Разработка урока по Истории Казахстана на тему "Сәулет ескерткіштері"
Разработка урока по Истории Казахстана на тему "Сәулет ескерткіштері"
Оқушыларға Қазақстандағы орта ғасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат беру. Архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, олардың тарихта алатын орнын анықтау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
б) Сыныпты топқа бөлу, топ басшысын сайлау, стикерлер жинау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
§17. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
а) «Мәдениет- ұлт парасаты» қанатты сөзден бастау.
-«Тарих» сөзі қандай мағына білдіреді?
-Материалдық мәдениет түрлерін ата.
-Материалдық мәдениетке нелер жатады?
ә) Интерактивті тақтадан фотосуреттер көрсете отырып, үй тапсырмасын сұрау.
1.Баспанасы
2.Ұлттық киімдері
3.Үй жиһаздары
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
«Кім жүйрік» ойыны:
1.Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы
2.Киіз үйдің ең қастерлі саналатын бөлігі
3.Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі
4. Мал терісінен жасалынатын заттар
5. Түйе жүнінен тоқылатын сыртқы киім
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру: тақтадан баспана, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары суретінен соң кесенелер суреті шығады.
Қызығушылықты ояту.«Бұл суреттерде бейнеленген дүниелерді қандай өнер түрі біріктіреді?»
-Сәулет өнері
Олай болса,бүгінгі сабағымыз «Сәулет ескерткіштері» деп аталады.
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру: §18. Сәулет ескерткіштері
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Жоспары:1.Ежелгі құрылыстар
2.Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері
Ой қозғау:
-Сәулет өнері туралы не білесің?
-Кесене деген не?
Жауабы:
1.Сәулет өнері(архитектура)- құрылыс, тұрғын үй салу,жобалау өнері.
2.Кесене-қайтыс болған адамдардың басына тұрғызылған құрылыс.
Мұғалім әңгімесі: Сәулет өнерінің қалыптасу тарихына шолу жасау. (слайдтар, видео көрсету, аудиотаспа тыңдату арқылы түсіндіру)
Сәулет өнері Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, оған Тараз қаласының маңынан 18 шақырым жерде салынған Айша Бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындылары.олардың ішіндеең айшықтылары-«дың» аталатын құрылыстар.Оған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Домбауыл» жатады,кейде қазақтар мұндай ескерткіштерді үйтас деп те атайды. Сәулет өнері тағы да тамаша туындыларының бірі Арыстан баб кесенсі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Көккесене, Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі т.б. кесенелер жатады. ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандануы нәтижесінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда ірі сәулет құрылысы басталды.
Қарахан кесенесі –Тараз қаласының маңында орналасқан. ХХ ғасырда қайта салынған.
Жошы хан күмбезі –Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерде ,Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. ХІІІ ғасырда күйдірілген кірпіштен салған.
Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.
Алаша хан кесенесі ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою –өрнегімен безендірілген.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құрылысы-«Әзірет сұлтан» деп аталады. XIV-XV ғасыр аралығында Орта Азия мен Мәуреннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Қожа Ахмет Йасауи мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене о ңтүстік Қазақстанда Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Кесененің ішінде үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Бұл қасиетті кесенеде атақты адамдар жерленген. Сондықтанда бұл кесенені «Пантеон» есебінде құрметтейді. Пантеон- құдайлар мекені дегенді білдіреді. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған, қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Мұсылман қауымы үшін ең қасиетті жерлердің бірі болып саналады. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. Ахмет Йасауи кесенесінің шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған.
V. Жаңа сабақты бекіту:«Миға шабуыл»
1 топқа тапсырма
Сәйкестендіру тест.
Сәулет өнері «құдайлар мекені»
Пантеон Үстіне киіз үй орнатылған арба
Дың Құрылыс, тұрғын үй салужәне жобалау өнері
2 топқа тапсырма.
Мына кесенелерді картаға орналастыр:
1. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
2. Жошы хан кесенесі
3. Айша бибі кесенесі
4. Қарахан кесенесі
5. Қорқыт ата кесенесі
3 топқа тапсырма.
Тірек сөздерді пайдалана отырып Қожа Ахмет Йасауи кесенесін сипаттап бер. Тірек сөздер: Әмір Темір, тайқазан, кітапхана, мұсылмандар, Әзірет Сұлтан.
Қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері. Презентация. Көп қабатты үйлер Театр үйлері Қонақ үйлер Алматыдағы собор Бәйтерек Ақ Орда Нұрмешіт т.б
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Түйін сөз: Әр топтан бір түйін сөз.
Мұғалім:
Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен
таңқалдыруда. - Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар? - Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
Қазақстанда салынған әрбір сәулет өнері біздің тарихи байлығымыз. Біздің міндетіміз оларды қорғап,сақтау. Одан әрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, әр азамат тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
VІІ.Үйге тапсырма беру:
1. §18. Оқу.
2.Өзің тұратын аумақта тарихи ескерткіштер болса олардың тарихын жазып келу.
3. Оқулықтағы кестені толтыру.
VІІІ. Оқушыларды бағалау: Стикерлер жиынтығы бойынша бағалау.