kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"РЕСПУБЛИКАМ МЕНІ? - БАЙТА?ЫМ!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

РЕСПУБЛИКАМ МЕНІ? - БАЙТА?ЫМ! 

Б?секеге ?абілетті 30 елді? ?атарына енуші елді? жас ?рпа?тарын Отанын с?юге, еліні? р?міздерін ?астерлеуге, бай – ?уатты ел екендігін ма?тан етуге, ту?ан еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру?а т?рбиелеу. 

Кіріспе ??гіме: 
Б?рі бол?ан ?аза? сынды к?не елде, 
Ел белгі де, ерлік, ?рлік, ?нер де. 
Жаханда?ы е? жауынгер халы?та, 
Кім сенеді ту болмады дегенге ?! 

Батырлы??а уызынан жары?ан, 
Ер т?ркіні байра?ынан таны?ан. 
?зі а?ын, ?зі ?нші халы?та, 
Кім айта алар болма?ан деп ?н?ран ?! 

Бас білгізіп жер тарпы?ан тарпан?а, 
Жасы т?рма? шы?ады екен ?арты а??а. 
?алай оны? елта?басы болмайды, 
Т?лігіне дейін салса е? - та?ба ?! – деп а?ындарымыз жырла?андай, хал?ымызда ?лтты? Ту да, ?н?ран да, Елта?ба да бар. Республикамызды? р?міздерін ??рмет р?сіміне ша?ырып, туымызды к?теріп т?рып, мемлекеттік ?н?ранымызды орындаймыз. 

Ту?а мойын б?рамыз 
“Елта?ба” деп т?рамыз. 
?н?ран боп ас?а?тар, 
Бізді? елдік р?міз. 

Енді саба?ымызды? екінші б?лімі, ой ша?ырамыз. 
1. Біз ?ай ?лтпыз? ?айда т?рамыз? (?аза?) 
2. Бізді? ана тіліміз ?ай тіл ? (?аза?) 
3. Біз ?ай дінге сиынамыз ? (Біз м?сылмандармыз, дініміз ислам) 
4. Бізді? елімізді? астанасы ?ай ?ала ж?не б?л ?ала ?азір ?алай аталады ? (Астана ?аласы. Еуразия кіндігі) 
?аза? жері - ?она?жай т?рлер жері, 
?аза? жері - ?ас с а?тай ерлер жері. 
Елі кедей болма?ан – жері байта?, 
Едігедей, Бабырдай шерлер жері. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"РЕСПУБЛИКАМ МЕНІ? - БАЙТА?ЫМ!" »

РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ - БАЙТАҒЫМ! 

Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуші елдің жас ұрпақтарын Отанын сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. 

Кіріспе әңгіме: 
Бәрі болған қазақ сынды көне елде, 
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де. 
Жахандағы ең жауынгер халықта, 
Кім сенеді ту болмады дегенге ?! 

Батырлыққа уызынан жарыған, 
Ер түркіні байрағынан таныған. 
Өзі ақын, өзі әнші халықта, 
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ?! 

Бас білгізіп жер тарпыған тарпанға, 
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. 
Қалай оның елтаңбасы болмайды, 
Түлігіне дейін салса ең - таңба ?! – деп ақындарымыз жырлағандай, халқымызда ұлттық Ту да, Әнұран да, Елтаңба да бар. Республикамыздың рәміздерін құрмет рәсіміне шақырып, туымызды көтеріп тұрып, мемлекеттік әнұранымызды орындаймыз. 

Туға мойын бұрамыз 
“Елтаңба” деп тұрамыз. 
Әнұран боп асқақтар, 
Біздің елдік рәміз. 

Енді сабағымыздың екінші бөлімі, ой шақырамыз. 
1. Біз қай ұлтпыз? Қайда тұрамыз? (Қазақ) 
2. Біздің ана тіліміз қай тіл ? (Қазақ) 
3. Біз қай дінге сиынамыз ? (Біз мұсылмандармыз, дініміз ислам) 
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала және бұл қала қазір қалай аталады ? (Астана қаласы. Еуразия кіндігі) 
Қазақ жері - қонақжай төрлер жері, 
Қазақ жері - қас с ақтай ерлер жері. 
Елі кедей болмаған – жері байтақ, 
Едігедей, Бабырдай шерлер жері. 
1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы; Әнұраны қабылданды Енді олардың шығу тарихына тоқталамыз. 
Мемлекеттік жалау 1992 жылы 4- маусымда қабылданып, 
6- маусымда күшіне енді. Жалаудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жалаудың ашық көгілдір түсі, соғыссыз, бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жалаудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков. 
Елтаңба. Шаңырақ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ең жүрегін көтеріп, оған негізгі арқау болып, тұрған шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. 
Шаңырақ отан от басынан басталады деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі - бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны. 
Тұлпар – ол мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қыран қанаты, мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп - өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді. Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз – Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманын арқалап тұрғандай. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 
Сабағымыздың 4-бөлімі. Оқушылар үйден жаттап келген отан туралы мақал – мәтелдерін, тақпақтарын, шығарған өлеңдерін оқиды. 
5-бөлім. Тест. 
1. Мемлекеттік жалау қай жылы қабылданды ? 
а) 1990 6 - маусым. ә) 1991 4- маусым. б) 1992 6- маусым 
2. Жалаудың өлшемдері: 
а) ұзындығы 3 м, ені 1,5 м ә) ұзындығы 2м, ені 1 м 
б) ұзындығы 2м, ені 3 м 
3. Жалаудың авторы: 
а) Шәмші Қалдаяқов ә) Жандарбек Мәлібеков б) Шәкен Ниязбеков 
4. Елтаңбадағы тұлпар нені білдіреді ? 
а) мәңгілік ә) молшылық б) байлық 
5. Елтаңбаның авторы: 
а) Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов 
ә) Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов 
б) Шәкен Ниязбеков, Нұрсұлтан Назарбаев 
Қорытындылау: Атыңнан айналайын қазақ деген, 
Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем. 
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай, 
Көрсеңде көре азаппенен 
Бір ата, бір ананың түлегіміз, 
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз. 
“Бірлік барда – тірлік бар” деген бабам, 
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз. 
Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын болып, халқын сүйер ер жүрек азамат болайық. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"РЕСПУБЛИКАМ МЕНІ? - БАЙТА?ЫМ!"

Автор: Зейдалиева Амина Ермаганбетовна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192144


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства