kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орта ?асыр м?дениеті. Открытый урок по Культурологии

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. -Балалар, конференцияны бастамас б?рын т?ртіп бойынша ?атысушыларды тіркеу ж?мыстары ж?ргізілетінін білесі?дер.

 Біз конференция?а ?атысу?а тіркелу ?шін  мына с?ра?тар?а жауап берейік, я?ни ширату с?ра?тары:

1- топ?а арнал?ан с?ра?тар:

Киіз ?йді? т?бесі – ша?ыра?

Ж?ннен то?ыл?ан б?йым – алаша

Жаз?ы сырт киім – шапан

Келіншекті? бас киімі – с?укеле

?лі атын жойма?ан ?ала – Т?ркістан

?ысты?  ?оныс – ?ыстау

Уы? ?стінен тартыл?ан бау – бас??р

Ешкі терісінен тігілген ж?мса? ая? киім – м?сі

Жыл?ы с?тінен жасал?ан сусын – ?ымыз

Жылды? басы ?ай ай? – наурыз

?ой ж?не сиыр с?тінен жасалатын та?ам – ??рт

?ой иесі – Шопан ата

?ыз ?кесіне т?ленетін п?л – ?алы? мал

?зын мойын аспап – домбыра

?аза?тарды? «компасы» - Темір?азы?

Т?йе иесі – Ойсыл ?ара

?ызды? ?йімен ?оштасуы- сы?су

?ыз Жібекті? жігіті- Т?леген

Баян с?луды? ?кесі – ?арабай

?арашашты? к?йеуі – Жиренше

?ой с?йегімен ойналатын ойын – асы?

К?йеуді? жасырын келуі – ?рын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орта ?асыр м?дениеті. Открытый урок по Культурологии»

Ф.219

10 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні











Пән: Мәдениеттану

Курс тақырыбы №3 Қазақстан мәдениеті


Сабақтың тақырыбы №10 Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: конференция-сабақ

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Қазақстан территориясындағы орта ғасыр дәуірінің ескерткіштерін, қазақ халқының әдеп-ғұрыптары, салт- дәстүрлері, өнері, тұлғалары т.б. білу



Кәсіптік құзыреттілік

Көшпенділер өркениетінің, орта ғасырдағы мәдениет құндылықтарының ерекшеліктерін сараптауды.




Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оята отырып, орта ғасыр дәуірі мәдениетінің негізгі белгілері, қазақстан территориясындағы халықтардың әдеп-ғұрыптары, сенімдері, салт- дәстүрлері, өнері жөнінде түсінік беру.



тәрбиелік

Мәдениеттілікке,еңбек сүйгіштікке және имандылыққа, өз халқының мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспешіліктерін арттыру.



дамытушылық

Білім алушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін, дамыту, мәдени санасын қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Тарих, археология, география, әдебиет

Қамтамасыз етілетін


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Білім алушылар дайындаған баяндамалар, хабарламалар, буклеттер, иллюстрациялар, фотосуреттер, плакат, киіз үй макеттері, т.б. қажет материалдар.

Н.Ә.Назарбаевтың мәдениет жайлы айтқан сөзі / плакатта/, суреті

Таратпа материалдар

Тірек конспектілер, карточкалар

Оқытудың техникалық құралдары

Магнитофон, күй жазылған кассета

Әдебиет: негізгі

Ғабитов Т. «Мәдениеттану»

Ш.Нағымұлы . «Мәдениеттану»

Қайрат Затов «Мәдениеттану».


Қосымша

«Мәдени мұра» бағдарламасы

Ұлттық энциклопедия

«Қазақ өнері»

«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

Сабақ мазмұны

Элемент №

Сабақтың элементі, қарастырылатын сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастырушылық кезең

1. Сәлемдесу,Аудиторияны сабаққа әзірлеу.

2. Оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, «Мәдениеттану» пәнінен біз «Қазақстан мәдениеті» тарауын, оның ішінде «Мал шаруашылығы мен өркениет негізінде қалыптасқан өркениет» тақырыбын өттік.

Бүгінгі сабақта осы тақырыпты жалғастырып, орта ғасыр, ары қарай 18-19 ғасыр және 20-21 ғасырлардағы мәдениетпен танысатын боламыз.

Бүгінгі сабақ конференция түрінде өтетінін алдыңғы сабақта айтып, тақырыптар берілген болатын.

Ендеше мақсат- міндет түсінікті. Сабағымызды бастаймыз.


2.

Жаңа сабақ

1. -Балалар, конференцияны бастамас бұрын тәртіп бойынша қатысушыларды тіркеу жұмыстары жүргізілетінін білесіңдер.

Біз конференцияға қатысуға тіркелу үшін мына сұрақтарға жауап берейік, яғни ширату сұрақтары:

1- топқа арналған сұрақтар:

Киіз үйдің төбесі – шаңырақ

Жүннен тоқылған бұйым – алаша

Жазғы сырт киім – шапан

Келіншектің бас киімі – сәукеле

Әлі атын жоймаған қала – Түркістан

Қыстық қоныс – қыстау

Уық үстінен тартылған бау – басқұр

Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім – мәсі

Жылқы сүтінен жасалған сусын – қымыз

Жылдың басы қай ай? – наурыз

Қой және сиыр сүтінен жасалатын тағам – құрт

Қой иесі – Шопан ата

Қыз әкесіне төленетін пұл – қалың мал

Ұзын мойын аспап – домбыра

Қазақтардың «компасы» - Темірқазық

Түйе иесі – Ойсыл қара

Қыздың үйімен қоштасуы- сыңсу

Қыз Жібектің жігіті- Төлеген

Баян сұлудың әкесі – Қарабай

Қарашаштың күйеуі – Жиренше

Қой сүйегімен ойналатын ойын – асық

Күйеудің жасырын келуі – ұрын

2- топқа арналған сұрақтар:

Киіз үйдің қабырғасы – кереге

Жүннен басылған төсеніш – киіз

Қазақтардың қыстық сырт киімі – күпі

Әжелердің бас киімі – кимешек

Түйе сүтінен жасалған сусын – шұбат

Айран дайындалатын ыдыс- күбі

Жастардың бас қосатын жері – алтыбақан

Келінге айтылар ән – беташар

Сиыр иесі – Зеңгі баба

Күйеуінің кіші әйелі – тоқал

Жазғы жайылым – жайлау

Қыстық бас киім /ерлердікі/ - тымақ

Қазақша жыл басы – тышқан

Жылқы иесі – Қамбар ата

Тойда айтылатын ән –тойбастар

Айттырылған қыз – қалыңдық

Өмірі алдамайтын адам – Алдар көсе

-Міне, балалар, сендер осы ширату түрінде берілген сұрақтарға жауап бере отырып, әрі өткен сабақтарға, үй тапсырмасына жауап бердіңдер, әрі конференцияға тіркелдіңдер. Өте жақсы. Енді жұмысымызды жалғастырайық.

2. Конференция тақырыбы: Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті

Жоспар бойынша мына сұрақтар қарастырылады:

1. Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

2. Қазақ халқының әдет- ғұрыптары

3. Орта ғасырдағы салт- дәстүрлер

4. Орта ғасырдағы қазақтың музыкалық мәдениеті

- Домбыра т.б. музыка аспаптары

- Өнер адамдары / әнші, күйші, композитор, т.б./

5. Орта ғасырдағы ғұламалар жайлы

-Ж.Баласағұни

-М. Қашғари

6. Қазақ халқының баспанасы – киіз үй, ою- өрнектер, зергерлік бұйымдар.

3. Көрнекілік құралдармен таныстыру.

Оқушылар жасаған буклеттер, суреттер, альбом,слайд, т.б. көрсету, қорытынды жасау.

4. Дәптермен жұмыс.

Тірек конспект бойынша жұмыс, негізгі мағлұматтарды жазу.



3.

Жаңа сабақты бекіту

-Балалар, жаңа сабақ барысында орта ғасыр мәдениеті бойынша көптеген мағлұматтар алдыңдар. Қазақ халқының салт- дәстүр, әдет- ғұрыптар, мәдениеті туралы білдіңдер.

Ендеше бекіту ретінде «Аталар мұрасы – асыл қазына» деген атпен

«Не, қашан, қайда?» деген ойынды ойнайық.

Ойнай отырып, қазақ халқының атақты күйшісі Құрманғазының күйін де тыңдай отырыңдар. / күй ойналады /

Сұрақтарға дұрыс жауап берген адам жайлауға өз киіз үйін тіге алады.

Дұрыс жауап берген оқушы тақтада плакатта жайлау суретіне киіз үйлерді орналастырады, яғни «тігеді».

Сұрақтар 3 түрлі тақырып бойынша қойылады.

1. Әдебиет пен өнерге қатысты сұрақтар:

- Жиренше шешен туралы не білесің? Оның бір әңгімесін айтып бер.

- Батырлар жыры деген не? Бір жырдан үзінді оқы.

Қазақтың музыкалық аспаптары жайлы не білесің? Атап айт.

2. Салт- дәстүрге, ұлттық ойынға қатысты сұрақтар:

- Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын?

/теңге ілу ойыны, түйіншек/

  • Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік ат, білек күші керек. Оны жеке- жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл не?

/көкпар ойыны/

  • Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балалар да қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы, және жүйрік адам керек. Бұл не?

/тұсау кесер/

  • Оны отбасына бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға кәмпит, құрт шашады. Оны өзгелермен таныстырады. Ол төмен қарап иіледі. Бұл қандай той?

/беташар тойы, келін/

Тұрмысқа қатысты сұрақтар:

  • Ол үй жихазының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылады. Ол әртүрлі қызмет атқарады. Ол не? /сандық/

  • Ол далада өседі. Одан үй шаруасына қатысты қажет бұйым жасайды. Үйдің ішін бөлуге, құрт, ет жаюға пайдаланған.Желдеткіштің де ролін атқарған. Ол не? / ши /

  • Оны негізінен үлкен апалар киеді. Оны әйелдердің жасына қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады. Ол қазақ әйелдеріне ғана тән айбын, көрік береді. Қазір көп қолданылмайды. Ол не?

/ кимешек /

  • Мұның қазақтарда екі түрі болған. Олнегізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымалы түрі де қолданылған. Тұрмыс жағдайына қарай оның сәні де әр түрлі болған. Ұлттық ерекшелігімізді білдіретін белгілері бар. Ол не? / киіз үй /






































Уақыт қалса мақал- мәтел, тыйым сөздер, баталы сөздер айтқызуға болады.

4.

Үй тапсырмасын беру.

1. Ш.Нағымұлы «Мәдениеттану» 62-71 беттер оқу ,әңгімелеу.

2. Қосымша ақпарат жинау.Жеке басылымдардан.

3. Т.Ғабитов. Мәдениеттану. 3- бөлім.

4. «Қазақ өнері», «Ұлттық энциклопедия».



5.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушылардың жауаптарына анализ жасай отырып, бағалау. Ерекшеліктерін атап өту. Сабаққа белсене қатысқандарға алғыс айту. Барлық оқушыға рахмет айту.


6.

Сабақты қорытындылау.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы жайлы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мәдениет туралы сөзімен сабаққа қорытынды жасау.

- Президент өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деп жазды: «Мәселе- жаңа тарих толқынында жаңа ұлттық мәдениетті жасап шығару. Сонымен ұлтты осы заманғы магистралға ескі тәсілмен жасап шығаруға болмайды. Яғни, біз өткенімізді іздеп, болашағымыздан айрылмас үшін өткеніміз бен болашағымыздың арасында үлкен көпір жасауымыз керек. Ол көпір- ұлттық құндылықтар»- деген.

Ендеше, ынтымағы жарасқан, мәдениеті өркениетке ұласқан еліміздің дауына болашақ мамандар ретінде өз үлестеріңді қосып, саналы тәртіп, мәдениеттілік, сапалы білім алуларың кректігін нақты ұғыныңдар.

Сабақ аяқталды. Шығуларыңа рұхсат.


Оқытушы __________ Қуанышева К.Б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Орта ?асыр м?дениеті. Открытый урок по Культурологии

Автор: Куанышева Кульпаш Бадешовна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321086


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства