Б?гінгі ?лемді М?хаммед сия?ты тарихи т?л?а бас?арса,
б?л ?лемні? проблемалары ретімен шешіліп,
?азіргі заман?а жетіспей жат?ан
тынышты? пен ба?ыт орнар еді.
Бернард Шоу
Хазірет М?хаммед (с.а.с) 571 жылы, 20 с?уірде, д?йсенбі к?ні Меккеде д?ниеге келген. Сол кезді? беделді ??райыш тайпасынан шы??ан. «М?хаммед» есімін атасы Абдулм?тталиб ?ой?ан. Ол «ма?таулы»деген ма?ананы білдіреді. Б?дан бас?а да Ахмед, махм?д, М?стафа деген аттары бар. М?хаммед пай?амбар туылмай т?рып, ?кесі Абдулла? ?айтыс бол?ан. Т?рт жасына дейін Мекке салтымен Халима атты с?тті ана?а табыстал?ан. Алты жасында ?з анасы ?мина да к?з ж?м?ан. М?хаммедті енді атасы ?арауына ал?ан. Алты жастан сегіз жас?а дейін атасы Абдулм?тталибті? т?рбиесінде болады. Атасы ?лер алдында ?кесіні? бауыры ?бу Т?ліпті? ?йін паналауын ?сиет етеді. Кішкене кездерінде ?ой ба?ып, ?й ж?мыстарына ?ол?абыс тигізеді. Он ?ш жастан бастап к?кесіне еріп ж?ріп сауда?а араласып, адалды?ымен к?зге т?се бастайды. Жиырма бес жас?а келгенде бай ?йел хазірет Хадишаны? саудасын ж?ргізеді. Артынша Хадишаны? (р.а) ?сыныс жасауымен бас ?осады. О?ан ?йленерде М?хаммедті? (с.а.с) адалды?ы, сенімділігі, адамгершілігі ?лкен р?л ат?ар?ан. Хадишадан ?ш ?л, т?рт ?ыз с?йген.
М?хаммед Хадишадан ?ш ?л, бес ?ыз с?йген.
1
Абдулла?
2
?асым
3
Ибра?им
4
Зейнеп
5
Р??ия
6
?мм?
7
Г?лсім
8
Фатима
Фатима мен ?ли ?йленгенде екеуінен Хасан ж?не Х?сейін деген немерелер к?рген. Отыз бес жасында ?а?ба тасты ?ою?а талас?ан тайпалар арасын татуластырып, ?діл т?релік айтумен к?зге т?скен. 610 жылы Рамазан айында ж?бірейіл періште ар?ылы уахи жолымен е? ал?аш?ы аяттар т?сіріліп, «Жаратушыдан» пай?амбарлы? міндетті ?абылда?ан.
Деректер бойынша, хазірет М?хаммедті? (с.а.с) ?ш ерекше белгісі бол?ан:
1. Екі жауырыныны? арасында пай?амбарлы? м?рі.
2. Сада?а алмауы.
3. Сыйлы? ?абылдауы.
2. Ислам дінін ал?аш?ы ?абылда?андар.
?йелдерден Хадиша
Жа?ын достарынан ?бу Б?кір
Жас балалардан ?ли
??лдардан Харис?лы Зейд (р.а)
Артынша хазірет Оспан, Ауф?лы Абдурахман, ?бууа??ас?лы Саад, Талха мен З?б?йр атты кісілер тілін к?лима?а келтіріп м?сылман бол?ан.
Пай?амбарлы?ты? алтыншы жылы Хамза, Омар сия?ты ?о?амда беделі жо?ары ер кісілерді? исламды ?абылдауымен дін к?шейе т?скен. М?хаммед Меккеде 13 жыл бойы Ислам дінін уа?ызда?ан. 622 жылы м?сылмандар Меккеден М?дина?а к?шті. Б?л Хижра жыл санауыны? басы саналды. 630 жылы м?сылмандар Меккені азат етті. 632 жылы М?хаммед – пай?амбар 63 жасында м??гілікке к?з ж?мды. ?абірі М?дина ?аласында.
VІ. Саба?ты бекіту:
М?хаммед –пай?амбарды? ?мірі туралы не білесі??
?анша жасынан саудамен айналыс?ан?
?анша жасында ?йленген?
?анша ?л-?ыз с?йген?
«Жаратушыдан» пай?амбарлы? міндетті ?ашан ?абылда?ан?
Ислам дінін ал?аш?ы ?абылда?андар.
?ай жылы м?сылмандар Меккеден М?дина?а к?шті.
8. М?хаммед –пай?амбарды? ?абірі ?ай ?алада?
VІІ. Саба?ты ?орыту:
Б?гінде М?хаммед – пай?амбарды? ?мірін зерттеуші ?алымдар оны керемет ?стаз, тамаша т?рбиеші бол?анын баса айтады.Арабия т?бегіндегі ?о?амны? жа?дайын неб?рі жиырма ?ш жылда ?згертіп, ?лгілі ?о?ам ??ра білген. Ол е? со??ы елші, Алланы? т?рбиешісі ретінде ?мірді? шын м?нін ??тырып, адамзат?а д?рыс ?мір с?руге жол сілтейтін Ислам дінін ?алдырып кетті.
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды «Атом.Молекула» тренингі арқылы топқа бөлемін.Топ ережесін еске түсіремін
Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады.
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылықтарын ояту
Миға шабуыл әдісі бойынша сұрақ-жауап
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
Өткен тақырыптар бойына сұрақтарға жауап береді, топпен өз білімдерін көрсетеді
Түсіну
Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді.Тақырыбы: Германия
Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.Топтық талқыға салады, ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және оөз пікірлерін ортаға салады
Қолдану
Тақырыптар туралы постер әдісін пайдалану
Тақырып:
Топтарға тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Тапсырмалар туралы өз ойларын суретке салады
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Сабақтың тақырыбы: §19 Германия мен Италия. /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету. Германия мен Италияның бірігу жолдарын және ерекшелігі мен ұқсастығын нақты деректермен түсіндіру.
Біріккен Германия мен Италияның мемлекеттік құрылысын қазіргі құрылысымен салыстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/
Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?
Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?
Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар
Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?
Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер
Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?
Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Германия және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындыларыИталияның бірігуіне дайындық және бірігудің аяқталуы.
Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы
Герман империясының және Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Германияның мемлекеттік құрылымы. Италияның саяси құрылымы
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германия және Италияның экономикалық және саяси дамуы.
Ерекшелігі
ерекшелігі
Германия
Италия
Ортақ белгілері
І топ
Германияның бірігу жолы
ІІ –топ
Италияның бірігу жолы
Ерекшелігі
Ерекшелігі
Ұқсастығы
Ұқсастығы
Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы
Германия
Италия
Империя-22 монархия одағын қрады
Мемлекет басшысы-император (кайзер)
Үкімет басшысы-рейхсканцлер
Рейхстаг 5 жылға сайланды. Жоғарғы палата (бундесрат). Төменгі палата (бундестаг).
Рейхстагқа барлық ірі саяси партиялар кірді
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.
Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?
Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?
Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?
Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§19.
Германия
Құрылды
3 қазан1990 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі
немісше
Елорда
Берлин
Ірі қалалары
Гамбург, Мюнхен, Кёльн
Үкімет түрі
Федерациялықпарламенттік республика
Федералды президент Федералды канцлер
Йоахим Гаук Ангела Меркель
Географиясы
Жер аумағы • Барлығы • % су беті
Әлем бойынша 63-орын 357 021 км² 2,42 %
Германия Федеративтік Республикасы (нем.Bundesrepublik Deutschland — Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.[4] Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы,парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтыңпарламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы теңіздік, ал оңт.-шығысының климаты қоңыржай-континттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0, ал шілде айында 16 - 17, оңт-нде 20 - 22. Жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 500 - 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 - 2000 мм.
Тарихы Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 3 - 2 мыңжылдықта жергіліктітұрғындар мал ш-мен және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б. 1 мыңжылдықта жергілікті темір қорытуды меңгерді. Б.з.б. 1 ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астаны 962 ж. герман король Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін "Қасиетті Рим империясы" тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032 - 34 ж. ипмерия құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды(қ. Бургандар). Корольдік 11 ғ-дың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. 18 ғ-ға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты. 13 ғ-да корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен шыққан князьдер (Семсер асынушылар, Тевтон оргерман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Прусияны талқандағаннан кейін (1806) "Қасиетті Рим империясы" жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеум.-экон. дамуына қатты бөгет жасады. Сондықтан герман князьдері, сонң ішінде ең алдымен Австрия және Пруссия билеушілері ұсақ герман мемлекеттерін бір орталыққа біріктеру үшін өзара бәсекелестікке түсе бастады. Франция талқандалғаннан кейіін 1815 ж. - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы - неміс маркасы. Ұлттық мерекесі - Герман бірлігі күні (3 қазаң, 1990ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн (297 мың адам), Гамбург (1,6млн.), Мюнхен (1,2 млн.), Кельн (1 млн-ға жуық), т.б.
Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.
Денсаулықсақтауісі
Германияда денсалық сақтау ісі 1949 жылы құрылған Денсаулық сақтау минитірлігі басқарды. Онда барлық еңбңешілер мен олардың отбасына тегін медициналық көмек көрсетіледі. 1970 жылы Германияда 190 мың төсектік 626 аурухана, 452 поликлиника, 828 амбулатория, 192 әйелдер консультациясы жұмыс істейді. Тұрақты және маусымдық яслилердегі орыннң саны 175 мың ға жетеді. 18 мың орында 178 санаторийлер мен курорттар және демалыс орындары жұмыс істейді. 1970 жылы 27,3 мың дәрігер, 7,3 мың тіс дәрігері, 2,9 мың фармацевттер мен 245 мың орта білімді медициналық қызметкер болды. Осының барлығы халықтың медициналық жағдайын дақсартты. 1970 жылы әр мың адамға шаққанда баланың тууы 19,3, адамның өлімі, 14,1. Әрбір ірі туған баладан өлгені 18,8 болды. Орта есеппен адам өмір ұзақтығы - ерлерде 67,8, әйелдерде 73,1 жас. Аурулардың ішінде ең көп кездесетіні жүрек-қан тамыр сырқаты мен қатерлі ісіктер.
Әкімшілік-аумақтықбөлінісі
Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.
Саяси партиялар
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.
Экономикасы
Толық мақаласы: Германия экономикасы
Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.
Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланд, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланд келеді.
Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.
Көлігі мен экологиясы
Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Қазіргі заманғы Германияның экономикалық қуаты мен байлығының негізін өңдеуші өнеркәсіпқұрайды. Оның көпшілік кәсіпорындары еуропалық ауыр индустрия орталықтарының бірі, елдің батысындағы Рурға шоғырланған. Тұрмыстық техникадан бастап зауыттық құрал- жабдықтарға дейінгі әр түрлі тауарлар өндіретін өңдеуші өнеркәсіп саласына елдегі жұмыс күшінің 25%-ы қамтылған.
Германия өнеркәсібінің жетекші салаларына қара және түсті металлургия, машина жасау, электрондық, химиялық және мұнай-химия кәсіпорындары жатады. Бұл өнеркәсіптік ел қоршаған ортаның ластануынан қатты зардап шегеді. Мысалы, Шварцвальдтағы бүкіл ормандардың жартысы дерлік қышқыл жауындармен зақымданған. Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір "жасылдар" партиясының өкілдері герман парламенті — бундестагтегі көпшілік орынды иемденіп отыр. "Жасылдар" партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының қысымымен Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып, атом электр станцияларын жаба бастады.
Германия құрғақтағы, су және әуе көлігінің тамаша жүйесіне ие. Тауарлар мен жолаушылардың көпшілігі автожолдар арқылы тасылады.
Германиядағы жолдардың жалпы ұзындыгы 650 000 км- ден астам (оның ішінде автострада жолдарының ұзындығы 11 400 км). Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км \ caғ жылдамдықпен жүретін ICE ("Интерсити — Экспресс") пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады.
Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты — Гамбургсияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 18 . Ежелгі Үндістан
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта, репродукция т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру, бекіту (сұрақ, практикалық тапсырмалар беру).
ІІІ. Жаңа білімді хабарлау, оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру (проблемалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы).
Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін.
Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген ежелгі үнділік қалалардың суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын.
Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып, қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймын.
Шаруашылығы-егіншілік кең түрде дами бастады. Қолөнер бұйымдары жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды. Пайдалықазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші –шаруалар, шудралар). Әрбір топқа сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе өзім оқи отырып, талдау жасау негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың үйде сыныптан тыс оқуға арналған мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.
Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді.
Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді.
Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты. Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.Шудралар ең төменгі, нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де мүмкін еді.
IV. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (ауызша, жазбаша жаттығулар, тапсырмалар).
Сонымен бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінді. Әр топтың дәрежесі шектеулі болды. Оны ғылыми тілде варна немесе каста деп атады.
Тапсырмалар:
Үндістан түбегі қайда орналасқан (картадан көрсету)? Онда қандай өзендер бар? Олар түбектің қай жақтарын алып жатыр?
Ең ежелгі үнді қалалары қай өзеннің бойынан табылды? Қала құрылысының ерекшеліктері неде? Табылған заттар үнді шаруашылығы мен мәдениеті туралы қандай мәліметтер береді?
Магадханың өрлеуі туралы не білесің?
Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулетті негіздеді? Ол өмір сүрген кезде қандай өзгерістер болды?
Егіншіліктің дамуына не әсер етті? Қолөнер мен сауданың өркендеуіне патша неліктен бақылау орнатты? Алым-салық жүйесі туралы айт.
Брахмандар мен жауынгерлер кімдер? Ерікті егіншілер мен шудралар кімдер? Неге олар тұйық топтар деп аталды?
V. Сыныптан тыс оқу.
Бір баланың өмірінен. Мәнерлеп оқу және түсінігін әңгімелеу.
Ману заңдарындағы Варна мен каста туралы мәліметтерді оқып, мағынасын талдау.
Сөздікпен жұмыс.
Брахма-үнді құдайының аты.
Кшатрий- жауынгерлер тобы.
Вайший- егіншілер тобы
Варна-өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды кейде каста деп атайды.
VI. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту
Бір баланың өмірі туралы мәтінді оқыту. Баланың тапқырлығы, іскерлігі сендерге ұнай ма? Өздерің қандай тапқырлықтар жасадыңдар?
Әлеуметтік қатынастар, варна, каста туралы тақырыпшаларды оқи отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздейік:
Брахмандардың артықшылықтары неде?
Кшатрийлер мен жауынгерлердің брахмандар атқаратын қандай жұмыстарды істеуге құқы болмады?
Егіншілерге неге сонша көп міндеттер жүктелген?
VII. Үй тапсырмасы:§18
Сыныбы:6
Пәні: Д.тарих
Күні: 10.02.2016 ж
Тақырыбы 19
Ежелгі Үндістан
Мақсаты
Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.
Жалпы мақсат
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже
Оқушылар Үндістан елі туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді
7 модульдің қолданылуы
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу
Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру
«Сандарды бейнеле» ойыны
арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. қимылымен бейнелеу.
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылықтарын ояту
«Кім шапшаң» ойынын пайдалану арқылы сұрақ жауап сәтін өткізу
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру
,Өткен тақырып аррналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі., крассворд, карточкалар
Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, карточкамен жауап беру
Түсіну
«Сөзімді аяқта» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау жаңа тақырыпты өздері ашады
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру слайд арқылы,ол тапсырма аяқталмаған
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс жасау
Қолдану
Ежелгі Үндістан» (10 мин) Постермен жаңа тақырыпты қорғау
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы ппостер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді
Талдау
«Автор » орындығы Тақырып туралы ойларын жеткізу Ежелгі Үндістан
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және сұрақтар беру арқылы жұмыс істеу.Топпен талқылату. Ортадан білімді оқушы шығып өз ойын сыныпқа жеткізу
Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға шығып тамаша жазған оқушы ортаға орындыққа отырып оқыйды. Қосымша сұрақтарға жауап береді.
Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.
Жинақтау
Шығармашылық тапсырма
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты суреттер мен тапсырма қағаздарын таратады, топпен оқушылар өз ұстаздары жайлы реттеп жазып көрсеттеді
Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын сурет арқылы жеткізу, суретті сипаттау
Бағалау
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
Мұғалім әр топқа балау критерийлерін таратады,бағалау парақшаларын береді
Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып бағалайды
Рефлексия
Стикерлерді толтыру
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу, мазмұн айту, тақырып соңындағы тест тапсырмасын орындау
Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын түсіндіреді.
Оқушылар үй тапсырмасына тиянақты дайындалып келулері тиіс.
Үндістан — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.
Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар,бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар,раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Діни құрамы:
индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
мұсылмандар — 11%;
мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;
сикхтар — 2,8%, т.б.
Тілдер
Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Гангойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратынпарламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.
Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).
Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.
Табиғаты
Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі — жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына (Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна,Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633 м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан құралатын ежелгі қатпарлы тізбек — Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін) орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт шеті болып табылатын Виндхья тауларымен (ең биік жері — 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері — Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м). Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 — 3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.
Климат
Климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.
Гидрология
Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар.
Жануарлар және Өсімдіктер әлемі
Декан үстірті мен Инд-Ганг жазығының табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгерген, саванналар, ксерофитті сирек ормандар басым, кей жерлерде жапырағы түсетін ормандар бар. Солтүстік-батыста бұталар өскен шөлейттер мен шөлдер басым. Батыс Гаттардың желді беткейлерінде, Ганг мен Брахмапутра атырауында, Шығыс Гималайдың тауалды аймақтарында мәңгі жасыл тропиктік ормандар, Гималайдың етегінде — тераилар (батпақтанған джунглилер), одан жоғарырақта — муссондық, аралас және қылқан жапырақты ормандар, тау шалғындары өседі. Ормандар ел аумағының 1/4-іне жуығын алып жатыр.
Негізгі ұлттық саябақтары: Казиранга, Гир орманы, Манас, т.б. Көптеген резерваттар бар.
Үндістанның жануарлар дүниесі басқа Азия елдерінен ерекше. Сүтқоректі жануарлардан маймылдар (макакалар, гиббондар), бұғылар (теңбіл, замбар және қара), киіктер, өгіздер (гаур, ергежейлі және үнді буйволдары) тіршілік етеді. Үнді пілі, жолбарыс, қабылан, гималай аюы кездеседі. Арыстан, леопард, Кашмир бұғысы түгелге дерлік жойылған. Үндістанда құстар, қосмекенділер, жыландар мен балықтардың көптеген түрлері тіршілік етеді.
Тарихы
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара,Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
брахмандар;
кшатриялар;
вайшьялар;
шудралар.
Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6 — 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 — 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлармемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т.б.).
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §28.Орталық және Оңтүстік –Шығыс Еуропа елдері
Сабақтың мақсаты:
Кеңес армиясының немес фашист әскерлерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі дамуына әсер еткендігін айту. 1945-48 жж. демократиялық өзгерістердің іске асуын, коммунистік партияның социалистік құрылыста үлгі болғандығын айту;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
Әлемдегі ықпалдастық және ықпалдастыққа қарсы үрдістерге мән беріп, олардың себептерін ашып көрсетіңдер.
Қандай жағдайлар Батыс Еуропа елдерінің бірлесуіне жол ашты?
Еуропадағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдерін атаңдар.
Еуропа қоғамдастығының негізгі құрылымдарын атаңдар
ЕО мүшелері қатарына қай елдер кіреді? Оған кейінгі жылдары қандай елдер қосылды, тағы да қандай елдер қосылуы мүмкін?
ЕО –ға мүше елдер неліктен біріккен еуро валютасына көшті?
ЕО-ға бүгін қанша мемлекет мүше болып отыр?
Жаңа сабақтың жоспары:
Орталық, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (Польша, ГДР, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Албания) соғыстан кейінгі кезеңде неліктен Шығыс Еуропа деп аталды
Соғыс жылдарында бұл елдер қандай жағдайда болды?
Ішкі дамуына не әсер етті?
Социализм құрылысының принциптері
Шығыс Еуропа елдеріндегі реформалар
Мемлекеттер
Реформа нәтижелері
Польшада
Болгарияда
Албанияда
Польша мен Югославияда
Чехияда, Словакияда, Венгрияда
Румынияда
Болгарияда
Чехословакияда
1990 жыл
Сабақты бекіту:
«Иә-жоқ»
БҮҮ
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Шығыс Еуропа елдеріндегі леуметтік-экономикалық құрылысты сипаттаңдар. Оны Батыс Еуропа елдерімен салыстырыңдар.
Бұл елдердегі демократиялық революциялардың ерекшеліктері неде?
Шығыс Еуропа елдерінің дамуына басқа жолдар бар ма еді?
1990 жылдардағы өзгерістерді сипаттап беріңдер.
Бағалау: өзін-өзі бағалау Үйге тапсырма: §28. Деректер мен құжаттарды оқып келу.
Сыныбы:9
Пәні: Д.тарих
Күні: 10.02.2016 ж
Тақырыбы 22
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері
Мақсаты
Кеңес армиясының немес фашист әскерлерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі дамуына әсер еткендігін айту. 1945-48 жж. демократиялық өзгерістердің іске асуын, коммунистік партияның социалистік құрылыста үлгі болғандығын айту;
Жалпы мақсат
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже
Оқушылар өз пікірін, ойын ашық айта алады. Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді. Топпен бірігіп, жұмыс орындайды.
7 модульдің қолданылуы
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Оқушылардың мұндағы мақсаты суретердің қиындысын дұрыс тауып, өз жұптарын тауып 3 топтар құралды
Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын ояту
«Миға шабуыл» сұрақ жауап
Үй тапсырмасын сұрау Талқылау үшін сұрақтар беріледі
Түсіну
Интервью әдісі
арқылы тақырыпты талдау үшін тапсырма беру
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруСоңында интервью әдісін пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту және сабақты түсіну
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша бір- біріне жаңа тақырып көлемінде интервью арқылы сұрақ- жауап жүргізу.Ол үшін әр топтан ортаға оқушы шығып интервью сәтін жүргізеді
Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі. Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′ с. е.), оңтүстігінде — Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока мүйісі (9°31′ б.б.), шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс жақ етегі (67°20′ ш. б.). Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия,Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының 1/4-ін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ Eуропа Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың км. Орташа биіктігі 300 м, ең жоғарғы нүкте — 5642 м. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17%-ын алып жатыр (бастылары — Альпілар, Карпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың км2. Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона,Тахо. Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер.
Жер бедері
Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Дүние бөлігінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300 м. Жер аумағының 60%-ке жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-і 200 м-ден 500 м-ге дейінгі қыраттардың, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен таулы үстірттердің, 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1,5%-і 2000 м-ден биік) таулардың үлесіне тиеді. Шығыс бөлігін тұтасымен дерлік Шығыс Еуропа жазығы алып жатыр. Оның оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 27 м-ге дейін төмен жатқан Каспий ойпаты орналасқан. Батыс Еуропаның жер бедері әр түрлі келген. Мұнда жазық және ойпатты жерлер бірдей аумақты алған. Негізгі ойпаттар: Ортаеуропалық, Ортадунайлық, Төменгі Дунай, Париж алабы, Падан ойпаты. Солтүстік пен Оңтүстік Еуропаға аласа және орташа биіктіктегі таулар тән. Олар: Скандинавия, Пиреней, Апеннин, Балқан, Карпат т.б. Батыс Еуропаның орталық бөлігінде Еуропаның ең биік тауы — Альпі (Монблан тауы, 4807 м) орналасқан. Шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай Орал таулары созылып жатыр. Әрекетті жанартаулар, негізінен, Исландия аралы мен Жерорта теңізінде.
Геологиялық құрылысы
Еуропаның геологиялық негізін архей-протерозойлық Шығыс Еуропа және Эриа платформасы құрайды. Платформа Еуропаның шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Эриа платформасы Шотландиядан Гренландияға дейінгі аймақты қамтиды. Палеозой эрасының соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы Испания, Франция, Англия, Польша, Германия елдерінің аумағын және Орал тауының едәуір бөлігін алып жатыр. Гибралтардан басталып, Альпі, Карпат, Қырым тауларынан, Апеннин, Балқан түбектерін, Жерорта, Қара теңізідерді қапсыра өтетін альпі қатпарлығының жерортатеңіздік белдеуі Еуропаның оңтүстік жиегін қамтыған. Балтық, Украина қалқандарында, Шотландияның солтүстік-батыс жағалауында, Орталық Англия мен Гебрид аралдарында архей мен протерозой жыныстары жер бетіне шығып жатады. Рифейдің алдындағы көп қатпарлану әрекеттерінен платформалар аумағында биік таулар мен қыраттар пайда болған. Төменгі палеозойда каледондық геосинклиналь аймақтарындағы теңіз түбіне қалың қабатты граптолитті тақтатас, құмтас, кварцит, эффузиялық жыныстар, аздап әктасты тұнбалар шөккен. Силур кезеңінде Грампиан геосинклиналі орнында каледондық қатпарлы таулар түзілгенде, теңіз бұл аймақтан және Шығыс Еуропа платформасынан біртіндеп шегінген. Теңізден босаған жерлерде төменгі және ортаңғы девонда континенттік қызыл түсті шөгінділер жиналған. Еуропаның қалған аймақтары силур, девон кезеңдерінде, төменгі тас көмір жүйесінде теңіз түбі болды. Жоғарғы палеозойда Оралда, Орталық және Батыс Еуропада, Донбаста, герцин қатпарлығынан таулар көтерілді. Соның әсерінен Солтүстік жарты шарлардағы платформалар бірігіп, біртұтас Лавразия құрлығы қалыптасты. Тетис теңізі (қазіргі Жерорта теңізі) аталған су айдыны қазіргі Альпі-Гималай белдеуінде ғана сақталған. Палеогеннің аяғынан бастап, Альпі, Карпат, Балқан таулары көтеріліп, теңіз біржолата шегінді. Платформалар мен тау етегінің жапсарынан бөктерлік ойпаңдар қалыптасты. Плиоценде үлкен грабендер (опырылыстар) пайда болды (Эгей, Адрия, Гибралтар грабендері). Платформаның жарылысынан осы күнгі сөнген жанартаулар (Орталық Франция, Шотландия, Германия, Чехия) пайда болды. Жерортатеңіздік белдеу бойында қазіргі кезде де күшті жер сілкінулер болып тұрады. Антропогенде Еуропаны кемінде 4 рет мұз басты. Ең үлкен Днепр мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков, Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды.
Кен байлықтары
Еуропада ірі кен орындары көп және әр түрлі. Ірі мұнай, газ (Еділ — Орал және Солтүстік Каспий қайраңының мұнайлы облысы, Кавказ алды және Солтүстік теңіздің қайраңы), көмір (Донец, Печора, Мәскеу маңы, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Рур алаптары), темір кентастары (Курск магниттік аномалиясы, Украина кен орындары, Орал таулары, Кола түбегіндегі кен орындар, Лотарингия, Скандинавия түбегі), сонымен бірге боксит, түсті металдар кентастарының кен орындары, ас тұзы мен калий тұздарының кендері Орта Еуропа жазығында (аумағы 150 мың км2) кездеседі. Түсті және сирек металдарға Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлері бай. Дүние жүзіндегі ірі күкірт кен орны (Тарнобжег) Польшаның оңтүстігінде табылған.
Климаты
Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Атмосфералық жалпы айналымының қалыптасуына Атлант мұхитынан келетін Гольфстрим жылы ағысының Солтүстік Атлант жылы тармағы әсер етеді. Циклондық әрекеттердің нәтижесінде қысқы айлардың изотермалары ендік бағыттан ауытқып, Еуропаның көпшілік бөлігінде қысқы айлардың орташа температурасы орта ендік температурасынан едәуір жоғары болады. Еуорпаның шығыс бөлігінің климаты континенттік. Атлант мұхиты үстінен келген жылы, ылғалды ауа массалары суық континенттік ауа массаларымен түйісетін жерде солтүстік полюс шеңберінен 50-параллельге дейінгі аралықта полюстік шептүзіледі. Мұнда қысы суық, боранды, қарлы, жазы жылы, оңтүстік-шығысында ыстық. Солтүстігіндегі аралдарға субарктикалық және арктикалық климат тән. Оңтүстік Еуропаның климаты жерортатеңіздік, қысы жұмсақ, әрі ылғалды, жазы ыстық келеді. Қаңтар айының орташа температурасы арктикалық аралдарда — 24°С, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12°С. Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3°С-тан, оңтүстігінде 29°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарда 1500 — 2000 мм-ден (Скандинавияның жел өтіндегі беткейінде 2500 мм), Каспий ойпатында 200 мм-ге дейін ауытқиды. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында жауады. Мұнда жаз айларында ылғалдың жетпейтіні байқалады. Дүние бөлігіндегі мұздықтардың аумағы 118 мың км2. Олардың ең көп жиналған жерлері: Шпицберген (58 мың км2), Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері, Исландия аралдары және Скандинавия таулары. Мұздың қалыңдығы 400 — 600 м-ге, кейде 1000 м-ге жетеді.
Ішкі сулары
Еуропа құрлығын жүздеген өзендермен олардың салалары торлап жатыр.Еуропаның ең ұзын өзендері-Еділ мен Жайық-Каспий теңізіне,Дунай мен Днепр -Қара теңізге,Рейн мен Эльба Солтүстік теңізге,Вистула-Балтық теңізіне,Луара мен Тагус -Атлант мұхитына,Рона-Жерорта теңізіне құяды. Алманияның(Германияның қара орман аймағынан бастау алатын Дунай өзені-Еуропаның ең маңызды сауда жолдарының бірі.Аңызға айналған Рейн өзені Швейцарияның солтүстік-шығысы мен Германияның арасында шекара жасап,батысқа қарай ағады. Талай тарихтың куәсі болған қарт Темза Батыс Англиядағы Котсуолд қыратынан бастау алады да,Оңтүстік Англия арқылы шығысқа қарай ағып,Солтүстік теғізіне құяды. Еуропаның ең үлкен және ең маңызды Еділ өзені жүйесі Мәскеу қаласының солтүстік батысындағы Валдай үстіртінен басталады. Волга өзенінің арнасын Кама, Самара,Ока,Ветлуга сияқты 200-ден астам өзен тармақтары толтырып тұрады. [1]Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние бөліктері ішінде Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында. Жылына Еуропаның жер бетіне 4148 км3 атмосфералық ылғал түседі. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын батыстан шығысқа қарай және солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Оның көпшілік бөлігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі ағын алабына (Каспий теңізіне) жатады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), Рона, Сена, Луара, Тахо, По. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді. Шығыс Еуропа жазығындағы өзендердің ағысы баяу, аңғарлары террасалы және кең болады. Олар қар және ішінара жаңбыр суымен толығады. Қыста оңтүстігінде 1,5 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Фенноскандиядағы өзендер қысқа, аңғарлары жарқабақты, шоңғалды келеді. Өзен еңістігі үлкен. Орта бөлігінде 2 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Орталық Еурпаның жазық өңірлеріндегі өзендер, негізінен, жаңбыр суымен толығады. Суы қатпайды, немесе бірде қатып, бірде еріп жатады. Биіктігі орташа тауларда өзендер көктемде қатты тасиды. Альпінің биік таулы аудандарындағы Рейн,Рона, По өзендерінің сол салаларының, Дунайдың оң салаларының жоғарғы ағыстары қар, жаңбыр суымен қоса, мұздықтардан да толығады. Жерорта теңізі алабына жататын өзендерде су деңгейі күзде және қыста едәуір көтеріліп, жазда төмендейді. Еуропада көлдер біркелкі орналаспаған. Солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігіндегі мұз басуға ұшыраған аймақта (Фенноскандия) және Британия аралдарында, Альпі өңірінде, Польша мен Германияда көлдер көбірек кездеседі (Ладога, Онега, Венерн,Веттерн, Меларен, Женева, Балатон, т.б.). Жазықтар мен өзен жайылымдарында атыраулық көлдер, Қара және Азов теңіздерінің жағалауында лагуналық, Балқан түбегінде тектоникалық, Исландия мен Апеннин түбегінде жанартаулық көлдер кездеседі. Еуропаның аридтік оңтүстік-шығыс өңірінде сортаң және күшті минералданған тұйық көлдер (Эльтон, Басқұншақ) жатыр. Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар, Еуропа жерінде 30-дан астам аса ірі және 2000-нан астам шағын бөгендер салынған.
Топырағы
Дүние бөлігі топырағының қалыптасуы жағынан арктикалық (полюстік), бореалдық, суббореалдық, субтропиктік белдеуге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жердің солтүстік бөлігінде арктикалық, Фенноскандияның солтүстік бөлігінде, Жаңа Жердің оңтүстік бөлігінде, Шығыс Еуропа жазығында, Солтүстік полюстік шеңберден солтүстікке қарай — тундралық топырақ дамыған. Бореалдық белдеу Исландияның, Фенноскандияның, Британия аралдарының, Орта Еуропа жазығының, Шығыс Еуропа жазығының Львов — Киев — Курск — Пермь — Екатеринбург шегінен солтүстік бөлігін қамтиды. Суббореалдық белдеудің қоңыржай континенттік аймақтарында қара топырақ және қызыл қоңыр топырақ тараған. Орманды дала мен даланың солтүстік бөлігі күлгінделген, сілтісіз, шіріндісі мол (8% және одан да көп) қара топырақты. Ал далалық қуаң аймақтарда — шіріндісі аз және оңтүстікке тән орташа қара топырағы дамыған. Қырым жазығында, Төменгі Еділ бойының, Каспий маңының анағұрлым қуаң далаларында шірінді қабаты жұқа, карбонатты қабаты өте тығыз қызыл қоңыр, кейбір жерлері сортаңды топырақпен алмасып келеді. Топырақ қалыптасуының субтропиктік белдеуіне жататын Оңтүстік Еуропа мен Қырымның оңтүстік жағасы мәңгі жасыл ксерофитті ормандар мен бұталар өсетін қара қоңыр топырақты. Жерорта теңізі маңындағы анағұрлым қуаң жерлер сұр, қара қоңыр топырақты, Балқан түбегінің тауаралық жазықтарының топырағы өте тығыз, шіріндісі аз болады. Еуропа топырағы егіншілікке қолайлы. Қара, қара қоңыр топырақты жерлерінің көбі жыртылған.
Өсімдігі
Еуропаның өсімдігі флоралық құрамы жағынан Голарктика облысына жатады. Өсімдіктерінің құрамында эндемиктер аз. Құрлықтық бөлігінде өсімдіктер тундралық, бореалдық, тайгалық, далалық, шөлдік, субтропиктік типтерге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жерде қына, мүк, шөптің бірен-саран түрі, бұтадан дриада өседі. Тундралық бөлігінде қоңыр, жасыл қына, ягель, крупка, субетеге, аласа қайың, полюстік тал өседі. Тау тундрасы Исландияда, Скандинавияда, Полюстік Оралда таралған. Орманды тундраның оңтүстігін (шамамен 57 — 58° с.е.) тайга алып жатыр. Мұнда, негізінен, қылқан жапырақты орман басым. Тайганың оңтүстігінде жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман өседі. Олар Скандинавия мен Орал таулары аралығын алып жатыр. Жалпақ жапырақты орман солтүстікте тайга мен аралас ормандардан, оңтүстікте субтропиктерге дейінгі (шамамен 40° с.е. дейін) бүкіл Батыс Еуропаны (тауларынан басқа) қамтиды. Бұл белдемнен оңтүстікке қарай орманды дала, ал одан әрі дала белдемі жатыр. Еуропаның субтропиктік аймақтарында ксерофиттік мәңгі жасыл ормандар мен бұталар өседі.
Жануарлары
Фауна әлемі Голарктикалық зоогеографиялық аймаққа кіреді. Өсімдіктердің таралуы секілді мұнда да географиялық белдемділік байқалады. Өсімдігі аз, климаты қатал тундрада мекендейтін жануарлар: солтүстік бұғысы, көгілдір түлкі, қасқыр, ұсақ кемірушілер, құстардан: тундра кекілігі, ақ үкі, теңіз жағасында шағала, баклан, қаз, үйрек көп. Тайганы тиін, ақ қоян, бұлғын, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, бұлан, т.б. мекендейді. Құстардан құр, шіл, көк қарға, сары шымшық, қырғи, т.б. кездеседі. Жалпақ жапырақты орман мен аралас орманда қара күзен, тағы мысық, жабайы шошқа, жарғанат, кірпі, қоңыр аю, түлкі, қасқыр, борсық, т.б. мекендейді. Шығыс Еуропаның далалық және шөлейтті аймақтарында кемірушілер өте көп. Каспий ойпатында бөкен, қарсақ, жерортатеңіздік аймақта безоар және Альпі текесі, серна, муфлон, батысында Пиреней жұпар тышқаны, генетта, Гибралтарда Еуропадағы маймылдың жалғыз түрі — магот, шығысында жайра, шие бөрі кездеседі.
Саяси бөлінуі
20 ғасырдың соңғы он жылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті. КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. Германия Демократиялық Республикасы Германия Федеративтік Республикасының құрамына енді. 2001 жылдың басында Еуропада мынандай мемлекеттер болды: Австрия,Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония,Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения,Түркия (солтүстік-батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония,Югославия.
Мемлекеттер
Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай)
Албания
Алмания
Андорра
Аустрия
Әзірбайжан (10 %)
Беларусь
Бельгия
Босния және Герцеговина
Болгария
Грузия (5 %)
Грекия
Дания
Эстония
Ирландия
Исландия
Испания
Италия
Қазақстан (16 %)
Құрама Патшалық
Латвия
Лихтенштейн
Литва
Люксембург
Мажарстан
Македония Республикасы
Мальта
Молдова
Монако
Нидерланд
Норвегия
Польша
Португалия
Ресей (32 %)
Румыния
Сан-Марино
Сербия
Словакия
Словения
Түркия (4 %)
Украина
Ватикан
Финляндия
Франция
Хорватия
Черногория
Чехия
Швейцария
Швеция
Сыныбы:9
Пәні: Дінтану негіздері
Күні: 10.02.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: §11 (2)Мұхаммед –пайғамбар.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушыларға Мұхаммед –пайғамбардың өмірбаяны туралы тың мәлімететер бере отырып, білімдерін тереңдету.
Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Өзбетінше іздену дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың теологиялық сауттылылығын қалыптастырып, логикалық ой-өрісін дамыту, олардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Карточка, жетондар, тірек сызба, кестелер, суреттер, тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту әдісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын даярлау
Бүгінгі әлемді Мұхаммед сияқты тарихи тұлға басқарса,
бұл әлемнің проблемалары ретімен шешіліп,
қазіргі заманға жетіспей жатқан
тыныштық пен бақыт орнар еді.
Бернард Шоу
Хазірет Мұхаммед (с.а.с) 571 жылы, 20 сәуірде, дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келген. Сол кездің беделді Құрайыш тайпасынан шыққан. «Мұхаммед» есімін атасы Абдулмұтталиб қойған. Ол «мақтаулы»деген мағананы білдіреді. Бұдан басқа да Ахмед, махмұд, Мұстафа деген аттары бар. Мұхаммед пайғамбар туылмай тұрып, әкесі Абдуллаһ қайтыс болған. Төрт жасына дейін Мекке салтымен Халима атты сүтті анаға табысталған. Алты жасында өз анасы Әмина да көз жұмған. Мұхаммедті енді атасы қарауына алған. Алты жастан сегіз жасқа дейін атасы Абдулмұтталибтің тәрбиесінде болады. Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауын өсиет етеді. Кішкене кездерінде қой бағып, үй жұмыстарына қолғабыс тигізеді. Он үш жастан бастап көкесіне еріп жүріп саудаға араласып, адалдығымен көзге түсе бастайды. Жиырма бес жасқа келгенде бай әйел хазірет Хадишаның саудасын жүргізеді. Артынша Хадишаның (р.а) ұсыныс жасауымен бас қосады. Оған үйленерде Мұхаммедтің (с.а.с) адалдығы, сенімділігі, адамгершілігі үлкен рөл атқарған. Хадишадан үш ұл, төрт қыз сүйген.
Мұхаммед Хадишадан үш ұл, бес қыз сүйген.
1
Абдуллаһ
2
Қасым
3
Ибраһим
4
Зейнеп
5
Рұқия
6
Үммү
7
Гүлсім
8
Фатима
Фатима мен Әли үйленгенде екеуінен Хасан және Хұсейін деген немерелер көрген. Отыз бес жасында Қағба тасты қоюға таласқан тайпалар арасын татуластырып, әділ төрелік айтумен көзге түскен. 610 жылы Рамазан айында жәбірейіл періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы аяттар түсіріліп, «Жаратушыдан» пайғамбарлық міндетті қабылдаған.
Деректер бойынша, хазірет Мұхаммедтің (с.а.с) үш ерекше белгісі болған:
Екі жауырынының арасында пайғамбарлық мөрі.
Садақа алмауы.
Сыйлық қабылдауы.
2. Ислам дінін алғашқы қабылдағандар.
Әйелдерден Хадиша
Жақын достарынан Әбу Бәкір
Жас балалардан Әли
Құлдардан Харисұлы Зейд (р.а)
Артынша хазірет Оспан, Ауфұлы Абдурахман, Әбууаққасұлы Саад, Талха мен Зүбәйр атты кісілер тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болған.
Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза, Омар сияқты қоғамда беделі жоғары ер кісілердің исламды қабылдауымен дін күшейе түскен. Мұхаммед Меккеде 13 жыл бойы Ислам дінін уағыздаған. 622 жылы мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті. Бұл Хижра жыл санауының басы саналды. 630 жылы мұсылмандар Меккені азат етті. 632 жылы Мұхаммед – пайғамбар 63 жасында мәңгілікке көз жұмды. Қабірі Мәдина қаласында.
VІ. Сабақты бекіту:
Мұхаммед –пайғамбардың өмірі туралы не білесің?
Қанша жасынан саудамен айналысқан?
Қанша жасында үйленген?
Қанша ұл-қыз сүйген?
«Жаратушыдан» пайғамбарлық міндетті қашан қабылдаған?
Ислам дінін алғашқы қабылдағандар.
Қай жылы мұсылмандар Меккеден Мәдинаға көшті.
Мұхаммед –пайғамбардың қабірі қай қалада?
VІІ. Сабақты қорыту:
Бүгінде Мұхаммед – пайғамбардың өмірін зерттеуші ғалымдар оны керемет ұстаз, тамаша тәрбиеші болғанын баса айтады.Арабия түбегіндегі қоғамның жағдайын небәрі жиырма үш жылда өзгертіп, үлгілі қоғам құра білген. Ол ең соңғы елші, Алланың тәрбиешісі ретінде өмірдің шын мәнін ұқтырып, адамзатқа дұрыс өмір сүруге жол сілтейтін Ислам дінін қалдырып кетті.
VІІІ. Үйге тапсырма:§11 ( 2 ) Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.