kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока" ?азахстан тарихы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: - ІХ-ХІІ? ?алалада?ы ?ол?нерді?, ?р т?рлі к?сіпшіліктерді? даму  ерекшеліктерін талдау;

                                        сауданы?, а?ша айналымыны?, егіншілікті? дамуын т?сіндіру.                                  

        Дамытушылы?:  - о?ушыларды?  ?р к?сіп т?рлеріні? дамуы мен ерекшеліктерін салыстырып,                                               

                                        ?орытындылау?а да?дыландыру.                                        

                   Т?рбиелік:  - Адамгершілік, эстетикалы? т?рбие беру .

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока" ?азахстан тарихы" »

7-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қолөнер мен сауданың дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - ІХ-ХІІғ қалаладағы қолөнердің, әр түрлі кәсіпшіліктердің даму ерекшеліктерін талдау;

сауданың, ақша айналымының, егіншіліктің дамуын түсіндіру.

Дамытушылық: - оқушылардың әр кәсіп түрлерінің дамуы мен ерекшеліктерін салыстырып,

қорытындылауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: - Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру .

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: интерактивті, сто

Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд, суреттер, сызбалар, зергерлік бұйымдар, кигіз үй сүйектері т.б

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Шаттық шеңбер жасау.

( оқушылар жұп-жұппен тұрып күлімдейді, қонақтарға қарап күлімдейді, маған қарап күлімдейді. ТАМАША) бүгінгі сабаққа сәттілік тілейміз !

  • Сыныпты топқа бөліу (сынып өз ішінен топ-топпен бөлініп отыр, топ басшысын тағайындау)

  • Бағалау парағын тарату .

(мен сендерге бағалау парағын таратып беремін, әр топ басшысы тобындағы оқушылардың атын жазып , берілген тапсырмаға жауап берген оқушыны белгілеп отыру.

ІІ. Үй тапсырмасы. «Зымыран сұрақ»

1. Араб жаулап алушылығы түріктер өміріне қандай түбегейлі өзгерістер енгізді ?

(Олар араб жазуын, түрік халықтары санасында жаңа дін- исламды бекітті.)

2. Ислам діні қай халықтарының тарихы мен мәдениетінде орасан зор рөл атқарып келді ?

( Азияның, Африканың біршама бөлігін және Еуропаның кейбір халықтарында)

3. VII ғасыр соңында арабтар қай қалаларды жаулап алушылық жорықтар жүргізе бастады

( 706-715 ж Мауараннахрды басып алды.)

4. Ислам дінін қай билеуші мемлекеттік дін деп жарияланды ?

( Қарахандық билеуші Мұса 960 жылы алғаш рет Ислам дінін)

5. Х-ХІІ ғасырлар шын мәнінде түрік мәдениетінде қалай аталды ?

( «Алтын ғасыр» деп аталды )

6. Араб тілінде өз еңбектерін ұсынған қайраткерлерді ата ?

(Әбу Насыр әл-Фараби, әл- Бируни )

7. Кімдер өз шығармаларын түрік тілінде жазған ? ( Жүсіп Баласғұни, Махмуд Қашғари, Ахмет

Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани )

8. «Диуани-Хикмет» еңбегінің авторы ? (Қожа Ахмет Йасуи)


ІІІ. Қызығушылығын ояту. КЕЛЕСІ

-Қолөнер деген сөзді қалай түсінесің ? Оған не жатқызуға болады

Слайд шығады…ҚОЛӨНЕР .. қолөнерге мыналар жатады екен.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңда ?

Ал енді бүгінгі тақырыбымыз осы қолөнер жайлы болмақ.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз. Қолөнер мен сауданың дамуы.

Бүгінгі ай күн тақырыпты. Дәптерлерінді ашып жаздыру .

Сабақ жоспары:

( сабақ жоспары үш бөлімнен құралған)

  1. Сәулет өнері

  2. Қолөнердің дамуы

  3. Көшпелілердің материалдық мәдениеті

IV. Слайд. Бейнефильм .Экранға назар аударамыз (Ал енді балалар «Қалалардың дамуы» туралы бейнефильмді қарай отырып, өз түсінгендерінді дәптерлеріңе жаза отырамыз)

- Ал енді топпен ақылдасып, бір оқушыны орта шығарып қорытынды жасаңдар.)

V. Оқулықпен жұмыс .

(жоспар бойынша мәтінді бөліп беріп, түсінгендеріңді қағазға бейнелеп салып, топпен қорғаймыз)

І топ- Сәулет өнері ( ағаш)

ІІ топ- Қолөнердің (құмыра)

ІІІ топ- Көшпелілердің материалдық мәдениеті (киіз үй)




1. Қолөнердің дамуы.

Қыш құмыра, шыны жасау, ұсталық кәсіп, зергерлік, сүйек ұқсату туралы айтқанда мұғалім көрнекі құралдарды (сурет) көбірек пайдаланғаны дұрыс. (Слайд)

  • Егер бір жерде саз иелейтін болса,

  • Ал екінші бір жерде ыдысты қалыпқа келтірумен айналысқан.

  • Ал үшінші жерде дайын болған ыдыстарды арнаулы ошақтарда күйдіретін.

Күйдірілуі жақсы қыш ыдыстар төзімді болған. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз, тағы басқа қалалардн табылған. олардың іші- сырты жылтырап тұратын түрлі түсті әйнек тәрізді сырмен (бояумен) сырланған. Ондай сырлармен сырланған ыдыстардың бояуы жер астында қаша уақыт жатса да, өшпей, ешбір химиялық өзгеріске ұшырамай сол алғашқы түстін сақтап қалған.

Жетісу қалаларынан табылған алмұрт тәрізді бүйірлі құмыралар көп кездеседі. Олардың сырты қошқармүйізді өрнектермен әшекейленген. Қыш құмыралардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі – шыны (әйнек) бұйымдар жасау кәсібінің дамуы.

Қышқұмыра: .................

2. Ұсталық кәсіп.

Ұсталық тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаудан туса.

Әсіресе пышақ, біз, қайшы немесе егіншілікке қажетті құрал- саймандар-кетпен, соқаның тісі, қару-жарақтардың Алматы, Талғар . Әсіресе Талғар қаласындағы темір ұста дүкендерін қазғанда соқа-түрендері балта, көріктің сынықтары мен темір қыздыратын ошақтардың сақталуы да темір ұсталығының болғандығын дәлелдейді.

Көрік: ....................

3. Зергерлік кәсіп.

Ұсталық тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаудан туса, енді олардың өркендеуі біртіндеп шеберліктің артуы сән- салтанатты, әсем зергерлік бұйымдарды дүниеге әкелді. Әсіресе Отырар, Тараз, Талғар сияқты қалаларды және олардың аймағындағы зираттарды қазған кезде күміс білезік, алтын сырға, сақина, түрлі алқалар табылған. Жасау тәсілі:

  • алғашқы кезде металды қыздыру тәсілімен жасалса,

  • ал кейінгі кездерде құйма тәсілін қолдана бастаған.

Ал сырғаларды түйіршіктермен сәндеп, жүзімнің формасы сияқты жасау, зергерлік ісіне асыл тастарды пайдалану кең етек ала бастайды.

Шолпы: .......................

4. Сауда және ақша айналымы.

Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүрді. Алтын, күміс, қола сияқты металдардан жасалған теңгелер тек айырбас сауда ғана емес, тауар-ақша қатынастарының да болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ ферғана мен Испиджабта ақ маталармен, Таразы ешкі түбіттерімен айырбас сауданың болатындығын жазды. Далалық аймақтар тұрғындарының саудаға араласуын, қала мен даланың байланысын да күшейтті.

5.Егіншілік:

Егіншіліктің дамуы да қала санының және оның тұрғындарының өсуіне тікелей байланысты болды. (Отырар, Арыстың Сырдария, шу, Талас өзендер бойында егіншілік дамыған)

V. Осы жасаған бұйымдарды заттарды саудагерлер не істеді ?

VІ тұрғындар тағы немен айналысқаны белгілі ? Егіншілікпен

VІ. кесте толтыру:

ІХ-ХІІ ғасырлардағы қолөнер

Кәсіп

Жасалған бұйымдар

Табылған жерлері


Қыш қалыптау


Құмыра, ыдыс -аяқ

Отырар, Тараз,

Құйрықтөбе, Талғар


Шыны үрлеу


Әр түрлі ыдыс-аяқтар т.б

Тараз, Отырар,

Түркістан, Талғар


Ұсталық

Пышақ, біз,қайшы,кетпен, соқаның тісі, қару-жарақ

Алматы,

Талғар

Зергерлік


Білезік, алтын сырға, сақина, алқалар

(асыл таспен әшекейленген)

Отырар, Тараз, Талғар

Сүйек ұқсату


Түйреуіш, шахмат тастары, жебелер, сүйекпен қапталған садақ т.б

Талғар,

Құйрықтөбе




V. Бекіту .

VІ. Кесенелер фота : (Бұл кесене кімге, қашан, қай қалада орнатылған ?)

Бабаджа-қатын кесенесі, Айша-бибі кесенесі, Алаша хан кесенесі

VІІ. Анограмма ( Сауданың дамыған кезеңі ? жаубы: Х-ХІІ ғасыр)


VІІ. Қорытынды: Тест сұрағын тарату

1. ІХ-ХІІғ қала тұрғындарының көбеюіне байланысты қандай қолөнер дамыды ?

а) Сүйек ұқсату ә) Зергерлік б) Қышқұмыра

2.Шеберханалар неше бөліктен тұрған ?

а) біреу ә) үшеу б) екеу

3.Жетісу қаласынан қандай құмыра табылды ?

а)алмұрт тәрізді ә) алма тәрізді б) өрік тәрізді

4. Ұсталық кәсіпте не жасады ?

а) Пышақ, біз ә) ағаш ожау б) шыны жасау

5. Отырар, Тараз, Талғар қала зираттарын қазғанда қандай бұйымдар табылды ?

а)Алтын сырға ә) құмыра б) қару- жарақ

6. Хорезм шах Мұхаммед Текеш 1210 және 1217-1218ж қай қалада теңге соқтырған ?

а) Тараз ә) Отырар б) Йасы

7. Ферғана мен Испиджабта ақ маталармен, Таразда немен айырбас сауда жазады?

а) Бидаймен ә) Шаймен б) Ешкі түбіттерімен

8. Сауда айырбасы жағдайда не арқылы жүрді ?

а) Бйдай ә) шай б) ақша

9. Отырар қаласы аймағында егіндік жерлердің қанша пайызы игерілді ?

а) 20-30% ә) 40-50% б) 60-70%

10 . Шу аңғарында өңделетін жердің жалпы көлемі қанша ?

а) 500 мың шаршы ә) 700 мың шаршы б) 800 мың шаршы

11. Сауданың дамуына батыс пен шығысты байланыстырып түрған қандай жол болған ?

А) Жібек жолы ә) Сауда жолы б) Қала жолы


Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Қай топ жақсы қатысты деп ойлайсыңдар ?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ?

Сендерге мен смайлктер таратамын, өз көңіл күйлеріңді бейнелеп көрсетіңдер?

Оқушыларды бағалау:

Сабаққа жақсы жауап берген оқушыларға күнделіктеріне баға қоюу.


Үйге тапсырма беру. §17. оқу . Эссе жазу «Қазіргі таңдағы қолөнер түрлері»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Разработка урока" ?азахстан тарихы"

Автор: Махмет Салтанат

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства