kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орта ?асырларда?ы ?аза? хал?ыны? рухани м?дениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ж?ктемеде "Орта ?асырларда?ы ?аза? хал?ыны? рухани м?дениеті" та?ырыбында ашы? саба?ты? жоспары бар. Барша?ыз?а шы?армашылы? табыстар тілеймін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орта ?асырларда?ы ?аза? хал?ыны? рухани м?дениеті»


15 мектеп-лицей










Ашық сабақ





Тақырыбы: : Орта ғасырлардағы қазақ халқының рухани мәдениеті.

Сыныбы: 7 «Б»

Пән мұғалімі: Ешниязова Нұргүл
























Қызылорда 2016 ж


Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сыныбы: 7 «Б»

Күні: 05.02.2016 ж

Пән мұғалімі: Ешниязова Нұргүл

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы қазақ халқының рухани мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XIV-XV ғасырлардағы қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз-күйлері мен діни наным-сенімдерімен сусындай отырып, білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Рухани мәдениетті тереңірек оқыта отырып, топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік тәрбиесімен ұштастыру.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Детальдарды қосу», әңгіме-дәріс, «Бірігу», «Білім жәрмеңкесі», «Сәйкестендіру», «Сиқырлы сөз», «Тарихи сынақ хат», постер,слайдтар.

Пәнаралық байланыс: география, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: көрме түріндегі көрнекілік, тақырыпқа байланысты көркем шығармалар, презентациялық слайд, карта т.б.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2. Оқушыларды тугелдеу, зейінін сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Детальдарды қосу» әдісі

III. Үй тапсырмасын бекіту: сұрақ-жауап слайд арқылы

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Мәдениет нешеге бөлінеді?

  3. ХІІІ ғасырда Қазақстанда болған қай елдің саяхатшылары қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған?

  4. Қазақстан халықтарының киім – кешектері негізінен неден жасалған?

  5. Материалдық мәдениеттің игіліктері неге байланысты жасалып отырды?

Қорытындылау.

IV.Жаңа сабақ:

1.Әңгіме дәріс

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Рухани мәдениет- белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан-дүниесінің көрінісі.Рухани мәдениетке халықтың әдет-ғұрпы,салт санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда, фольклор түрінде дамыды.Ауыз әдебиетіндегі кең тараған жанрлардың бірі- ертегілер және эпостық жырлар.Ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиетте дамыды.Олар қыпшақ тілінде жазылған «Кодекс куманикус», «Оғызнама», «Мухаббатнама», «Хұсрау мен Шырын», «Жүсіп-Зылиха».Әдебиетпен қатар музыка өнері де дамыды.Тақырыбы мен мазмұны жағынан алуан түрлі аспапты музыка туындылары – «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр».Сонымен қатар күй-аңыздарымыз бұл «Ақсақ құлан», «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш». Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарай бастады.XIV-XV ғасырлар аралығында ислам діні мен шаманизмнің кейбір діни наным-сенімдері қатар жүрді.Бұл шамандық наным –сенім – отқа табыну.

1 кезең.Ауыз әдебиеті

«Бірігу» әдісі. Әр топ өздерінің тақырыптарына сай постер қорғау,сурет салу немесе бір шығармадан үзінді оқу.

1-топ: «Ақ Орда» - Ертегілер

2-топ: «Моғолстан» - Эпостық жырлар

3-топ: «Ноғай ордасы» - Ауыз әдебиет үлгілерін дамытқан авторлар

4-топ : «Әбілқайыр хандығы» - Жазбаша әдебиеттер

2 кезең. Музыка өнері.

Слайд арқылы түсіндеріледі.

«Ақсақ құлан» күйі орындалып, шығу тарихы айтылады.

«Білім жәрмеңкесі». Оқушылар Слайд арқылы оқу құралдарын таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.

  • « Кітап » - сұрағы: Қазақстанда ислам діні қай ғасырда дами бастады?

  • « Компьютер » - сұрағы: « Тасаттық» ырымы туралы не білесің?

  • « Дәптер » - сұрағы: XIV-XV ғасырда қандай хандар ислам дінінің таралуына қатты көңіл бөлді?

  • « Глобус » - сұрағы: Шамандық наным-сенімнің сақталып келе жатқан түрі қандай?

  • « Қаламсап » - сұрағы: Ислам дінінің тез қанат жая бастауына не себеп болды?

  • « Өшіргіш » - сұрағы: Шоқан Уәлиханов «Ислам діні» атты мақаласында қандай пікір айтты.

  • « Ұштағыш » - сұрағы: Өтеміс қажы «Шыңғыснама» кітабында ислам дініне байланысты не деп жазды?

V.Жаңа сабақты пысықтауСәйкестендіру» әдісі бойынша

Сергіту сәті: Сергіту сұрақ арқылы жүреді.

«Сиқырлы сөз» әдісі ( бір әріп, бір сұрақ, бір жауап)

VI.Жаңа сабақты бекіту: «Тарихи сынақ хат» (әр топқа тапсырма-хат ұсынамын, оқушылар топтаса отырып,жасырылған сөзді тауып, жауап береді)

Үйге тапсырма: Оқулықтағы «Рухани мәдениет» тақырыбын оқу және тест құрастырып келу.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, тапсырмаларды орындау сауаттылығына қарай бағалау.










Анықтама

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл – ой – азаттығымыздың алдаспаны» тақырыбындағы 1 – 6 ақпан аралығында қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің әдістемелік күні болып өтті. Әдістемелік күн аясында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.

05.02.2016 күні тарих пәні мұғалімі Ешниязова Нұргүл «Орта ғасырлардағы қазақ халқының рухани мәдениеті» тақырыбында 7 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыратын әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданды.Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аударды.Үй тапсырмасын «Детальдарды қосу» әдісімен сұрады. Үй тапсырмасын бекіту слайд арқылы жүргізілді.Жаңа сабақ әңгіме-дәріспен басталды. Оқушылар бар ынталарымен тыңдады.Жаңа сабаққа байланысты сыныпты төрт топқа бөлді. «Бірігу» әдісі арқылы әр топ өздерінің тақырыптарына сай постер қорғады,сурет салды және бір шығармадан үзінді оқыды.Келесі кезеңде музыка өнеріне байланысты видеоролик көрсетілді. «Ақсақ құлан » күйі тыңдатылды.Одан кейін «Білім жәрмеңкесі» әдісімен слайд арқылы оқу құралдарын таңдай отырып, сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақты пысықтау «Сәйкестендіру» әдісі бойынша жүрді.Сергіту сәті сергіту сұрақтары арқылы жүргізілді.Сергіту сәтінен кейін слайдқа Елбасының «Өз тарихын білмеген халық,өзін де сыйламайды»деген сөзін шығарып қойып, бір әріп, бір сұрақ, бір жауаптан тұратын «Сиқырлы сөз» әдісімен сабақты әрі қарай жүргізді. Жаңа сабақты «Тарихи сынақ хат» әдісімен бекітті.

Оқушылар сабаққа белсенді араласып отырды. Ашық сабақ эстетикалық талғамға сай өтті. Қазақ халқының сол дәуірдегі материалдық және рухани мәдениетіне жататын көрме ұйымдастырылды.Мұғалімнің ізденгендігі көрінді. Пән мұғаліміне сабаққа қатысқан мұғалімдер ашық сабақты талдау барысында ұсыныстар мен пікірлер айтылды.





























































































Тарихи сынақ хат

3 – топ

1._________________- ғасырлар тереңінен бастау алған рухани қазына.

2. Ауыз әдебиетіндегі ең көп тараған жанрлардың бірі - __________________.

3. ________________ ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастайды.

4. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан ___________________________ сияқты күй – аңыздар музыка өнерінің асыл қазыналары.

5. ___________________хан мұсылман дініне кіріп, ____________________ тақпағандарға қатаң жаза қолданған.













Тарихи сынақ хат

2 – топ

  1. _____________ - белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің бір көрінісі

  2. _____________ ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз – әңгімелер, ______________ , жұмбақтар, __________ жатады.

  3. Ауыз әдебиеті _________________бастау алған.

  4. _________________ ыдыраған кезде “Ер Тарғын”, “Орақ – Мамай”, “Ер Қосай” сияқты тарихи батырлық жырлар пайда болған.

  5. Қазақстанда _______________________ VІІІ ғасырда тарай бастады.







Тарихи сынақ хат

4 – топ

  1. ________________ ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру – тайпалардың әдеби туындылары _______________ таралды.

  2. Күн мен айдың, ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болуы жайлы ____________________ аңыздар сақталған.

  3. Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі - ______________________.

  4. Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін ____________________ деп түсінген.

  5. Қуаңшылық жылдарда Тәңірге сыйынып, ___________________ ырымы жасалған.





Тарихи сынақ хат

1 – топ

  1. Мәдениет түрлері ________ мәдениет және ________ мәдениет.

  2. Рухани мәдениетке __________________ жатады.

  3. Фольклордың ертегі үлгілері __________________тұрады.

  4. ________ ғасырда Өзбек хан мен Моғол ханы Тоғылық – Темір билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлген.

5. _____________ наным – сенімнің сақталып келе жатқан бір түрі – отқа табыну.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Орта ?асырларда?ы ?аза? хал?ыны? рухани м?дениеті

Автор: Ешниязова Н?рг?л ?аратай?ызы

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326301


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства