kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ытуды? жа?а ?діс т?сілдері (философия п?нінен)

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?псалалы азамытты? ?ор?аныс колледжінде ?ткізілген ашы? саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ытуды? жа?а ?діс т?сілдері (философия п?нінен)»

Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері.

Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процессін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту «технологиялық» болу қажет. Оның мағынасы нені оқытса да нені үйретсе де табыссыз болмауы керек.
Оқу технологиясы оқу мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысымен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарламамен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін пайдалану оқушылардың табысқа жетуіне әкелетін бірден- бір жол. Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері –оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің , іс әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясын негізге ала отырып, білім беру ісін жаңартудың негізгі принциптері анықталды. Бұл принциптер:

- білім сапасын ізгілендіру,

- демократияландыру,

Білім беруді демократияландыру білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде шешіледі.

Біріншіден, демократияландыру – қазіргі білім беру ісінің дамуының жалпы стратегиясын дайындау үшін басты идея ретінде қарастырылады.

Екіншіден, демократияландыру – мектептің және де басқа білім беру мекемелерінің даму бағытын анықтайды.

Үшіншіден, демократияландыру – мұғалім мен білім алушылардың шынайы және тиімдіөзара шығармашылық қарым –қатынасы орнауына жағдай жасайды.
Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы керек:
1.Оқыту тәсілі сызба (карта) технологиялық процесті, оны жеке функционалдық бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі.
2.Әрбір оқытудың жаңа әдіс тәсілі тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негіделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету процесінің ғылыми негідемесі болуы керек.
3.Оқыту технологиясының барлық жүйелік сипаттары: процестің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы,тұтастығы.
4.Оқу просенін жобалау, жоспарлау мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
5.Қазіргі оқытудың жаңа әдіс тәсілдері бәсекелестік жағдайында қызмет етеді. Сондықтан, белгілі білім стандартына сай оқыту кепілдігін беріп, нәтижесі тиімдішығыны аз болуы керек.

Оқыту барысында дәстүрлі оқыту және жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін қарастыратын болсақ:

1. дәстүрлі оқытуда мұғалім әрбір білім алушыны өздігінен оқулықпен жұмыс істеуге, ізденуге, өз бетімен білім алуға үйрете алмайды;

2. дәстүрлі оқытуда мұғалім білім алушылардың өз пәні бойынша қызығушылығын арттырып, қабілеттеріне сәйкес танымдық жұмыс ұйымдастыра алмайды;

3. дәстүрлі оқытуда мұғалім білім алушылардың материалды түгелдей меңгеруіне кепілдік бере алмайды.
Оқыту барысында жаңа әдіс -тәсілдерді қолданудың төмендегідей артықшылықтары бар:

1. Егер дәстүрлі оқытуда басты рөл мұғалімге берілсе, енді оқу процесіндегі белсенді рөл білім алушыға ауысады;

2. Мұғалімнің назары негізінен әрбір білім алушының жеке-дара мүмкіндіктері мен мүдделерін анықтауға аударылады;

3. Білім алушылардың зияттық дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, жауапкершілігі артады;

4. Баға жазалау құралынан табыстарды ынталандыру құралына айналады.


Назарларыңызға оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерінің кейбір түрлерін ұсынамын.

Оқытудың кейбір жаңа әдіс тәсілдері:
1. «Бірін- бірі оқыту» (Каждый учит каждого)

2. «Карусель» әдісі

3. «Алты шляпа» (Шесть шляп)

4. «Мозайка» әдісі

5. «Ойлан - бірік – бөліс» (Думай - обьединяйся – делись)
6. «Білемін – Білгім келеді – Білдім» (Знаю – Хочу узнать – Узнал)
7. «Дөңгелек қар» (Снежный ком)
















Сабақтың тақырыбы: әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр Әл-Фараби

(сабақ барысында қамтылатын тақырыптар)

  1. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы

  2. Әл-Фарабидің шығармашылық жолы

  3. Әл-Фарабидің Философияны үйрену үшін қажетті шартары

4. Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары

5. Әл-Фарабидің білім, тәрбие және адамгершілік жөніндегі ойлары

6. Философия ғылымының зерттеу обьектісі

Мақсаты: 1. Ұлы жерлесіміз, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби жайлы мағлұмат беру.

2. Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбек жолымен, еңбектерімен білім алушыларды таныстыру, олардың зерттеу, зерделеу қабілеттерін арттыру.

3. Нақыл сөздерімен танысу, пікірталас ұйымдастыру.

Оқыту нәтижесі: топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу, зерттеушілік, диалогтік қарым-қатынас арқылы жұмыс жасауға бағыттау.

Негізгі идеялар: Топта жұмыс жасауға баулу, мәтіндермен жұмыс жасату, қалыпты жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Тапсырмалар: тақырыпқа сәйкес тапсырмалар беру

Сабақтың түрі:  оқыта үйрету

Тапсырманы орындау барысындағы әдіс – тәсілдер:

топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату (сергіту сәті: тілек айту)

Қажетті құралдар: А -4, маркер , қаламдар, стикерлер

Сабақтың барысы:

(тапсырма алдын ала берілуі мүмкін, оқушылар өз деңгейіне сәйкес  дайындалады, мұғалім жүргізуші болады)

  1. Топтасу ( оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып тұрады, әр оқушы оң жағында тұрған оқушыға «Мен саған бүгін..... деп бастап тілек айтады». Топқа бөліну үшін түрлі түсті стикерлер қолданылады.

Мұғалімнің алғы сөзі: Оқушылар бүгін біз сабақ барысында Ұлы жерлесіміз, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірімен еңбек жолымен танысатын боламыз.

  1. Сабақ барысында қолданылатын бірінші тәсіл: «Бірін-бірі үйрету» тәсілі.

-- Бірнеше топқа бөлінген оқушыларға тапсырмалар жазылған плакаттар және текст жазылған парақша таратылып беріледі.

І-топқа: Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы.

ІІ-топқа: Әл-Фарабидің білім, тәрбие және адамгершілік жөніндегі ойлары

ІІІ-топқа: Әл-Фарабидің Философияны үйрену үшін қажетті шартары

ІV-топқа: Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары


Қолданылатын әдістің шарты бойынша оқушылар өз топтарында берілген тақырыпты оқып талдап плакаттарына осы сұраққа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді тірек- сызбаларды пайдалану арқылы жазып алады (оның мақсаты, олар басқа топтарға өздері алған білімдерін түсіндіруі қажет, басқалар өз дәптерлеріне жазып алуларына болады). Әр топ бір- біріне түсіндіріп болғаннан кейін, өз топтарына оралып барлық топтардан жинақталған мәліметтерді қорытындылайды, тұжырымдайды және бір- бірін толықтырады.


Келесі этапта: оқушылардың жинақталған білімдерін тексеру жүргізіледі:

  1. Әбу Насыр әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді, қай жерде дүниеге келді.

  2. Әл-Фарабидің толық аты қандай оның есімінде "Тархан" деген атаудың болуы нені білдіреді.

  3. Әбу Насыр әл-Фараби деген кім, немен айналысты.

  4. Әбу Насыр әл-Фараби қандай философтардың еңбектерімен, түп нұсқаларымен танысты.

  5. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Фу-сул ал-мадани» (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасы не туралы.

  6. Фараби шығармаларының (трактаттарының) саны қанша...

  7. Шығыс философтары әл-Фарабиді "Ал муаллим ас-сани" деп неге атады (екінші ұстаз).

  8. әл-Фарабидің қандай еңбектерін білесіңдер. (Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала түрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы","Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар")

  9. Философияны үйрену үшін қажетті шартар қандай деп айтты.

  10. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап қандай. (ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты)

  11. Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп неге есептеді.

  12. әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін философияға неге ұқсас.

  13. Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйрету туралы не айтты.

  14. Фараби мұрасының ішінде этнопедагогиканың орны қандай.





  1. Оқытудың «Әткөншек» КАРУСЕЛЬ әдісі.

Оқушыларға сұрақ жазылған плакаттар таратылып беріледі (әр топта өзінің түсін білдіретін қалам бар). Әр топ өз пікірлерін, жауаптарын плакаттарына жазады, пікір бөліседі. Уақыт өткен соң әр топ бір бірінің плакаттарымен алмасып, олар алдыңғы топтың жауаптарымен, пікірлерімен танысып келіссе «плюс», келіспесе «минус» белгілерін қояды. Барлық топтар бір бірінің жұмыстарымен танысып болғаннан кейін әр топ тақта алдында өз жұмыстарымен таныстырады, пікірталас жүргізіледі, егер келіспеген топтар болса өз ойларын айтып пікірлерін ортаға салады. (тірек-сызба әдісін қолдануға болады)


1.«Болатын елдің баласы» деген не? Ол (болатын елдің баласы) қандай болуы керек?
2. Соңғы дәуірде халық бойындағы қасиеттерге нені әкеп қосып, нені жоғалттық?
3. «Халықтың ұлы мен қызы» деген не? Қазіргі жастарға осындай болу үшін не жетіспейді.
4. Жастардың да шешуі қиын өмірлік мәселелері бар. Олар қандай мәселелер?


Сабақты қорытындылау:

Бағалау: Оқушылардың жауаптарына, топтық жұмысына байланысты.
Үйге тапсырма:


Рефлексия: Тақтаға төмендегі кесте ілінеді оқушылар өз қолдарындағы стикерлерін қалаған торкөзге апарып жабыстырады.


1.Сабақ маған ұнады, қызықты өтті.







2.Сабақ қызықты, мағналы, мен өзім үшін жаңа мағлұматтар алдым.







3.Сабақ жақсы өтті, тек маған түсініксіз болды.






4.Мен сабақ барысында сабақ қашан аяқталар екен деп ойлап отырдым.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ытуды? жа?а ?діс т?сілдері (философия п?нінен)

Автор: Кульмаганбетов Елеусиз Елтаевич

Дата: 30.05.2016

Номер свидетельства: 331215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства