kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Ғұндар туралы мәлімет беру, ойлау қабілетін арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.4 A Ғұндар

Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады

тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Оқушылардың басым бөлігі:

тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету


5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу

Бағалау критерийлері







Білу және түсіну:

Ғұндардар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндар тарихын біледі

Білімін қолдану:

оқушылар ғұндарға, олардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазады

Сыни ойлау:

Берілген ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау (өз ойларын дәйектейді)

Анализ:

Сабақ барысында Ғұндар мен өткен сабақтағы тайпалық одақтарды салыстыра отырып, себеп-салдарлық байланыс орнатады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

• тайпалық одақ

• мемлекет

• қоғам

• жауынгерлер

• егіншілер мен малшылар

• патша

• әскери демократия

• археология

• антропология

• шаньюй

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ғұндардың қоғамдық құрылысын келесідей сипаттауға болады...

Ғұндардың ұлы қоныс аударуы дүние жүзін өзгертті, біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден...

Ғұндардың әскери күші...

Аттила келесідей қабілеттерімен ерекшеленді...

Ғұндардың мәдени ескерткіштерінің ерекшеліктері келесіде...

Ғұндар...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Құндылықтарды дарыту

Мөде қағанның іс-әрекеттері арқылы, туған жерді сүюге және патриотизмге жетелеймін.

Пәнаралық байланыстар

Кескін картаға ғұндар орналасқан аумақтар мен қоныс аудару бағыттарын көрсете отырып, географиямен байланыс орнатады. Сондай-ақ, ғұндардың көрші тайпалары жайлы мағлұматтармен таныса келе дүние жүзі тарихымен пән аралық байланыс орнатамыз.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады (презентация: Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?).

ActiveInspire бағдарламасы арқылы кескін картаны оқушылармен біріге сызуға болады.

Бастапқы білім

Үйсіндер мен қаңлылардың мәдени жетістіктері қандай екендігін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

3-мин








6-мин

Бастапқы ынталандыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

Топқа бөлу:

(Топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдануға болады). Сыныпты 3 топқа бөлу ұсынылады.






(М) Сабақтың және оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. (Оқушылар мұғалімнің айтуымен не өздері дәптеріне жазып алады)

1-топ:

2-топ:

3-топ:

Сабақ тақырыбына шығу (бейнематериал арқылы сыни тұрғыда ойландыра отырып). Бейнематериалды қарап отырып оқушылар тірек сөздерді жазып отырады.

Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.




1-слайд


Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.



2, 3, 4, 5-слайд









Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w


Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

8-мин









3-мин




15-мин
























10-мин










2-сабақ

15-мин


























15-мин

(Б) «Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма.

Ж/Т Оқушылар жұпта, содан кейін топ ішінде талқылау жүргізеді. Ұнаған жауаптарға жұлдызшалар таратып беремін. (3 сұрақты 3 топқа бөліп беру ұсынылады).

Зерттеу сұрақтары:

• Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?

• «Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?

• Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?

Критерийлер:

1) Тақырып аясында нақтылықтың болуы

2) Топ оқушыларының барлығының жұмыс істеуі, сөйлеуі

3) Жұмысты қорғауға 3 мин беріледі




Т Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазады. Топтарға бір-бірін бағалауды ұсынамын. Бұл жерде критерий ретінде: нақтылық, мәліметтің құндылығын көрсетемін.


Аммиан Марцеллин:

«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.

Византия елшісі Прииск:

«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.

Аттиланың бір замандасы:

«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді.



(Б) «Қолдану» дағдысына негізделген

тапсырма. Картамен жұмыс.

М Ғұндар жайлы және Мөде шанью жайлы қысқаша ақпараттар беремін.


Т/Ж Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау.

Ғұндардың мемлекеттік құрылымы, жер аумағы, жорық бағыттары сипатталған мәтін таратылады. Оқушылардың міндеті: ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау. Өз таңдауларын дәйектер келтіре отырып, дәлелдеулері тиіс.

Тапсырманы орындамас бұрын әр топтан 3 сарапшы таңдап аламын. Оқушылардың жұмысын сарапшыларға бағалатамын.


Ж/Т Картамен жұмыс жасау.

Алған білімдердің негізінде оқушылар ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырып, кескін картаға түсіруі тиіс. Оған қоса оқушылар қоныс аудару бағыттарын кескін картаға белгілеулері қажет.

Бұл тапсырманы бағалауда оқушыларға әуелі топ ішінде ең жақсы орындалған картаны таңдап алуды ұсынамын. Кейіннен таңдап алған кескін карталарды басқа топтармен алмастырып, өз бағаларын беру арқылы бағалау жүргіземін.




(Т) «Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген

тапсырма.

Т/Ж Тарихи байланыс

Себеп және салдарды анықтау.

Оқушылар алған білімдерін қолданып, деректердің негізінде:

• қоныс аударудың екі негізгі себебін және екі салдарын анықтайды;

• ғұндардың көрші мемлекеттермен жүргізген саясатын талдап, оның нәтижелерін анықтайды;

• ғұндардың әскери өнері мен жаугершілік қасиеттерін сипаттайды.

Топтар өзара жауаптарымен алмасып, бір-біріне сұрақтар қояды.



Т Сабақтың басында көрсетілген бейнематериалды қайта көрсетемін. Оқушыларға бейнематериалды өздерінің алған білімдерімен толықтырып, оқиғаны одан әрі өрбіту үшін сценарий жазуды тапсырамын.

9,10,11-слайд


Мөде қаған туралы: http://e-history.kz/kz/books/education/read/235



Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.


http://ok-t.ru/studopediaru/baza8/824259538287.files/image028.jpg




1-қосымша


«Қазақстан тас дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі»

мәтін

http://history.tarsu.kz/index.php/lektsii?id=72






2-қосымша

12-слайд








13-слайд






























14-слайд
















15-слайд

Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w






Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі

8-мин


















3-мин













4-мин



Бекіту «Ыстық орындық»

М/Б Ыстық орындық (мұғалім ең үздік және ең әлсіз оқушыны таңдап алып, төмендегі сұрақтарды қояды)



Неліктен көрші ел Дунху Мөденің астындағы атын сұрағанда ол беруге келісті?

Мөде әйелін неліктен жауларына беруге қарсы болмады деп ойлайсыңдар?

Мөде мал жаюға қолайсыз жерді беруге неге келіспеді?







Үй тапсырмасы: Мөде қағанға «хат» жазып, өздеріңнің көкейлеріңдегі сұрақтарға жауап алыңдар. 50-60 сөз көлемінде. (Тапсырма арқылы оқушылардың тақырыпқа еркін бағдар жасауына мүмкіндік береміз).

Оқушыларға көмек болатын қажетті сөз тіркестері:

Мысалы,

Құрметті Мөде шаньюй...,

менің ойымша...,

сізден сұрағым келгені...,

жауынгерлердің әскери қарулары...,

қытай деректерінде....



Рефлексия мен кері байланыс



Бүгінгі сабақтан мен не білдім?

Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?

Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?








16-слайд





















17-слайд













18-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?

Автор: Анашева Гульнур Болысбековна

Дата: 20.04.2020

Номер свидетельства: 547247


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства