Просмотр содержимого документа
«Менің еомуникативті қарым-қатынасым»
Сабақтың тақырыбы: Менің коммуникативті қарым - қатынастарым. Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушыларды қарым - қатынас жолдарымен, түрлерімен және әдістеріммен кеңіне таныстыру; оларды ортаға салып талдау; 2. Адамдармен тыңдай білуге өз ойымен бөлісуге тәрбиелеу; 3. Өз ойына сенімді болып, нақты жеткізуді дамыту. Пән аралық байланыс: философия, тарих, шетел әдебиеті. Көрнекілік: тақтада ұлы философтардың, ойшылдардың тұжырымдары 1. Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды. (Вольтер). 2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақмақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады. (Цицерон). 3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде – ұттым. (Мао Цзедун). 4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір - бірін сыйлауға тиіс. (М.Горький). 5. Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы. (орыс мақалы).
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу; оқушыларды түгелдеу ІІ. 1). – Бүгінгі сабағымызды «Телефон» ойынан бастайық; қазір әр топтан біреуіңізге 1сөз айтам, оның міндеті - әрі қарай жалғастырып, қасындағы көршісіне құлағына айту. Ойынымыз осылай жалғастырылады. Ойын аяқталғаннан кейін, қортынды жасау, оқушыларға сұрақ: неге басында айтылған сөз аяғында өзгерді? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің коммуникативті қарым - қатынастарым». Өміріміз айналадағылармен тығыз қарым-қатынасқа құралған. Өкінішке орай арада кейде түсінбеушілік, керістер болады. Себебі неде? Қате кімнен? Мүмкін, өзіміз адамдардың көңілін түсініп тыңдай білмейтін шығармыз? Осы сұрақтарға жауап алу үшін сізге тест «Өз - араңызда қандайсыз?» ұсынамын.
1. Сіз біреумен ұрсып қалғанда өзіңізді қалай ұстайсыз? А). Бір қалыпты – 3 ұпай Ә). Өрши түсемін – 2 ұпай Б). Үндемей құтыласыз - 1 ұпай
2. Достарыңызбен ара - қатынасыңыз қалай? А). Жиі араласып тұрасыз – 3 ұпай Ә). Онша араласпайсыз – 0 ұпай Б). Реті келгенде - 2 ұпай
3. Демалыс күніңізді қайда өткізесіз? А). Үйде – 3 ұпай Ә). Достарыңызбен бірге – 2 ұпай Б). Кино, дискотекада - 3 ұпай
4. Кітап - журнал оқып тұрасыз ба? А). Иә – 0 ұпай Ә). Уақытыңыз болғанда – 3 ұпай Б). Анда - санда - 2 ұпай
6. Қатты дауыс шықса, құлақ түріп көңіл бөлесіз бе? А). Иә – 4 ұпай Ә). Жоқ – 3 ұпай Б). Біреудің шаруасына араласпайсыз - 1 ұпай
6. Көпшілікте өзіңізді қалай ұстайсыз? А). Бір қалыпты – 3 ұпай Ә). Үндемей қаласыңыз – 0 ұпай Б). Жеңілдей сезінесіз - 1 ұпай
10 - 15 ұпай. Сіз бір қалыпты жансыз. Ұрыс - керісті жаныңыз қаламайды. Айқай - шудан басыңызды аулақ ұстауға тырысасыз. Араға түсіп, арашалап алу дегенді білмейсіз. Ашуыңыз келіп тұрса да, үндемей құтыласыз.
16 - 25 ұпай. Ұрыс – керіс болса - ақ ешкімге бағынбай өршелене түсесіз. Тырнақ астынан кір іздеп, сол адамды жеңуге тырысасыз. Өзгенің пікіріне қосылмай, тек өзіңіздікін дұрыс деп бағамдайсыз. Сіздей жанмен бір шаңырақ астында өмір сүру қиынға түсері айдан анық. Жалғыз қалмау үшін әр дайым ұстамды болғаныңыз дұрыс болар. Мәдениетті адам болғандықтан «Сабырлы жетер мұратына» деген мақалға еріп, әр керісті сабырлықпен шешу керекпіз.