Просмотр содержимого документа
««Орта ?асырда?ы ?аза?стан?а саяхат» сайыс саба?. »
«Орта ғасырдағы Қазақстанға саяхат» сайыс сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін пысықтау: 2.Танымдық ой-өрісін дамыта отырып, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру: 3.Өз елінің тарихын құрметтеуге, ұлтжандылыққа адамгершілікке тәрбиелеу:
Жоспары: 1. Топқа бөлу,таныстыру 2. Сұрақ- жауап (бәйге) 3. Терминдерге анықтама беру (қас қағым сәт) 4. Тұлғаны тану 5. Математикалық есеп (атаулы даталар) 6. Тарихымыздың басты оқиғаларын білемізбе? (тест) Сабақ барысы 1. Оқушылар 3 топқа бөлініп топ атын және топтағы оқушыларды таныстырады. 2. Сұрақ- жауап (бәйге)
1. Қай жылы Жужан қағандығы тас талқаны шығып жеңіліске ұшырайды? (552ж) 2. Батыс Түрік қағаны Шегу билік құрған жылдар? (610-618ж) 3. Түргеш қағанаты қай жылы ыдырады? (704-756ж) 4. Білге Күл Қадырхан Испиджаб қаласының билеушісі болып жарияланды? (840ж) 5. Қарахан мемлекеті қашан құрылды? (942-1212ж) 6. Торыхан мен Шыңғысхан бір-бірімен қай жылы жауласты? (1202ж) 7. Қидандардың Ляо мемлекеті қай жылы құлады? (1125ж) 8. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны қай жылы басып алды? (709ж) 9. Қожа Ахмет Йасауи дүниеге келген жыл? (1103-1167ж) 10. Темүжінді нешінші жылы хан сайлады? (1206ж) 11. Шағатай ұрпағы Тоғылық Темір қашан Моғолстанның ханы болды? (1348ж) 12. Тоғылық Темір қашан қаза болды? (1361ж) 13. Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы соңғы жорығы қашан болды? (1395ж) 14. Ақ Орданың ханы Ұрыс хан қашан дүние салды? (1376ж) 15. Батый хан Алтын Орданы қай жылдан бастап биледі? (1227-1255ж)
4. Тұлғаны тану. Берілген суреттерге сипаттама беру. 5. Математикалық есеп (атаулы даталар) Есепті шығара отырып болған оқиғаны анықтау. 1. (203*3)+3=603ж Түрік қағанаты ыдырады. 2. (5*100)+180-21=659ж Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді. 3. 217+534=751ж Атлах шайқасында қарлұқтар арабтарды қолдады. 4. 347*3=1041ж Оғыз жабғуы Шахмәлік Хорезімді жаулап алды. 5. (221*3)+480=1143ж Қарақытай билеушісі Елюй Даши қаза тапты. 6. (158*4)+1=633ж Дін үшін соғыс болды. 7. (351*4)+1=1405ж Әмір Темір Отырар қаласында қайтыс болды. 8. (482*2)+13=973ж Әбу Райхан әл-Бируни дүниеге келген жыл. 9.(745*2)+12 =1502ж Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед қаза тапты. 10.(487*3)+1=1462ж Моғолстан ханы Есен бұғаның қайтыс болған жылы. 6. Тарихымыздың басты оқиғаларын білемізбе? (тест) 1: Түрік қағанаты қашан құрылды? А. 542 жыл Ә.552 жыл Б. 545 жыл В. 553 жыл Г. 563 жыл 2: Қай қағанның кезінде жужандар бас көтерместей болып жеңілді? А. Бумын Ә. Анағұй Б. Қара еске В. Мұқан Г. Иштеми 3.Түрік қағанаты қай жылы ыдырады? А.552 жылы Ә. 545 жылы Б. 563 жылы В. 581 жылы Г. 603 жылы 4.Батыс түрік қағанаты қашан қалыптасты? А. 603жылы Ә.553 жылы Б.545 жылы В. 553 жылы Г. 536 жылы 5.Батыс түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті? А. Тардуш «Дато» Ә.Шегу Б. Тон В. Ешбар Елтеріс Г.Үшлік 6.Түрік қоғамында тат деп кімді айтқан? А. Жоғарғы билеушіні Ә. Ақсүйектерді Б. Қалың бұхараны В. Құлды Г. Әскерилерді
7.Түргеш қағанаты қашан құрылды? А.741 жылы Ә. 704 жылы Б.756 жылы В. 751 жылы Г. 749 жылы 8. Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді? А. Суяб қаласына Ә. Талас Тараз қаласына Б. Күнгіт қаласына В. Баласағұн қаласына Г. Испиджаб қаласына 9. Соғдылар Жетісуға қай ғасырларда қоныс аударды? А. ІІ-ІV ғасырлар Ә. VІ-VІІІ ғасырлар Б.ІХ-ХІІ ғасырлар В.ХІ-ХІІІ ғасырлар Г. V-VІІ ғасырлар 10. Қарлұқ қағанаты қай жылы құрылды ? А. 751 жылы Ә. 749 жылы Б. 753 жылы В. 756 жылы Г. 940 жылы