kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мон?ол – татар шап?ыншылы?ы, Батуды? (Батый) орыс жеріне жоры?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Мон?ол – татар шап?ыншылы?ы, Батуды? (Батый) орыс жеріне жоры?ы.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы, оларды? шап?ыншылы? со?ыстары, ?лы ?олбасшы Шы??ысхан туралы, немересі Батуды? орыс жеріне жоры?ы туралы т?сінік беру.

Дамытушылы?: о?ушыларды? ?з бетінше іздену, тарихи ??ымдарды талдап, ?орытынды жасау, жеке ж?не топ болып ж?мыс істеу да?дыларын дамыту.

Т?рбиелік: орыс ?алаларыны? мон?ол –татар шап?ыншылы?ынан ?алай ?ор?ан?аны туралы білім бере отырып, о?ушыларды адамгершілікке, елін, ту?ан жерін с?йе білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мон?ол – татар шап?ыншылы?ы, Батуды? (Батый) орыс жеріне жоры?ы. »

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Монғол – татар шапқыншылығы, Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Монғол мемлекетінің құрылуы, олардың шапқыншылық соғыстары, ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы, немересі Батудың орыс жеріне жорығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше іздену, тарихи ұғымдарды талдап, қорытынды жасау, жеке және топ болып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: орыс қалаларының монғол –татар шапқыншылығынан қалай қорғанғаны туралы білім бере отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,түсіндіру

Көрнекілігі: карта, суреттер, тірек сызба,Шыңғысхан портреті, тест.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, география

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару, 4 топқа бөлу

  2. Үй тапсырмасын сұрау: әр топқа сұрақтар беру.

  1. Феодалдық бытыранқылық дегеніміз не?

  2. Киев Русі мемлекеті қанша кінәздіктерге бөлінді?

  3. Ұлы Новгород кінәздігінде сауда ісі қалай дамыды?

  4. Тест сұрақтар қойылды:

1. Мәскеу қаласын кім салдырды?

А) Юрий Долгорукий

Б)Андрей Боголюбский

В) Ярослав Осмомысли

2. Ильмень мен Чуд көлінің аралығындағы кінәздік

А) Киев В)Новгород

Б) Смоленск



3. Ұлы Новгород қай өзеннің бойында орналасты?

А) Волхов В) Онега

Б) Ловать

4. Галич- Волынь қай жылы бірікті?

А) 1199 ж В) 1198 ж

Б) 1210 ж

III. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Монғол мемлекетінің құрылуы

  2. Саяси құрылымы

  3. Шыңғысханның Қазақстан,Орта Азия, Кавказ жерін жаулап алуы

  4. Батудың орыс жеріне жорығы

  5. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

Ұғымдармен жұмысты тақтада орындау. Жаңа тарихи термин сөздерге түсінік берілді

Бектер құрылтайы- мемлекет билігінің бір сатысы. Бағынышты аймақтарды басқару үшін- дарғы бектер, тамғаш, басқақтар. «Қалан» – егіншілерден алынатын салық.

«Қапшуыр»-малшыларға салынатын салық. Жарлық – Хан кінәз қойған адамына ерекше құжат.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы сызбаны түсіндіру

Шапқыншылық соғыстар

Жылдар Оқиғалар

-1207-1208 ж Жошы-Енисей қырғыздары. Сібір халқы

-1207-1209 ж Шыңғыс хан – Таңғұт, Турфан, Ұйғыр

-1211-1215 ж Қытай жері, соғыс техникасы

-1216 ж Жошы ,Керей, Торғай даласы

-1217 ж Жебе Ноян- Жетісу Күшілік хан

-1218 ж Отырарға керуен

-1219 ж 200 мың әскер Орта Азия Үгедей, Шағатай, Отырар,Жайық, Жент, Янгикент, Шыңғысхан Төле-Бұхара

-1220 ж Мауараннахр

-1221 ж Мерв. Хорасан,Кавказ, Иран

-1223 ж Қалқа өзен бойы орыс-қыпшақ

-1227 ж 72 жасында Шыңғысхан дүние салады.

Бату хан Алтын Орданың негізін қалаушы, қолбасшы, Шыңғысхан немересі, Жошының екінші ұлы.

Даталармен жұмыс: үлестірмелі карточкалар арқылы:

-1236 ж. Бату әскері Еділ өзеніне келіп, бұлғарларды жаулап алды.

-1237 ж. Еділ- Дон аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктірді

-1237 ж. Қысы Еділден өтіп, Рязань қаласын алды, Владимир- Суздаль княздығына жетіп, Коломна түбінде кінәз Юрийді жеңеді. Мәскеуді алады

-1238 ж 4-ақпанда Владимир кінәздігін қоршап, 3 күннен соң алады. Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Новогородқа қарай бағыт алады, бірақ бағытын Оңтүстікке өзгертуге мәжбүр болды (оқушылардан не себепті екені сұралады)

Картамен жұмыс

-1240 ж Киев қаласына жетеді, оны алған соң, Галич- Волыньға аттанады

-1241 ж. -1242 ж. Польшаға, Чехия, Венгрияға баса көктеп кіреді.

-1243 ж Сарай – Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады

-1240 -1480 ж. Орыс жеріне монғол- татар үстемдігі орнайды

Қазақстан тарихынан алған білімдерін пайдаланып, Алтын Орданың ұлыстарға бөлінуін оқушылардан сұрау, сызбаға түсірту.

IV- Жаңа тақырыпты пысықтау, логикалық сұрақ

  1. Орыс жерлерінің монғол-татар шапқыншылығына тосқауыл бола алмау себептері неде деп ойлайсыңдар?

  2. Бірнеше себептерін атаңдар?

V- Жаңа сабақты бекіту:

Тест сұрақтары:

  1. Шыңғыс хан кезіндегі монғол империясының астанасы

А) Қарақорым Д) Бейжін

В) Қашқар Е) Урга

С) Битөбе

2. Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды ?

А) 1241 ж С) 1243 ж Е) 1236 ж

В) 1242 ж Д)1235 Ж

3. Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылды?

А) Беркенің С) Батудың Е) Шағатайдың

В) Төленің Д) Жошының

4. Бірінші қай кінәздіктің жері монғол – татар шапқыншылығына ұшырады?

А) Владимир – Суздаль С) Чернигов Е) Новгород

В) Рязань Д) Псковь

VI- Бағалау. Білемін. Білдім. Білгім келеді. таблица

VII- Үйге тапсырма. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру.



Кешубаева Гүлнар,

97 ЖОМ тарих пәні мұғалімі.

Шымкент қаласы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Мон?ол – татар шап?ыншылы?ы, Батуды? (Батый) орыс жеріне жоры?ы.

Автор: КЕШУБАЕВА ГУЛНАР ДОСАЛЫ?ЫЗЫ

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200117


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства