Открытый урок на тему: "??ндар. Ежелгі ??ндар тарихы ?ытай деректерінде"
Открытый урок на тему: "??ндар. Ежелгі ??ндар тарихы ?ытай деректерінде"
Первые века нашей эры в древней истории Казахстана и других регионах Европы и Азии наполнены бурными событиями, связанными с племенами хунну и дошедшими до нас под названием эпохи «Великое переселение народов». Первое упоминание о хунну встречается в китайских источниках III в. до н. э. Это были воинственные племена, обитавшие на территории от Тихого океана и Северного Китая до Алтая и Семиречья. Племена хуннов говорили на древнетюркском языке. Государственная политика хунну была направлена на победоносные войны. На западе они совершали походы против усуней, на севере подчинили племена Саяно-Алтая, на юге успешно воевали с ханьским Китаем.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему: "??ндар. Ежелгі ??ндар тарихы ?ытай деректерінде"»
Күні: 09.02.2016ж
Сынып: 6Г
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Абдрахимова А.Д.
Тақырыбы: Ғұндар. Ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пән бойынша тың мәліметтер беру. Ғұн тайпаларының қоғамдық құрылысы, тұрмысы, шаруашылығы жайлы жан-жақты білім беру. Қазақ даласын мекендеген ғұн тайпасының әлемдік деңгейге қосқан үлесін баяндай отырып, елін қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, бес жолды өлең құрастыру, қауымдастыру әдісі
«Қаңлылар» сөзіне ассоциация. Оқушылар тақтаға шығып «қаңлылар» сөзіне ассоциация жазады.
Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді)
Қойылатын сұрақтар: 1. Қаңлылар б. з. б. 3 - 2 ғасырлар - б. з. 5 - ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс) 2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь (бұрыс. Ежелгі Ираннның б. з. б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы) 3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс) 4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4 - ке бөлді: Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар, Көк - Мардан (бұрыс, 3 - ке Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар) 5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр (бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр) 6. Қаңлы елінің билеушісі - хан, Астанасы - Битянь қаласы (дұрыс) 7. Алтын - асар, Көк - мардан, Пұшық - мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)
Үй тапсырмасы бойынша оқушылар бір-бірінің топтарына екі жұлдық бір ұсыныс айтады.
Мағынаны тану.3 мин
Жаңа тақырыпты атап өту.
Сабақ жоспары:
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі 2. Мемлекеттік құрылымы 3. Ғұн тайпасының бірлестігі
Табыс критерийлері:
Ғұндар мемлекеті туралы дерек көздерімен танысу.
Ғұндардың мемлекеттік құрылысымен танысу.
Ғұн тайпалық бірлестігі туралы оқып, білу.
3 минут
Әр топқа «Ғұндар» тақырыбына байланысты қысқаша мәтіндер таратылады.
5 минут мәтінмен танысуға беріледі.
Әр топқа мәтін бойынша тапсырмалар беріледі. Дайындық5 минут
Сөйлеуге 7 мин.
Әр тапсырма бойынша кездескен жаңа сөздерді оқушылар дәптерлеріне түсіріп отырады.
1топ. «Мөде шаньюй Ғұн мемлекетінің негізін салушы» деген тақырыпта мәтін беріледі.
2 топ. «Ғұндардың мемлекеттік құрылысы» туралы мәтін беріледі.
3 топ. «Ғұн тайпаларының бірігуі» туралы мәтін.
1 топ.
Топқа ғұндар, ғұн мемлекетінің құрылуы туралы шашыраңқы сөздер беріледі, сол сөздерден топ сөйлем құрап шығуы қажет.
2 топ.
Ғұндардың мемлекеттік құрылысын дәптерге сызу.
3 топ.
Берілген сөздерді қолдана отырып, 4 жолдық өлең құрастыру:
.............. ғұндар деген,
............... содан көрем!
............... елі үшін
.................. Мөде көсем!
2 мин. «Пайғамбар өлеңі» өлеңі. М. Жұмабаев
Ерте күнде отты Күннен ғұн туған,
Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар!
Міне, балалар ұлы ақын өзін ғұндардың ұрпағымын деп есептей отырып, «ғұн – түркілердің арғы атасы деп атап өткен екен».