Просмотр содержимого документа
«"Өлкетану :туған жер тарихы"авторлық бағдарлама»
Абай облысы Ақсуат ауданы Үш төбе ауылы «Өкпеті орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі педагог-зерттеуші
Иманова Лайла Тлебалдиновна
ӨЛКЕТАНУ:ТУҒАН ЖЕР ТАРИХЫ
Авторлық бағдарламаға арналған
Тарих – қоғам дамуының заңдылықтарын, халықтың өткен жолын, мәдениеті мен рухани мұрасын танытатын маңызды ғылым саласы. Туған өлке тарихын оқыту – тарихи сананы қалыптастырудың бастапқы әрі маңызды кезеңі. Өлкетану арқылы білім алушылар өздері өмір сүріп отырған аймақтың өткені мен бүгінін танып, тарихи үдерістерді нақты орта арқылы түсінеді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар қазақстандық білімді дамытудың жаңғыртуын жалғастыруды қамтамасыз ететін болады.
Бағдарлама мақсаттарының бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстарын және технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, жалпы орта білім беретін мектептерді Қазақстан Республикасының зияткерлік дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін ғаламда оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
7-8 сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылардың тереңдеп оқуы үшін нақты басым бағытты таңдап алуға мүмкіндік береді. Таңдау бірнеше бағытты ұсынатындықтан, бағдарлау- ең алдымен , білім берудің еркіндігін, вариативтілігін ескереді. Ал оның тереңдетіп оқудан ерекшелігі, оқушыларға бірін- бірі толықтырып отыруға бірнеше пәндер тобын оқуға мүмкіндік туғызылған. Бағдарлы оқытудың қазіргі жағдайының күрделілігі, ең алдымен , бағдарлы оқытудың жедел қарқынмен енгізілуімен байланысты. Бағдарлаудың мақсаты – мектептегі әр оқушы өзін табуы үшін, қандай қызмет саласына өзінің бейім екенін түсінуі үшін оларға жағдай туғызу болып табылады. Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің бірі оқушылардың тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру. Таңдау курста білім алушылардың ойлау таным қызметін дамытуға осы мақсатта оқытылып жатқан материалдағы оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беру, өз пікірін білдіру, зерттеу жұмысын жасауға, жоба қорғау тапсырмаларына көбірек орын беріледі.
Келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс- тіршілігіне , тарихына көңіл аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің , туған жеріміздің тарихын жас ұрпақтарға ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «Өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана- сезімі анағұрлым арта түсері анық. Себебі «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы оқыту маңызды болар еді. Ауылымыз тарихы ежелден келе жатқан тарихқа бай өлкенің бірі. Біз шәкірттерімізге тарихи білім беруде өз ауылымыздан , өз өлкемізді зерттеуден бастадық.
Вариативті курстың мақсаты:
- Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, туған ел тарихын оқытуда ел тарихының білім алушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, оқушыларға туған жер тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, дамыту болып табылады.
-Өлкетану материалын оқыту арқылы оқушылардың бойына елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
-Туып өскен жерінің әр тасына деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерту;
-Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтап, зерттеп ,шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамыту,
Міндеттері:
-Оқушыларға туған өлке тарихы бойынша белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру
-Өздерінің кіші Отандары туралы, туған өлкесі жайлы атақты адамдары, ауылдың тарихи маңызды жерлері туралы, оқушылардың білімдерін қорыту, жеке тұлғалардың тыныс-тіршілігімен танысуы барысында танымдық рефлекциясы үшін жағдайлар тудыру;
-Оқушылардың ұлттық сана-сезімі мен азаматтық тұлғасын, рухани-адамгершілік мәдениеті негіздерін қалыптастыру.
Курстың өзектілігі:
- Оқушылардың тарихи білімдерін қорытындылап, себеп- салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды дербес талдай білу, өзіндік көзқарас қалыптастыру;
- Мемлекеттік стандартта бекітілген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету;
-Оқушылардың тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру
-Білім беру процесіндегі өлкетану материалдарының өзектілігін насихаттау, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-Өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғауға, шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету; аудан ауыл тарихы туралы деректер жинау, туған жер перзенттерін дәріптеу
-Оқушылардың шығармашылықпен айналысуға, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру үшін ізденістік, зерттеушілік іс- әрекеттерге баулу.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет.
Ерекшеліктері :
1.Табиғатты зерттеу барысында жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін зерттей отырып танымдық қабілеттерін арттыру;
2.Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін, оның байлықтарын таныта отырып география мен тарихы ғылымына тың жаңалықтар енгізуге талпындыру;
3.Өлкемізді зерттей отырып оқушы бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ғылымға қызығушылығын ояту;
4.Жүйелілігі мен бірізділігінің сақталуы
Күтілетін нәтиже:
-Өлке тарихын Қазақстан тарихы құндылықтарымен байланыстыруда
оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.
-Оқушылардың туған өлкеге қадір құрметін оятып, сол арқылы туып өскен өлкеге сүйіспеншілігі оянады
-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады, экспедициялық жұмыс дағдыларын қалыптастырады
-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, оларды күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.
Пайдаланған әдебиеттер тізмі :
1. Ақсуат. Тарихи деректі басылым .Алматы 1998ж Қ.Алтынбаев. Е.Жұмағанов
2. Тағлым. Егізбаев Қарпық. Алматы -2010
3. Найман тоқабай шежіресі. Алматы 2005 ж
4.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. – Астана. – 2001.
5.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал . 10. 2013ж
6. Естелік –сұхбаттар.
7. БАҚ материалдары. Тарбағатай газеті
8. М. Қ Сыдықов. Жәкулә болыс ж/е оның замандастары. Алматы -2015ж