Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: С?улет ?нері »
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Білімділік: Қазақстандағы сәулет өнерінің даму тарихын, ондағы адамзат баласының тәжірибесін нақты елестету арқылы сәулет өнерінің өз заманының тарихы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері» бүктеме, слайд, Қазақстанның саяси картасы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Миға шабуыл
1. Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Ұсталық кәсіптің дамуына не әсер етті?
3. Зергерлер не жасаумен айналысты?
4. Сауда мен ақша айналымы қалай пайда болды?
5. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етті?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Дискуссиялық сұрақтар
«Келісемін», «Келіспеймін»
Қала тұрғындарының көбеюі салдарынан тұтыну бұйымдары өндірілмеді.
Қазақстан жерінен қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған жоқ.
Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі- шыны болды.
Сәулет өнерін ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп әбден айтуға болады.
Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кісіптердің бірі- сүйек ұқсату.
Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүргізілді.
Қала маңындағы егін егуге қажетті жер сауданың дамуына байланысты игерілмеді.
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Архитектуралық құрылыс жүйелері
3. Кесенелер
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сәндік қолданбалы өнер
Сары топырақ пен ғанышты пайдаланған
Металл ыдыстарды өрнектеу, ғимараттарды сәндеу
Орта ғасырда
өркендей бастады
ХІ ғасырдағы қолданбалы өнер
Оюланған жануарлар бейнесі
Оюлы, жылтыратылған кірпіш
Терракота
Архитектуралық құрылыс жүйелері
Х- ХІІ ғасырларда салына бастады
Ислам дінінің нығая бастауы
Діни кешендер ісі ерекше дамыды
Діни кешендер
Мешіттер
Моншалар
Мазарлар
Кесенелер
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу аймағы
Құйрықтөбе қаласы
Боран мұнарасы
Тараз қаласының
маңындағы
Өрнек қаласы
Көлемі 36,5* 20,5
Х- ХІ ғасыр
басында
салынған
Күйдірілген және шикі кірпіш
Ішкі жағы
қызыл- күрең
және ғаныш
Бабаджа- қатын
Арыстан- баб
Айша- бибі
Кесенелер
Архитектуралық сәндігі ерекше көзге түсетін құрылыс
Монша
ХІ- ХІІ ғасырға жататын Отырар
Қаласынан 2 монша
т абылған
ХХ ғ. 60- ж. Түркістан
қаласында шығыс
моншасы жұмыс істеген
Тараз қаласынан
2 монша табылған
VІ. Бекіту.
Глоссаий:
Ғаныш- Күйдірілген бор тас. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Терракота- ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш
Мешіт-мұсылман дінінің әдет- ғұрып, салт- дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат
Тарихи сынақ хат.
Орта ғасырлардағы қолданбалы өнердің материалдары сары топырақты балшық пен ғаныш болды. Сәулетті архитектуалық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Діни кешендерге мешітті, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер- Бабаджа- қатын мен Айша- бибі кесенелері. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс моншасы табылған. Арыстан- баб діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған. Бабаджа- қатын кесенесі- күйдірілген кірпіштен салынған, әсем күмбезді ғимарат. Айша- бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары оюлытерракот кірпіштермен қапталған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.
Кубизм әдісі:
Қолданбалы өнердің құрылыс материалдары не болды?
Ғаныш дегеніміз не?
Сәулетті ірі құрылыстар қай ғасырларда салына бастады?
Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына не себеп болды?
Мұндай діни кешендерге нені жатқызамыз?
Мешіт дегеніміз не?
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттің болғандығы қандай деректерде айтылады
Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтап қалған ескерткіштер?
Отырар, Сайран, Йасы қалалары өңірінен шыққан сопылардың рухани ұстазы атанған кім?
Әулие ата атанған Қараханның қалыңдығы?
Шатырлы күмбезбен жабылған, есігі шығыс жағында, шамамен Х-ХІ ғ. салынған кесене?
Орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәндігі ерекше көзге түсетін құрылыс?
Түркістан қаласындағы шығыс моншасы қай уақытқа дейін жұмыс істеген?
Шығыс моншасының жобасымен салынған Алматы қаласындағы демалып- сауығатын орын?
Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
Х-ХІ ғ.қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
VІІ. Қорытындылау.
Уақыт өте келе Қазақстан жерінде құрылыс салудың жаңа үлгілері дамып, сәулет өнерінде өзгерістер басталды. Бұлардың біразы тарихи- мәдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге дейін сақталған. Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, ұлы даланың әр жеріне көрік беріп тұр. Ендігі біздің міндетіміз- оларды қорғап, сақтау, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу.
VІІІ.Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып, мазмұндау;
Тест сұрақтарына жауап беру;
Айша- бибі, Арыстан- баб, Бабаджа- қатын кесенелері жөнінде қосымша мәлімет жинау;