Семей, Верный, т.б.
Қосымша әдебиеттердегі материалдарды пайдалана отырып,Ресей мен Қытай арасындағы сауданың тұрақтылығы, қазақ-қытай сауда байланысының дамуы туралы айту. Әңгіме барысында сауда байланыстарының ерекшеліктері мен маңызын ашып көрсететін кесте толтырылады.
Құлжа сауда келісімі.
25 шілде, 1851 ж.
Петербург келісімі. 12 ақпан, 1881 ж.
Оқушылар сабақ тақырыбымен танысу барысында төмендегі кестені толтырады:
«ХІХ ғ. сауданы дамуы»
мемлекеттер
ХІХ ғ. сауданың сипаты
Сауда орталықтары
Тауар түрлері
Қазақ халқының өнімдері
Ресейдің еуропалық бөлігінің тауарлары
Орта Азия тауарлары
Қытай тауарлары
Қазақ хандықтары
Ресей
Орта Азия мемлекеттері
Қытай
Оқушылардан жалпы тарих курсы бойынша не білетіндерін сұрау керек (пәнаралық байланыс):
Еуропа елдеріндегі сауданың дамуы туралы
Жәрмеңкелер қайда және қалай өтті?
Жәрмеңкелердің ел өміріндегі маңызы қандай болды?
Осыдан кейін жәрмеңкелердің Қазақстанда қандай рөл атқарғанын ашуға тырысамыз:
Малшылар мен отырықшылар арасындағы делдалдық қызмет.
Баразлар және жәрмеңкелермен байланыстың күшеюі нәтижесінде малшылардың тұрмасы өзгерді.
Әр түрлі рулар, тайпалар, халықтар арасындағы байланыс күшейіп, оларлардың араласатын орнына айналды.
Халықтар арасында мәдени байланыс қалыптасты.
Қазақстанда көлік байланысы дамыды-тас жолдар, су жолдары, темір жол байланысы күшейді. Көлік байланысының дамуы қазақ қоғамының тұрмысына, сауданың дамуына қалай әсер еткені жөнінде мысалдар келтіру керек.
Сабақты бекіту:
ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?
Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?
Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?
Үйге тапсырма:
Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 35. Өнеркәсіптің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелей отырып, оның қазақ қоғамындағы тиімді және теріс жақтарын ашып көрсету; әңгіме барысында Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына, Қазақ жұмысшыларының өз мүдделері үшін күресінің әлсіз болу себептеріне тоқталу керек;
Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеу машығын онан әрі дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру;
Мамандықты меңгеруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
ХІХ ғ. Қазақстандағы сауданың сипаты мен дамуы туралы не айтасыңдар?
Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладығы маңызы қандай?
Үй тапсырмасын (диаграмма) тексеру
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Тау-кен өндірісінің жағдайы
Тұз, мұнай және алтын өндіру.
Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы
Темір жолдардың салынуы
Жұмысшылар қозғалысының басталуы. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі.
Сабақты Қазақтандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктерімен таныстырудан бастаған жөн. Ресейдің жылдам дамып келе жатқан экономикасы шикізатқа, арзан жұмыс күшіне, өз өнімін өткізетін рыногқа аса мұқтаж болғандығы жөнінде айту керек. Осыған байланысты патша үкіметі зауыт-фабрикалар салуға кірісті. Табиғи шикізатты тасуға жағдай жасалды. Қазақстанда өндіру өнеркәсібі мен аул шаруашылық шикізатын өңдеу қарқынды дами бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап орыс және шетел өнеркәсіпшілері Қазақстандағы аса бай шикізат көздеріне назарлары ауып, өз қаржыларын өндіріс орындарын ашуға сала бастады. Көмір, тау-кен, мұнай өндіретін орындар шетелдік капиталистерге сатылды. Оларды картадан көрсету керек. Табиғи байлықты игеру, тауар-ақша қатынасының дамуы банкілер мен несие беру мекемелерінің пайда болуына жол ашты. Оқушылар ақулықты пайдаланып, салына бастаған өнеркәсіп мекемелерін картадан көрсетулері керек:
Тас-көмір өндіру және тау-кен өнеркәсібін ашу.
Тұз, мұнай және алтын өндіру.
Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу орындары.
Темір жолдар салу.
Осыдан кейін ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және жұмысшы табының қалыптасу үрдісі қалай жүргені туралы әңгімелеу керек. Оқушыларға қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы, жұмысшы қозғалысының күшеюі туралы айта келе, төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
1-топқа тапсырма:
Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:
Жұмысшы табының құрамы.
Қазақ жұмысшыларының еңбегі мен тұрмыс жағдайы.
2-топқа тапсырма: «Өлкедегі жұмысшы қозғалысының күшеюі».
Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:
Жұмысшылардың өз құқын қорғау үшін жүргізген күрес әдістері
Көтерілісшілердің құрамы
Жұымысшылар қандай талаптар қойды?
Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының ерекшеліктері.
Сабақты бекіту:
Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
Үйге тапсырма:
ХІХ ғ. ортасында басталған капиталистік қатынастарың дамуы қазақ халқының шаруашылық өмірі мен әлеуметтік жағдайына ықпал етті. Осыны дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
Капиталистік қатынастардың даму кезеңіндегі қазақ ауылының шаруашылық өмірі
Қазақстардың әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
§ 36 . Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы, екі жақты езгіге тап болғаны туралы әңгімелеу.
Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;
Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
Кестанің толтырылуын тексеру
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.
Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.
Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).
Картадан мынаны көрсетіңдер:
Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?
Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері
Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:
Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;
Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.
Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.
Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;
«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»
Жылдары
Қоныс аударушылардың саны
Орналасқан аумағы
Қоныс аударушыларждың жағдайы
Кәсіптері
Мәдениетінің дамуы
Ұйғырлар
Дүнгендер
Сабақты бекіту:
Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.
Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.
Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?
Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?
Үйге тапсырма:
Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.
«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)
Халықтар
Қоныс аударған уақыты
Тілі
Діні
саны
Кәсібі
Жазуы (араб, кириллица, иероглиф)
Қазақстар
Орыстар
Ұйғырлар
Дүнгендер
Ұйғырлар мен дүнгендердің мәдениеті жөнінде әңгімелеңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
Сабақтың мақсаты:
Тақырып төңірегінде кеңінен мәлімет бере отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Кестенің толтырылуын тексеру.
Негізгі түсніктер: этникалық топтар, ассимилияция, конфедераттар, халықшылдар, жікшілдер, социал-демократтар, патша үкіметінің қоныстарндыру саясатының отаршылдық сипаты, бұратаналар, диаспоралар, «саяси сенімсіз элементтер».
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Орыс халқы
Украиндар
Татарлар
Белорустар
Немістер
Поляктар
Қазақстанға басқа да ұлт өкілдерін қоныстандыру.
Тақырып материалы өзінің мазмұны жағынан онша ауыр емес, сондықтан кіріспе сөзден кейін, оқушылар өз беттерінше оқып танысулырана болады.
Тапсырма: Парагарафты оқып шығып, Қазақстан аумағындағы қоныс аударушылардың өмірі мен қоныс аудару ерекшеліктерін ашу үшін мына кестені толтырыңдар:
Халықтар
Қоныс аударушылардың саны (%)
Орналасқан аумағы
Қоныс аударушылардың жағдайы
Кәсібі
Мәдениеттің дамуы
Оқушылардың жұмыстарын тексетіп, талқылағаннан кейін Қазақстан аумағында тұратын халықтарға тоқталамыз. Алғашында оқушылардан Біріккен Ұлттар Ұйымы, қазақстан халықтары ассамблеясы жөнінде не білетіндерін сұраймыз. Олардың жауаптарынан тыңдағаннан кейін мыналармен толықтырамыз:
Олардың құрылу тарихы
Қызметінің мақсаты мен бағыттары
Олардың қызметіне қандай негізгі құжаттар сипаттама береді?
Бұл ұйымдардың маңызы:
Мемлекет өмірінде
Дүние жүзі халықтары арасындағы қарым-қатынаста
Бір мемлекеттің ішіндегі халықтар арасында
Жеке адамның өмірінде
Сабақты бекіту:
Оқулықтың 260-бетіндегі құжаттармен жұмыс. Құжат мәтіні бойынша сұрақтар:
Орыс шаруаларының казактардан сыртқы бейнесі жағынан қандай айырмашылығы болды?
Украин деревнясы басқа халықтардікінен несімен ерекшеленеді?
Алғашқы неміс колонистері қашан және қайда пайда болды?
Қазақстан қалаларында қай халықтардың өкілдері тұрды?
Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, қазіргі Қазақстанда тұратын неғұрлым ірі диаспоралардың саны мен орналасқан жерлері туралы әңгімелеңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Сабақтың мақсаты:
Шетелдік диаспоралар, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша келіп жатқан қандастарымыз, оларға жасалып отырған мемлекет тарапынан көмек т.б. төңірегінде кеңінен әңгімелеу
Ұлтжанды азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: диаспора, катаклизм, миграция, эмигрант, ирриденттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазіргі Қазақстанда тұратын диаспоралар жөнінде жазылған әңгімені тексеру.
Терминологиялық диктант.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстардың Қазақстаннан тыс жерлерге көшу себептері
Қазақстар Ресей империясының ішкі губерниялар аумағында.
Қытайдағы қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері
Монғолиядағы қазақстар.
Қазақстар Түркіменстанда, Өзбекстан мен Ауғанстан жерінде.
Оқушыларға алдымен қазақтардың шет елдерге кету себептерін (саяси, әлеуметтік-экономикалық) түсіндіру керек. Ол үшін оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға болады.
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар не себепті шет елдерге кетті?
Бұл үрдіске қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін?
Бұрынғы өткен тақырыптар бойынша қазақ миграциясы туралы мысалдар келтіріңдер.
Қазақ
диаспорасы
Сыртқа кетуге себеп болған оқиғалар
Орналасқан аумағы
Қоныстанушылардың саны
Кәсібі
Ресей империясының ішкі губернияларындағы қазақтар
Қытайда тұратын қазақтар
Монғолияда тұратын қазақтар
Өзбекстенда тұратын қазақтар
Ауғанстанда тұратын қазақтар
Сонан соң оқулық материалдарына сүйене отырып, көрнекілік ретінде пайдаланылатын кестенің көмегімен шет елдердегі қазақтардың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Сабақты бекіту: Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын пайдалана отырып, оқушыларды шетелде тұратын қазақтардың тұрмысымен таныстырып, өкіметтің оралмандар мен шетелдердегі қазақтарды қолдау жөніндегі бағдарламасы туралы айту керек.
Үйге тапсырма: § 38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:§ 39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.
Сабақтың мақсаты:
1905-1907 ж. болған орыс революциясының Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге тигізген әсері туралы айтып, өлкеде мұсылман қозғалысының күшею себептері мен кәсіподақ қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру;
Тарихтың әр түрлі кезеңдерінде болған оқиғаларды салыстырып, қорытынды жасау машығын қалыптастыру;
Адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Бірінші орыс революциясы және патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшеюі. Өлкедегі мұсылман қозғалысы.
Жұмысшы қозғалысының күшеюі. Қазақстандағы социал-демократтар ұйымдары мен кәсіподақтар. Ауыл тұрғындарының қозғалысы.
Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстардағы орны
Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы.
Бірінші орыс революциясының қазақ халқының сана сезімінің өсуіне ықпалы.
1905 ж. 9 қаңтардағы «Қанды жексембіден» кейін Ресейдің басқа жерлеріндегі сияқты Қазақстанда да революциялық әрекеттер басталды. Отаршыл әкімшілік халықтан шындықты жасыруға тырысқанымен, Қазақстанда қанды қырғынға қарсы баскөтерулер болып өтті. Осы тұста оқушыарды революция кезіндегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктерімен таныстыра кеткен жөн. 1905-1907 ж. революцияның негізгі алғышарттарының бірі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясаты болды. ХХ ғ. бас кезінде Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға шаруалар ағылды. Бұл Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтырды. Қазақ ауылдарынан көшіп келгендердің жағдайы нашарлап кетті.
Патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейді, қоныс аудару қорына қазақтардың ең құнарлы жерлері алынды.
Өлкеден арзан шикізат , минералды ресурстар тасып әкетілді.
Қазақ жұмысшыларының тұрмысы өте ауыр болды. Әйелдер мен бала еңбегі пайдаланылды, еңбекақы мөлшері тым аз еді.
Мұсылман қозғалысының күшеюі, мұсылман съездерін ұйымдастыру, онда діни мәселелерден басқа қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелері де қаралды.
Жұмысшы қозғалысының күшеюі.
Қазақстанда социал-демократиялық және кәсіподақтық ұйымдардың құрылуы. Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының қызметіне араласа бастады.
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, қажетті ақпаратты таба білу және қорытынды шығара білу біліктілігін жетілдіру мақсатында оларға мына бағыттарда өзіндік жұмыс беруге болады.
№1 тапсырма:
Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдаланып, қазақстандағы мұсылман ұйымдарының бағдарламаларына баға беріңдер.
№ 2 тапсырма:
Оқулықтан «Жұмысшы қозғалысының күшеюі» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақстандағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Ресейдегі оқиғалардың әсері жөнінде мысал келтіріңдер («Қанды жексембі», «Октябрь саяси стачкасы», т.б.).
Успен руднигіндегі стачкаға сипаттама беріңдер.
№3 тапсырма:
Қазақстанда 1905-1907 ж. аралығында болған оқиғаларды хронологиялық ретпен құрыңдар.
№4 тапсырма:
Оқулықтан «Қазақстандағы социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары» деген тақырыпшаны оқып шығып, мына сұрақтарға жауап дайындаңдар:
Социал-демократтар деген кімдер?
Сендер басқа елдердегі кәсіподақ ұйымдарының тарихы жөнінде не білесіңдер?
Қазақстанда қандай кәсіподақ ұйымдары болды?
Қазақстан кәсіподақтарының ерекшеліктерін атаңдар.
Сабақты бекіту:
Қазақ зиялыларының ұлт-аззаттық қозғалыстарындағы рөліне қандай баға беріңдер?
Үкімет саясатына жұмысшылар қандай әдістермен қарсылық көрсетті?
Үйге тапсырма: Сөйлемді аяқтаңдар.
1905-1907 ж. революция Қазақстанда жеңіліске ұшырады, өйткені:
-//-
-//-
-//-
1905-1907 ж. революцияның тарихи маңызы мынада:
-//-
-//-
-//-
-//-
І Мемлекеттік Думаның құрамына енген қазақтар:
Торғай облысынан-
Уфа облысынан
Орал облысынан-
Астрахан облысынан-
Ақмола облысынан-
Семей облысынан-
ІІ Мемлекеттік Думаың құрамына енген қазақтар:
Ақмола облысынан-
Торғай облысынан-
Семей облысынан-
Орал облысынан-
Астрахан облысынан-
Сырдария облысынан-
Жетісу облысынан-
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстандағы петициялық қозғалыстың мәні мен мағынасын түсіндіру, отаршылдық езгінің күшейгенін айта келе, қазақтардың Мемлекеттік Думадағы қызметін, ұлттық сананың оянғанын көрсету;
Қосымша деректермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тарих пәні бойынша білімдерін жетілдіру, салыстырмалы талдау жасау біліктілігін, есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
«Қазақтардың мемлекеттік Думаға қаысуы».
Сөйлемді аяқтаңдар:
Мемлекеттік Дума-бұл.........................................................................................................................
1906 ж. шаруалар толқулары болған Қазақстан облыстарын картадан көрсетіңдер.
Үй тапсырмасын тексеру: «1905-1907 ж. революцияның жеңілу себептері мен тарихи маңызы».
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының дамуы туралы не білесіңдер?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Петициялық қозғалыстың бсаталуы. Қарқаралы петициясы.
Қарқаралы петициясының мазмұны.
Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы.
Мұғалімнің Қазақстандағы петициялық қозғалыс, оның қызметі мен мазмұны жөніндегі кіріспе сөзінен кейін, сыныпты бірнеше топқа бөліп, қарқаралы петициясы жөнінде өзіндік жұмыс беруге болады.
№ 1 тапсырма:
Хрестоматия мен оқулық материалдарын оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?
Петиция мазмұнына мемлекеттік шенеуніктер қалай қарады?
Петицияны дайындауға кімдер қатысты?
Петицияның басты талабы не болды?
Тарихи маңызы.
№2 тапсырма: Құжаттармен жұмыс.
Оқулық пен хрестоматия материалдарын пайдалана отырып, Қарқаралы петициясының мазмұны бойынша жоба құрастырыңдар:
Сайлау жүйесін қайта құру жөнінде ұсыныс;
Діни мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар;
Қазақ тілінде білім беру;
Жер мәселесі бойынша ұсыныс;
Қазақстар арасында сот ісін жүргізу жөнінде ұсыныс.
Оқушылардың шығармашылық жобаларын талқылағаннан кейін, сабақты қорытындылау.
Сабақты бекіту:
Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа байланысты оқиғаларды баяндайды, бұл оқушылардың тақырыптың мәнін ашып, білімдерін тереңдетуге және қорытынды жасау біліктілігін дамытуға көмектеседі.
Сендер қалай ойлайсыңдар, ХХ ғ. бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс неліктен күшейді?
Ондағы мәселелерді басқа жолмен шешуге болатын ба еді?
Петицияның авторлары жөнінде не айта аласыңдар?
Патша үкіметінің бұл талаптарды қанағаттандырмағанына қарамастан петициялық қозғалыс халық арасында неліктен үлкен қолдауға ие болды?
Үйге тапсырма:
280-281-беттердегі құжатпен жұмыс. ("Ұлы мәртебелі патша ағзамға...»)
Бірінші орыс революциясының себептері мен ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуіне тигізген ықпалы туралы айту, қазақ зиялыларының жалпыұлттық-демократиялық қозғалыстағы орны мен қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянғандығын көрсету;
Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықьтарын арттыру, өз көзқарасын деректермен дәлелдей білуге үйреті;
Халық тарихына құрметпен қарауға, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: реакция, ұлттық сана сезімнің өсуі, қаражүздіктер ұйымы, революция, жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс, жандарм басқармасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанда петициялық қозғалыстың дамуына қандай оқиғалар әсер етті?
Қарқаралы петициясы қашан және қайда жазылды?
Петициялық қозғалыстың тарихи маңызы неде?
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Реакцияның күшеюі. Қазақ зиялыларының қызметі.
Ә. Бөкейханов-жалпыұлттық-демократиялық қозғалыс көсемі. Бөкейхановтың серкітері.
Қазақстандағы алғашқы басылымдар:
Газеттер;
Журналдар;
Қазақ тілінде басылған кітаптар.
Оқушыларға қазақ зиялыларының осы кезеңдегі қызметін ашып көрсету үшін, алдымен Қазақстанның қоғамдық өміріне баға беру қажет.
Реакция күшейіп, үкімет бұратаналарды мүлдем басып тастау үшін, оларды сайлау құқығынан, митинг жасау құқығынан айырды, қазақ тілінің мәртебесі төмендеді, т.б.
Бұл тақырыпты тереңірек түсіну үшін оқушыларға қосымша әдебиеттер бойынша (ғылым, көркем әдебиет, энциклопедия) өзіндік жұмыс беруге болады. Ол балалардың шығармашылықпен айналысуына, салыстырмалы талдау жасауына, сөйтіп оқиғаларды терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында оқушылар кесте толтырады:
Тарихи тұлғалар
Өмір сүрген жылдары
Туған жері
Мамандығы
Немен айналысты
Көзқарасы
Ғылыми еңбектері т.б.
Ә.Бөкейханов
А.Байтұрсынов
М.Дулатов
М.Тынышбаев
М.Шоқай
Бақтыгерей Құлманов
Көлбай Тоғысов
Сонан соң Қазақстандағы алғашқы басылымдарға баға беріп, олардың маңызын көрсетеді.
Қазақ ұлттық баспасының пайда болуы
Алғашында олар таза ақпараттық-анықтамалық сипатта болды.
Қазақ тіліндегі басылымдардың көбейе бастауы
Араб графикасы.
Газет, журналдардың және қазақ тілінде кітаптардың шығуы қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуында және қазақ зиялыларын біріктіруде өте үлкен рөл атқарды.
Сабақты бекіту:
291-беттегі құжатпен жұмыс істеу. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Жер мәселесін қалай шешу көзелінді?
Шаруалармен ижанжалдасып, қақтығысқа барудан сақтану үшін қандай амалдар қарастырылды?
Төмендегі тарихи оқиғалар мен фактілерді хронологиялық мерзіміне қарай рет-ретімен қойыңдар:
М.Жұмабаевтың «Шолпан өлеңдер жинағы шықты.
«Түркістан уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді.
«Дала уәлаяты газетінің» алғашқы саны жарық көрді
Қазақтың тұңғыш журналы «Айқап».
«Балапан» журналы
Жалпыұлттық «Қазақ» газеті
Абай мен А.Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы
С.Сейфуллинның «Өткен күндер» кітабы.
А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 42. Оқу-ағарту ісі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстыру, патша әкімшілігі халық ағартыу саласында қандай мақсаттар көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын ашып көрсету;
Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу әдісіне үйрету және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ойлау жүйесінің дамып,тақырыпты терең меңгеруге деген қызығушылығының арта түсуіне ықпал ету;
Алға қойған мақсатқа жетуде оқушыны табандылық таныту, қажырлылық көрсету және шыдамды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Негізгі түсініктер: зайырлы және діни білім, медресе, оқу пәндері, кадет корпусы, гимназист, гимназия, жаңа әдістемелік мектептер.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақтың дәстүрлі оқу-ағарту ісі. Жаңа әдістемелік мектептер.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде өлкеде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы.
Дала өлкесінде ауылдық мектептердің пайда болуы.
Омбы-Дала өлкесіндегі ағарту ісінің ірі орталығы.
Ресей империясының жоғары оқу орындарында оқушы қазақ жастары.
Тақырып түрлі мазмұндағы мәліметтерге, қалалар атына, адамдар есімі мен тарихи даталарға толы. Сондықтан тақырыптың аса қажетті деген тұстарын ғана іріктеп алып, түсіндіріп өту. Тақырыптық қалған материалдарын өздігінен оқып үйрену үшін үй тапырмасы етіп берген жөн. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары мына тұрғыда құрылады.
Патша үкіметінің қазақ халқын ағарту саласындағы саясаты.
Білім беретін мекемелер
Олардың бағыттары
Кімдерді және қанша жастан бастап оқытты?
Білім беру ісін кім қаржыландырды?
Қандай пәндер оқытылады?
Сабақтарды кімдер өткізді, оларға қандай кәсіби талаптар қойылды?
Жаңа сабақты түсіндіру барысында ХІХ ғасырдың алғашқы кезі мен ХХ ғасырдың басындағы зайырлы білім беру саласындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді түсіндіріп өтеді.
Осы тұста мына төмендегі кестені толтыруға болады:
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)
Ұқсас жақтары
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ашылған зайырлы мектептер мен оқу орындары (ерекшеліктері)
Қазақ студенттерінің Ресей мен шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыған қалаларын картадан көрсетеді. Оқушылар мен айтқан және оқулықтың хрестоматиясынан оқыған деректерге сүйеніп кесте толтырады.
Кестеде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі және бірінші егеменді еліміздегі оқу-ағарту ісін салыстыруға мүмкіндік жасалынған.
«Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің құрылымы»
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту жүйесі (білім беру сатылары)
Қазақстан Республикасындағы
оқу-ағарту жүйесі
(білім беру сатылары)
Сабақты бекіту:
Қазақ мектептеріндегі білім беру ісі жалпыресейлік оқыту жүйесіне мүмкіндігінше сәйкестендірілді. Патша үкіметі отар аймақты басқару үшін жергілікті ұлт өкілдерінен сенімді шенеуніктер дайындауға мәжбүр болды.
Оқулықтың 299-бетіндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Қазақ балаларын гимназияларда оқыту қалай жүргізілді?
Автор қазақ балаларының білімге деген ынтасы мен алғырлығын қалай суреттейді?
Үйге тапсырма беру:
Халық ағарту саласының дамуындағы негізгі бағыттарды атаңдар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беру ісінің қандай кемшілік жақтары болды?
Оқу-білім, ғылым туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңдар.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 43. Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
«Қазақ әдебиеті» пәнінен алған білімдерін негізге ала отырып, оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмір жолы және қызметімен таныстыру. Ағартушының бүкіл ғұмырын туған халқының білім көкиегін кеңейтуге арналған игілікті ісіне талдау жасау, оның педагог, жазушы, қоғамқайраткері, ғалым-этнограф ретіндегі шығармасын жан-жақты зерделеу;
Оқушырдың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдасын қалаптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынуға үйрету;
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Патша үкіметі Қазақстанда білім беру мекемелерін аша отырып, қандай мақсатты көздеді?
Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуында қандай кедергілер болды?
Бүгінде шетелдердегі сияқты біздің елемізде де жеке меншік оқу орындарының білім беру сапасы жайлы не ойлайсыңдар?
Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметі оқушыларға «қазақ әдебиеті» пәнінен жақсы таныс. Сондықтан аса көрнекті педагог, жазушы, фольклорист, этнограф және қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің қазақ халқын ағарту саласындағы атқарған қызметіне жан-жақты тоқталып, өткен жөн. Алдымен мына терминдердің мағынасын анықөтап алайық:
Ағарту
Фольклор
Этнография
Қоғамдық қайраткер
Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін бар қырынан толық зерделеуге мүмкіндік беретін кесте толтырамыз. Бұл тапсырма оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамытуға және алған мақсатын жүзеге асыру дағдысын, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге игі ықпал етеді. Жаңа сабақты меңгеру барысында оқушы оқу-ағарту ісінің маңызы жөнінде дұрыс тұжырым жасай алады.
.Алтынсариннің педагогикалық қызметіне сипаттама бере отырып, оның облыс губернаторына тәуелді болғандығын, ол тәуелділіктің ағартушылық жұмыстарын кеңінен өрістетуге кедергі келтіргенін айтып өтеміз. Ы.Алтынсарин өлкеде көп салалы білім беру ісін қолдады, қыздарға арнап тұңғыш мектептер ашты, қазақ балаларына оқулықтар мен оқу құралдырын жазды.
Сабақты бекіту:
304-беттегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Ы.Алтынсариннің адамгершілік қасиеттері.
Ол өмірде қандай адам болды?
Ы.Алтынсарин өмір сүрген кезеңге жалпы сипаттама беріңдер.
Үйге тапсырма:
Параграфты оқып шығып, 304-беттегі сұрақтарға жауап беріңдер.
«Кел , балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерін оқып шығып, оған талдау жасаңдар (ағартушының өлеңдерін пайдалана отырып, оқушының оқу, білімге деген ынта-жігеріне қозғау салу, патриоттық тәрбие беру).
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, мына тақырыпта деректер жинаңдар:
«Ш.Уәлиханов-қазақ халқының аса көрнекті ғалымы». «А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны».
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Орыс және шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының қазақстан тарихын, мәдениеті мен тұрмысалтын зерттеген еңбектерімен таныстырып, ол еңбетердің қазақ халқының саяси, экономикалық өмірі мен материалдық мәдениетін, өткен тарихын зерделеуге қосқан үлесіне тоқталу;
Қазақ өлкесін зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы айта отырып, оқушыны білімге, ғылымға қызықтыру;
Білім мен ғылым қашан, қай кезде болса да адамға өте қажет екенін түсіндіре отырып, оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылыми зерттеулер, экспедиция мақсаты, ғылыми жұмыстың бағыттары.
Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушылардан Ы.Алтынсариннің шығармалары жайлы пікірлерін сұрастырып, бүкіл сыныпқа пікірталас үшін жалпылама сұрақ қойылады:
Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма? Келтірілген нұсқалардың бірін пайдалана отырып, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Бүгінгі білім беру ісінің маңызды проблемасы қоғам мен әрбір азаматтың алған блімінін тиімді пайдалана білуінде болып саналады.
Дәйекті білім деңгейі қоғамды прогресспен салауатты өмірге жетелейді.
Білім дәрежесі қоршаған әлеуметтік мәдени ортамен тығыз байланысты.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеудегі рөлі. Г.Потанин, Ә Диваев
Орыс ақын-жазушылары Қазақстан туралы. А.С.Пушкин, В.И.Даль.
Саяси жер аударушылардың Қазақстанды зерттеуге қатысуы. А.Н.Плещеев, А.Янушкевич, С.Гросс.
Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченко.
Қазақстан аумағындағы кешенді зерттеулер мен ғылыми мекемелер.
Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары. Ш.Уәлиханов, М.Шорманов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.С.Бабажанов, М.Ж.Көпейұлы, М.Қарабаев, Х.Досмұхамедос, ағайынды Сейітовтер және т.б.
Қазақстанның Ресей империясына қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана әсер етіп қойған жоқ, ағарту, оқу-білім ісінің жағдайына да әсер етті. Жергілікті түрғындардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне жаңалықтар енгізілді. Қазақ-орыс қарым –қатынастарының жаңа деңгейге көтерілуі өлкені зерттеуге серпін берді, дала өлкесінің табиғи байлығын игеруге шешуші қадам жасала бастады. Қазақстан және қазақ халқы жайлы аңыз-әңгімелер мен мұрағат деректерін және т.б. материалдарды жинастырып, сұрыптау жұмысы қолға алынды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өлкені зерттеуге айрықша мән берілді. ХІХ ғасырдың 80- жылдарында әрбір облыста статистикалық комитеттер құрылды. Олар қазақ халдықын тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяс, әлеуметтік құрылымы, экономикалық жағдайы, халық шаруашылығы туралы материалдар жинастырумен, бір жүйеге түсіріп, оларды мақалалар жинағы мен кітіп етіп басып шығарумен айналысты. Қазақстан аумағында ғымыли мекелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысымен оқушыларды жан-жақты таныстырып өтеді. Оқушылар дәптерлеріне қажетті даталар мен мағлұматтарды жазып алып, кесте толтырады.
«Қазақстандағы ғылыми зерттеулер»
(Қазақстанды зерттеуші орыс және шетел ғалымдарымен саяси жер аударылғандар)
Зерттеушілер
Қазақстанда қандай оқиғаларға байланысты болды?
Ғылыми еңбектері
Зерттеушілік бағыттары (не туралы жазды?)
Өлкені зерттеуші қазақ ғалымдары жайлы өздігінен іздену жұмысы тапсырылады. Алдын ала ізденіс үшін берілген тапсырмалар бойынша оқушыларға сұрақ қойып, ойландыру арқылы білім деңгейлері дами түседі.
Оқушылардың ізденіс нәтижелеріне қорытынды жасалғаннан кейін, оқушының жаңа материалды қаншалықты меңгергендігін байқап көріп, жетістіктерін бағалап, ынталандырып тыруға болады.
№1 тапсырма:
«Қазақстанды зерттеуші қазақ ғалымдары».
Оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
Зерттеушілер
Қысқаша өмірбаяны
Еңбектері
Зерттеу бағыттары(не таралы жазды?)
Үйге тапсырма:
Параграфты мұқият оқып шығыңдар, қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысы мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулердің жалпы мазмұны мен ұқсастықтары жайлы кесте толтырыңдар.
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми зерттеулер
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми зерттеулер
Оқулықтың 313-314-беттеріндегі құжатпен жұмыс. Құжат бойынша қойылатын сұрақтар:
Г.Потанинның ойынша қазақ зиялыларының бірігуіне не кедергі келтірді?
Автор қазақтың оқыған білімді азаматтарын неге шақырды?
Халықтың аңыз-әңгмелерін жинаудыңжергілікті қазақ зерттеушілері үшін жеңілдігі неде?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 45. Шоқан Уалханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, олардың тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау;
Сол кездегі ғылымның дамуына үлес қосқан адамдар туралы баяндау барысында оқушыларды рухани білімділікке, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
Құжаттармен жұмыс;
Кестенің толтырылуы.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.
Омбыда оқыған жылдары
Ғалымның ғылыми зерттеулері
Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.
Тақырып оқушыларға «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен жақсы таныс. §43. «Ы.Алтынсарин-қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы» сабағында да оқушыларға Ш. Уәлихановқа қатысты тапсырмалар берілген болатын. Оқушылардың бұған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып, сабақты семинар түрінде өткізуге болады. Жаңа тақырыпты оқушылардың тереу меңгерулері үшін сабақты мына жоспар бойынша өткіземіз:
Шоқан Уәлихановтң балалық және жастық шағы.
Омбыда оқыған жылдары
Ғалымның ғылыми зерттеулері
Ш.Уалихановтың Қазақстан тарихындағы орны.
Оқушылар Ш.Уәлихановтың өмірінің негізгі кезеңдері жайлы даталарды толтырады:
1835 жылы-
1847 жылы-
1853 жылы-
1857-1859 жылдары
1860 жылы-
1859-1861 жылдары-
1864 жылы-
1865 жылы-
Ш.Уәлихановтың замандастары-ғалымдар, жазушылар оның еңбегін жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов-қазақтың ғұлама-ғалымы. Түркістан мен Қазақстнды, Орта Аия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Ол аз ғана 30 жылдық ғұмырында ұлы істер тындырып кетті. Қазақ халқының тарихы мен оның тұрмысын ғылыми тұрғыда терең зерттеудің негізін салды. Ш.Уәлиханов Шығыс Түркістанға сапары кезінде ұлан-ғайыр материалдар жинады: әсіресе оның қарындашпен салған суреттерінің маңызы зор. ШүУәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстан және Ресей халықтары тарихының күрделі проблемасын қамтыды. Шоқан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамы мен Ресей ғалымдарының атынан баға беріп келіп, шығыстанушы ғалым, академик Н.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілуде біркездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түркі халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».
Сабақты бекіту:
Шоқанның туып-өскен жері туралы не білесіңдер?
Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына қоршаған ортаның, туысқандарының, әлеуметтік жағдайдың, туған табиғатының, өз кезеңінің алдыңғы қатарлы азаматтарымен достасуының әсері болды ма? Нақты жауап беріңдер.
Шоқанның мінез-құлқы туралы не білесіңдер? Өзіңе оның қандай мінезін үлгі етіп алар едің?
«Шоқан өз халқының нағыз патриоты болды» «Патриот» ұғымын қалай түсінеіңдер?
«Шоқан Уәлиханов мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орталық Азия халықтарын зерттеуге зор үлес қосты, оны шығыстанушы-ғалым ретінде шетелдік ғалымдар толықтай мойындады».Бұлтұжырымды нақтылай түсетін мысалдар келтіріңдер.
Үйге тапсырма:
§45-ты оқып шығып, мына сызбаны толтырыңдар:
Өмір сүрген жылдары-
Мінез құлық ерекшеліктері-
Ғылымға бейімділігі-
Қайда оқыды-
Кімдермен достасты?-
Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайы туралы көзқарасы-
Ғылыми зерттеулері және олардың маңызы-
Ғалымны ғылыми мұрасы-
Терминдермен жұмыс:
Ағартушы
Декабристер
Корнет
Адъютант
Кумир
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 46. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ поэзиясы мен музыкасы жайлы түсінік қалытастыру. Халықтың ән-күйі мен әдебие шығармашылығы тәуелсіздік, адамгершілік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеді;
Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту, тарихи оқиғаға өзіндік көзұ\қарасын білдіре алуға үйрету.
Үй тапсырмасының сұрақтары параграфтың соңында берілген.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақ әдебиеті
М.Өтемісұлының шығармашылығы. ХІХ ғасырдың 40-60- жылдарындағы поэзия өкілдері.
Дәулескер күйші.
Айтыс өнері.
Әдебиет пәні мұғалімі оқушыларды қазақ музыканттары мен ақын-жырауларының өмірі және шығармашылығымен таныстырады. Әдеби туындылардың мазмұнына талдау жасап, түрлі әдеби жанрларға түсініктеме береді. Күрделі шығармалардан үзінділер келтіреді.
Музыка пәні мұғалімі ұлттық музыкалық аспаптар жайлы сыр шертеді. Олардың үрлерімен таныстырып, ұлттық аспаптардың түрлі түсті суреттерін көрсетіп өтеді. Сабақты алдын ала әзірлеген сұрақтар бойынша еркін әңгімелеу түрінде өткізген жөн. Мұғалім әңгіме барысында оқушылардың ақындар, жыршы-жыраулар мен күйшілер жайлы білімдеріне сүйенеді. Одан рі оқушыларды бірнеше топқа бөліп тақырып материалдыры бойынша тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушылардың топтарға бөлініп жұмыс істеуі барысында олардың жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін қадағалап отырады. Егер оқушылар тапсырмаларын сыныпта аяқтай алмай қалса, үде бітіріп келулеріне болады. Сабақ үстінде оқушылардың еркін шығармашылық көңіл күйін қалыптастыру үшін, олардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, білімге деген белсенділік деңгейін әрдайым есте ұстаған жөн. Музыкалық туындылардан үзінділер келтірсе, оқушылардың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: Тақырыпты оқып шығып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Суырыпслма ақындар дегеніміз кімдер?
Ақындардың қоғам өміріндегі рөлі қандай?
Олар халық алдындағы өз міндеттерін қалай түсінді?
Қазақ айтыс өнердің ерекшелігі неді?
Сабақты бекіту:
Бүгінгі таңда біздің елімізде мәдениеттің түрлі бағыттарын дамытуға ерекше мән беріледі. Күнделікті баспасөз беттерімен теледидардан мәдениет қайраткерлері туралы айтылып жатады. Солардың қатарынан әйгілі айтыскер ақындардан кімдерді білесіңдер? Олардың шығармашылығы туралы не айта аласыңдар?
«Аламан айтыс» хабары туралы пікірлерің қандай?
Бүгінгі әйгілі музыканттардан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай әндері ерекше ұнайды?
Үйге тапсырама:
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, елемізге белгілі музыканттар мен ақындар туралы буклеттер дайындап келіңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 47. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тоқталып, бүгінгі ұрпаққа Абайдың поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында қалдырған өлмес-өшпес шығармаларымен таныстыру;
Абай Құнанбаевтың шығармашылығының тарихи маңызы жайында жан-жақты әңгімелей отырып, оқушыларды әдебиет пен өнерді сүюге, рухани ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Оқушылардың ұлтытық рухани мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын артыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ қоғамының қандай проблемалары әдебиеттен көрініс тапсы?
Параграфтың соңында берілген сұрақтар бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Ақынның балалық шағы.
Орыстың озық ойлы зиялыларымен қарым-қатынасы.
Абай – ақын, данышпан ойшыл.
Абай және халық ағарту ісі.
Абай аудармалары.
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихындағы орны.
Жаңа тақырыпты аралас сабақ түрінде өтуге болады. Оқушылар ұлы ақынның өмірі және шығармашылығымен жақсы таныс екені берлігі. Сондықтан сабақты әңгіме түрінде өткізген жөн. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есемдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ақын таланты мен еңбегіне деген үлкен құрмет-1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуының әлемдік деңгейде тойлануы болды. Бұл дүние жүзі халықтарының ұлы ақынға, оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас июі еді. Оқушыларға осы мерейтойдың қалай өткені жайлы айтып беріп, кесте толтырамыз:
Абайдың өлеңдері
Бағыты
Қысқаша мазмұны
Өз пікірің
Туған өлке табиғаты туралы
Халықтың өмірі туралы
Жастар туралы
Еңбек туралы
Оқу-ағарту, білімнің пайдасы жайлы
Аудармалары
Ел билеушілері жайлы
Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибратты, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол мәдени мұрасында аудармалары елеулі орын алады. Абайдың мұрасы қазақ мәдениеті мен әдебиеті тлінің дамуына үлкен ықпал жаады.
Сабақты бекіту:
Абайдың дүниетанымдық көзұ\қарасының қалыптасуына қандай фаторлар жағымды әсер етті?
Абай орыстың озық ойлы интеллигенция өкілдері және саяси жер аударылғандармен қандай қарым-қатынаста болды?
Патша әкімшілігі ұлы ақынды неліктен саяси сенімсіз деп тауып, оған бақылау орнатты?
Орыс және қазақ ақындарына тән ортақ тақырыптарды атаңдар.
Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай? Өз жауаптарыңа дәлел келтіріңдер.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 48. Патша үкіметінің діни саясаты.
Сабақтың мақсаты:
Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының ерекшеліктерін, оның отаршылдық сипатын ашып көрсту;
Діннің қоғамдағы орны мен қызметі туралы оқушылардың ой-пікірлерін, көзқарасын қалыптастыру;
Оқушылардың рухани дүниесін дамыту, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: патша үкіметінің діни саясаты, миссионерлік іс-әрекет, қазақ қоғамының Ресей әкімшілігінің діни саясатына қарсылығы, вакуф, мүфти, неофит, ректут.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: «Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қазақстардың діні мен діни әдет-ғұрыптары.
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
Қосымша сұрақтар:
(Тарих пәні курсының 6-7-сыныптарында өткен тақырыптар бойынша.)
Дін дегеніміз не?
Діннің пайда болуы неге байланысты?
Ежелгі дүние тарихы пәнінен қандай әлемдік діндерді білесіңдер?
Әлемдік діндер мен оның негізін қалаушыларды, қасиетті кітаптарды атаңдар.
Қазақстан аумағында орта ғасырларда қандай діни наным-сенім орнады?
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы қазақтардың діни наным-сенімі қандай болды?
Патша үкіметі қазақ халқының діни сауатын ашу мен мұсылман дініне қатысты қандай саясат ұстанды.
Қазақ халқы ислам дінінің сунниттік бағытын ұстанды. Патша үкіметі өлкеге орталықтан шаруаларды көптеп қоныс аударып, жегілікті тұрғындардың әлеуметтік-шаруашылық және рухани өміріне қысым жасады. ХІХ ғасырдың басынн бастап отаршыл әкімшілік қазақ халқын шоқындыруға кірісе бастады. Бұл әрекет әрине қазақ халқы тарапынан үлкен қарсылық тудырды. Тіпті қарулы қақтығыстарға дейін жетті. Өлкедегі патшалық Ресейдің діни саясатының мазмұнын ұғынуға мүмкіндік беретін хрестоматиялық деректерден үзінділер келтірген жөн. Оқушылар құжат материалдарынан патша үкіметінің қазақ халқын шоқындыру арқылы орыстандыру саясатының мәнін түсіне алады
Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты туралы кесте толтырамыз:
Мақсаты, іс-шаралары, нәтижелері
Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ислам дініне қатысты саясатының өзгеруі
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі миссионерлік іс-әрекеттің күшеюі.
Патша үкіметінің бұл саясаты қандай мақсатты көздеді?
Дін саясатын жүзеге асыру үшін қандай іс-шаралар қолданылды?
Патша үкіметі жүргізген дін саясатының нәтижелері мен маңызы қандай болды?
Сабақты бекіту:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Үй тапсырмасы:
Оқулықтың 339-бетіндегі құжатпен жұмыс.
Сұрақтар:
Автордың пікірі бойынша қазақтар арасында христиан дінін таратушы миссионерлердің қызметіне ең басты кедергі болған не нәрсе еді?
Қазақтар христиан дінін қабылдаған адамдарға қалай қарады?
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сбақ
Сабақтың мақсаты:
8-сыныпта өтілген материалдарты толығымен қайталата отырып, жыл бойында алған білімдерін пысықтау, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілігі: карта, сызбалар, кесте, суреттер
Сабақтың барысы:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ халқының діни наным-сенімдерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
Қазақ халқының өмірінде діннің маңызды орын алған фактісін немен түсіндіруге болады?
Халықтың кейбір жерлеу дәстүрлерінің бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалу себептері неде деп ойлайсыңдар?
Қазақ халқының қандай діни әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дін саясатына қандай оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізді?
Қырғыз миссиясы Семей облысы аумағында немен айналысты? Қазақ халқы патша үкіметінің дін саясатына қалай қарады?
Бүгінде біздің елемізде түрлі діни ағымдар ірекет етеді. Мемлекетіміздің дін саясаты туралы не айта аласыңдар?
Діннің қоғам өмірінде атқаратын рөлі қандай?
Қайталанатын материалы:
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
Сабақты бекіту:
Бетпе-бет
Бағалау: Жылдық қорытынды балағаларын қою. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.