Қимақтар қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ІХ ғасырдың соңы — ХІ ғасырдың басында Қазақстанның солтүстік шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушыларды қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының қоғамдық-саяси тарихы, шаруашылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтар ерекшеліктерін анықтап, өздігінен жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Қимақтардың темір өнімдері мен зергерлік бұйымдар жасаудың шеберлері болғандығын түсіндіре отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың негізгі ұғымдары: қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы, қағанаттық қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы, қолөнері.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалану.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оғыздардың тайпалық құрамы қалай қалыптасты?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл.
ІІІ. Жаңа сабақты оқыту жоспары:
Қимақ қағанатының тайпалық құрамы, құрылуы
Қоғамдық құрылысы
Саяси жағдайы
Шаруашылығы
Қолөнері
Мәдениеті
Қимақтар қай жерді мекендеген? Карта арқылы көрсету.
Қимақтар
Өмір сүрген уақыты
Аумағы
VII ғас. басы
Монғолияның солтүстік- батысы
VII ғ. ортасы
Алтайдың солтүстік аудандары, Ертіс өңірі
766-840 жылдары
Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл ойпаты
ІХ ғ. соңы
Солтүстік-Шығыс, Орталық Қазақстан
Қимақтардың құрамына қандай тайпалар кірген?
Қимақтардың астанасы: Имақия , екінші астанасы – Карантия туралы айту.
Сыныпты 2 топқа бөлу.
І топқа арналған тапсырма.
Тарихи құжаттармен жұмыс жасау.
Қимақ қағанатының құрылуы мен тайпалық құрамы туралы мәліметтер қандай жазба деректерде кездеседі?
Қытай жылнамалары
Қытай тарих
Сыма Цянь
Парсы тарихшысы Гардизи
Араб жазба лары
ІІ топқа арналған тапсырма.
Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы қандай? Термин сөздерді түсіндір.
Қаған ______________________
Ябғу ______________________
Шад- түрік __________________
Ұлы қаған, кіші қаған, ябғу шад_______________________________
Әскерлер ____________________
Жатақтар ____________________
Мультимедия арқылы М.Қашғаридың суреті көрсетіледі,таныстыру.
Әл-Идрисидің жасаған картасы көрсетіледі,картамен жұмыс.
І топқа берілетін сұрақ.
Қимақ қағанатының күшеюіне әсер еткен жағдайлар.
ІІ топқа берілетін сұрақ.
Қимақ қағанатының құлауына әсер еткен жағдайлар.
2 топ Венн диаграмасы бойынша жұмыс жасайды.
І топ тапсырмасы
Шаруашылығы, қолөнері
ІІ топ тапсырмасы
Тайпалық құрамы, қоғамдық құрылысы
Беркіту.
Тест сұрақтары
Қимақтардың VII ғасырдың басында мекендеген жері:
А) Монғолия В) Алтай
Б) Қытай Д) Сыр бойы
Қимақ қағанатының астанасы:
А) Отырар В) Жанкент
С) Имақия Д) Суяб
Қимақтар туралы жазған парсы тарихшысы
А) Әль-Якуби В) Әль-Фараби
С) Бируни Д) Гардизи
Қимақ шонжарларының ислам дінін қабылдай бастаған кезі:
А) IX ғасыр В) Х ғасыр
С) ХІ ғасыр Д) ХІІ ғасыр
Қимақтардың жеке дара тайпа көсемінің атағы:
А) Ябғу В) Қаған
С) Шад- түтік Г) Ұлы бек
Қорытынды. ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың бас кезіндегі қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп өркендеу жолы бар, қалыптасқан алғашқы патриархалдық-феодалдық мемелкет болған.